Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Классный час на тему " Конституция" и " Ассамблея народов Казахстана" ( 8 класс)

Классный час на тему " Конституция" и " Ассамблея народов Казахстана" ( 8 класс)

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Тәрбие сағатының тақырыбы: Ата заң аппақ үміт, асқақ мақсат, Қазақстан халқы Ассамблеясы


 

Мақсаты:

- Оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, Заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің  тиімді жолдарын таба білуге баулу, саяси сауаттылыққа баулу;

- Оқушыларды өз құқықтарын қорғай білуге үйрету;

-  Оқушылар бойында демократиялық көзқарас қалыптастыру;

-  Құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу;

- Оқушылардың ойлау, тыңдау, өз ойларын еркін жеткізе алу мәдениетін дамыту,   шығармашылық қабілеттерін шындау.

 

Өтілу түрі: зерттеу шеберханасы.

 

Көрнекілігі: ҚР Конституциясы кітапшасы, Бала құқықтары туралы Конвенция, Бала құқығын қорғау туралы тұжырымдама, халыққа құқықтық көмек «Бала құқығы» жадынамасы. Ассамблея суреттері

 

Өту барысы:

 

Кіріспе.

Мұғалім:

-         Құрметті мұғалімдер, оқушылар  БҰҰ-ң Бала құқығы туралы

Конвенцияның қабылданғанына 20 жыл, біздің елбасымыздың сол Конвенцияға қол қойып, қабылданғанына 15 жыл толуына орай бүгінгі зерттеу шеберханасында «Құқық әлемінде» тақырыбының аясында жұмыс жасаймыз.

Адам құқығына үлкен үлестерін қосқан Ш.Монтескье, И.Кант, Т.Джефферсон сияқты ойшылдар адам құқықтарының негізгі ережелерін алғаш рет анықтап, белгілеген. Өзіміздің ойшылдарымыз Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би және Абай Құнанбаевта адам құқықтарымен бостандықтарын қорғаған. Адам дүниеге келгеннен кейін, оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын, біздің мемлекетіміздің Ата Заңы – Конституция қорғайды. Ал Ата Заңымыздан басқа тікелей балалардың құқығын қорғайтын Заң бар ма?

-         1989 жылдың 20 қарашасында Бала құқықтары туралы

Конвенция БҰ ұйымында қабылданып, 1995 жылдың желтоқсан айында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Бала құқығы туралы Конвенцияға» қол қойды. Енді осы мәселе төңірегінде өздерің зерттеу жұмыстарын жүргізіп, құқықтық білімдеріңді кеңейтуге уақыт келді. Жұмысқа кіріспес бұрын бір  -  бірімізге жақсы көңіл – күй сыйлайық.

 

Оқушылар дөңгелектеп тұрып, барлығы келесі шумақты хормен

айтады:

      Мейірімді жүрекпен,

       Ақпейілді тілекпен,

        Амандасып алайық,

          Бір жадырап қалайық!

-         Енді зерттеу шеберханасындағы жұмыс топтарымен танысайық:

І –топ “Бала құқығы- асыл қазына” деп аталады, бұл топтың оқушылары Бала құқығы туралы ақпарат жинақтап, аудиторияны таныстырады,

ІІ–топ -“Құқық – әділет пен парасат жолы” тобы өз шығармашылық өнерлерімен құқық әлемінен көріністер, өлең жолдарын немесе құқыққа байланысты қанатты сөздер, мақал - мәтелдер айтып өнерлерін ортаға салады,

ІІІ –топ “Құқықтық сауаттылық – заман талабы ” бұл топтың негізгі міндеті-сұхбат жүргізу, тақырыпқа байланысты, аудиториядан тыс жерлерде жүріп, нақты сауалдар қойып, оның талдауын жасайды, ал  “Бақыт деген - сенің бала күндерін” деп аталатын ІҮ –топ мүшелері суреттер, эмблемалар салып, көрмелер әзірлеп,  коллаждар жасау арқылы тақырыпты  бейнелейді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы - заңды тұлға құрылмай, Қазақстан Республикасының Президенті құратын, басты міндеті мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру болып табылатын мекеме.

Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған Қазақстан халықтарының форумында айтты. 1995 жылғы 1 наурызда оның мәртебесін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультативті-кеңесші орган деп бекіткен Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Жарлығы шықты.

Ассамблеяның мақсаты – қазақ халқының топтастырушылық рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде қазақстандық біркелкілікті және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде республикадағы этносаралық келісімді қамтамасыз ету.

Ассамблеяның негізгі міндеті – этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттылықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасау, ел бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамының негіз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту. Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясы мемлекеттік органдарға экстремизм мен радикализм көріністеріне қарсы әрекет етуге, азаматтардың демократия нормаларына негізделген саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыруға көмек көрсетеді. Ассамблея этномәдени бірлестіктердің күш біріктіруін қамтамасыз етеді, этно мәдени орталықтардың, Қазақстан халқының ұлттық мәдениеттері, тілдері мен дәстүрлерінің өркендеуін, сақталуын, және дамуын қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта Ассамблея құрамында 394 мүше бар.

Ассамблеяның басты ерекшеліктерінің бірі оның еліміздің жоғары заң шығару органында - Парламентте этностық топтар мүдделерінің кепілді өкілдік етуін қамтамасыз етуі болып табылды.

Республикада Қазақстанның барлық этностарының мәдениетін, тілін, дәстүрін дамыту үшін қажетті жағдайдың бәрі жасалған. Ассамблея қызметі Қазақстанның этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шешетін ел ретіндегі халықаралық беделін арттыруға ықпал етеді.

Республикада қазақтардан басқа 131 ұлыстың өкілдері тұрады. 2013 жылы өткізілген халық санағының қорытындысы бойынша халықтың этноқұрамы келесідей болды: қазақтар - 65,2%, орыстар - 21,8%, өзбектер - 3%, украиндар - 1,8%, ұйғырлар - 1,4%, татарлар - 1,2% , немістер - 1,1%, корейлер - 0,6%, түріктер - 0,6%

Түрлі ұлттардың мәдени сыйластығымен, ел бірлігін сақтау титульді ұлттың ғана мүддесін көздеумен шектелмейтіндіктен, Қазақстанда тұратын барлық этностардың ана тілдерін, мәдени мұралары мен дәстүрлерін еркін дамытуға аса көңіл бөлінген.Әр ұлттың өзінің ата – дәстүрі, салт санасы болатыны сөзсіз.

Ол өз ұлтын тәрбиелікке, адамкершілікке баули отырып, тұрмыстық дәстүрлері мен ұлттық нақыл сөздерін сақтап қалу үшін қажет. Ал біздің тәуелсіз мемлекетімізде жүз отыздан астам ұлт мекендейтіндіктен мемлекетіміздің дамып, өркендеу жолын ұстанған бағытында өзара келісім арқылы ұлттар татулығын сақтау, бейбітшіл және ынтымақты жол. Бірлік – деген қасиетті ұғым. Еліміздің берекесі гүлденіп, өсуі осы бірлікпен тығыз байланысты. Сондықтан бірлік, сыйластық бір отбасына ғана емес, тұтас елге, мемлекетке де тікелей қатысты.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Қиындық атаулыны жеңетін бір – ақ күш бар, ол – бірлік, ендеше жеріңді қорғау үшін бірлік қаншалықты қажет болса, тәуелсіздік жемістерін, бүгінгі қол жеткізген табыстарымызды сақтап қалу үшін ол сондай қажет».

Дегенмен жүз отыз бір ұлттың басын біріктіріп отырған мемлекет, Қазақстан мемлекеті болғандықтан ең бірінші сол елдің тіліне, салт – дәстүріне ерекше көңіл бөліп оны құрметтеу әр



C:\Users\HuntKey\Desktop\на стенд\300px-Қазақстан_халықтары.jpg





азаматтың борышы. Сондықтан басқа ұлттардың мәдениетіне қолдау көрсете отырып, өзіміздің ұлттық мүддемізді салт – санамызды ұмыпағанымыз жөн.






Оқушылар келесі өлең жолдарын хормен айтып іске кіріседі.

Талаптанып,қанаттанып,

Биікке біз самғаймыз.

Қыран құстай қанат қағып,

Асуларды шарлаймыз!

 

Әр топқа 30 минут уақыт беріледі, осы уақытта олар өз жұмыстарын толық орындап, екінші сабақта қорытындыларын ортаға салып, көрсетеді.

«Біліп жүрейік!»

 

1-маусым – халықаралық балаларды қорғау күні

20-қараша – дүниежүзілік балалар күні

10-желтоқсан – адам құқығы күні

10.12.1948 жылы  – адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясын БҰҰ қабылдады

1959ж – әлемде бала құқығының халықаралық күнін мерекелеу Декларацияны жариялаудан басталды

1979ж – халықаралық балалар жылы өтті

20.11.1989 жылы - БҰҰ-да Бала құқықтары туралы Конвенция қабылданды

28.01.1993 жылы - ҚР-ның тұнғыш Конституциясы қабылданды.

8.06.1994 жылы – Қазақстан Республикасы Бала құқықтары туралы Конвенцияны бекітті

30.08.1995 жылы - ҚР-ның Конституциясы бүкілхалықтық референдумда баяндалып, екінші рет қабылданды

 

Мазмұны:

 

БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенциясы – әрқайсысы белгілі бір құқықты сипаттайтын  54 баптан тұратын бала құқықтары туралы құжат. Конвенция бала ретінде 18 жасқа толмаған тұлғаны санайды, егер ел заңдары бойынша кәмелетке толу жасы осыдан кіші бекітілмесе.

Конвенцияға кіретін құқықтардың бәрі барлық балаға бірдей тарайды. Конвенцияға қол қойғаннан кейін балаларды кемсітуден қорғауға және олардың құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдесу үшін белсенді шаралар қолдану міндетін мемлекет өзіне алады.

Конвенцияға қатысушы мемлекеттер «ересектерді де, балаларды да Конвенцияның ұстанымдары мен ережелері туралы кең ақпарат беруге» міндетті. Конвенцияның ережелерін бақылаудың халықаралық механизмі бар, ол Бала құқықтары жөніндегі Комитет.

Қазіргі уақытта елдердің көпшілігі Бала құқықтары туралы Конвенцияны бекітті (АҚШ пен Сомалиден басқасы). Қазақстан Республикасы осы Конвенцияны 1994 жылдың  8-ші маусымында бекіткен. Конвенцияның  44 бабына сәйкес, оған қол қойған елдер заңдары мен мемлекеттік саясаттарын Конвенцияға сәйкес келтіруге бағытталған шараларды қолдану туралы БҰҰ-на есеп беру тиіс.

 

Бала құқықтары туралы халықаралық Конвенциядан

 

§     Мемлекет әрбір баланың аман – сау өсіп, жан – жақты дамуын қамтамасыз етеді;

§     Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы;

§     Әрбір бала өз отбасында, ата – анасымен бірге өмір сүруге құқылы;

§     Отбасында әкесі мен анасы өз алдына дербес өмір сүрумен, баланы ата – анасымен ажыратуға ешкім құқықты емес;

§     Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкімнің ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ;

§     Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы;

§     Әрбір баланың ой – пікір, ар -  ождан және дін еркіндігіне құқығы бар;

§     Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы;

§     Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы;

§     Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.


 VІ.Бекіту.
V.Қорытындылау.

 





































Келісемін

Тәрбие ісінің меңгерушісі

_______Ш.К.Нургалиева










C:\Users\HuntKey\Desktop\на стенд\a1b4b63160fa36e8ec7e60f435474527.jpgКартинки по запросу Конституция туралы сурет







Сынып : 8К

Сынып жетекшісі: Б.М. Шажанканова











20 лицей-мектебі



Автор
Дата добавления 27.08.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров379
Номер материала ДA-017659
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх