Инфоурок Другое Другие методич. материалыКлассный час на тему "Бастауышпен қоштасу "

Классный час на тему "Бастауышпен қоштасу "

Скачать материал

Тәрбие сағатының тақырыбы: Бастауышым балбұлағым–Алдым сенен білім нәрін

Тәрбие сағатының мақсаты:Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құмарлығын арттыру. Оқуға, білімді болуға шақыру. Бастауыш сыныбымен, білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздармен қоштастыра отырып, сәт-сапар тілеу.Білім ордасы-мектепті, ұстаздарды құрметтеп, еңбектерін бағалай білуге  тәрбиелеу. Ата-анасының, Отанының адал ұл-қызы болуға жетелеу.

Мұғалімніңсөзі: 
Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар,ұстаздар,оқушылар!Бүгінгі күн-осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңы оқып-біліп,қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.Осы қуанышты да қайталанбас күндеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. 
Ата-аналар! Балаларыңыздың бастауыш білім басқышынан жоғары сыныпқа өткені құтты болсын! Балалар
бәрімізге қуаныш, бақыт әкелсін! 

Оқу елге керекпе
Керексізбе?
Болды дау....
Сар сап әлемге
Соғылды бір қоңырау.
Ол Ыбырай атаның
Қоңырауыболатын

Жарық етті әлемді,
Қараңғы еді дала тым
Жырын жаттап жатамыз.
Жалықпастан қыс - жазы.

Ұлы Ыбырай атамыз –
Ұстаздардың ұстазы.
Ұран тастар көп елге,
Кел
, балалар, оқылық!
Деген
көріп көңілге
«Ықыласпен
,тоқылық!»

Азамат жүрегін дір еткізер осы бір мектеп өміріндегі алғашқы күннен бастап, сол ұядағы әрбір қызықты, жылылыққа толы нұрлы бала өміріміздің балғын шағын айқындайтын қоштасар сәт те келіп жетті.

 

Армысыздар, ағайын!
Армысыздармұғалімдер, аяулыжандар, біліміздепинеменқұдыққазғандар, құшақжаяқарсыаламызсіздерді. Өлеңоқып, би билеп, ән де бүгінайтылар.


Армысыздар, аяулыұстаздарменақжаулықтыаналар, ардақтыәкелер!
Хошкеліпсізақжаулықтыаналар,
Жүздеріңненмейірім мен нұртамар.
Алдарыңдажауқазындайқұлпырған
Бізалаңсызбалғыншақтыбалалар.

Бізбүгінбойымызғабілімніңжарықсәулесінсыйлаған, көп нәрсені үйреткен ұстаздарымызбен  қоштасқалы тұрмыз.

«Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға», - деп Абай атамыз айтқандай, ұстаздарымыз білім нәрімен сусындатып, көп нәрсені үйретті.

 Сондықтан Ардак Мукановнаға, Торғай Каниевнаға, Сара Капсалямовнаға, Руслан Амангельдиновичқа, Каиргелды Манатовичқа, ұстаздарымызға

Хор: «Мың алғыс!»

1 - оқушы:
Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Төгілген арай, шуағым.
Арманым қонса қолыма
Арқаң деп сенің ұғамын.

2 - оқушы:
Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым.
Ұланың бүгін тойыңда
Арнайды саған бұл әнін.

(Ұстазым) әні хор

 

 

Қасым Аманжолов ағамыз«Мектеп - кеме, білім - теңіз» деп тектен - текке айтпаған - ау, сірә. Егер адамның жүрегінде ізгілік, мейірімділік сәулесі болса, ол мұғалімнің еңбегі. Сол нұрды әрбір жеткіншектерге жеткізіп, жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төгеді десеңізші! Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш емес пе?! Сондықтан да ұстаздардың еңбегі – ұлы еңбек.

Білім алыпұстаздан.

Оқу сырын өзіңнен
Біліп алды балалар.
Жастың өсті санасы,
Елжірейді жүрегі.
Бастауыштағы бар бала
Алғашқы ұстазға

Алғыс айтып жүреді.

І. Біліммен қаруланған қор болмайды.
1. оқушы
Бастауыш бал бұлағым,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып,
Рахметімді жаудырамын.
Өтті сенде қызық шағым,
Бастауышым – бал бұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.
2. оқушы

Мектеп – сенсің адалдықты үйреткен.
Мектеп – сенсің жамандықтан жиренткен.
Мектеп – сенсің жақсылықты ұран ғып,
Мектеп – сенсің мені жұртқа сыйлы еткен.
3. оқушы :

Мектеп деген – білім кені, жыр кені
Мектеп деген – ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген – тәрбиеші адамға,
Мектеп деген – даналардың мекені.

Біздіболашаққане бастайды?
Хормен:

Ұстаздың көрсеткен жолы
Ата - ананың ақылы
Болашаққа деген сенім
.

 

Құрметті ұстаздар, біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз, сөздеріңізді ынта қойып тыңдаймыз. Жан - жақты білім бергені үшін әрбір пән мұғаліміне алғысымыз шексіз.

Арманым боп аңсаған
Мәңгілік қалдым мекендеп
Өзіңе арнап жыр айтам,
Ардақтап сізді өтем деп.

ІІ. Ұстаздарға,аналарға арнау

1 - оқушы:
Әріп сырын үйреткен,
Шын көңілмен, жүрекпен.
Ардақ апай керемет,
Сабақ берген біздерге.

2 - оқушы:
Сара апай орыс тілін танытқан,
Ойландырып ой - сананы дамытқан,
Баршаңызға тілеріміз жақсылық,
Арналады өлең атты шабыттан.

3 - оқушы:
Ақылшым – асыл ұстазым,                 

Жолымды айқын нұсқадың                       

Қамқор боп қалам ұштадың.    

Торғай апай салмақты,

Түрлі дизайн үйреткен

4 - оқушы:

Мектеп – кеме, білім – теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Адаспаймыз ұлы жолда,
Ұстаз берген білім қолда.

(Армандастар - құрдастар ) әні хор

 

 

 

 

«Пәндер айтысы» атты көрініс.
Достар, жүріңдер, Ғылымға барып ақыл - кеңес алып, Даудың төрелігін сұрайық.

Ғылым: Бұл не айқай, бұл не шу?

Ғылымаға, бізпәндерсізденбірдаудыңтөрелігінсұрайкелдік.

Ғылым: Ендешебаяндаңдар.

Математика: - Қымбаттымәртебелім, өмірдеменіңорнымерекше. Өйткеніадамбаласынакерегі мен. Мен есепболмасам, адамдарсағатты, сауданыт. б. ғылымдаресебінқалайесептейді?

Ана тілі: Жоқ. Мәртебелі Ғылым, адам баласы Ана тілі болмаса тіл қоры, тіл байлығы, сөйлеу, тілдесу мәнін білмес еді.

Қазақ тілі: Қазақ тілі болмаса дауысты, дауыссыз дыбыстарды айыра алмас еді. Қанша әріп барын білмес еді. Буын, жұрнақты ажырата алмас еді. Мемлекеттік тілде еркін сөйлей алмас еді.

Орыс тілі: Ғылым тақсыр, менің айтар датым бар. Орыс тілі болмаса қалайша ол үштұғырлы тіл болмақ? Мен арқылы адамзат баласы сөз мәтінін аударып, ресми тілде сөйлеп, орыс тіліндегі көптеген кітап қоры арқылы білімін шыңдап жатыр емес пе?

Дүниетану: Ал мен арқылы адамзат баласы таза ауада дем алып, денсаулығын нығайтып, табиғат аясында тынығып, салауатты өмір салтын құра алады. Мен оларға таза ауа беру арқылы ерекшемін.

Дене тәрбиесі: Қымбатты достар! Барлығыңның сөздеріңді тыңдап мен бір ойға қалдым. Сіздер айтқан құбылыстарды іске асыру үшін, ең алдымен, дене қозғалысы, шымыр болу керек.

Ғылым: Өзін - өзі тану қайда? Ол неге үндемейді?

Өзін - өзі тану: Мен достарымның сөзін тыңдап қайран қалып тұрмын. Ақыры бір - бірімізбен байланысты екенбіз деп сабырмен әдеп сақтап тұрған жайым бар. Олай болса, адам баласына тазалық, әдептілік, мәдениетті сөйлеу, сыпайы, тәртіпті қадағалайтын өзін тану арқылы өзгеге үлгі болуға мүмкіндік бар деп сөзімді қорытамын.

Ғылым: Барлығыңның жауаптарыңды тыңдадым. Десек те, өмірде адам баласына әрқайсыңның керекті екендеріңді ескертемін. Адамдар таза ауада тынығады, дене үнемі қозғалыста болуы шарт, үш тілді меңгеру арқылы шетелдерде іссапарда болады, есеп арқылы білімдерін шыңдайды. Бәрің де бір - біріңмен тығыз байланысты ғылымсыңдар.

Сондықтан «Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін» деген ұранды қағида етіп татулықпен тарасайық, достар!

«Өрмекшінің өрмегі»  өре отырып қазақ тілі пәнінен сұрақ жауаптар.

«Қара жәшік»  арқылы математика  пәнінен сұрақ жауаптар.

«Қарлы кесек»арқылы дүниетану  пәнінен сұрақ жауаптар.

III. Концерттіқ бағдарлама :

1. «Пираты» биі

2.«Қазақ  биі»

3.«Үнді» биі

4. «Вальс» биі

Құттықтау сөздер:
Сөз кезегі мектеп директоры: А.К.Жаныгуловаға, оқу ісінің меңгерушісі Э,Е.Базылбаеваға беріледі.

Сөз кезегі ардақты ата - аналарымызға береміз.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Классный час на тему "Бастауышпен қоштасу ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Агроном

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 793 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.05.2016 535
    • DOCX 28.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тайлакова Ардак Мукановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Тайлакова Ардак Мукановна
    Тайлакова Ардак Мукановна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 16649
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой