Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Классный час на тему "Салт - дәстүрім - асыл қазынам" (4кл)

Классный час на тему "Салт - дәстүрім - асыл қазынам" (4кл)

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:


ШҚО Жарма ауданы Шуақ ауылыhello_html_6e5ddfa3.png

"№ 236 орта метебі" КММ

ІІ санатты бастауыш сынып мұғалімі

Баядилова Назгул Турсынгазиновна



Ашық тәрбие сағаты


Тақырыбы:«Салт – дәстүрім - асыл қазынам»


Мақсаты:1.Оқушыларды халқымыздың рухани байлығын игеруге, ұлттық озық дәстүрден үлгі алуға, халқымыздың ғасырдан – ғасырға жалғасып келе жатқан салт – дәстүрлерін дәріптеу. Ұлттық сананы ояту, тәрбиелеу, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.

2. Көшпелі ғұмыр кешкен бабаларымыздан қалған қасиетті бесіктің бала өміріне пайдалылығын ұғындыру, ұлттық құндылықтардың өзіндік үлгі – өнегесін балалар бойларына сіңіру;

3. Өз ұлтына, әдет – ғұрып, салт – дәстүрге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Ана тілін, дінін, оның тарихын, мәдениетін,өмірін,кәсібін қастерлеп, салт-дәстүрін, рухани- мәдени мұраларын менгерту.


Көрнекілігі: ұлттық киімдер, ұлттық бұйым көрмелері, дастархан, ұлттық тағамдар, суреттер, слайдтар.

Барысы:

Мұғалім:Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат – міндеттердің ең бастысы – өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты,саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ал жас буынды жан – жақты қабілетті азамат етіп өсіруде халықтық салт – дәстүрлердің тәлім – тәрбиелік, білім – танымдық рөлі орасан зор. «Жер астында жатқанды қазбай қарап тіл табар» саналы сөзді сары алтынның артық бағалаған халқымыз салт – дәстүрімізді, әдет – ғұрпымызды, ұлттық құндылықтарымызды асыл қоймасындай сақтады.

Өнерлі халық – өміршең халық.

1- жүргізуші:

Уа, ағайын, ұмытпа ата дәстүрін,

Баста әркез жақсы өнеге, жақсы ырым.

Қамқорлай жүр, тіл дініңді, салтымды

Жоғары ұста өз ұлтыңның асылын.

Мәнге толы қазағымның ғұмыры,

Сан асылдың ашылып тұр тұғыры.

Кеше ғана керексіз деп тастааған,

Ғажап екен әдебі мен ғұрыбы


II- жүргізуші.

Қарсы тұрғын қылығына жаманның,

Оң іс баста ақта сүтін анаңның

Ғылым үйрен, сәтті болар қадамың,

Шымда қыран елдік, ұлттық сананың

Арын ойла атаң, анаң, бабаңның,

Бірлік сақта жеткенімше шамаңның

Сөзін жатта, ұғын терең данаңның,

Ұлы болған мынау байтақ далаңның.


I-жүргізуші. Жақсы ұрпақтың санасында туған халқына деген құрметтеуді, сүйіспеншілікті, ана тілін, дінін, тарихын, рухани- мәдени мұраларын құрметтеуге арналған « Салт – дәстүрім - асыл қазынам» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер.


1 - оқушы :

Ата салтым –асыл мұрам, ардағым,

Бабалардың жалғастырар арманын.

Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,

Өткенімдібүгінмененжалғадым.


2 - оқушы:

Қазағымныңсалт-дәстүріжаңғырған,

Тәлімдіойсынағы, тәрбиекөзіқалдырған.

Салт-дәстүрдіардақтайық, ағайын.

Қазақаттыүлкен, кіші, балдырған.


3 – оқушы:

Жиналыппыз,сәттікүнібәріміз де,

Үлкен, кіші, жасымыз,кәріміз де.

Төрлетіңіз,қадірмендіқонақтар,

Гүл-гүлжайнапмынабіздіңтөріміз.


  1. - жүргізуші: Қазақ даласының қазақ аулында кіндігіміз кесіліп, туған халқымыздың әдет-ғұрпын қалаудай қалап, дәстүрін жадымызға жылудай жинап, асыл тілін аманаттай ардақтайтын, дінін діліме тұмардай тоғып салтын санамызға сыбағадай сақтап, және солардың бәрі құрандай қастерлеп өсіп, ер жеттік.


2 – жүргізуші: «Ырым етсең адал ет, жамандықтан аман ет» атты ырым-тиымдарға арналған көрініс.


Көрініс:

1)Әже: Ауылға қонақ келсе, ырыздығын ала келеді деген, кәне, келіңдер қазан көтеріңіздер.

Келін: - Ия, ене, біз қазан көтеріп, аз мәзірін дайындап та қойғанбыз!

Әже: Кәне, жиналып дастархан басына келіңіздер.

- Әй, Мадияр, Нұрбол, Диас кәне дастарханға келіңдер! (қолын жуғасын, Диас қолын сілкіп қалады.)

Әже: - Бәріңе сабақ болсын, естеріңде жүрсін! Сен қолыңды жуған соң бірнеше сілкідің. Бұл өз ырыс- небісіңді төккенің, суыңды айналаға шашып, әдепсіздікке бөккенің.Жаман ырымды бастама, ақылсыздықты жұрт алдына тастама.

2)Диас бір қолымен нанды үзіп жейді де, үгіндісін тастайды.

Әжесі: Нанды бір қолымен үзу деген киелі асты қорлаумен бірдей. Ертеде халқымыздың ұғымында нан уағын тастама «обал» болады, «жеп қойсаң бай боласың» деп тәрбиелеген.

Диас: Әже,кешірерсіз енді қайталамаймын. Асыңызға рахмет .


1 жүргізуші

Қазақ халқының салт-дәстүрі болашақтың айқын көрінісіне үлесін тигізеді. Сауатты да, салмақты, адамгершілік қасиеті мол жас ұрпақ салт-дәстүр, әдет-ғұрыппен өте тығыз байланысты.

МҰҒАЛІМ:салт – дәстүрлер туралы білетін деректерге тоқталайық. Ол үшін бүгінгі тәрбие сағатымызда екі топқа бөлініп отырмыз, енді ойларымызды ортаға салып, біраз мағлұматтаралайық.


Мұғалім: ұлттық ойын - « Бүркіт» ойыныарқылы салт – дәстүрлер мазмұндарымен,өту ережесімен таныссақ.Бүркіт қанатын қомдап келіп, тақиядан тапсырма алып беріп отырады.

1– жүргізуші:

Олай болса, салт – дәстүрлер туралы қысқаша түсінік беріп өтсек.


(2 топқа бөлініп, салт – дәстүр туралы оқушылар айтады:Диана, Гүл

наз, Мадияр, Жадыра, Гүлназ, Назерке, Ажар.)


( Нұрбол шығып, қанаттарын қомдап, тұмсығымен тақиядан әр тапсырманы алып отырады.)

І. Тапсырма: - Қандай салт – дәтүрлерді білесіңдер?

1) Мерлан: Салт – дәстүр дегеніміз не?

Салт-дәстүр дегеніміз – халық жөн - жоралғыларының, ұстанымдардың жиынтығы. Салт-дәстүрлер халыктың өмір-тұрмысынан, шаруашылық-тіршілігінен туындайтын мәдени құбылыс.

2)Алина:

Әдет – ғұрып дегеніміз не?

Әдет-ғұрып ұзақ тарихи мерзімде біртіндеп қалыптасып, халықтың санасына сіңіп, қай ұлттың болсын ұлттық болмысын құрайды және оны басқа этностардан ерекшелендіреді. Қазақ әдет-ғұрыптарын олардың қоғамдағы атқаратын қызметіне қарай отбасылық және қауымдық-қоғамдық ғұрыптар деп үлкен екі топқа бөлуге болады. Отбасылық ғұрыптарға баланың дүниеге келуі, ержетуі, келін түсіру, Кыз ұзату  жатады. Қауымдық-қоғамдын ғұрыптарға бүкіл қауым болып өткізетін, жалпы қоғамдық мәні бар әдет-ғұрыптарды жатқызуға болады. Мысалы, наурыз тойықұрбан айт,ораза айтас беру, т.б.

3)Диана:

Шілдехана (салт) – сәби дүниеге келген соң бір жеті бойы ана мен баланы күтіп, оның көңілін көтеріп, оның қасына дастархан жаю әдеті.Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын – сауық, той.

4) Гүлназ:

Қырқынан шығару(салт)– бөбек дүниеге келген соң 40 күннен соң оның алғаш рет шашы мен тырнағы алынып, бесікке салу рәсімі орындалады. Баланы 40 қасық суға шомылдырады. Сәбидің жан – жүйесінің қалыптасып, дені сау болып өссін деген ақ тілектен шыққан.

5)Мадияр:

Бесікке салу(салт) – бұл кішігірім той ретінде өтеді. Бесікке салу немесе бөлеу тәжірибелі әжеге немесе анаға жүктеледі. Бесікті түбегімен, жабдығымен кіндік шеше алып келеді, Бесіктің түбегі орналасқан жерден кішкене бұршақ тәрізді тоқаштар өткізіліп, оны «тыштырма» деп айтады. Осы жерде жиналған аналар бесік жырларын айтады. Бесік – қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.

  1. Жадыра:

Есімін атау (ат қою-ғұрып) – бұл рәсім ұлағатты кісіге жүктеледі. Ат қою «көз тимесін» деген оймен қойылады. Ат таңдалғаннан кейін баланың құлағына 3 қайтара айтылады.


7)Гүлназ :Тұсау кесер(салт) – бір жасқа толып еркін жүре бастаған бал бөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей жақсы жүріп кетуіне тілек білдіру салтанаты ретінде өтеді. Бөбектің тұсауын ата-ананың қалауы кеседі. Тұсауы кесілген баланы «Ақ жол болсын» деп ақ орамалдың үстімен немесе жұмсақ болсын деп кілем үстімен жүргізеді.


8)Назерке:

Сүндетке отырғызу(салт) – ислам дінінде ер баланың жыныс мүшесіндегі тері бөлшегін кесу арқылы жасалатын ғұрып. Сүндет әуел баста араб халқының әдет-ғұрпы болатын Меккеде ер балалар 3 – 7 жасында сүндетке отырғызылады. Сүндетке отырғызылатын баланың құрметіне арналып той-думан жасалып, балаға ең әсем киімдер кигізіп, атпен серуендетеді Сүндетке отырғызатын адамды ерекше құрметтейді.

9)Ажар:

Беташар(салт) — қазақтың келін түсіргенде жасалатын салтының бірі.

Шымылдық ішінде отырған келіннің басына орамал жауып, той өтіп жатқан үйдің ең жақын, үлгілі келіндері екі жағынан қолтықтап алып шығады. Орамалдың теңге түйілген ұшын домбыраның мойнына не таяқтың ұшына байлап, жырау беташар жырын бастайды. Ол шаңыраққа жаңа түскен келінге ата-енесін, үй-ішін таныстырады, қандай туысқандық жақындығы бар екенін, беделін, қадір-қасиетін шебер тілімен жеткізіп, әрқайсысына жеке-жеке сәлем жасатады.

10) Мадияр: 7 қазына дегенміз не?

Мадияр:

Жеті қазына — қазақтың дәстүрлі дүниетанымындағы философиялық түсініктердің бірі. Қазақ халқы Жеті қазынаны ер жігіттің өмірімен байланыстырып, оның ұғымына мыналарды жатқызады:

  • жүйрікат;

  • қыранбүркіт;

  • құмай тазы;

  • кездігі — сұсы. Халық Жеті қазынаны өмір қажетіне негіз етіп таратқан. Қазақ халқының Жеті қазынаны — жеті ырыс деп атауының да мәні осында.

( шашу шашады


11) Диана: Шашу рәсімі қай уақытта өткізіледі? Диана

Диана:

Шашу, шашу, шашайық,

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке ,бұл тойда

Керемет рәсім жасайық!

Шашу — дәстүрлі қазақ қоғамындағы ұлттық әдет-ғұрып. Шашу бала туылғанда, тұсау кескенде, сүндетке отырғызылғанда, келін түскенде, күйеу келгенде, отау көтергенде т.б. қуанышты жағдайларға байланысты шашылады. Шашуды, әдетте жасы үлкен әйелдер, әжелер шашады да, оны жастар, балалар теріп алады.

( шашу шашады)


Ш А Ш У шашады.


( бүркіт болып Нұрбол тақиядан екінші тапсырма алады)


ІІ тапсырма:

1 – топқа: Бесік жырын айт.

Әлди, әлди, ақ бөпем,

Ақ бесікке жат, бөпем!

Жылама, бөпем, жылама,

Жілік шағып берейін,

Байқұтанның құйрығын

Жіпке тағып берейін.

Әлди, әлди, аппағым,

Қойдың жүні – қалпағың.

Жұртқа жаман болса да,

Өзім сүйген аппағым.

2 – топқа: Аластау рәсімін көрсет.

  1. Алина:

Алас, алас, баладан алас,

Иесі келді, пәлесі көш!

Алас, алас, бәледен алас,

Көзі жаманның көзінен алас!

Тілі жаманның тілінен алас!

Қырық қабырғасынан алас,

Отыз омыртқасынан алас!

Алас, алас, аласы,

Келді, міне, баласы.

Көш, көш, пәлесі,

Келді, міне, егесі


(бүркіт болып Нұрбол тақиядан үшінші тапсырма алады)


ІІІ тапсырма: Қазақтың 4 тойы туралы не білеміз?


1 – топқа: Наурыз мейрамы туралы не білеміз? Диас

Қымызмұрындық қай уақытта болады? Назерке


  1. топқа: Мизам (сабан той) қашан өткізіледі? Жадыра

Соғым басы дегеніміз не? Гүлназ


  1. - жүргізуші: 4 – сынып оқушыларының орындауында ән «Қазақтың дастарханы»


1 Жүргізуші:

Бүгінгі кешіміз қызықты өту үшін келесі танымды ойынға берейік.


2- жүргізуші:Дәстүрдің жақсылығын қарсы алайық,

Достықтың құдыретін бағалайық.

Сарғайған санамызда сарқыншақтай

Арылып жан сарайын тазалайық


Енді салт - дәстүрлеріміздің келесі ұлттық ойындар түріне қысқаша тоқталып өтейік.


1 – топқа: АУДАРЫСПАҚ - бұл ойынға екі ер бала қатысады. Бір - бірін арқалап та немесе ересек балалар болатын болса ат үстінде отырып бірін - бірі аударып аттан құлатуы керек.


АСЫҚ ОЙНАУ - бірнеше балалар жиылып алып асық атысып ойналады. Әрбір асықтың құлағаны әртүрлі есептелініп, әртүрлі аталады.


2 – топқа: АҚСҮЙЕК – ақсүек алысқа лақтырылады, яғни кешқұрым уақытта оны тауып алу қиынырақ, сондықтан бұл ойынның қызығы кім бірінші іздеп тапса сол жеңімпаз. Ауыл жастары жиналып іздеуге кіріседі, таппай артынан оралған адам не өлең, не болмаса жұмбақ жасырып, яки өлең айтып беруі керек.


АРҚАН ТАРТЫС - арқанның екі жағына балалар бөлініп тұрады да тартысады. Қай жақ жылдамдық танытып бірінші өз жағана тартып алса сол топ жеңімпаз атанады

.

2- жүргізуші: Ұлттық ойындармен таныссақ, енді біраз сұрақтарға жауап берейік.


1 – жүргізуші:

Мына қоржында асықтар салынған. Ол асықтардың бетінде сан жазылған. Қоржыннан кез келген бір асықты аласыңдар. Шыққан сол санға байланысты сұрақ қоямыз, кім көп жауап береді екен?

(қоржыннан әр топтан шығып, асықтар алады.Жүргізушілер сұрақ қояды.)

1-сұрақ

Жігіттің үш жақын жұртын ата.

(Ағайын жұрт, нағашы жұрт, қайын жұрт.)


2-сұрақ

Төрт қонақты ата

Арнайы қонақ, құдайы қонақ, қыдырма қонақ, Қылғыма қонақ.


3-сұрақ

Төрт түліктің пірін атаңыз.

Түйе пірі-Ойсыл қара, жылқы пірі- қамбар ата,сиыр пірі-Зеңгір баба,

қой пірі-Шопан ата, ешкі пірі-Шекшек ата.


4-сұрақ

Бес дұшпанды ата

(Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекермал шашпақ.)


5-сұрақ

Үш мақсатты ата.

(Жол мақсаты-жету, дау мақсаты-біту, сауда мақсаты-ұту.)


6-сұрақ

Үш арсызды ата.

(Ұйқы арсыз , күлкі арсыз, тамақ арсыз.)


7-сұрақ

Үш алысты ата

Кәрі мен жас, жақсы мен жаман, алыс пен жақын.



8-сұрақ

Бес қаруға нелер жатады?

(Мылтық, садақ,найза,қылыш,айбалта.)


9-сұрақ

Жеті жұтты ата

(Құрғақшылық, мал жұтау, оба, өрт, соғыс,жер сілкіну, сел (тасқын)


10-сұрақ

Жетіатаны айтыңыз.

(Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.)


1- Жүргізуші:Келесі кезекте мың бұралған бишілеріміз алдарыңызда өнерін көрсетеді.

4А сынып ұлдары «Қара жорға» биін ұсынады.


2-жүргізуші:келесі кезекті биге берейік.

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, сіздерге де көңіл бөлген дұрыс сиякты. Қазакта «конак- кәде» деген бар. Олай болса сергіту сәтімізде сізгерге кояр тапсырмамыз: мына үзік-үзік сөздерден макал құрастыру керек.


1. Ұяда… ұшқанда …

(Үяда не көрсең, үшқанда соны ілерсің)


Ата… бала…

(Ата — бәйтерек, бала жапырақ)


Өле… бөле…

(Өлежегенше,бөле же)


Таяқ… сөз…

(Таяқ еттенөтеді, сөзсүйектенөтеді.)


Тентек… акыл…

(Тентектің ақылытүстенкейінкіреді)


Сүйіндіреді… күйіндіреді…

(Жақсысөзсүйіндіреді, жамансөзкүйіндіреді)


Мысык… тышқан…

(Мысыққа ойынкерек, тышқанға өміркерек)


Мектеп… білім…

(Мектеп — кеме, білім — теңіз)


2 жүргізуші:

Өлең өнер дегенмен

Өнері бар, әні бар,

Бойжеткені елімнің.

Салт—дәстүрдің әр сөзін


Сақтап жүрген ойына дей отырып келесі кезекте қыздарымыздың орындауында би.

  1. жүргізуші: ұлттық биді қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші:Бүгінгі тәрбие сағатымызда өздеріңіз куә болған дәстүрлерді көкейлеріңізге тоқып, санамызға сіңіріп алсақ, артық болмас.


  1. жүргізуші: «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» демекші, салтын сүйген әрбір жас ұрпак болашакта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт- дәстүрінің жанашыры болатындығына сенімдімін. Бүгінгі біздің «Салт дәстүрім – асыл қазынам» атты ашық тәрбие сағаты өз мәресіне жетті, қатысқандарыңызға көп – көп рахмет!


Мұғалім: Құрметті оқушылар, бүгінгі тәрбие сағатымыздың мақсаты – заман өзгерсе де ұлттық дәстүріміздің көнермейтіндігін еске салып ұлттық мұраны қайта жағырту.Тамашалағандарыңызға рахмет!







hello_html_515e8f91.jpg

hello_html_122702cf.jpg

hello_html_m733d2683.jpg



hello_html_m6218e58.jpg













9


Автор
Дата добавления 01.11.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров9
Номер материала ДБ-307380
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх