Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Классный час на тему Ата-ана және бала құқығы

Классный час на тему Ата-ана және бала құқығы


библиотека
материалов

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі


«БЕКІТЕМІН»

Жаңақорған аграрлы-техникалық

колледж директорының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

___________ К. Дәндібаев





ТӘРБИЕ САҒАТЫ

Танымдық сабақ





Тақырыбы: Ата-ана және бала құқығы

Дайындаған: Алпамышева Қарлығаш















Жаңақорған 2014ж.

Сабақтың тақырыбы: Ата-ана және бала құқығы

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі-ата-ана мен балалардың құқықтары және міндеттері, ата-ана құқықтарынан айыратын жағдайлар, алимент туралы толық, жан-жақты түсінік беру.

Дамытушылығы-студенттің отбасындағы өз құқықтарын білуге деген қызуғышылықтарын арттыру, ситуациялық сұрақтар арқылы ойлау, заңды шешім қабылдау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі-аамгершілікке, өзгенің құқығын бұзбауға, өз құқығын білуге, ата-ананы құрметтеуге баулу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, тест, слайдтар, үлестірмелер.

Сабақ әдісі: Танымдық сабақ.

Оқыту технологиясы: ақпараттық инновациялық, топпен жұмыс.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Үйге берілген тапсырма: «Некені бұзу және тоқтату»

Үй тапсырмасын сұрау (слайд).

Студенттер үш топқа бөлінеді. Әр топтан бір студент жауап береді.

  1. Үй тапсырмасын ауызша баяндау:

-Неке және отбасын құқықтық реттеу.

-Ерлі зайыптылардың мүліктік құқықтары, неке шарттары.

  1. Интерактивті тақтадан «Кубик-рубик» ойынын ойнату арқылы 3 теориялық және 3 ситуациялық сұрақ қойылады.


Жаңа сабақ

Отбасындағы балалар құқығы. «Неке және отбасы» Заңының баланың құқықтарына көлемді бөлігі арналған. Халықаралық заңдар нормаларына, заңдарына сәйкес 18 жасқа толмаған адам бала деп танылады. Бала мемлекеттің қамқорлығында болады. Дүниежүзінің қай мемлекеті болмасын баланың өз отбасында дұрыс тәрбиеленіп, азамат болып жетілуіне жағдай жасайды. Соның ішіндегі ең негізгі құжат Балалар құқығы туралы Конвенция. Қазақстан 1993 жылы БҰҰ-ның осы конвенциясына қосылды. Конвенция баланы жеке субъект ретінде қарастырып ұлтына, тіліне, дініне, ұлттық белгілері, этникалық шыққан тегіне, әлеуметтік, саяси т.б. көзқарастары үшін ешкімді де кемсітуге жол берілмейді.

  1. Бала әкесінің аты және тегін алуға құқығы бар. Баланың аты ата-аналарының келісімі бойынша қойылады. Балаға ататек беру мәселесі әкесінің ататегі бойынша немесе ұлттық дәстүрлерді ескере отырып жүзеге асырылады.

Баланың ата-анасының екеуі де белгісіз болған жағдайда баланың тегін, атын қорғаншы және қамқоршы орган қоюға құқылы.

16 жасқа толған бала атын.тегін өз еркімен таңдауға құқылы.

Бала 10 жасқа толғаннан кейін оның келісімінсіз атын немесе ататегін өзгертуге жол берілмейді. Балалар құқығы туралы Конвенцияға сай отбасындағы өзіне қатысты мәселелерде баланың өз пікірін, ойын білдіру мүмкіндігі бар.

  1. Отбасы-тәрбиенің бастауы. Кез келген бала өз отбасында өмір сүруге, ата-анасымен бірге өмір сүруге, қамқорлығында болуға, олармен бірге тұруға құқылы. Мемлекет отбасындағы бала мүддесіне сай қорғау қыметін жүзеге асырады. Ата-аналар өз балаларын тәрбиелеуге, оның жан-жақты жетілген азамат болып өсуіне жағдай жасауға, орта білім алуына жағдай жасауға, балалардың мүддесіне сай әрекет етуге құқылы, әрі міндетті.

Ата-аналар өз балаларының заңды өкілі болып табылады, сотта олардың мүдделерін қорғайды. Баланың өз ата-анасы тарапынан да қиянат көретін кездері өмірде аз кездеспейді. Осындай жағдайда бала өз еркімен қамқорлық және қорғаныш органдарына, ал 14 жастан бастап сотқа шағымдалуға құқылы.

Баланың өміріне, денсаулығына қауіп төнсе, оның мүдделері бұзылғаныбелгілі болса, лауазымды тұлға немесе азаматтар жергілікті жердегі қамқоршы және қорғаныш органдарына хабарлауға міндетті.


Ата-ана құқықтарынан айыру:

  1. Егер ата-аналар (олардың біреуі):

ата-ана міндеттерін орындаудан, оның ішінде алимент төлеуден қасақанажалтарса;

өз баласын перзентханадан не өзге де балаларды тәрбиелеу, емдеу немесе басқа да мекемелерден алудан дәлелді себептерсіз бас тартса;

ата-ана құқықтарын пайдаланып қиянат жасаса;

балаларға қатыгездік көрсетсе, оның ішінде олардың денесіне немесе психикасына зорлық-зомбылық жасаса, олардың жыныстық пәктігіне қастандық жасаса;

заңдарда белгіленген тәртіп бойынша маскүнемдікпен, нашақорлықпен ауырады деп таныған болса ата-ана құқықтарынан айрылуы мүмкін.

  1. Өз балаларының не жұбайының өміріне немесе денсаулығына қарсы қасақана қылмыс жасаған ата-ана(олардың біреуі) ата-ана құқықтарынан айрылуы мүмкін.

Ата-ана құқықтарынан айыру сот тәртібімен жүргізіледі.

Қорғаншіліқ және қамқоршылық белгілеу. Қорғаншіліқ және қамқоршылық азаматтардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мүліктік немесе мүліктік емес құқықтарымен мүдделерін қоғаудың құқықтық нысаны. Мұндай қатынастар азаматтық және отбасы-неке заңнамалары арқылы реттеледі.

Қамқоршылық он төрт жасқа тлмаған балаларға, психикалық ауруы салдарынан немесе басқа да жағдайда сот әрекетке қабілетсіз деп таныған ақыл-есі кем адамдарға тағайындалады. Мұндай адамдар қорғаншілдіқ белгілеген адамның атына барлық мәмілелерді жасайды және олардың мүдделерін басқа бір адамдардың қол сұғуынан қорғайды.

Ал қамқоршылық он төрт жастан он сезіз жасқа дейінгі кәмелеттік жасқа толмағандарға, сонымен қатар ішімдік ішу немесе есірткі пайдалану нәтижесінде өз әрекетінің мәнін түсінбейтін азаматтарға сот тәртібімен тағайындалады.

Қамқоршы тұлға өзі қамқор болған адамның өз бетінше жасауға құқығы жоқ мәмілелерін жасауға келісім береді, олардың құқықтар мен міндеттерін жүзеге асыруына көмектеседі.

Азаматтарға, кәмелетке толмағандаға қамқоршы немесе қорғаншы белгілеу мәселесін жергілікті жердегі атқарушы органдардың ұсынысы бойынша сот шешеді.

Патронат-уәкіллеті мелекеттік орган мен баланы тәрбиелеуге алуға тілек білдірген адамның жасасқан шарты бойынша ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар азаматтардың отбасына тәрбиеленуге берілген тәрбие нысаны.

Студенттердің шығармашылық жұмысы

«Аквариум» ойыны (топтық жұмыс).

Шығармашылық жұмыс бойынша үш топқа жеке-жеке тапсырма беріледі. Тапсырмалармен танысқан соң әр топ өкілі мәтін мазмұнын айтуы тиіс.

Бекіту. Жаңа сабақты бекіту үшін тест сұрақтары беріледі.

Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-286610

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG