Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Классный час на тему "Имандылық пен адамгершілік"

Классный час на тему "Имандылық пен адамгершілік"


  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: Имандылық пен адамгершілік


Мақсаты: Оқушыларды қайырымдылыққа, әдептілікке, сыпайылыққа, инабаттылыққа, кішіге қамқор, үлкенге құрметпен ізетті болуға тәрбиелеу; сыныптас құрбыларының қадірін білуге, өзара сыйластық орнатуға, ата-баба салтын қастерлеуге тәрбиелеу; оқушыларды адамгершілікке, жүйелі ойлауға, топ болып жұмыс істеуге дағдыландыру.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, сұрақтар, сөзжұмбақ, слайд арқылы дайындалған материалдар.
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Атадан ұлағат, анадан ғибрат.
ІІІ. Адамның жақсы – жаман қасиеттері. Сен қандайсың?. .
ІV. Бабалар баланы қалай тәрбиелеген?
V. Ырым- тыйым – ұлағат көзі.
VІ. Оқушылардың шығармашылық жұмысы.
VII. Қорытындылау.

Барысы.
Мұғалім: Қазіргі заман қыз тәрбиесі мен ұл тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» деп бекер айтылмаса керек. Халқымызда ерте кезден –ақ адамгершілікті, әдепті жоғары бағалай білген. Отбасы - қоғамның бір бөлшегі, ал отбасының алтын қазығы - әйел адам. Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі - өнеге көрген қыз бала қайда болса да, келін болғанда да көргенділігін көрсетеді. Ал жақсы тәрбие алған ұлдар жау келгенде де жайдақ атқа міне шабатын өжет, батыл, адал, жеріне, туған халқына ыстық ықыласты, үлкенге де, кішіге де қамқор бола білген ғой. Әдептілік, инаөкініштісі: уақыт өткен сайын осынау асыл қасиеттерімізден айырылып бара жатқандаймыз. Ұлттық ізгі дәстүрімізді ескіліктің калдығы деп мұрын шүйіре қарамай, осы заманға лайықтысын таңдап алып, инабатты қыз, ұлағатты ұл тәрбиелеу –ата-ананың да, ұстаздар қауымының да міндеті. Енді осы мәселе төңірегінде ой өрбітсек, оқушыларымыз не дер екен?. .

ІІ. Атадан ұлағат, анадан ғибрат
1- оқушы: Әрбір қыз бала бой жетіп, әке-шешесінің ортасында бұлғақтаған дәуренін қалдырып, басқа бір үйге келін болып түседі. Өз шаңырағын көтеріп, үй мен шаруаға иелік етіп түтін түтетеді, ана болып өмірге перзент әкеледі. Жар құшып, ана болу – қыз баланың мақтанышы әрі бақыты.
2- оқушы: Қыз баланың сол күнге дайындық ретінде өз үйінде жүріп үйренетін өнегелері мен өтейтін міндеттері аз болмайды. Олардың барлығы қосыла келе келін болу әдебін құрайды.

3- оқушы: Сол өмірге мойын ұсынып, ынта қойып үйрену, даярлану – көрегенділіктің белгісі. Қыз бала оң жақта отырғанда – ақ келін болып түскенде атқаратын ауыр да ардақты міндеттерді, аттап өтуге болмайтын әдеп - инабаттылық талаптары жайында жақсы хабардар болуы керек.
4- оқушы: Қыз бала той-томалақ, көп адам жиналған жерде көзге түседі, сыналады. Ондайда өзінің ұстамдылығымен, жарқын жүзді сыпайылығымен, жинақы, ширақ жүріс- тұрысымен, сергек - сезімталдық ептілігімен, сөзге ұсталығымен көзге түсіп, жұртты тамсандырады.
5- оқушы: Ал мұндай жақсы атақтың қыз баланың болашағы үшін маңызы зор. Ұят, әдеп жоралғыларын белден басып, отырғанда, тұрғанда өзінің жаратылысын ескермейтін, қызға, келінге жарасатын қымсыну, қызару, тартыну, имену деген ойына кіріп – шықпайтын қыз өзіне ғана емес ата-ана, бауыр - туғандарына сөз келтіріп, жерге қаратады.

6- оқушы: Қыздың, демек болашақ келіннің қолынан іс келуі – міндетті жағдай. Айналадағы адамдарды сыйлау ата-ананы құрметтеуден басталады. 7-оқушы: Ер бала еңбекке ерте бейімделеді. Сөйтіп ауылдың ересек балаларымен, құрбыларымен, ағалары, әкелерімен бірге шаруашылыққа қарауға, әңгіме тыңдап, ертегі айтуға, өлең айтып, ән салуға бейімделген

8-оқушы: Қазақ отбасында ер баланы тәрбиелеуде әкенің рөлі үлкен. Сондықтан өз ұлына бар өнерін, естіген - білгенін түгел үйретуге тырысқан
9-оқушы: «Ата - балаға сыншы» демекші, әке өз балаларының жеке ерек-шеліктерін, қандай іске, өнерге бейімдігін ерте аңғарып, шамасы келгенше баласының бойындағы табиғи қасиеттерін дамытуға күш салған.
10-оқушы: Парасатты әке балаларына ата-бабаларының іс-әрекетінің үлгі боларлық өнерін айтып, ағайынның туыстық, жақындық қатынасын түсіндіріп, ататегі туралы айтып отыруды парыз санаған.баттылық, сыйласу жағынан халқымыз алдына жан саІІІ. Адамның жақсы-жаман қасиеттері. Сен қандайсың?. .
Өмірдегі бағытың да, іс - қаракетің де өз бойыңа үңілуден болады. Әркімде ерекше көзге түсетін бір қасиет болады. Сол қасиет қастерленсе оның қолынан келмейтін нәрсе жоқ , өзінің көздеген мақсатына жетеді. Талантсыз адам жоқ, өз орнын таппайтын адам бар. Қабілеттіліктің көзге көрінуіне септігін тигізетін – отбасы, мектеп, жолдастары, ұжым. Ал негізінде бәріне ізденімпаз адамның өзі түрткі болуы керек.
Нағыз адамға тән қасиеттер.
1) Ұғымды, ойлы ететін зерде-зейінің.
2) Сені өрге сүйрейтін - өнер - өрісің.
3) Тек ілгері бастайтын – талабың.
4) Ешқашан алдамайтын- тапқырлығың.
5) Қиындықта саналатын – қайратың.
6) Бәрінен де күшті – білімің.
Ер жігіттің айнымас серіктері : өмірлік жарың - жұбайың, мінген атың – пырағың, парасатың- ақылың. Жігіттің жолын кесіп, аяғына тұсау болатын жаулары:
1) жалқаулық
2) аңқаулық
3) жасқаншақтық
4) пасықтық
5) сужұқпас суайттық
6) өсекшілдік
7) мылжыңдық.
Осы қысқа өмірде орны толмайтын үш нәрсе бар.
Ол-ата, ана, бала. Бір ұрпақ келіп, бір ұрпақ кетеді. Бірақ жер бетінде өмір өлмейді. Өмірді бала қосады. Ата-ана асқар тауың, айналып өтсең жаман, асып түссең жақсы.
12-оқушы: Бабалар баланы қалай тәрбиелеген?
Ата- бабаларымыз ұл балаларын жастайынан ел қорғауға, мал бағуға тәрбиелесе, ал қыздарын «болашақ отау иесі» деп қаршадайынан үй шаруасына икемдеген.
V. Ырым-тыйым – ұлағат көзі.
Қазақтың ырым-тыйымдары
1-оқушы: Ұнасын, ұнамасын,
Бұзба құстың ұясын.
2- оқушы: Ұқсама тентек балаға,
Пышақтың жүзін жалама.
3-оқушы: Шаршасаң сәл –пәл аялда,
Бірақта жерді таянба.
4-оқушы: Құр беталды ермекке
Бос бесікті тербетпе.
5-оқушы: Жақтыр, мейлің жақтырма,
Нанды жерге лақтырма.
6-оқушы: Жоқ әдетті шығарма,
Түнде көлден су алма.
7- оқушы: Адамдарды сынама,
Түнде айға қарама.
8- оқушы: Ақыл-есің бүтінде
Кісіге қарай түкірме.
9-оқушы: Ұлттық салттан бұлжыма,
Жұма күні кір жума.
10-оқушы: Дастарханға емінбе,
Көп алдында керілме.
VI. Оқушылардың шығармашылық жұмысы.
VII. Қорытынды: Мұғалім: Бүгінгі тәрбие сағатынан соң кейбір оқушылар өз бойындағы кемшіліктен арыла білуі керек, бұл - әрбір адам болам, азамат болам деп құлшынған жанның қолынан келер нәрсе. Халқымыз көп нәрсені ана есімімен байланыстырады. Қыз келешекте жар, ана, апа. Осыған байланысты қазақ қызын әлпештеп, мәпелеп, инабатты етіп тіл тигізбей тәрбиелеген.


Автор
Дата добавления 24.11.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров227
Номер материала ДВ-184848
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх