Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Классный час на тему "Поэзия падишасы-Фариза"
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

Классный час на тему "Поэзия падишасы-Фариза"

библиотека
материалов

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі



«БЕКІТЕМІН»

Жаңақорған аграрлы-техникалық

колледж директорының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

___________ К. Дәндібаев





ТӘРБИЕ САҒАТЫ

Поэзия кеші






Тақырыбы: «Поэзия падишасы-Фариза»



Дайындаған: Алпамышева Қарлығаш










Жаңақорған 2014ж.



Сабақтың тақырыбы: «Поэзия падишасы-Фариза»

Сабақтың мақсаты: Қазақстанның Халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың еңбектерімен, өмір жолымен таныстыру. Отанға, тілге, поэзияға, мәдениетке, қазақ халқына деген сүйіспеншілікті ояту.

Сабақтың көрнекілігі: Кітап көрмесі, плакаттар, слайдтар

Сабақтың әдісі: Поэзия кеші


Сабақтың барысы


Эпиграф: «Өлең, мен сені аялап өтем!»


Мұғалімнің кіріспе сөзі: -Қайырлы күн өнер сүйер қауым, ұстаздар және студенттер! «Поэзия падишасы-Фариза» атты поэзия кешіне қош келдіңіздер! Біздің бүгінгі кешіміз Қазақстан халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, халқымыздың біртуар ақыны, беделді қайраткері және ерке қызы Фариза Оңғарсыноваға арналмақ.

Фариза Оңғарсынованың шығармашылықтарының негізгі тақырыптары-шындық, қайсарлық, адамгершілікке арналған. Өзінің өлең-жырларының көпшілігін ақын туған ауылына, жерлестеріне және барша қазақстандықтарға арнады. Оның поэзиясы өз ұлтын құрметтеуге, оның дәстүрі мен мәдениетін сүюге шақырғандықтан оның жырларында әлеуметшілдік пен азаматшылдық көріністері нанымды, салмақты орын тапқан. Ол кісінің өлеңдерінде жасандылық жоқ, азаматтық лирикасы сыншылдығымен, қоғамдағы адам мінезіндегі келеңсіз тұстарды дәл нысанаға алуымен ерекшеленеді.

Ақындық бұл киелі нәрсе. Бұл-ақиқат. Күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айыратын алапат күшінің алдында қауқарсыз дүние көп. Ақынның асқақ болатыны да содан... Тағы бір айта кететіні, Фариза апамыз балғын бүлдіршіндерге арналған тәрбиелік мәнді өлеңдер жазып, кітап та шығарды. Лирик ақынның өлеңіне жазылған әндер әлемі де өзінше бір төбе. Оған қоса ақынға арналған ән, жырлар да аз емес.

1-жүргізуші: Осы поэзия кешімізді ақын Фариза Оңғарсынованың шағармашылығына арнап отырмыз. Фариза Оңғарсынова-күллі қазақ халқының мақтанышы.

Фариза апамыздың өлеңдерінен оның жан тебіренісін байқаймыз. Оның өлеңдері өзіне мұңдас, жырлас болғаны анық. Әділеттілікті жаны сүйетін ақын жүректен жүйітки шыққан жырларын өмірдің қиыншылықтарымен, зомбылықтарымен күресетін құралы ретінде пайдаланады. Бар ойын қағаз бетіне жайып саалған ақын апамыздың өлеңдері терең ой, айшықты пікірді қамтыған.

Ақынның өмірбаяянына көз жүгіртіп өтсек, ақын 1939 жылы 5 желтоқсанда Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында дүниеге келген.

1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркінқала, «Октябрьдің 40 жылдығы» қазақ орта мектебінде мұғалім болып жұмыс істеген. 1966-1968 жылдары Гурьев облыстық «Коммунисті к еңбек» газетінің партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкер міндетін атқарған.

1968-1970 жылдары республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінің Ақтөбе, Гурьев, Оралоблыстары бойынша меншікті тілшісі болып еңбек еткен. 1970-1978 жылдары республикалық «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») журналының бас редакторы, 1978-2000 жылдары «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен») журналының бас редакторы болды. 2000-2004 Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.

Көптеген шығармалары шет тілдеріне аударылды. 1984 жылы «Үйім – менің Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлеңдері топтамалары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.

Ленин комсомолы Орталық Комитетінің, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен, «Құрмет белгісі», Парасат (2001) ордендерімен марапатталды.

Ақын Фариза Оңғарсынованың шығармашылығынан туған поэтикалық жырлар өте көп. Алайда Фариза апамыз туған ауылын әркез ойынан шығармай, ойлап жүретінін өлең жолдарында айтады. («Туған ауыл» өлеңі оқылады).

1-жүргізуші: «Бес қаруым бойдағы-батыл жырым,

Батылдықпен аралас жатыр мұңым,

Биліктіге жұғысар ебім де жоқ,

Немесе алыс беріс жақындығым,- деген сөздері поэзияның әлеуметтік сипатын аңғартады. Қазір «Туған жер» өлеңінқабыл алыңыздар.

2- жүргізуші: Жастайынан әкесінен қалған Фариза әкесінің аялы алақанын аңсап, «Әке туралы ой» деген өлеңінде мына шумақтарды кездестіруге болады:


Бақытты балғын сәбилер бүгін

Жетелеп жүрсе әкесін,

Қызыға қарап, күрсіне қарап,

Жанынан үнсіз өтесің.

Алаулап тулар, алқызыл тулар,

Жарқылдап жеңіп жұлдызы,

Жан әкем бірақ оралмай кетті,

Көре алмай кетті ұл-қызын.


Ақынның анасы-Халима ана 20 жасында балаларын құшақтап жалғыз қалады:

Кеудеңде мені тербеттің,

Жас шыбық енді көктеді.

Мінеки мен де ер жеттім,

Еңбегің бекер кетпеді.

Өмірде мынау ең жақын,

Аяулым сенсің анашым!

«Көгілдір түндер» өлеңін қабыл алыңыздар!

1-жүргізуші: Фариза Оңғарсынова адамның бой сұлулығымен қатар, ой сұлулығын да таба білген ақын. Ол «Біреудің пысықтығынан, біреудің жасып мұңынан, жүрегім сыздаған кезде жаным мұздаған кезде, мен сені аялаймын»-дейді. Өз өлеңдерін дәл өзі айтқандай пана, қамқор, дос тұтты. Ақын поэзияны «Дара күндердің, нала түндердің серігі» санайды.


Сіздердің назарларыңызға өлең шумақтарын ұсынамыз:

«Баланың ойы», «Аспан әні», «Ақын»


-Фариза Оңғарсынова сезім ақыны, оның өлеңдері арқылы қазақ поэзиясына Мұқағали Мақатаев, Төлеген Айбергенов, Жұмекен Нәжімеденов, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиевтың буынын батыл әкелген драматизм мен трагизмге толы лирикалық әуенді, философияны одан сайын байыта түсті. Әріптес ағаларының өкшесіп баса жүріп, өз көркемдік әлемін оқырмандарына тамаша көрсете білді. Ақынның шығармалары 1958 жылданжариялана бастады. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Сандуғаш» деген атпен 1966 жылы жарық көрді. Ақын көптеген поэма, өлең топтамаларының авторы: «Алмас қылыш», «Тартады боз баланы магнитім», «Сайраған Жетісудың бұлбұлымын», «Тыңдаңдар», «Қасірет пен ерлік жыры», «Үйім менің Отаным», «Перзент сөзі» өлеңдері.


Сіздердің назарларыңызға «Перзент сөзі» өлеңін ұсынамыз.


2- жүргізуші:Фариза Оңғарсынованың туындылары, қазақ әдебиетіндегі қыз-келіншектершығармашылығының өсіп-өркендеуі биік сапалық деңгейге көтерілген. Ақын әйелге тән дәрменсіздікке, шарасыздыққа бой ұрмайды. Ол, біріншіден, намысын биік ұстаған, арын ту еткен, Отанын, ауылын, адамды жүрегімен ақтарыла сүйетін азамат, екіншіден, өмірдің әрбір құбылысын, өз қоғамындағы әрбір қыз балаға, әйелге тән сезімдерді еш бүкпесіз, бояусыз жеткізе білген ақын.

Енді ақын поэмаларына кезек берейік.

Фариза әлемі қарапайым да, күрделі, шығармаларының қазығы-халық тағдыры, қуанышы мен қайғысы. Академик Зейнолла Қабдоловтың сөзімен айтар болсақ, «Ақын көкірегіндегі сезім-оқырман сезімі, ақын көңіліндегі сыр, оқырман сыры болып та шыға келеді».


Сіздердің назарларыңызға «Жақсылық туралы жыр» өлеңін ұсынамыз.


1-жүргізуші: Фариза Оңғарсынованың жыры-айдын көл, шалқар теңіз емес, тылсым мұхит. Көкірекке сонша сыр, көңілге сонша жыр тындыра білуге бір ғұмырдың бастан кешкендері аздық қылары даусыз. Ұлы суреткер тек өзі өмір сүрген дәуірдің ғана емес, өзінен бұрын өмір сүрген және өзінен кейін өмір сүретін бірнеше буынның шыны мен сырын, қайғысы мен мұңын түгел қамти алады.

Ақынның шығармашылығына тән басты қасиет-шындыққа бас ию. Оның бұл қасиеті кез-келген туындысынан да айқын көрініп тұрады.

Фариза-аспанға алау атып, шоқ шашыратып жатқан рух жанар тауы. Өшпейтін де, сөнбейтін де өжеттік қайнары.


Келесі кезекте «Батырлардың ұрпағымын» өлеңін ұсынамыз.


Қорытындысөз:

-Құрметті ұстаздар, студенттер! Өмірін өлең деп ұққан, қазақ жырында өзіндік ақындық әлемімен аты шыққан Қазақстанның Халық жазушысы Фариза апамызға арналған кешіміз де өз мәресіне жетті.

Қазақ поэзиясында өзіндік тұлға болып қалыптасқан ақын өлеңдеріінің негізгі тақырыбы: махаббат, замана, уақыт тынысы, туған жер, туған ел туралы болды.


«Фаризаға арнау» өлеңі оқылады.


2- жүргізуші:Өлеңі де, қара сөзі де ешкімге ұқсамайтын, ертедегі жыраулар поэзиясымен нәрленген, Махамбеттік мақаммен әрленген Фариза Оңғарсынованың шығармалары бүгінгі ұрпақ жүрегінен де өз орнын таба білгеніне бүгінгі кешіміз куә деп есептеймін.


Қашан да биік, гүлден де нәзік жүрегі,

Санайды һзін Атыраудың ерке түлегі.

Күйттеген емес қамын жеп қара басының,

Халқының ған бақыты-жалғыз тілегі.

Десек те тағдыр қалдырды-ауауыр тәубасын,

Жырлары әркез сандуғаштай еркін сайрасын,

Күш-қуат алып бозарып атқан таңдардан,

Фариза ақын! Қанаты жырдың талмасын!


Көрнекті жазушы Әкім Таразидің сөзімен «Ұлы Адам, үлкен адам еш уақыттамен ұлылыққа қызмет етіп жүрмін деп ойламайды. Ол өзімен-өзі алыысып әуре. Өзінен-өзі күнде жеңіліп, қиналады. Өзін-өзі күнде жеңіп қуанады. Фариза да сол адамдардың қатарында...» деп қорытындылаймыз!




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-301782

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"