Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Классный час на тему "Экстремизмге жол жоқ"
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) в соответствии с ФГОС" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 224 курсов со скидкой 40%

Классный час на тему "Экстремизмге жол жоқ"

библиотека
материалов

hello_html_6d7186f0.gifhello_html_6d7186f0.gifhello_html_6d7186f0.gifСабақтың тақырыбы: «Экстремизм – ғасыр дерті»

Сабақтың мақсаты: а) оқушыларға «экстремизм» терминін түсіндіру, қауіпі

туралы толық ақпарат беру.

Б) Оқушылардың елін, жерін,, дінін құрметтей білу

сезімдерін ояту.

В) оқушыларды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа

Тәрбиелеу

Сабақтың түрі: тәрбие сағаты

Күні: 05.10.2015ж

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Жаңа тақырып мәліметтерін беру кезеңі:

  1. грек жұрнағымен аяқталатын «экстремизм» деген латын сөзі «шеттеу», яғни орталықтан ауытқу, кандай да бір белгіленген шектен тыс кету деген мағына береді. «Экстремизм» сөзінің ең жақын синонимі«радикализм». Бұл сөз де жанама түрде мейлі дінде, мінез-құлықта, пікірде болсын, қалыпты, дұрыс деп қабылданған деңгейден ауытқу. Экстремизм жалпы түрде ешбір мөлшерді, тәртіпті мойындамайтын, өзінің шектен шыққан пікірі мен іс-әрекеттері арқылы ерекшеленген адамдарды білдіреді. Саяси ортада пайда болган Экстремизм - саяси Экстремизм, ал діни ортада пайда болган Экстремизм - діни Экстремизм деп аталады. XXI ғасырдың соңғы жылдарында діни жағдайлармен байланысқан Экстремизм қанатын кең жайып келеді. Алайда бұл Экстремизмнің пайда болу сахнасы саяси орта болғандықтан, шын мәнінде діни Экстремизм бола алмайды. Экстремизмнің пайда болуы. Экстремизмнің бірінші белгісі адамның надандыққа, көрсоқырлыққа негізделген өз көзқарасы, пікірінің орындалуын табанды түрде талап етуі. Мұндай адамдар басқа көпшіліктің қажеттіліктері мен ақиқи жағдайын түсінбейді немесе түсінгісі келмейді. Олар, жөн білетін, дұрыс багыт көрсете алатын адамдардың ешқайсысын мойындамайды. Өзіне сын көзімен қарау деген түсінік олар үшін жат. Олардың түсінігінде тек олар ғана тура, басқаның барлығы да адасушылар. Сондықтан да олар басқаларды әділетсіз, эрі қатігез деп айыптауды өзіне міндет санайды, өздерін кіршіксіз, тазаПайғамбардың орнында көреді. Сондықтан, аяғы эртүрлі қақтығыстарға алып баратын жалған пікірлер таратып, мэжбүрлеу арқылы осы пікірлерді мойындайтын, шариғатқа, заңға қайшы келетін қадамдар жасайды. Экстремистердің пайда болуының екінші себебі, олардың ешбір қажеті болмаса да эр істе шектен тыс шығып кетуге бейім тұруы. Басқаларды да осыған итермелейді. Нәтижесінде адамдар арасындағы қалыпты қарым-қатынас бұзылып, қоғамдағы үйлесімді тіршілік арнасынан ауытқып, әлеум.толқулардың тууына себеп болады. Экстремистік көріністің үшінші түрі, сырт көзге байқалмайтын, адамдарға деген күдік пен сенімсіздіктен туады. «Күдікшіл адамдардың басқалар туралы жаман ойлайтын себебі, оның санасы басқаларды өзіне жау көрді» - дейді психотерапевт мамандары. Яғни, бір адам, екінші бір адам жайында бір нәрсе айтқан болса, онда ол өзі жайында не жақсы, не жаман нэрсені айтқан болып шығады. Жалпылама алынған «Кінәсі дәлелденбеген - кінәсіз» деген қағидаға қарсы келіп, экстремистер басқаны жылдам кінәлай отырып, тез үкім шығарады. Олар адамға қай уақытта күдікпен қараса, сол сәтге сол адам кінәлі болып шыға келеді. Неге күдіктенгенін талдап жатпайды, «ол кінәлі», деген қорытындыға келеді. Түзеуге, тәубеге келуге болатын пендешілік амалдарды сонша қиындатып, адамдарды кінәлі дэрежесінде көрулері оп-оңай. [2]

«Экстремизм» деген терминнің өзі XX ғасырдың екінші жартысынан бастап қолданысқа енді. Экстремизм латынның extremus – крайний деген сөзінен шыққан. Ол «ең соңғы, төтенше» деген мағынаны білдіреді.
Экстремизм баспасөзде лаңкестік деп аударылып жүр. Бұл өз мағынасын дәл беріп тұрған жоқ. Лаңкестік ұғымы ылаң салу, бүлік шығару, бұзақылық жасау деген ұғымға жақын келеді. Ал экстремизм – бұдан кеңірек ұғым. Оның өмірдегі көріністері терроризм, геноцид, этноцид, расизм болып табылады.
Экстремизм бұл ілім немесе ғылым емес. Ал өмірде радикалды саяси ілімдер, саяси ұғымдар, түсініктер жиі кездеседі. Олар бірте-бірте кең етек алып, күш жинап, нақты практикалық әрекетке ұласады, яғни террорға, ұйымдасқан бандитизмге, қарақшылық қылмыс жасауға барады. Саяси радикализм тікелей экстремистік қылмыстың түріне жатпайды. Ол саяси ұрандар, популистік үндеулер тастайды, өз идеяларын жариялы түрде листовкалар арқылы таратады. Бірақ бұл экстремистік әрекет емес. Бұл саяси популизмнің, халық назарын өзіне аударудың, көпшіліктің көшбасшысы болуға ұмтылудың көрінісі болып табылады.
Саяси радикализм өкілдері нені насихаттаса да, нені ұрандатса да олардың идеялары көпшілік мүддесіне қайшы келмейді, керісінше, оған жақын әрі ұнамды да болуы ықтимал. Бірақ оның қазіргі жағдайда халыққа бере қояр қайыры аз болмады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бірқатар саяси қозғалыстың басшылары мұнайдан, шикізатты сатудан түскен табысты әр адамның есепшотына аударып беруді ұсынды. Қарапайым халыққа, оның үстіне әбден күйзелген, жоқшылықтың, тапшылықтың зардабын шегіп отырған жұртшылыққа бұл ренталық үлес беру идеясының қатты ұнағаны сөзсіз. Өйткені әркімге өзінің бүгінгі қалтасы қымбат. Бірақ саяси билік мұны қолдамады. Табиғат байлығын игеруден түскен табысты ұлттық қорға жинақтауды дұрыс деп шешті. Биліктің бұл қадамының орынды болғандығын қазіргі шындық, әсіресе, әлемдік қаржы дағдарысы жағдайындағы ахуал айқын көрсетіп отыр.
Саяси радикализм мен саяси реализм екеуі екі басқа дүние. Біріншісі оқиғаны тездетуді, мәселені түбегейлі бірден шешіп тастауды ұсынады. Оған қажетті жағдай пісіп жетілді ме, оған қоғам дайын ба, биліктің қолындағы ресурстар оны қамтамасыз ете ала ма? Онда радикалистердің шаруасы шамалы, олардың мақсаты – мәселені күн тәртібіне шығарып, оның орындалуын талап ету. Биліктегілер (көбіне олар нақты реалдық жағдайды есепке алады) болса, оған бірден бел шешіп кіріспейді, белгілі мерзім қажет екенін, ресурстар мен алғышарттар керек екенін алға тартады. Радикалдық саясаткерлерді бұл қанағаттандыра бермейді. Қоғамдық пікірге жүгінеді, өздеріне белгілі дәрежеде жақтастарды да табады, қоғамда жарықшақ туғызып, саяси тұрақтылық пен келісімге кері әсерін тигізеді. Сондықтан да билік солшыл радикалистерге қолдау көрсете бермейді.
Бұл күнде халықаралық экстремизм әлем жұртшылығын қатты алаңдатып отыр. Әсіресе, Ресейдегі наурыздың соңғы күндеріндегі террорлық әрекеттер халықтың ашу-ызасын туғызды. Ресей Президенті Д.Медведев Махачкалада Солтүстік Кавказ аймағының басшыларымен кеңес өткізіп, терроризмді ауыздықтаудың бес бағытын алға тартты. Біріншіден, күш қолдану құрылымдарының қызметін одан әрі жандандырып, пәрменділігін арттыруды ұсынды. Екіншіден, терроризм мен лаңкестікке қарсы күресті мейлінше қатал, мейлінше батыл жүргізуді, керек болса, қанжардың соққысымен олардың көзін жоюды талап етті. Үшіншіден, бүлікшілерден, лаңкестерден өз еркімен қол үзген жандарға жылы көзқарас танытып, оларды ішке тартуды қажет деп санады. Төртіншіден, елдегі экономикалық ахуалды күшейтуді, жаңа жұмыс орындарын ашуды, жұмыссыздықты, әсіресе, жастар арасындағы жұмыссыздықты барынша азайтуды талап етті. Солтүстік Кавказ халықтарының рухани жаңғыруын қамтамасыз етуді, олардың мәдениетін, білім алуын, адамгершілік және моральдық толысуына жағдай жасауды ұсынды. Бесіншіден, елдің рухани көсемдерінің, дін басшыларының, халық алдындағы беделін, әсер-ықпалын тиімді пайдалануды, діни тәрбиенің оңды жақтарын ұмытпауды ескертті.
«Лаңкестерді ауыздықтауға бола ма, – деді де Д.Медведев, – әбден болады. Біз оларды жеңеміз, өйткені біз көппіз, әрі күштіміз, біздің сыртымызда халық тағдыры тұр, әрі ең бастысы – шындық біз жағында», – деп оптимистік нотада сөзін аяқтады. Бірақ Ресей басшысының бұл жігерлі сөзіне илана қоюдың өзі қиын еді. Өйткені ол лаңкестіктің нақты себебі мен қайнар көзі неде екенін айтпады. Керісінше, оның экономикалық астарына шешуші мән бермеді. Террористердің кедейі жоқ, бәрі бай деп лаңкестіктің экономикалық негізін алдыңғы кезекке шығармады.
Президент Д.Медведев лаңкестікпен күресте күш қолдану, жазалау шараларын қатайтуға көп көңіл бөлді. Лаңкестердің көзін жоюға, олардың ұясын күл-талқан етуге шақырды, яғни қорқыту-үркіту жағына екпін түсіре сөйледі. Бірақ бұдан үріккен бүлікшілерді көрмедік. Араға екі-үш күн салып, Ингушетияның Қарабұлақ қаласында милиция бекетінде жарылыс жасап, екі полицейді мерт етті. Өздерін өлімге тәуекел етіп, белдеулеріне бомба байлап келген жанкештілер үшін қатал жаза, түрме қорқыныш емес, лаңкестердің бетін қайтара алмады. Сондықтан да терроризмнің түпкі себебін, төркінін айқындап алмай, онымен біржақты күш қолданумен, қанжар жұмсаумен қорқытып алу мүмкін емес. Қорқатын жандар мұндай жолға әсте де түспейді, олар қорқыныш-үрейдің не екенін білмейді, олар өлімнен сескенбейді, бұл жолға өз өмірлерін садақа еткен. Сондықтан да қорқыту-үркіту, жазалауды қатайту лаңкестікті болдырмаудың басты амалы емес.
Рас, террористің өзінің бай болуы мүмкін. Бірақ оны қолдайтын, паналатып, жасырып сақтайтын адамдар негізінен тұрмысы төмен, өмірге риза емес, билік саясатына көңілі толмайтын жандар емес пе? Сондықтан да терроризмнің экономикалық астарын жоққа шығармай, оны түбегейлі шешпейінше, лаңкестікті ауыздықтау мүмкін емес. Жұмысы жоқ, тұрақты табыс көзі жоқ адам лаңкестердің қатарын толықтырмағанда қайда барады! Көзі қарайған тал қармайдының кебін киіп, олар бүлікшілердің ықпалына еріксіз түседі. Жастарды жұмыспен қамту, жаңа жұмыс орындарын көптеп ашу, олардың әлеуметтік, рухани сұраныстарын қанағаттандыру лаңкестердің әлеуметтік базасын тарылтудың бірден-бір жолы болып табылады



Әл – Фараби атындағы орта мектеп









(тәрбие сағаты)







Сыныбы: 6 «б»

Сынып жетекші: Акишева Т.Т.













Бәйтерек, 2015жыл

Әл – Фараби атындағы орта мектеп









(тәрбие сағаты)







Сыныбы: 6 «а»

Сынып жетекші: Қожабергенова Ұ.Ә.













Бәйтерек, 2015жыл

Әл – Фараби атындағы орта мектеп









(тәрбие сағаты)







Сыныбы: 6 «в»

Сынып жетекші: Сегизбаева Г.













Бәйтерек, 2015жыл



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-391805

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"