Инфоурок Другое КонспектыКлассный час на тему "Тіршіліктің негізі салауатты болашақ"

Классный час на тему "Тіршіліктің негізі салауатты болашақ"

Скачать материал

 

              «Тіршіліктің негізі - салауатты болашақ
Мақсаты: Балаларды салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу, жеке бас гигиенасын сақтауға, дұрыс тамақтануға, дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға, жаман әдеттерден сақтандыру, ішімдік пен темекінің жас организмге зиянды екенін насихаттау. Жас бүлдіршіндерді мектеп партасынан - ақ жаман әдеттерден аулақ болып, өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерді бойына сіңіруге баулу.
Міндеті: Оқушыларды ізденімпаздыққа, белсенділікке, қосымша материалдарды пайдалануға дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту және есте сақтау қабілетін арттыру, ізгілікке, имандылыққа, адамгершілікке, қоғамдағы жат қылықтардан аулақ болуға, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

Түрі: сайыс сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, пікірлесу

Тәрбие үрдісі: Салауатты өмір салтын насихаттау.

Алдын ала жұмыс: денсаулыққа оң және теріс әсер беретін әдеттерді еске түсіру.  .

Қатысатындар: белсенді қатысушылар: жауапты педагог,  бейімдеу орталығы тәрбиеленушілері; бейтарап қатысушылар: дәрігер, мекеме психологы,  педагогтар.
Көрнекілігі: кітаптар көрмесі, карточкалар, фломастерлер, балалардың өз шығармашылығынан салынған суреттері, өмір, денсаулық, бақыт туралы ұлағатты сөздер, кестелер, компьютер, документ – камера.

Барысы:
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Ой қозғау. «Салауатты өмір салты» дегеніміз не?
ІІІ. Салауатты әдеттер бөлімшелері.
• Жеке бас гигиенасы және дұрыс тамақтану бөлімшесі
• Дене шынықтыру мен спортпен шұғылдану бөлімшесі
• Зиянды әдеттер бөлімшесі
IV. Пайдалы кеңестер бөлімшесі (Дәрігердің сөзі).
V. Қорытындылау.

Тәрбиеші сөзі:
Құрметті ұстаздар, балалар! Бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ!». Мен сөзімді Сара Назарбаеваның мынадай сөзімен бастағым келіп тұр: «Дені сау сәби әр отбасының, қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі» және де «Дені сау адам – табиғаттың ең бағалы туындысы» дей келе, қош келдіңіздер! Құрметті оқушылар сәттілік тілеймін сіздерге.
1 – жүргізуші:
Балалар бүгінгі сабағымызда денсаулығымызды қалай сақтаймыз, не нәрселерден аулақ болуымыз керек, сол жөнінде ой өрбітеміз. Біздің халқымыз «Деннің саулығы – бастың байлығы» – деп тегін айтпаған. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев халқымыздың денсаулығына өз жолдауында үлкен мән беріп, азаматтардың денсаулығына, қоршаған ортаның таза болуына күш салу қажеттілігін атап айтқан. Ендеше, денсаулықты сақтау өз қолымызда.

2 – жүргізуші:
Енді маған мынадай сұраққа жауап беріңіздерші: салауатты өмір дегенді қалай түсінесіздер? Осыған байланысты біз сіздерді 3 топқа бөліп отырмыз. Әр топ өздеріне тапсырған тапсырмалар бойынша дайындық жүргізеді. Сонымен сайысымызды бастайық. Біз келген бірінші бөлім «Жеке бас гигиенасы және дұрыс тамақтану бөлімі» деп аталады.

Сұрақтар тізімі:
1) Денсаулықты сақтауға үйрететін ғылым?
а) биология
б) валеология
в) анатомия
2) Мектеп оқушысының орындығына қай жақтан жарық түсіп тұру керек?
а) арқасынан
б) оң жақтан
в) сол жақтан
3) Даладан терлеп келсеңіз, не істеу керек?
а) құрғақ киім кию керек.
б) аяқты суық суға салу керек.
в) желдеткішті қосып, денеңді құрғатып отыру керек.
4) Дене сымбатының бұзылуы неден болады?
а) ұзақ жүгіріс, жеткіліксіз демалыс
б) демалыс алудың ритмі бұзылуы
в) аз қозғалыс, бұлшық еттің әлсіздігі
5) Фаст-фут тағамдардың қандай пайдасы бар?
а) пайдалы заттармен бай.
б) күні бойы қуаттандырады
в) асқазанды қорғайды.
Шын мәнісінде барлық осы жауаптар дұрыс емес. Азық - түліктер біздің денсаулығымызға зиян келтіреді. Бірінші кесірлі
тағам - чипсы. Чипсидің құрамында адам денсаулығына еш пайдасы жоқ қайта кері әсер етеді: канцероген, май, бояғыш заттар және дәмін үдеткіштері мол -
Фаст-фуд онкологиялық ауруға шалдығу, салмақ арттыру мәселелерімен салмақпен қорқытады.
8) Таңертеңгі ботқа немен пайдалы?
а) оянуға көмектеседі
б) күні бойы қуаттандырады
в) асқазанды қорғайды
9) Қандай бейнемен сендердің бойларыңа Д дәрумені түседі?
а) жеміс, жидек жегенде
б ) сиырдың етін жегенде
в) күнде қыдыра
10) «Кір қол» қай ауруға келтіреді?
а) грипп
б) асқазан ауруы
в) гепатит

Слайд.

Денсаулыққа кері әсер ететін факторларды атаңдар:

1.             Қоршаған орта ластығы.

2.             Дұрыс тамақтанбау.

3.             Тұқым қуалаушылық.

4.             Денсаулық сақтау шараларының төменгі сатыда болуы.

5.             Зиянды заттарды қабылдау.

6.             Тазалықты сақтамау.

7.             Отбасындағы кері жағдайлар.

Адамда стресс жағдайы жиі болуы
2 - жүргізуші:
Спорт (француз тілінен алынған) — белгілі ережелер немесе дәстүрлерге сай көбінесе жарыс күйінде өтетін әрекет. Спорт жалпы алғанда физикалық мығымдығы өте маңызды болатын (жеңіске немесе жеңіліске әкелетін) әрекетті сипаттағанымен, ақыл - ой немесе құрал - жабдық сапасы да маңызды рөл атқаратын ақыл - ой спорты және мотор спортына қатысты айтылады. Адам баласы спортпен денсаулығын жақсарту, моральді және затты қанағаттану үшін, өзін - өзі дамыту үшін шұғылданады.

Слайд.

 

Денсаулыққа дұрыс әсерін тигізетін факторлар:

1.             Дұрыс тамақтану.

2.             Қоршаған орта тазалығы.

3.             Дене шынықтыру.

4.             Денсаулық сақтау, медициналық көмектің сапасының жоғары болуы.

5.             Зиянды заттарды қабылдамау.

6.             Жеке бастың тазалығын сақтау.

7.             Қоршаған ортаға, табиғатқа, қоғамға, адамдарға деген дұрыс көзқараспен қарау.

8.             Эмоциялардың оң болуы.

 

«Мен қандаймын…» сурет салу. (Күліп тұрған адамның беті)

Салған суреттеріне талдау жасайды

1 - жүргізуші: Халықта мынадай дана сөз бар:

«Ақша жоғалтқаның – ештеңе жоғалтпағаның,

Уақыт жоғалтқаның – көп нәрсе жоғалтқаның,

Денсаулық жоғалтқаның – бәрін жоғалтқаның».

 

— Біз, болашақ Қазақстан Республикасының азаматтары, бүгінгі мектеп қабырғасындағы балалар, денсаулығымызға жастайымыздан қамқор болуымыз қажет.  

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Классный час на тему "Тіршіліктің негізі салауатты болашақ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по тяжелой атлетике

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 615 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.10.2016 1323
    • DOCX 44.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шумаева Минура Давлаталиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шумаева Минура Давлаталиевна
    Шумаева Минура Давлаталиевна
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4526
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой