Инфоурок Другое КонспектыКлассный час на тему "Денсаулық салауатты өмір салты"

Классный час на тему "Денсаулық салауатты өмір салты"

Скачать материал

Денсаулық  салауатты өмір салты

 

Мақсаты: 1. Салауатты өмір салтына сай қағидаларды енгізе отырып, балаларды болашақтың тірегі болатын дені сау, жан-жақты азамат етіп тәрбиелеу. 
2. Қоғамдағы зиянды заттардың адам ағзасын тоздырып, уландыратынын түсіндіре отырып, 
балаларды жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі: аралас сабақ. 

Әдісі:  түсіндірмелі, жұмбақ шешу, мақал-мәтел, көрнекілік
Тәрбие үрдісі: Жеке бас гигиенасын сақтау арқылы салауатты өмір салтының негізін салу.

 Алдын ала жұмыс:Тақпақтар жаттау, мақал-мәтелдер жинау.

Қатысушылар:  белсенді қатысушылар: жауапты тәрбиеші, бейімдеу орталығы тәрбиеленушілері,   ата-аналар мен   дәрігерлер, дене шынықтыру жетекшілері.

бейтарап қатысушылар: төменгі сынып тәрбиеленушілері, мекеме қызметкерлері.

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, суреттер, ойындар 

Сабақтың барысы: 
Н.Назарбаевтың сөзі: 
«Салауаттылық өмір салтын орнықтыру, халқымыздың денсаулығын жақсарту бағытында жұмыс жүргізуіміз қажет». 
Бастаушы: 
Шат көңіл адамдар, 
Ақ көңіл адамдар! 
Денсаулық- зор байлық, 
Жансаулық-мол байлық. 
Амандық үшін де, 
Адамдық ісін де 
Қолданып ел сынар, 
Табиғат-емші бар. 


І. Денсаулықтың негізі-дұрыс тамақтану. 

1. Қолыңды сабындап жу. 
2. Қисаймай, түзу отыр. 
3. Қасықты оң қолыңмен ұста. 
4. Тамақ ішіп отырып сөйлеме, күлме, кітап, газет оқыма. 
5. Шамадан тыс тойып ішпе. 
6. Нанды екі қолыңмен үзіп же. 
7. Тамақтан соң аузыңды шай, қолыңды жу. 


ІІ. Денсаулықтың дауасы- таза ауа 
ІІІ. Денсаулықтың ең басты негізі- сергіту жаттығулары 
ІҮ. Денсаулық мықты болу үшін ми демалысы ұйқының орны ерекше. 

Кірқоймас пен Қарабайдың тақпақтары 
Жұмбақтар шешу 
1.Ертемен күнде сен, 
Қолыңа сүйкесең, 
Кетіп кір-ласың, 
Тап-таза боласың (Сабын)

2.Шомылған баланы, 
Аймалап алады. 
Сипайды қолында, 
Сипайды жонында (Орамал)

 
3.Иілсең , иіліп, 
Түйілсең, түйіліп. 
Қарайды кісіге, 
Ұқыпты ісіне (Айна) 


4. Аузы жоқ, көзі жоқ, 
Тілі жоқ, сөзі жоқ. 
Бірақ та тісі бар, 
Басыңмен ісі бар (Тарақ) 

 Жүргізуші: Адам ұзақ өмір сүремін десе, «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеу керек» . Деніңіз сау болсын десеңіз... 
  
1- бала: ерте тұру, 
2- бала: орта тазалығын ұстау; 
3- бала: дене шынықтыру, 
4- бала: үнемі денені таза ұстау, 
5- бала:үнемі сергек жүру керек. 

“Мақал- мәтелді жалғастыр”ойыны 

1.Бірінші байлық-денсаулық, 
Екінші байлық- ақ жаулық 
Үшінші байлық- ... 

2.Дәрі шөптен шығады, 
Дана.... 

Денсаулықтың достары 
Денсаулықтың қастары
.


Әр адам өз өміріндегі жолды өзі таңдайды. Кейбіреулері жаман жолға түсіп арақ ішіп, шылым тартып, есірткілерді қолданады. Ал басқалары болса, салауатты өмірді таңдайды. Салауатты өмірді таңдау дегеніміз- шылым щекпеу, арақ ішпеу, шынығу, спортпен айналысу. 
Үш пәледен аулақ бол 
Денсаулыққа кері әсерлер. 
Теледидар. 
Бала зорлық зомбылықты көре берсе, өмірге суық, қатыгез ешқандай қызығушылығы жоқ адам 

Компьютер. 
Компьютерлік ойындар қояншық ауруына әкеліп соғады, фантастиканы шын қабылдап, шындық пен жалғанның арасын өшіріп алады. Осыдан балада тез ашулану, тамаққа тәбетінің кемуі, оқу ниетінің төмендеуі, еріншектік, жалқаулықтың артуы, бағынбаушылық қасиеттері пайда болады
• Салауатты өмірді таңдау дегеніміз – шылым шекпеу, арақ ішпеу, есірткі қолданбау, спортпен айналысып, шынығу. Қазіргі кезде жастардың көбі жаман жолға түсуде. 
Темекінің Темекінің зияны ұшан теңіз, темекінің құрамында улы зат никотин бар. Темекі шегетін адамның тек қана ағзасы ғана емес, жүйке жүйесі де ауруға шалдығады. Адамның терісі өзгеріп, бозғыл тартып, денсаулығы күрт төмендей бастайды. Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз. Себебі жастайымыздан шылым шегіп,  ішімдік ішіп, есірткі қолдансақ, өсе келе ешбір білім ала алмаймыз.  

• Сондықтан қазірден бастап, денсаулығымды мықтап ұстап, ауырмай, жаман әдеттерден аулақ жүру керек. 

-Ал сіздер спортты жақсы көресіздер ме? 
- .... 
- Спорттың қандай түрлерін білесіздер? 
- .... 
- Қандай спорттық үйірмелерге қатысасыздар? 
- .... 
- Өте жақсы. Ал  Рио де Жанейро олимпиадасы қашан өтті? Онда алтын жүлдемен оралған қандай қазақстандықтарды білесіздер? 
- .... 
- Алда болатын олимпиада қашан және қай жерде өтеді? 
- .... 
- Өте жақсы, балалар! Спорт туралы көп біледі екенсіздер. 
- Олай болса, күнде ертеңгілік жаттығулар жасасаңдар, денелеріңді таза ұстап, спортпен айналыссаңдар, мен әрқашан сіздердің қастарыңызда боламын. Көріскенше хош-сау болыңдар. (Музыка ойнайды). 
- ... 
- Бақыт. 
- Денсаулық. 
- Достық. 
 Педагог: - Балалар, болашаққа денсаулықпен бірге барайық.  

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Классный час на тему "Денсаулық салауатты өмір салты""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Карьерный консультант

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 671 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.10.2016 740
    • DOCX 19.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шумаева Минура Давлаталиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шумаева Минура Давлаталиевна
    Шумаева Минура Давлаталиевна
    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4449
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой