Инфоурок Классному руководителю КонспектыКлассный час на тему "Гүлдер әлемінде"

Классный час на тему "Гүлдер әлемінде"

Скачать материал

                               Тақырыбы:   Гүл әлемінде.

 

 Мақсаты: Экология туралы түсінік беру. Өсімдіктің адамға пайдасы туралы ұғым

                  беру, оны қорғау - әрбір адамның міндеті екенін айту, соған үгіттеу.

 

 Көрнекіліктер: плакат гүл түрлері, карточкалар.

 

    -Сәлеметсіздерме құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар! Бүгінгі сынып сағатымыздың тақырыбы «Гүл әлемінде».

    Алдымен экология дегеніміз не екенін талқылап алуымыз керек? ЭКОЛОГИЯ сөзі ежелгі гректің oikos- үй, тұрғын және logos-ұғым, оқу дегенді білдіреді.

Арнайы экологиялар болады:

1.     Жануарлар мен өсімдіктер экологиясы - олардың қарым-қатынасын, өмір сүру жағдайын зерттейді.

2.     Инженерлік экология-еңбектің адамға және оны қоршаған ортаға әсерін зерттейді.

3.     Сандық экология- экосистеманың өнімділігін, не белгілі бір егіндер не жануарлар өнімін алуды зерттейді.

4.     Ғарыштық экология - экипаждың ғарышқа ұзаққа ұщуына жағдай жасайтын жасанды экосистеманы және оның модель құрылымын зерттейді. Сол уақытта адам әсеріне байланысты Ғарышта болатын өзгерістерді де зерттейді. Өкінішке орай, Ғарыштың ластануы - нақты дерек болып отыр.

5.     Радиациялық экология - радиацияның адамға және экосистемаға әсерін зерттейді.

6.     Әлеуметтік экология-адам қоғамы мен басқа табиғи факторлардың қарым-қатынасын зерттейді.

7.     Қызметтік экология - ағза мен экосистеманың өзгерген жағдайда бейімделу мүмкіншіліктерін зерттейді.

8.     Адам экологиясы - адамдардың қоршаған ортамен қарым-қатынасын, халықтың өніп-өсуін, қоғамдағы адамдар денсаулығының күйін, әртүрлі мамандықтағы адамдардың денсаулығын, тұрған ортасын зерттейді.

9.     Тәжірибелік экология - тікелей белгілі бағдарламалы мақсаттағы адам қызметі нәтижесіндегі экосистема өзгерістерін зерттейді.

 

Қазақстан – Еуразияның орталығында орналасқан байтақ ел, жер көлемі 2млн. 715мың шаршы шақырымға созылады.Еліміздің жер көлемінің үлкендігіне байланысты табиғи-климаттық жағдай әр түрлі болып келеді. Климаттық жағдайдың ауысып отыруына байланысты Республикамыздың ландшафтары әр түрлі болып келеді. Климаттық құрылуына географиялық ендіктің әсері мол. Әр ландшафтың бейнесі бірінші кезекте бар тіршіліктің тірегі жасыл өсімдіктерден құралады.  Қазақстан ботаниктерінің үздіксіз зерттеулері әрбір аймақ үшін, сондай-ақ ғылым үшін жаңалық болып табылатын түрлермен толықтырылып отырады. Осындай алуан түрліліктің арасында, әр түрлі тіршілік формалары кездеседі-мықты ағаш, биік және жатаған, сирек төселгіш бұталар, тартымды бұташықтар, көпжылдық, сондай-ақ біржылдық түрлі шөптер. Алтай тауларында өсетін. Алыптар қатарына кіретін биіктігі 40 метрге жететін Сібір қарағайы және кішкене ғана біржылдықтар.

Ал қазір бізге 6 сынып оқушылары өсімдік туралы тақпақтар айтып береді.

 

                           Киім-кешек, төсек пенен жылы үй,

                           Өсімдіксіз жан-жануардан кетер күй,

                           Бір жаздағы жапырақтың әрекеті бәрі де,

                           Сондықтан да өсімдікті мәңгі сүй.

 

                           Қазақтың кең даласы ұлан-байтақ,

                           Өсетін өсімдік көп көрсең байқап,

                           Орман да, шалғындық та, ен дала да

                           Құлпырған өсімдікпен әдемі алқап.

 

                          Өсімдіктен заттар көп алынатын,

                          Түсінсең, зерттей білсең оның нарқын

                          Витамин, емдік дәрі, киім, тамақ-

                          Тіршілік көзі-өсімдік, біледі әркім.

 

Ал енді балалар бір жұмбақты шешіп көріндер:

 

                            Кілемдей жер бетіне көрік берген,

                               Көңілді қуантады көріп келген.

                               Аңқыған иісі жұпар, түрлі-түсті

                               Шешуін тез табады оны терген.      /гүл/

 

Бүгін біз сендермен өсімдіктің  гүлдер әлеміне саяхат жасаймыз.

Соңғы деректер бойынша Қазақстанда жоғарғы сатыдағы 5754 өсімдік түрі кездеседі, олар: қырықбуындар, папоротниктер, жалаңаштұқымдылар, және гүлдесін өсімдіктер.Солардың ішінде 500.000 гүл түрлері кездеседі.

 Гүлді өсімдіктер негізінде тамыр, сабақ жапырақтан тұрады.

 Гүл өсіру Голландияда, Оңтүстік Европада, Германияда, Жапонияда т.б. елдерде жақсы дамыған.

 Гүл пайдалану мақсатында, өсімдіктің биологиялық ерекшеліктерінде, олардың түр құрамына карай ашық және жабық жерде өсіріледі. Ашық жерде өсірілетін гүл тұқым беруге тиіс. Бұлар алаңда, бау-бақтарда, парктерде және үй айналасында әсемдік үшін егіледі. Ашық жерде өсіп жетіле алмайтын гүлдер жабық жерде-оранжерея, парниктерде өсіріледі де, көктем, күз, қыс айларында пайдаланады.

 Гүл шаруашылықтарда әсем жапырақты, әдемі гүлдейтін алуан түрлі үй өсімдіктері өсіріледі. Олар бір жылдық, екі жылдық және көп жылдық болып бөлінеді. Қызғалдақ, астра, флокс, қырмырзы, гүл, партулак, хош иісті темекібір жылдық; түрік қалампыры, фиалка, маргаритка, құлқайыр т.б. екі жылдық; раушан гүл, пион, құртшашар, бәйшешек, лала гүл, гладиолус, георгина т.б. көп жылдық өсімдіктер.

 

 Гүлдердің түрлерін білетіңдеріңді ойын арқылы тексерейік. Ол үшін үш оқушы тақтаға шығып, гүлдердің аттарын айтқан сайын бір қадам алға басып, финишқа жетеді.  / Бірінші жеткен оқушыға гүл сыйланады/

 

  /Оқушыларды тақтадағы плакат бойынша кейбір гүлдердің түрлерін көрсету./

 

 

                       Гүлсіз жер көріксіз ғой өртенгендей.

                     Гүл болсын үйдің маңы, аула, көше,

                      Гүл толсын бақ ішіне әлденеше.

                      Шайқалып алауға ұқсап, жалауға ұқсап,

                      Туған жер топырағының әр уысы.

 

                      Гүлдер – сый жан достарға, жақсы лайық.

                      Шоқ гүлдер жүрек сынын жатсын жайып,

                      Вокзалда, аэродромда, пристаньда,

                      Гүлге орап ақ пейілді тапсырайық.

 

Бірінші «Тапқыр » ойыны

 Оқушылар көрсетілген жеті жапырақтың, қай гүлдін түрі  екенін көрсету керек.

Екінші тапсырма «Мозаика»

  Топтарға арналған тапсырма. Екі топқа бөліну керек. Бірінші немесе екінші нұсқаны тандап алып, берілген бөліктерінен  гүлдін түрін жинау.

Үшінші тапсырма « Гүлді жина »

  Берілген әріптерден гүлдін атын құрастырындар. Мысалы: сімөкід-өсімдік.

                шекбәйше  /бәйшешек/

                қазныжау  /жауқазын/

                тарас  /астра/

                гүлінжі /інжігүл/

                лүграунаш  /раушангүл/

                дағыметүй  /түймедағы/

                нәркөк  /көкнәр/

 

 Ал сендер білесіндер ме гүлдер сезімдер, күй-жағдай және ойларды тапсыра алады.

Европалық халықтарда гүлдердің тілі бар, дерлік бізде ұмыт болған.

Мысалы: қызғылт қараған (акация) - әдемілікті белгілейді,

                 көктікен (василек) -сыпайылылық, әсемдік

                 долана  (боярышник)- үміт

                 аршагүл  (вереск) – жалғыздық

                 георгин - құрметтеушілік

                 гиацинт - ермек, әзіл

                 қонырау гүлі - мылжыңдық

                 лаванда - сенімсіздік

                 ақ лала  (лилия) – жастық шақ

                 ботакөз  (незабудка) – мені еске түсірініздер

                  фиалка  – сыпайылық

                  мимоза – ұялшақтық

                  көкнәр  (мак) – жұбату

                  базилик – жеккөрушілік, жеркенушілік

                  далалық шырмауық  (вьюнок полевой) – мойындау, көнгіштік

 

Қорытынды: Оқушыларға осы тақырып бойынша сұрақтар қойып, олардың алған білімдерін тексеру.

 

                                          

           

 

 

              Сынып сағаты

 

 

 

 

 

       Гүл әлемінде

                              

                                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                           Өткізген: Естаева  С.Ү.

                                                                                                                5  сынып

 

                                 

                                            2015-2016 оқу жылы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Классный час на тему "Гүлдер әлемінде""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инженер по обслуживанию многоквартирного дома

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 258 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.09.2015 990
    • DOCX 133.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Естаева Сауле Усеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Естаева Сауле Усеновна
    Естаева Сауле Усеновна
    • На сайте: 8 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6403
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 125 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 93 человека из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 120 человек

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 112 человек

Мини-курс

Современные направления в архитектуре: архитектурные решения гениальных изобретателей

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Технологии и анализ в медиакоммуникациях

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Мозг и психотерапия: влияние, методы и направления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 61 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 27 человек