Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Классный час на тему согыс,халык,женис
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Классный час на тему согыс,халык,женис

библиотека
материалов

Соғыс,халық,жеңіс.

Мерекелік іс - шараның мақсаты:
Оқушыларды өз Отанын сүюге, республикамыздың саясатын қолдауға, әділдікке, ерлікке, адал, батыл болуға тәрбиелеу, Ұлы Отан соғысының ардагерлерін сыйлауға, еркін сөйлей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, портреттер, гүлдер, шарлар, слайд, кітаптар көрмесі. т. б.
Мұғалім:
Армысыздар, құрметті оқушылар, ұстаздар!
Отан алдындағы борышын ақтап, қанды қырғын соғысты тұншықтырып, ұрпағына бақыт әкелген ардагерлерімізге мың алғыс деп, Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне арналған тәрбие сағатын ашық деп жариялаймын!
1 Жүргізуші: - Ананы баласынан, ағаны бауырынан айырып, мыңдаған боздақтарды жер жастандырып, бөтен елдің топырағын бұйыртқан зұлмат соғыстың өлшемі адам өмірімен, тағдырымен бағаланып, өте қымбатқа түскен жеңістің аяқталғанына 70 жыл.
2 - жүргізуші. Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы
Ұлы Отаным басым иіп бір минут,
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.
Мұғалім : Жеңіс күнін жақындатуға атсалысқан жандарды 1минут үнсіздікпен еске алайық (1 минут үнсіздік).
Үнсіздік.
Үнтаспадан тыңдау: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! 1941 жылы 22-маусымда таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын-қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.
Мұғалім:Жеңіс... Иә, оны сан миллиондаған адамдар 4 жыл бойы минуттап, сағаттап сарыла күтті емес пе?! Ақыры олардың үміті мен сенімі ақталды, тілектері орындалды.
Бірақ сол Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс қолында Отан үшін су кешіп талай миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. Жауымен жан аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгілерін көрсетті, бірақ ешкімнің сағы сынбады. Олардың бойындағы отаншылдық сезім, қолына қару алып, сапқа тұрған көптеген ұлт өкілдерінің тізе қосқан бірлігі мен ерлігі Жеңіс сағатын жақындата түсті. Осы қан майданда қасық қаны қалғанша соғысып, ерлік істері мен Отан үшін күрескен батырларымызға бас иеміз!

1-Жүргізуші: Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ Кеңес халқы жан тәнімен Отанын қорғады. Әрбір село, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды. Қанішер неміс басқыншыларымен Кеңес азаматтары аянбай шайқасты.

Умитжан: Соғыс жалмап аға-іні бауырды,
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.
Жалғызынан айырыпты ананы,
Әкесінен айырыпты баланы.

Алтынбек:Бұлт түнеріп аспаннан
Талай көзден жас тамған
Тұтқиылдан жау тиіп,
Қырғын соғыс басталған.


2 Жүргізуші: Осы соғыста Кеңес одағының басқа республикаларымен бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулыкүштердің және еңбек армиясының құрамында 1 млн 870 мың қазақстандықтар болған.
Мұғалім:Ұлы Отан соғысы жылдары КСРО бойынша 11600ден астам адам ерлігі ұшін Кеңес Одағының Батыры атағын алса, соның 497-і қазақстандықтар, ал қазақтар 97 болды. Ұлы Отан соғысы жылдары ең алғаш Кеңес Одағының Батыры атағын алған қазақстандық жауынгер К. А. Семеченко (1941 жылы 22 шілде) еді. Ұлы Отан соғысы жылдары Кеңес Одағының Батыры атағын алған ең жас қазақ жауынгері 18 жасар Ж. Елеусізов еді.
.Мұғалім: Ұлы Жеңісті жақындатуға Солтүстік Қазақстан облысы,бұрынғы Көкшетау облысы,Ақмола облыстары да зор үлес қосты . Майданға шақырушылар Көкшетау облысынан:61011 адам қаза тапқандары 24333 адам . Солтүстік Қазақстан облысы бойынша :910055 адам,қаза тапқандары 33 950 адам.Ақмола облысы бойынша 97 801 адам,қаза тапқандары 33 950 адам . Олардың басым көпшілігі ерліктің ерен үлгісін көрсетіп, халқымыздың ерлік рухын асқақтатты.
Темірлан: Қайтпаған дауылдан
Кек алған жауынан
Халқымның қастерлі
Жайсаңы Бауыржан
Қазақтың қамы үшін
Жүрегі ауырған
Елінің намысын Қорғаған Бауыржан.

Бауыржан Момышұлы (1910 - 1982) – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері - Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені.
Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота, командирі болады..

Б.Момұшұлы жайлы видео .
Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов - Авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері. 1922 жылы 5-тамызда Сарыарқаның кең-байтақ даласында, Ақмола облысының өзен-көлі тасыған, емдік суы атқылаған Майбалық ауылында туған. 2014 жылғы 9 қарашада Алматы қаласында дүниеден өтті.

Мәлік Ғабдуллин (15.11.1915, Көкшетау облысыЗеренді ауданы, —2.01.1973, Алматы) — қазақ жазушысы, әдебиетзерттеуші, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы (1959), профессор (1959), КСРО Педагогика ҒА-ның академигі (1959), Кеңес Одағының Батыры (1943). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961). Кедей шаруа отбасында туған. М.Ғабдуллин 1935 жылы Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген. 1936 ж. әскер қатарына барып, әскери борышын өтеп қайтқаннан кейін осы институттың аспирантурасында оқыды.



Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова (шын есімі Мәнсия) — 1922, Орал облысы Орда ауданы ,— 1943 ж. қазанның 16-ы — қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры (1944). Шын есімі Мәнсия. Анасы еркелетіп Моншағым дей бергеннен, Мәнсияның тілі келмей өзін Мәншүк деп кеткен. Ұлы Отан соғысы басталған кезде Мәншүк Алматы медициналық институтында оқып жүрді.

1942 ж. тамызда ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-нші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты.Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты.

Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова (шын есімі Ілия, майдандас достары «Лия» деп атапты) (1925 ж. 15 маусым (кейбір деректерде 25 қазан, 20 сәуір), Ақтөбе облысыҚобда ауданы) – Кеңес Одағының Батыры (1944), мергенефрейтор. Бала кезінде анасынан айырылып (1933 ж

1943 ж. Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 ж. бастап 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған. 1944 ж. 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.

Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға 1944 ж. 4 маусымда Кеңес Одағы Батыры атағы берілді. Ленин орденімен марапатталды.Новосокольники ауданының Монакова ауылында жерленген.

Қошқарбаев Рақымжан(1924 —1988 жж.) – Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ азаматы, Халық Қаһарманы(1999).1924 ж. 19 қазанда Ақмола облысы Ақмола ауданында дүниеге келген.1942 ж. әскерге алынып, 1944 ж. Фрунзедегі (Бішкек) жаяу әскер училищесін бітірген.1944 ж. қазан айынан бастап I Белорусь майданындағы 150-Идрицк атқыштар дивизиясы құрамында взвод басқарып,Польша және Германия жерлеріндегі ұрыстарға қатынасты.

Лейтенант Қошқарбаев Берлин операциясы кезінде асқан ерлік көрсетті. 30-сәуірде ол жауынгер Григорий Булатов екеуі Кеңес әскерлері арасынан Рейхстагқа алдымен жетіп, жеңіс туын тікті. 1988 ж. 10 тамызда Алматы қаласында қайтыс болды.[1]

Рақымжан Қошқарбаев Ақмола облысының Астанаға жақын орналасқан Тайтөбе ауылының маңындағы қыстақта дүниеге келді. Ол ата-анасынан ерте айырылды: 4 жасында анасы дүниеден өтті, ал әкесі болса, жалған саяси жаламен сотталып, ГУЛАГ лагерьлерінде болды.

Беда Леонид Игнатьевич (1920-1976) –әскери ұшқыш,авиация генерал –лейтенанты,екі мәрте Кеңес Одағының батыры.1942 жылы 16 тамызда Сталинград майданында шайқасқа қатысып,ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды.Ержүрек ұшқыш 214 рет жауынгерлік тапсырмамен ұшып,жауға қирата соққы берген.

Луганский Сергей Данилович (1918- 1977)авиация генерал майоры .Ұлы Отан соғысына басынан аяғына дейін қатысады.Кескілескен әуе ұрыстарында жаудың 37 ұшағын ,жойып екі рет таран жасаған .Осындай асқан ерліктері үшін екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Мұғалім: Батыр атағын екі мәрте алған 4 қазақстандық бар. Олар: Т.Бигелдинов, Л.Беда, И.Павлов, С.Луганский. Кеңес Одағы батырын алғандар арасында пулеметші М.Мәметова, мерген Ә.Молдағұлова, атқыштар С.Баймағамбетов, И.Новиков, қалқан бұзушы П.Миллер, минометші Қ.Спатаев, кавалерист М.Қатаев, сапер П.Гончар, торпедалы кеменің командирі Б.Ущев, атқыштар дивизиясының басшысы Ғ.Сафиуллин, Бауыржан Момышұлылар бар. Лейтенант Р.Қошқарбаев, Б. Чупрета, взвод командирі К.Метов, минометші А.Бақтыгереев, пулеметші П.Вицько, К.Волочев Т.Тоқтаров,ұшқыш Н.Әбдіров және т.б. КСРО ордендері мен медальдарының кавалерлері атағын алған.

Ұлы Отан соғысы батырлары жайлы видео .

1-Жүргізуші: Жазылған жоқ өткен күн жоралары,
Сиреп кетті – ау қарттардың аралары.
Бабам жауға бермеген туған жерді
Қорғайды әлі баламның балалары.

Темірлан:Қару алып ағалар,
Қырға шығып аналар.
Жеңу үшін дұшпанды,
Ту көтерді бабалар

 Жамбыл Жабаев

Ленинградтық өренім

Ленинградтық өренім,
Мақтанышым сен едің!
Нева өзенін сүйкімді,
Бұлағымдай көремін.
……………
Шамы Күндей жайнаған,
Аспанға үйлер бойлаған…
Арқа тұтып алыста,
Айбыным деп ойлағам!
Жабықпағын Ленинград!
Отан әмір берген шақ.
Сап-сап қол барар
Қорғап сені ол қалар.
Жанышталар айдаһар!
Жата алмаймын төсекте,
Жаным қалай жайланар?
Құс ұйқылы көнемін,
Қайтып ұйқы көремін,
Жетсін деймін сендерге,
Жыл құсындай өлеңім,
Қаласында Лениннің,
Сайып қыран өренім…

2-Жүргізуші:
Батыр ұл есімдері ақталады
Жыр болып жүректерде сақталады.
Ғасырдан ғасырларға аңыз етіп,
Ұрпағы мәңгі бақи мақтанады.

Мұғалім:- Иә, сұрапыл соғыс ешкімді аямады. Ана жарынан айырылды, бала әкесінен айырылды. Бірақ үміт оты еш өшкен жоқ. Бала әкесін күте берді, күте берді.
Солдаттар жаралы майданнан оралады.
Ажал боп төнген жауына,
Дауылды көктің қыраны.
Оралды Алатауына,
Ерліктің өжет бір әні.
Таңғалтқан батырлықтарымен,
Тарланбоз батыр ағаларымыз.
2-Жүргізуші: 1945жылы 30сәуірде сағат 6, 30 - да жеңіс туы тігілді. Ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев. Төрт жылға созылған қан төгіс аяқталды.
Көрініс.
Ортаға қолында қызыл туы бар Рақымжан Қошқарбаев шығады.
Рақымжан. «Отан үшін алға!», «Біздер жеңдік!» туды тігеді.
Салют, фанфары.
Үнтаспадан дауыс: 4жылға созылған ауыр соғыстан кейін совет әскері фашистік Германияны құлатып, Ұлы Отан соғысында жеңіске жетті.
Жеңіс құтты болсын!

Радио сөйлейді. 1945 жыл.

(Барлығы улап-шулайды, құшақтасады).
Дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымың терең сезіне түсті. Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты. Зұлымдық, басқыншылық тізе бүкті.


1-Жүргізуші:
70 бейбіт көктем таң атқалы.
70 шуақты күн таратты әнін.
70 көктемде содан бері,
Ашылды жеңіс күннің парақтары

Биржан:
Жеңіс келді далама,
Жеңіс келді қалама,
Жеңіс келді әке боп
Елдегі көп балаға.

2-Жүргізуші:Дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымың терең сезіне түсті. Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты. Зұлымдық, басқыншылық тізе бүкті. Бірлік, ерлік, халықтар достығы нығая түсті.
Ән: «Атамекен»
Үміт:Алаулап от жалындар,
Отқа ораған далалар.
Жарты ғасыр өтсе де,
Естен кетпес сол жылдар.
.
Алтынбек: Біздің Ұлы Жеңісіміз көктем боп,
Көңілдерге шұғыласын төккен көп.
Сонау жылы Тоғызыншы май күні
Алмастырған қуанышқа қайғыны.

Ән «Алға қазақ жігіттері»
Үмітжан:Тыныштық! Жаса тыныштық!
Осы бізге тым ыстық.
Көркейе берсін еліміз,
Көбейе берсін ырыс – құт.
Біржан:Бақытты болсын балалар
Соғысты сүймес адамдар
Өркендей берсін қалалар,
Гүлдене берсін далалар.
Темірлан:Жеңіс деген жақсылықтың сыңары
Жігерленген құштарлықтың құралы
Күрескердің арманы мен ұраны
Қуаныш пен мерекенің бұланы
1 - жүргізуші: Біріктіріп үміті мен тілеген,
Біріктіріп барлық күшін жігерін
Ана үшін, бала үшін, жер үшін

Жасқанбастан тосты оққа жүрегін


Алтынбек: Ағайын туған бар адам
Адамдық үшін жаралған
Бар елге қымбат туыстық
Баянды болсын тыныштық
бари бирге : Ақ көгершін қалықтап
Аспанда ашық самғаған
Тыныштық болып елімде
Қанаты оның талмасын.

Мұғалім:Ер есімі ел есінде. Кір жуып, кіндік кескен жері үшін, аялап, әлпештеп өсірген елі үшін, жанған отқа түсіп, жалын кешкен, ер-азаматтар естен шықпайды. Олар тарихта өшпес із қалдырды. Аға ұрпақтын жүріп өткен даңғыл жолын жалғастырушы – келешек ұрпақ!

Ән «Әркашан күн сөнбесін»
«День Победы» әні.




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 27.08.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров253
Номер материала ДA-018649
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх