Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Классный час на тему "Сөз маржаны" (2класс)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Классный час на тему "Сөз маржаны" (2класс)

библиотека
материалов

Сөз маржаны


Мақсаты:

1) Тіл өнерін, шешендік пен тапқырлықты, қазақ салт-дәстүрлеріндегі тіл шырайын тану, үлгі алу;

Халық мәдениетін тіл арқылы насихаттау, ана тілінің өміршеңдігін адам тіршілігіндегі тілдің рөлін жеткізу.

2) Оқушылардың ойын, тілін дамытып, дүниетанымын қалыптастырып, ана тілінде сөйлеу шеберлігін үйрету, қалыптастыру. Ой-қиялын шарықтау.

3) Әдет-ғұрыпты сақтауға, үлкендерді сыйлауға, өз тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Салт-дәстүрлердің суреті бейнеленген плакаттар, ою-өрнектер.

Барысы:

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі «Сөз маржаны» атты мерекелік шарамыз «Қазақ фольклоры» апталығына арналып отыр.

2- жүргізуші: Қазіргі заман жеке адамдардың ғана емес, тұтас ұлттардың да өткеніне үңіліп, болашағын бағдарлауға жол ашты. Ендігі жерде қазақ тілінің беделін көтеру, оның арын арлап, жоғын жоқтау, олқысын толтыру өз қолымызда, сіз бен біздің қолымызда.

1-жүргізуші: Сөйлер сөзге, тілге адамзат сонау көне дәуірдің өзінде-ақ ерекше мән берген. Ғасырдан ғасырға жетіп ұласып жатқан ел аузындағы небір ғажайып аңыз-әңгімелер, көне мақал-мәтелдер, жазба деректер осының айғағы тәрізді. Қай халықтың тарихына үңілсеңіз де өнер алды саналатын қызыл тілге, шешендік өнерге байланысты небір керемет асыл сөздерді табасың.

2-жүргізуші: Тіл – ұлттың белгісі, халықтың мұрасы, дүниетаным құралы. Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Адамдық мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі.Біздің қасиетті мұрамыз – ана тіліміз.

1 – жүргізуші: Бүгінгі «Сөз маржаны» атты сайысымызды бастаймыз Сайысымызға 3-топ қатысып отыр.

Сайысымыз 4-турдан тұрады.

  1. Мақал-мәтелдерді жалғастыру

  2. Тұрақты тіркестерді табу

  3. Қазақ салт-дәстүрлерінің мағынасын ашу

  4. Көнерген сөздің мағынасын ашу.

2-жүргізуші: Осы топтарды бағалайтын әділ-қазыларымызбен таныстырып өтейік:

  1. Ерімбетова Жанар Бағдатқызы

  2. Намазбаева Сәнгүл Кайырқызы

  3. Зорький Жанаргүл

  1. Жүргізуші: Ендеше құрметті оқушылар сәттілік!

I тур. – «Мақал – сөздің маржаны» - мақал - мәтелдерді жалғастыру.

1) Өнер алды – қызыл тіл;

2) Айтылған сөз атылған оқпен тең;

3) Сөз сүйектен өтеді;

4) Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады;

5) Тіл қылыштан өткір;

6) Қаһарлы сөз қамал бұзар;

7) Ана тілің арың бұл, ұятың боп тұр бетте

8) Көп сөз – көмір, аз сөз – алтын

9) Көре-көре көсем боласың, сөйлей-сөйлей шешен боласың.


II тур. –« Кім жүйрік» - Тұрақты тіркестердің баламасын табу

  1. Көзді ашып жұмғанша - тез

  2. Таяқ тастам жер - жақын

  3. Ит өлген жер - алыс

  4. Қабағынан қар жауып - ашулы

  5. Кірпік қаққанша - тез

  6. Қол ұшын беру – көмектесу

  7. Қой аузынан шөп алмас – жуас

  8. Бір тұтам – кішкентай

  9. Ауыз күю – өкіну


2-жүргізуші: «Балаңа басқұр қалдырғанша, тозбас дәстүр қалдыр» деген екен қазақ халқы.

III тур – «Қазақ салт – дәстүрлері»

1 – топ: Шілдехана

2 - топ: Бесікке бөлеу

3 - топ: Тұсау кесу

Көрермендер арасында «Кім жылдам» ойыны ойналады.

Ойынның шарты – берілген сұраққа мүдірмей жауап беру.

  1. Ата-анаға қыздың баласы кім болады?

  2. Әпкелі –сіңлілердің баласы бір-бірлеріне кім болады?

  3. Отансыз адам –

  4. Ердің көркі....

  5. Отан үшін күрес...

  6. Екі ботаның аяғы нешеу?

  7. Күн шығатын жақты не деп атайды?

  8. 1 кг мақта ауыр ма, 1 кг тас ауыр ма?

  9. Балалар, ұлы Абай атамыз:

«Өткірдің жүзі,кестенің бізі,

Өрнегін сендей сала алмас» деп нені айтқан?


IV тур. – «Көнерген сөздің мағынасын ашу»

  1. Сабан той - мұны егінші ел жасайды. Егін бітік шығып, қырманын қызылдап, оны төкпей-шашпай, суыққа ұрынбай мезгілінде жиып алған ел күзде «сабантой» өткізеді..

  2. Салбурын - аңшы ,саятшы жігіттердің топ болып, бірнеше күн бойы аңға шығуын салбурын деп атайды.

  3. Сірге мөлдіретер – бие ағытар күні (бие сауудың ақырғы күні үлкендер шақырылып, риза болып, алғыс айтып бата беріледі) берілген қымызды «сірге мөлдіретер» дейді.

  4. Асар – « Ауылға асар жасайтынын хабарлайды» Бір жанұяның қолынан келмейтін күрделі жұмыстарды атқару үшін бір ауылдың адамдары асарға шақырылады. Асарға шақырылғандар еңбегі үшін төлемақы талап етпейді. Оның есесіне асарға шақырушы адам оларға мал сойып, қымыз құйып, жақсы ас әзірлеп тойғызады.

1-жүргізуші: Алдарыңызда қазақ биі – «қаражорға» .


2-жүргізуші: Топтарды бағалайтын әділ-қазыларымызға сөз берейік. «Қазақ фольклор» апталығына қатысып, өздерін «тіл сақшылары» етіп көрсете алған топтарды марапаттауға кезек берейік.

1-жүргізуші:

Тілім менің ғасырлардан аманат,

Аманатқа адам болсын қолғанат.

Ар намысқа келтірмейік жаман ат.

Қазақ болып туылдың ба,

Ендеше, өз тіліңді өзгелерге бағалат, - дегендей бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.

2-жүргізуші: Қош сау болыңыздар!

























2 жалпы орта білім беру мектебі











«Қазақ фольклоры» апталығы


Тақырыбы: Сөз маржаны


1 «А», 1 «Ә» -сыныптары

арасындағы сайыс













Павлодар қаласы, 2013ж.


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 12.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров161
Номер материала ДВ-148637
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх