Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Классный час на тему "Аталар мұрасы - халық қазынасы"

Классный час на тему "Аталар мұрасы - халық қазынасы"

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Тақырыбы:  Аталар мұрасы – халық қазынасы.

Мақсаты:

Білімділік: Аталардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру;

Тәрбиелік: Үлгі- өнеге алуға баулу.

Дамытушылық: Ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты ой айтуға үйрету.

Сынып сағатының барысы:

1.Аталар сөзі – ақылдың көзі.

2. Ата өсиеті.

3. Батамен ел көгерер.

4. Жарасып тұр дәстүрім.

1 – жүргізуші: «Сәлем сөздің анасы» демекші, армысыздар достар!

2 – жүргізуші: Құрметті оқушылар! Бүгінгі «Аталар мұрасы – халық қазынасы» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз!

1 – жүргізуші:  Ата бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты ғибрат аларлық, тамаша тәлім – тәрбие берерлік өсиет сөздер өте көп.

2 – жүргізуші: Ендеше, күнделікті өмірде ата – әжелеріміздің, ата – аналарымыздың айтып отыратын, «Аталар сөзі – ақылдың көзі» бөліміне сөз кезегін берейік.

Жүргізуші-1: Сөз туралы ұлағатты сөздер өте көп. Қазір сөз туралы ұлағатты сөздердің жалғасын табыңдар.

Әділ төре ел бастар, .................. (батыр жігіт жау бастар).

Аға жігіт қол бастар, .................. (шешен адам сөз бастар).

Құсты жисаң,бүркіт жи, ............ (.Қыс тоныңды түлкі етер).

Бір жақсымен дос болсаң, ..........(Азбас – тозбас мүлк етер).

Бір жаманмен дос болсаң, ............. (Бүкіл алаңға күлкі етер).

Жүргізуші-2: Ақыл – адамды аздырмайтын ........ (ем).

Білім – таусылмайтын .................... (кен).

Адамның басшысы  - ........................ (ақыл).

Жетекшісі – .......................................(талап).

Шолғыншысы – ............................... (ой).

Жолдасы – .........................................(кәсіп).

Қорғаны – ...................................... (сабыр).

Қорғаушысы – ................................ (мінез).

Жүргізуші-2: Ақыл адамды азаттанда мазақтан да құтқарады. Өмірде шын бақытты болам десең ақылдықты үйрен.

ІІ. «Ата өсиеті»

Сұрақтарға жауап беріңдер:

Үйде кім, елде кім қадірлі?

Жаубы: Үйде қонақ,қарт, елде бала қадірлі.

Сұрақ: Үйдегі алтын қазық кім?

Жауабы: Үйдегі алтын қазық ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі қызға, әке тәрбиесі ұлға үлгі. Ана – ақылшың, әке – қамқоршың, ағаң – қорғаушың, інің – сүйенішің, қарындасың – қанатың екенін ұмытпа. Ананы сыйламағнның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем. Ананың мейрімі көзінде, ықыласы көңілінде, ақылы сөзінде болады.

1 – жүргізуші: Салт – дәстүр халық педагогикасының бастауы. Елдігіміздің, егемендігіміздің арқасында қайтып оралған салт –дәстүрімізді тұрмыстық негізде қолданып жүрміз. Соның ішінде, бата туралы түсінік бермекшіміз.

ІІІ. «Батаменен ел көгерер»

Баталы құл – арымас,

Батасыз құл – жарымас.

Батаменен ел көгереді

Жауынменен жер көгереді – дейді дана халқымыз.

2 – жүргізуші: Бата халықтың рухани күш алатын құдіретті сенім күші және жақсылықтың бастауы. Ол ел сенімін ақтайтын абзал азаматтарға, таланты жастарға, көптің  жүгін көтерген, адамдарға, жас сәбиге, немесе үлкендер жақсы ісіне риза болған жағдайларда берілетін ұлы адамдар мен ақсақалдардың ақ тілегі, әрі өмірлік жолдамасы.

Батаның түрлері көп. Қазір быздің оқушылар арнайы дайындап келген баталарды тыңдап көрейік.

Оқушы:

Ата сөзі дарып мол,

Ақ уызға арып бол,

Абылайдай алып бол,

Шоқан сынды жарық бол,

Абайға ұқсап милы бол,

Құрманғазыдай күйші бол,

Ақандай сері бол,

Қажымұқандай ері бол,

Сәкен сынды сұңқар бол,

Бағың жанып әрдайым,

Жақсыларға жақын бол,

Осы айтқаным періште, құлағыңа шалынсын.

Бәрінен де құлыным,

Аман бол, қалқам, аман бол!

Әумин!

1 – жүргізуші:

Кең даланың ежелгі,

Қазақ деген халқымыз.

Өзге ұлттай біздің де,

Бар дәстүр мен салтымыз.

IV. «Жарасып тұр дәстүрім»

1 –жүргізуші:

Тілім бар да, қазағым бар, халқым бар,

Дәстүрім бар, ата жолы салтым бар.

Кең даладай жиналмаған шалғайы,

Аңқау ашық мінезім бар аңқылдақ – демекші, «Жарасып тұр дәстүрім» көрінісін тамашалаңыздар. Мынау қай дәстүр?

1. - Сүйінші, сүйінші! Мен мемлекеттік емтиханды беске тапсырдым! Жауабы: Сүйінші сұрау шын қуанғандықтың белгісі, қатты қуанып тұр екенсің, мә, сыйлығыңды ала қой.

2. - Алтынай, артыңа жасырып тұрғаның не нәрсе?

- Байғазы берсең, көрсетемін.

- Байғазы сұрағанның артықшылығы жоқ. Мә, ала ғой, саған моншағымды берейін, көрсетші енді. Жауабы: Байғазы балалардың жаңа киімі үшін берілетін сыйы.

3. Атам маған құлын  сыйлады. Құлынымды көргілерің келсе, көрімдігін даярлаңдар. Жауабы: Көрімдік жандыға беріледі.

4. Әйгерім, білесің бе? Менің ағам әскеге аттанғалы жатыр.Онда сенің ата-анаң тоқымқағар жасайды екен ғой. Жаубы: Жас жігіт алғаш рет жолға шыққанда жасалатын бас қосу. Мал сойылып, ойын – сауық, өлең – жыр айтылады.

Қорытындылау: Оұушылар, бүгінгі тәрбие сағатынан қандай ой түйдіңдер, қандай өнеге алдыңдар? Өз ойларыңды кластер түрінде жазып, бүгінгі тәрбие сағатын қорытындылайық.

Мұғалім: Бүгінгі жас ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата – бабаларымыздың мол мұрасы мен сусындату біздің міндетіміз. Ұлдың батыр, қыздың әдепті болып қалыптасуы, бабалар мұрасына байланысты. Демек, бабаларымыздың өнеге өсиетін пайдалана отырып тәрбиелеу ұлттық тұлғаны қалыптастырады.

1 – жүргізуші: Аталар сөзімен өсіп-өнген,

Бабалар бұлағынан нәр алған,

Даналар өсиетінен тәрбие алған,

Ұлылар тәрбиесіне тағзым еткен

Ұрпағымыз халықтың ғибрат еткен.

2 – жүргізуші: Назар аударып, мұқият тыңдағандарыңызға рахмет!

Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-519562
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>