Инфоурок Другое КонспектыКлассный час на тему "Мемлекеттік рәміздер - ұлт мақтанышы"

Классный час на тему "Мемлекеттік рәміздер - ұлт мақтанышы"

Скачать материал



8 ОМ МДШО













тақырыбы: Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы







Өткізген: Бектасова Альмира Аманжоловна

6 «Ә» сынып жетекшісі



















2015 - 2016 оқу жылы



Тақырыбы: Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы

Loaded: 0%

Progress: 0%

0:07

Fullscreen

00:00

Unmute

ПЕРЕЙТИ НА САЙТ
Мақсаты:

1.Білімділік: Оқушылардың аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздер жөніндегі білімдерін жан-жақты сарапқа салу, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін ұғындыру, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін ашып көрсету.
2. Тәрбиелік: Отаншылдық, патриоттық, өз елін, тегін, тарихын сүюге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Ой-өрісін, танымдық қабілетін, жеке дара тұлға ретінде дамыту.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, рәміздер авторларының суреттері, рәміздер суреттері, таңба - белгілер, т. б.
Сабақтың барысы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады

D:\Фотолар сабакка\1448890227656.jpg D:\Фотолар сабакка\1448890227812.jpg
1-жүргізуші: Қазақ елі ұлан-байтақ. Бір қиырынан екінші қиырына дейін ұшқан құстың қанаты талып, жортқан аңның тұяғы шағылған деп суреттеледі аңыздарда. Айтса айтқандай, батысынан шығысына 3000 шақырым, солтүстігінен оңтүстігіне 1600 шақырым, жалпы аумағы 2717. 3 мың шаршы шақырым алып аймақты қалай әсірелесе де тұрарлық.
2-жүргізуші: Осындай кең-байтақ жерге ие жас, егеменді еліміздің өзге елдердегідей өз «іңгәсі»бар. Ол - көтерген Туы мен Елтаңбасы, асқақтата әуелеткен Әнұраны. Еркіндікке ұмтылған қай ел, қай халық та өз даусымен сөйлеуді, өз үнімен жар салуды армандайды.
1жүргізуші: ҚР-ның Ата заңының 9-бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері - Туы, Елтаңбасы және Гимні бар»,- делінген.
2-жүргізуші: Сондай-ақ осы заңның 34- бап, 2-тармағында «Әркім Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге міндетті, »- делінген. Олай болса бүгінгі 6- сынып оқушыларының өткізгелі отырған «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері» атты тәрбие сағатына қош келіпсіздер.
2-жүргізуші: Сабағымызды бастамас бұрын бәріңізге сұрақ қойсақ. Рәміз дегенді қалай түсінесіңдер? Рәмізге нелерді жатқызар едіңіздер?
Оқушылар мен ұстаздардың пікірін білу.

Топтастыру


Конституция Астана Ту


Әнұран Елтаңба Президент

D:\Фотолар сабакка\1448890226063.jpg D:\Фотолар сабакка\1448890224924.jpg
1-жүргізуші: Кез-келген мемлекет өз Елтаңбасымен еңселі, әнұранымен айбатты, туымен тұғырлы болады дейміз. Олай болса осы 3 негізгі рәміздер атындағы топтардың сәлемдесу, танысу кезеңіне сөз берейік.
2-жүргізуші: Талапты бала
Талпынған құстай.

Құмары қанбас
Аспанға ұшпай.
Оқушыларға сұрақтар беріледі.
1. ҚР-ның тәуелсіздігі қашан жарияланды?
2. ҚР-ның рәміздері қашан қабылданды?
3. Геральдика дегеніміз не?
4. Виксикология дегеніміз не?
5. Нумизматика дегеніміз не?
6. Елтаңба тану ғылымының атасы кім?
7. Мемлекеттік Тудың авторы кім?
8. Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары кімдер? 
9. Мемлекеттік Әнұранның авторлары кімдер?

D:\Фотолар сабакка\1448890218677.jpg D:\Фотолар сабакка\1448890219186.jpg
1-жүргізуші: Бәрі болған қазақ сынды көне елде,
Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де.
Жаһандағы ең жауынгер халықта
Кім сенеді Ту болмады дегенге? 
2-жүргізуші: Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға,
Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға.
Қалай оның Елтаңбасы болмайды,
Түлігіне дейін салса ен – таңба? !
1-жүргізуші: Батырлыққа уызынан жарыған,
Ер түркіні байрағынан таныған.
Өзі ақын , өзі әнші халықта ,
Кім айта алар болмаған деп Әнұран? !
2-жүргізуші: Енді бүгін өлген туым тірілді,
Әнұраным алды жаулап ғұмырды .
Босағада қалып келген Елтаңбам
Баяғыша төріме кеп ілінді.
Сергіту сәті: Патриоттық ән «Қазақстаным»
2-жүргізуші: Мемлекеттік рәміздеріміз дүниеге қалай келді? Рәміздердегі белгілер қандай ұғым білдіреді? Бұл кезеңде оқушылар осы туралы әңгімелейді.
1-оқушы: Жаңа ту қалай жасалды? Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігінің жылдық мерекесіне орай ұлттық нышанымыз- Мемлекеттік тудың авторы Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков былай деді: «Мемлекеттік туға арналған байқауға 600-ден астам жоба түсті. Іріктеуден өткен ең соңғы 4 жоба комиссияның шешімімен Жоғарғы кеңестің талқысына ұсынылды. Байқаудың аяқталуына 3 күн қалғанда жаңа ту жобасын жасауға кірістім. Себебі, алдыңғы жасаған жобаларыма көңілім толмаған-ды. Сонымен, соңғы жасаған жоба жұртшылықтың көңілінен шығып, мемлекетіміздің төл туына айналды.
2-оқушы: Тудың түсі көк болуы – бүкіл дүниеге көк жүзі, аспан әлемі ортақ. Жер шары сан тарапқа, ұлттарға, мемлекеттерге бөлінгенімен, аспан ешқашан бөлінбек емес. Ал, күнге келер болсақ, ол да жапанға ортақ нәрсе. Күн жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік атаулыға ортақ. Қазақ халқы қашан да қыранды қасиетті, киелі құсқа балаған. Егемендік алған қазақ елінің қыран тәріздес биікте, ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған дүние бұл. Оған қоса туда қазақтың ұлттық ою-өрнегі бейнеленген. Ол қазақтың ұлттық нанымын, қасиетін көрсетеді.
1-оқушы: Қазақстан туы халықаралық жиындар мен бас қосуларда, Республика президентінің шет елге шыққан сапарында көтерілген сайын мені «біздің қазақ халқының туы»деген мақтаныш сезім билейді».
1-оқушы: 1992 жылдың 4 маусымы – тарихи күн. Сол кездегі Республика Жоғарғы Кеңесі Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті. Елтаңбаның үздік жобасына 245 жұмыс, 67 хат ұсынылған еді. Халық қалаулылары мен елбасы назары Жандарбек Мәлібекұлы мен Шотаман Уәлиханов жасаған бүгінгі елтаңбамызға ауды. Тәуелсіздігіміздің төл белгісі көп ұзамай қалың жұртшылықтың жүрегіне жол тартты. Елге ұнаған елтаңба дүниеге қалай келді? Елтаңба авторларының бірі Ж. Мәлібекұлы былай дейді.

2-оқушы: «Елтаңба осы қалпында ойға келе қойған жоқ. Қазақта «Шаңырағың биік, керегең кең, босағаң берік болсын»деген сөз бар. Осы үш ауыз сөз негізге алынды. Елтаңбадан елдің тарихы, дәстүрі, рухы толық танылып тұруы тиіс. 
1-оқушы: Арада 6 ай өткен соң 1992 жылдың 11 желтоқсанында Мемлекеттік әнұранның мәтіні бекітілді. Оның сөзін жазғандар -Т. Молдағалиев,

М. Әлімбаев, Қ. Мырзалиев, Ж. Дәрібаева, әнін жазғандар Л. Хамиди, М. Төлебаев, Е. Брусиловский болды. Ол 2006 жылы қайта өзгеріп, желтоқсан айында жаңа әнұран қабылданды.
1- жүргізуші: Сайысымыздың V кезеңі «Менің қиялымдағы рәміз» деп аталады. Әр топ оқушылары өз қиялындағы рәміздердің жобасын жасап, қорғайды.
2- жүргізуші: Көк аспандай тулардың
Желбірейтін күні – бұл!
Елім деген ұлдардың
Елжірейтін күні - бұл!
1-топ: Өзіңдікі туың да,
От пен ауа, суың да.
Жаса Қазақстаным,
Белді бекем буын да!
2-топ: Елтаңбасы елімнің
Неткен көркем, әдемі.
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі.
3-топ: Әнұраным, жан ұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім - сағынарым,
Мәңгі-бақи шырқалады


Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Классный час на тему "Мемлекеттік рәміздер - ұлт мақтанышы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инженер по охране окружающей среды

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 283 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.03.2016 1043
    • DOCX 250.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бектасова Альмира Аманжоловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бектасова Альмира Аманжоловна
    Бектасова Альмира Аманжоловна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4818
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой