Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Конспекты / Классный час на тему "Менің құқығым мен міндетім"

Классный час на тему "Менің құқығым мен міндетім"

  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Менің құқығым мен міндетім.


Мақсаты: Жастардың жеке құқығы мен міндеттері меңгеруінен тұратын құқық негізін жасау, ерекше жағдайларда қорғау, жұмыс әрекеттерін құқығы мен міндеттері негізінде белгіленген норма бойынша іске асыру және әлеуметтік нормаларды ретке келтіру. 
Міндеті: Балалардың өз құқығын білу, құқықтық мәдениетін жетілдіре отырып, Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы білімдерін шыңдау, құқық бұзушылықтан аулақ болуға шақыру.
Көрнекілігі: Күй, Сауалнама «Мен және  менің  құқығым», суреттер, нақыл сөдер, «Балалар құқықтары туралы конвенциясы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы  Заңы», эпиграф, 
Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, сауалнама жүргізу, пікір айту, ой толғау, топпен жұмыс, сурет салу.
Түрі: тақырыптық, танымдық мәлімет беру тәрбие сағаты,

Тәрбие үрдісі: құқық бұзушылықтың алдын алу.

Қатысушылар: белсенді қатысушылар: жауапты педагог,  тәрбиеленушілер, қалалық кәмелетке толмағандар істері  бөлімі қызметкерлері.

бейтарап қатысушылар: мекеме педагогтары, ата-аналар, дәрігер.
Барысы: Жүргізуші: Қоғамның басты байлығы – адам. Ендеше оның игілігі мен мүддесі үшін қызмет етуде конститутциямыз лайықты қызмет атқаруда. Біз өмір сүріп отырған қоғамның мақсаты кемелетке толмаған жасөспірімдер мен жас жеткіншектердің тәрбие мәселесі мәнінде шешу. Олардың келешегіне заман талабына сай жол салу. Бұл салада жасөспірімдер арасында теріс әрекеттердің алдын – алу мақсатында ҚР президенті 1995 жылдың маусымының 25 – інде қабылданған «Жалпыға бірдей құқықты қорытуды жүзеге асыру шаралары туралы» қаулысының негізінде 
кәмелетке толмағандар арасында құқықтық тәрбие беру туралы лекциялар, әртүрлі әдіс – тәсілдер арқылы іс шаралар жүргізіліп келеді. 
Сіздердің алдарыңызда осы іс – шараларды жүргізетін
«Ақиқат» үгіт бригадасын шақырамын. 

І. 1. Ақиқатым, аңсағаным, өзіңсің, 
Бірлік, шындық, қасиетті сөзімсің. 
Өзгеруін бұл заманның халқына, 
Ұғындырар ақиқатын өзіңсің. 

2. Болу керек әркім зерек білімде, 
Қорғау керек өз құқығын әлінше. 
Ата – заңын, туған жерін, әдет – ғұрпын, дәстүрін, 
Барлығының ұмытылмай сақталуы үшін де. 

3. Тарихын өткен жалын өшірмейді, 
«Ақиқат» тәуелсіз ел – көгершін. 
Қашанда артық тұтар Ата – заңым, 
Ұланы ынтымақты өсер елдің. 

Ұран: Пайда ойлама, ар ойла, 
Талап қыл артық білуге. 
(Абай) 

Ата заң 

«Оқы да, білім ал деген», 
«От бол да, мәңгі жан» деген – 
Ата заңым менің. 
«Еңбек ет, еркін жүр» деген, 
«Асыр сап, ойнап күл» деген, 
Ата заңым менің. 
Қорғасын аспан күнімді, 
Қолдасын бостандығымды, 
Ата заңым менің. 
Құптаған көңіл қоштығын, 
Ұлттардың берік достығын – 
Ата заңым менің. 
Тәуелсіз еркін ел бүгін, 
Талай жыл күткен теңдігім – 
Ата заңым менің. 
Санама құйған таң нұрын, 
Бақытым, бағым, тағдырым – 
Ата заңым менің!

ІІ. Заң – бостандық кепілі.
2.   «Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен ар- намысын құрметтеуге міндетті.»
                       (Қазақстан Республикасының Конституциясы, 34- бап)

 - 1989 жыл, 20 қараша – «Балалар құқықтары туралы конвенцияның»            
                                                                                                       қабылданған күні.
1. Құқық дегеніміз не?

ІІІ. Біз білеміз бе?

- «Балалар құқықтары туралы конвенциясын» Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдады. 1989 жыл, 20 қараша.

- «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы  Заңы»,
                                                            Алматыда  2002 жылы, 8 тамыз  .


ІV . Сауалнама өткізу.

   Сауалнама : «Мен неге құқылымын?»

1. Құқық туралы не білесіз?
2.    Сіз неге құқылысыз?
3.    Құқық бұзушы кімдер?
4.
Құқық бұзылмау үшін не істеу керек?
5. Біреудің тарапынан құқығыңыздың  (ата – ана, мұғалім, құрбы –дос, туыс, т.б.)  бұзылғаны болды ма? (болса жазыңыз)
6. Құқық бұзбауға қосар үлесіңіз қандай?

V. Қорытынды сөз.

Жүргізуші: Осымен сынып сағатымыз өз мәресіне жетті. Келген қонақтарымызға алғыс білдіреміз.

Өмірің болсын десең сенің сәнді,

Ойланып, айналаңа қара мәнді.

Адам бол! Білімі тасқан, өнері асқан

Өзіңе сүйсіндірер басқа жанды.

Салауатты мақсатың - өмір сүру,

Өмірдің мағынасын керек білу.

Ішімдік, нашақорлық сенің жауың

Пайдасы сол – бұл жолдан аулақ жүру!- деп ақын жырлағандай, сіздер болашақта шалыс қадам баспай, өз өмірлеріне жауапкершілікпен қарайтын, ата-анасының емес, бүкіл алаштың азаматтары болады деген сеніммен біз сіздермен қоштасамыз!

 

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 20.10.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Конспекты
Просмотров37
Номер материала ДБ-277488
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх