Тақырыбы:Көктем шуағы
Мақсаты:Көктем мерекесімен және көктем
мерекесімен тұспа-тұс келетін халықаралық әйелдер күніне орай аналарымызды
және ұстаз аналарымызды құттықтау
Жүрісі:
Жүргізуші-1.Жазира: Көктем келді, тағы да
көктем келді,
Бой көтерді қызғалдақ
бөктердегі .
Күлте мойын, мамық төс,
мондалақ бас,
Терезенің алдына кептер келді.
Жүргізуші-2Айдын: Көктем келді керіліп, көктем
келді,
Ішін тартты ақпанның өктем
желі.
Төгіп жатыр
торғайлар бал әндерін
Көмейінде
тығылған көптен бері.
Жазира:8-наурыз
және жыл басы – Наурыз айының мерекесіне арналған «Көктем шуағы» атты
тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Айдын:
Би Бақыт,Үміт
Жазира: Мұқағали Мақатаевтың «Біздің көктем»
өлеңі оқитын Лара
Айдын: Жыл құсындай көктеммен бірге келетін
8-наурыз – Халықаралық әйелдер мерексі құтты болсын!
Жазира:Гүл көктемнің алғашқы ең жүрекке жылы,
мейірімді мерекесі –бүкіл мерекенің бастауы әйелдер күні құтты болсын!
Айдын: Ақ сүт беріп ,мәпеледің,
тербеттің
Мен үшін сен не көрмедің
,келбеттім. Сенің
дархан щуағыңнан нәр алып ,
Мейірімі мол құшағыңда ер
жеттім.
Жазира: Шуақ сепкен күнімсің, ана, көктегі,
Байлығым сенсің, бақытым да,
көктемім.
Азамат боп қосылғанша мен
қатарға ,
Өткердің бастан өмірдің қилы
өткелін.
Айдын: Адам баласы үшін ең аяулы ,ең
қастерлі ,қадірлі сөз – ана. Бала дүниеге келген күннен бастап өзінің жұмсақ
алақаны, жылы жүзі , ыстық құшағы, мейірім толы көзқарасы арқылы барлық
сүйіспеншілік , мейірімділік махаббатын бере білген аналар жер дүниені
мекендеген адамзат қауымы бір күнді мейрам етіп белгілеген.
Ән «Анаға
сәлем» орындайтын Айнұр
Жазира :Барлық балаға анадан артық , анадан
қымбат жан жоқ.Сондықтан да халық даналығында ананы ардақтайтын,ананы
дәріптейтін небір асыл сөз маржандары кездеседі. «Ананың алдында асқар тау да
аласа»,- дейді халық . Ана бәрінен биік.
Ана туралы композиция Айсырға
Қилыбаеваның өлеңдерінен
«Ана-әлем , Ана –жер, Ана – көктем» ұлдар
тобы
Айдын: Әйел ошағымыздың Ұйытқысы,Отанымыздың
сақтаушысы, береке бірлігіміздің алтын діңгегі,ұлттық мәдениетіміздің
мәйегі.Ананың қуанышы, Әйел қуанышы- үйдің, отбасының ,Отанның мерейі.
Мерейлеріңіз әрқашан үстем, көңілдеріңіз аспандай ашық болып жүрсін!
Ән «Апа сен қартаймайсың»
Бахыт
Жазира:Перзенттік борышымды
Тұмардай сақтап өтем.
Анажан ақ сүтіңді
Қалайша ақтап екем?!
Айдын: Алдында анасының
Қашанда аласа адам
Мәңгілік қарыздармыз
Рахмет ,ана саған!
Жазира: Қырқаны жапқан көкпеңбек
Нәурізек нәзік гүл –наурыз,
Жаңбырын нұр ғып төккен көк.
Таусылмас мәңгі жыр- наурыз!
Айдын: Наурыз көктем мерекесі,
Наурыз- Жыл басы,
Наурыз жаңа серпін,жаңа леп!
Жазира: Наурыз – қуаныш мерекесі,
Бақыт пен шаттық мерекесі.
Айдын: Наурыз –жыл басы. Ұлыстың ұлы
күнінде күн мен түн теңеліп, жер бусанып, жан-жануар , тіршілікке жан бітіп,
жаңара түседі.бұл күнді халқымыз ерекше қастерлеп, қадірлеген.Наурыз –пәктік
пен адалдық күні.Қателік кешіріледі, көңіл кірі өшіріледі.
Жазира: Наурыз күні адамдар бақай
есеп,пендешілік атаулыдан тазарып ,ар ұжданы алдында арылуы керек. «Ұлық күні
алдыңа келсе,атаңның құнын кеш», «Жақсылыққа жақсылық – жай адамның ісі,
жамандыққа жақсылық- ержігіттің ісі», «Тас атқанға -ас ат» секілді нақыл
сөздерді өзек етіп,ақсақалдар ат құйрығын кесісіп, араға жік түскен бауырлас
ел, ағйын,дос-жарандарды бір дастарханнан дәм таттырып , табыстырған.
Айдын: Наурыз туралы
ән Альдина
Композиция «Қош келдің,
Наурыз, жаңа жыл»
Жазира:Шуаққа ызғар жұтылып
Маңдайды сәуле
сүйген күн,
Аласапыраннан
құтылып,
Аққа да аузым тиген
күн.
Айдын: Арсадан алып соңғысын,
«Тәңірім ақты мол қылсын»
Деп тілек айтар өзі еді,
Жасарда наурыз көжені
Ақталды сонау сенімі
Ұзынсарыға сақтаған ,
Сыбағаны асты мақтаған.
Жазира: Наурыз көже барлық адамдарды
жомарттыққа, ізгілікке , ұйымшылдыққа, татулыққа шақырады. Наурыз көжеден дәм
татайық.
Айдын:Наурыз келді, жыл есебін бастады
Мәре-сәре тойлап жатыр жас-кәрі
Тойлап жатыр ал төбеден мөлдіреп
Қарайды кеп туған
елдің аспаны
Жазира: Осымен тербие сағатымыз аяқталды.
Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.