Инфоурок Классному руководителю КонспектыКлассный час на тему Ы7Алтынсарин

Классный час на тему Ы7Алтынсарин

Скачать материал

Тақырыбы: Ұлы ағартушы – Ыбырай Алтынсарин 
Мақсаты: 1.Ы.Алтынсариннің өмірі, еңбектері, алғаш қазақ даласына 
мектептер ашқан алғашқы ағартушы ұстаз екендігі жөнінде 
түсінік беру. Ыбырайдың мектебі мен қазіргі заман мектебінің 
жағдайын салыстыра отырып көрсету. 
2.Ұлы адамдардың рухтарына тағзым ете отырып, өмір 

жолдарын, еңбектерін, үлгі-өнеге тұту, оны жалғастыру 
қабілеттерін дамыту.

3. Балаларға Ыбырай ата өмірін үлгі ету, білімді, ақылды, 
ізденімпаз етіп тәрбиелеу,білімді болуға, ұлы адамдарды 
құрметтеуге тәрбиелеу. 
Көрнекілігі: презентация, видеофильм 

Өту барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі (5 минут) (музыка ойналып тұрады) –оқушылар, бүгінгі сынып сағатының өзіндік ерекшелігі бар. Бұл өзгеше сынып сағаты.

- Сендердің алдарында қағаз жатыр сол қағазға өз тілектерінді жазыңдар. «Жылы сөз- жан қуаты»- дейді халқымыз. Енді ортаға шақырамын.Тілектеріңді бір- біріне сыйлаңдар.(Тілектерді оқу)
Қоңыраудың үні естіледі 
Мұғалім: 
-Қоңырау үнімен қазақ даласына білім әкеліп, балаларды мектепке шақырған кім? 
-Ыбырай Алтынсарин 
-Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымыз
19 ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген ұлылардың бірі, қазақ халқының маңдайына біткен бақыты, қазақ даласында тұңғыш рет білімнің қоңырауын соғып, мектеп ашқан Ыбырай Алтынсаринның өмір жолына, ағартушылық қызыметіне  арналады.

Сауатты болса екен деп қазақ халқын,
Білімге бастап беріп, жолды салды.
Тәлімді, тәрбиелі еңбегімен,
Ыбырайдан өшпестей мұра қалды.

Сәлем жолдап шәкіртке дұғай - дұғай,
Ұрандап өлеңімен келді былай.
Жас ұрпаққа жар салып жанымен де
«Кел, балалар, оқылық»- деді Ыбырай.

Жалғассын бүгінгі күн дәстүр - салтың,
Күндей күліп өмірің болсын жарқын.
Бас иіп ұлы Ыбырай рухына,
Көтерейік бірігіп атақ - даңқын!

Сонымен қатар біз бүгін  топпен жұмыс жасаймыз сол үшін топты құрып алайық. Енді бір- біріне сыйлаған тілектеріннің екінші жағына аударсаңдар  Ы.Алтынсариннің өлең жолдары жазылған, осы өлең жолдары бойынша топ  құраймыз.

І топ. Өнер — білім бар жұрттар,
Тастан сарай салғызды.
ІІ топ Бір құдайға сиынып,
Кел, балалар, оқылық ,

ІІІ топ Айшылық алыс жерлерден,
Жылдам хабар алғызды (топ жайғасып отырады)

- Ы.Алтынсарин. өлендері кімнің естерінде бар? (оқушылар мәнерлеп өлеңдерін оқиды)

-Осы өлең жолдарында Ыбырай атамыз оқушыларды неге шақырады? (Өнер, білім,т.б.)

Ыбырай атамыз туралы не білеміз?

Миға шабуыл.

II. Кіріспе әңгіме Автормен таныстыру 
Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері, әңгіме шебері  Ыбырай 1841 жылы қазан айының 20-сында қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келеді. Үш-төрт жасында әкесі Алтынсары қайтыс болып, атасы Балғожаның қолында өсіп, тәрбиеленеді. Атасы Балғожа би өз аймағының атақты кісілерінің бірі болған. Ел ішіндегі көп билікті қолында ұстаған би, Орынбор әкімшілігінің алдында да беделді, белгілі кісі болған. Замана бет алысын өзінше болжаған Балғожа табысқа жетудің ендігі жолы – оқу деп біледі. Сөйтіп, немересі кішкентай Ыбырайды Орынборда ашылады деп күтілген орыс-қазақ мектебіне күні бұрын жаздырып қояды. Бидің ондағы мақсаты, әрине, немересінің бала оқытып, педагог болуы емес, әкімшілік орындарда жұмыс істеп, шенеулік, орысша оқыған "төре" болып шығуы, ата-анасын асырауы. Балғожа бұл ойын Орынборда оқып жүрген жасөспірім Ыбырайға жолдаған өлең-хатында былайша білдірген:

Үміт еткен көзімнің нұры –балам,

Жаныңа жәрдем берер хақ тағалам.

Атаң мұнда анаңмен есен-аман

Сүйіп сәлем жазады бүгін саған.

Атаңды сағындым деп асығарсың,

Надан боп білмей қалсаң аһ ұрарсың.

Шырағым, мұнда жүрсең не етер едің,

Қолыңа құрық алып кетер едің.

Тентіреп екі ауылдың арасында,

Жүргенмен не мұратқа жетер едің?!

        Әлгі мектеп ақыры 1850 жылы ашылады да, оған қабылданған отыз қазақ баласының бірі – тоғыз жасар Ыбырай болады. Ыбырай мектепте сабақты ынта қойып оқиды, 1857 жылы оқуын "өте жақсы" деген бағамен бітіріп шығып, 1859 жылдың тамызына дейін өзінің туған елінде тілмаштық қызмет атқарады. Қалада оқып, қазақ даласына беймәлім жаңалықтардан хабардар болып, ой-өрісі кеңейген зерделі бозбаланың екі жылдай елде болуы — қазақ қоғамының жағдайын тереңірек түсініп, жаңаша сезінуіне, өзіндік ойға келуіне мүмкіндік береді
-Енді видео роликке назар аударайық. (6 минут) Мұқият қараймыз. Керек жерлері болса жазып отырамыз. сендерге топпен жұмыс кезде керек болады.

«Қызықты жетілік»

«1841,1850 1879 1859, 1864, 1876 және 1857 сандарын сөйлетеміз

-Ыбырай атамыз туралы не білдік? (Ыбырай Алтынсарин әңгіме шебері)

Сонымен қатар Ы. Алтынсаринды «Әңгіме шебері» деп айтамыз. Ендеше қандай әңгімелері бар екенін еске түсірейік.(Қыпшақ Сейтқұл,бай баласы мен жарлы баласы, жиренше шешен,жомарт адам,Полкан, әкесі мен баласы, бақша ағаштары, асыл шөп.)

Ыбырай шығармаларының басты тақырыбы –еңбек. Ол еңбек адамның өмірі үшін ерекше маңызды рөл атқарады, еңбексіз өнер де, білім де қолға келмейді деп еңбекті бірінші орынға қойып, тәрбие негізі адал еңбекте деп тұжырым жасайды. Оның бұл тақырыпта жазған көптеген әңгімелері бар.Қазір

Ы,Алтынсарин әңгімесіне құрылған сюжеттік көрініске назар аударайық.

Көрініс: Асыл шөп

Автор: Злиха мен Бәтима деген біреудің қызметінде тұрған екі қыз бала төбесіне бір-бір жәшік жеміс көтеріп қалаға келе жатыпты-мыс. Злиха ахылап-ухілеп шаршадым деп, Бәтима күліп, әзілдесіп келе жатады.

Злиха: - Сен неге мәз болып қуанып келесің, төбеңдегі жәшіктің ауырлығыда менің басымдағыдан кем емес, өзіңде менен күшті емессің?
Бәтима: - Мен жәшігімнің ішіне ауырды жеңілдететін бір шөп салдым.
Злиха: - Ай, ондай болса шөбіңнің атын айтшы, мен де ауырымды жеңілдетейін

Бәтима:- Ол шөп сенің қолыңа түспей ме деп қорқамын, аты: сабыр

Рөлдерде ойнағандар;
Авторы:
Злиха :
Батима:

1.     Сұраққа жауап.
Әңгіме неге асыл шөп деп аталған?себебі, барлық адамдарда кездесе бермейтін мінез яғни сабырлықты асыл шөпке теңеген. Сабыр алды сары алтын дейді.Әрқашанда қиындықты сабырмен жеңе білу керек.

2.     Негізгі тақырыбы не? Сабырлық және төзімділік.

3.     Әңгімедегі қыздар қандай? Злиха әлсіз, сабырсыз қыз. Батима сабырлы қандай қиындық болсада оны жеңе алатын ақылды қыз. Әзілдесе отырып құрбысына ой салып отыр.

 -Осы  әңгімесінде Ыбырай Алтынсарин адамдарды қандай қасиетке тәрбиелеуге шақырған екен назар аударайық ?

                                  Көрініс: Бақша ағаштары
Автор: Жаздың әдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштары мен гүл жапырақтарын көріп жүрді.

Баласы: - Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен? -
Төре:  -Оның себебі, балам, анау ағашты бағу-қағумен өсірген, қисық бұтақтары болса кесіп. Мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалыбымен өскен,

Баласы: -  Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой.

Төре: -  Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым; мұнан сен де өзіңе әбірет алсаң болады; сен жас ағашсың  саған да күтім керек; мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы түзік кісі болып өсерсің, бағусыз бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің.

Рөлдерде ойнағандар;
Авторы: Тлепбергенов Диас
Төре : Жуанышев Аманжол
Баласы: Мұрат Арман

Әңгіменің негізгі тақырыбы:   Баланы адамгершіліке тәрбиелеу.  Ата-аналарға ой салу.

Қорытынды бөлім.Топпен жұмыс (10 минут)

І топ ментальды карта толтырады.(Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы)

ІІ топ Вен диаграммасы

(Ыбырай мектебі мен қазіргі мектеп  айырмашылығы)

ІІІ  топ денонтафты граф (Ы.А. шығармалары) қорғайды.

Қортынды Ыбырай атамыздың қай әңгімесін алсаңда өздік тәрбиелік мәні зор. Ана мейіріне қанып, әке өсиетін тыңдап өскен бала ғана түбінде жылы жүректі азамат болары сөзсіз,олай болса, Ыбырай әңгімелерінде жасынан отбасы тәрбиесін көрген бала үлкен азамат болғанда, бойынан қандай адамдық қасиеттер табылады?

1.     «Күн» құрастыру

Адамдар бір-біріне жақсылық жасаудан жалықпаса,өмірде сыйластық, қамқорлық, достық, сүйіспеншілік қарым-қатынаста болады,ал қоғамда татулық,бірлік,ынтымақ орнайды. Ы.Алтынсарин  әңгімелерінің негізгі мақсаты  адамдық қасиеттерге тәрбиелеу десек қате пікір емес. Сондықтан әрқашанда осы қасиеттерді бойымызға жинау үшін көп оқып, көп  білім алуымыз қажет.

Бүгінгі сынып сағатын

2.     Жақсының аты өлмейді, 

Ғалымның хаты өлмейді - деген мақалмен аяқтағым келіп отыр

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Классный час на тему Ы7Алтынсарин"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Логопед

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 515 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.12.2016 697
    • DOCX 36.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мухамеджанова Гульнур Абаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мухамеджанова Гульнур Абаевна
    Мухамеджанова Гульнур Абаевна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9461
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 171 человек

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 216 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 551 человек

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 404 человека из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 542 человека

Мини-курс

ИТ-инструменты в управлении документооборотом

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусство в контексте современности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Практические навыки трекинга и менторства

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе