Инфоурок Другое ПрезентацииКлассный час на тему" 1-қыркүйек -Білім күні

Классный час на тему" 1-қыркүйек -Білім күні

Скачать материал

                                              Жаржанова Гулжазира Кереевна

                    Ақтөбе техникалық колледжінің химия- биология пәні мұғалімі

 

Тақырыбы:  Білім күні - бірінші қыркүйек.
Сабақтың мақсаты:
   1 қыркүйек  -Білім күні екенін айтып, білім алу мақсатында алғаш табалдырығын аттаған студенттерді құттықтау,білім туралы түсініктерін кеңейту, білімдіділікке тәрбиелеу. Білімнің қасиеті туралы әңгімелеу. Елімізде тек қана бейбітшілік, тыныштық үшін, әр адам оған ат салысу керектігін түсіндіру.
Көрнекіліктер: плакаттар, түрлі түсті қағаздар
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу,психологиялық тренингтер.

Тәрбие сағатының барысы.
1.Ұйымдастыру кезеңі./амандасу,түгелдеу/
2.Кіріспе сөз /құттықтаулар/

3.. /Сергіту сәтінде таныстыру, көңіл-күйін дамытуға  арналған психологиялық жаттығулар/

4. Жаңа сабақ /Білім күніне арналған ұғымдар/

5. Қорытынды

6. Рефлексия

 

Құрметті студенттер қауымы!
Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күнімен құттықтаймыз!

1 қыркүйек барша халықтың дәстүрлі мерекесі! Бұл мереке кейбір азаматтардың мектеп қабырғасын, колледж және жоғары оқу орындарына барған күндерін еске түсірумен сипат алатын ерекше мереке күні.

Әрбір адамның өміріне ерекше әсер қалдыратын бұл күн еліміздің барлық тұрғындарының басын біріктіреді: мектеп табалдырығын аттауға асыққан бірінші сынып оқушылары, өзі армандаған мамандыққа қол жеткізген ЖОО-ға мақтанышпен келген мектеп қабырғасын жаңа ғана аяқтаған түлектер, осы күйді екінші рет бастан кешіп отырған ата-аналар.

Білім беру мекемелерінің педагогтары мен жетекшілері бүгін, яғни 1 қыркүйек күні білім қабырғаларын аттағалы тұрған оқушылар мен тәрбиеленушілерді қарсы алады, бұл күн тек атаулы мереке ғана емес, бұл біздің еліміздің болашағы тәуелді болған қызу қайнаған, жауапты кезең бастамасы. Дәл осы күннен бастап, алғашқы қоңырау үнімен бірге, әр адам өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталады. Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін! Бүгінгі күн Сіздер үшін өмірден үлкен үміт күтетін студенттік өмірдің ең қызықты, бақытты күндерінің бірі болсын!

Психологиялық сергіту сәті  «Танысу»
Барлығымыз партадағы оң жағындағы отырған қатысушыдан бастап топқа таныстыруды бастаймыз. Алдымен өз есімдеріңді айтыңдар. «1-2 сөйлем арқылы өзінің қай жақтан,
аты, мінезі туралы айту керек. Осы сөздерден кейін жүргізуші өзін таныстырып әңгімелейді. Әрі қарай әрбір адам айналым бойынша өзін-өзі таныстырады. Танысу біткен
соң, таныстырудың қалай өткені туралы пікірталас жүргізіледі./топқа мынадай сұрақтар береді. Кімнің таныстыруы сіздің есінізде қалды және оның  таныстыруы сізге несімен ұнады?

«Көңіл-күй неге ұқсас».  Ойыншылар олардың бүгінгі көңіл-күйлері неге (қай жыл мезгіліне, ауа райына, табиғаттың құбылысына) ұқсас екенін айтып береді.

Ойынды жүргізуші  бастайды. «Менің қазіргі көңіл-күйім көгілдір аспандағы жылы, жұмсақ күннің көзіне ұқсайды, ал сенің ше?». Жаттығу шеңбер бойымен жалғаса береді. Ойынның сонында жауаптар қорытындыланады, бүгінгі шеңберіміздегі балалардың көңіл-күйі қандай екен: қайғылы, көңілді, күлкілі, ызаланған т.б. Жауаптардың қорытындысын шығарған кезде, жаман ауа райы, суық, жаңбыр, түнерген аспан сияқты элементтер агрессивті, қобалжу күйлердің көрсеткіштеріне назар аударып, жақсы көңіл-күй, бір-біріне сәттілік тілейді.
- Бүгінгі сабақ  . «Білім күні - бірінші қыркүйек»  деп аталады.

 

«Білім дегеніміз – күш,

Күш дегеніміз – білім!»

- Білімдіден шыққан сөз- дүниені нұрға бөлейді. Білім ақылмен ұштаспаса, төңірегін қараңғылата түседі. Өмірмен жанасқан білім – бұл өлшеусіз байлық. Адамзат тарихында қай кезеңде болмасын ғұламалар ғылым мен білім мәселелеріне ерекше көңіл бөлген.             Қазіргі ғаламдық заманда 50 елдің қатарына қосылу үшін білімнің аса қажет екенін Елбасы Н. Назарбаевта жолдауларында баса көрсетті.

Қазақстан Республикасы өркениетті ел болу үшін ең бастысы білім. Білім - патриотизм негізі.  Білімді болу жүйелі түрде үйренудің, оқығанды зердеге, миға тоқудың нәтижесі. Бүгінгі сабағымыздың ұраны:
«Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.»

-Білімді болу дегеніміз не? Сізді қандай ойға жетелейді?/студенттер пікірлерін тыңдау/.

1. Білімді болу – бәрінене бұрын адам болу деген сөз. Өмірдегі барлық жақсылық білімнен шығады.

2. Білім бұл қолдағы шырақ. Адамның санасы – түбі жоқ теңіз, ал білім теңіз түбіндегі інжу –маржан, гауһар тас. Білім адамға оңайлықпен түспейді, оны меңгеру үшін көл- көсір өлшеусіз әрекет ету керек.

3. Ғылым- білімге түбегейлі берілген адам ғана ойлаған мақсатына жете алады.Білімнің керек емес жері жоқ. Ол саған тоңғанда киім, ашыққанда тамақ, әлсірегенде қуат.

4. Білім сенің серігің, өмірлік жолдасың. Адам өзінің барлық керегін, ой- арманын, талап- тілегін тек білім арқылы ғана қанағаттандыра алады. Кімде білім  мол  болса,  сол жұртқа әмірін дұрыс жүргізе алады.

- Білім артық па, байлық артық па?

Мұғалім: Білімнің де білімі бар, жаттап алған құрғақ білімнен пайда аз.Адамды адам ететін, оның өмір сүруін жетілдіретін, іс- әрекетпен, тәжірибемен байланысқан білім нағыз білім болып саналады. Біздің халқымыз білімді болудың мәнін тым ертеден-ақ ұққан. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» дейтіні содан болса керек. Теңіздің тамшыдан құралатыны сияқты қоғам да, ел де, халық та жеке адамдардан құралады. Білімді адамдар неғұрлым көп болса, ел де соғұрлым бай болмақ. Ал, сол білімді бала бойына дарытуға еңбек ететін  тұлғалар бар.Ол әрине, ұстаз….Осынау сөзде қаншама мән –мағына жатыр десеңші. Ғалым иесі де, ғылым иесі де, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамызған ақын да – бәрі- бәрі ұстаздан білім  алады.Ұстаздарға мың тағзым.

Білім сусынын сондай – ақ  кітап арқылы аламыз. Кітапты біз қымбат мұра ретінде бағалаймыз.  Кітап туралы «Мен одан артық қайырымды көршіні, одан әділ досты, елгезек жолсерікті, одан артық көнбіс ұстазды, одан асқан дарынды ақылшыны білмеймін» деген екен араб жазушысы Әл Жиһаз.

Білім – байлық, Білім- алтын, алғашқы кірпіші қаланатын жер – мектеп. Материалдық байлық, рухани байлық. Өйткені, ел  білімнің, ғылымы мен техниканы дамытудың, экономикалық білімді арттырып отырудың арқасында байып отыр.»

Ел болашағы – білімде. Қазақстанның болашағы өздеріңсіңдер.Білім нәрімен сусындаған білімді бала, сен де қоғамның мүшесісің,еліміздің болашақ азаматысың. Туған еліміздің бай да,  дәулетті болғанын қаласаң, өзіңнің де мұң- мұқтажсыз дәулетті өмір сүргің келсе, осы бастан білімді боп өсуге күш салуға тиіссің. Болашақ сені жетелейді.

Сондықтан, балалар талаптарыңа нұр жаусын! Ал Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Біз өмір бойы жететін білім моделінен өмір бойы білім алу моделіне көше алуға тиіспіз» - деп білімнің маңызын айрықша жоғары бағалаған. Ендеше, құрметті жас достар! Ғылым мен білім бәсекесі туындаған ХХІ ғасырдың тәуелсіз, егеменді еліміздің болашағы,бүгінгі таңдаған мамандықтарыңыз бойынша білімді ,саналы,адамгершілігі мол азамат болуға өз үлестеріңізді қосуға шақырамын!

Қорытынды: Сонымен қатар білім, білімді болу деген ұғымдармен бірге ең маңызды қасиетті сөздер бар.

Олар: "Бейбітшілік", "Тыныштық", "Ынтымақтастық", "Достық" деп, бір шаңырақ астында тату тәтті өмір сүріп жатқан көп ұлтты мемлекеттің адамдарын атайды екен.
- Сондықтан бір топта оқитын оқушылар да бір – бірімен тату болуы керек. Сонда ғана біз үлкен жетістіктерге жетеміз.

Білімді, білікті болсаң ғана қоғамнан  лайықты орныңды тауып, атағың шартарапқа жайылады. Білімдіге қашан да орын тиеді. Білімді босаға жақта отырғанымен біртіндеп төрге шығады. Нағыз білімдік  адамгершілік, имандылық,достық,ынтымақтастық, татулық қасиеттерімен нұрланып тұруы тиіс.

Рефлексия «Бос микрофон»

Еркін түрінде қатысушылар сабақтан алған әсерлері туралы пікір бөліседі.



 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Классный час на тему" 1-қыркүйек -Білім күні"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по учету энергопотребления

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 283 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.02.2016 1094
    • DOCX 24.1 кбайт
    • 45 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жаржанова Гулжазира Кереевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жаржанова Гулжазира Кереевна
    Жаржанова Гулжазира Кереевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 22296
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой