Инфоурок Другое Другие методич. материалыКлассный час на тему "Тәуелсіздік - тұғырым"

Классный час на тему "Тәуелсіздік - тұғырым"

Скачать материал

М-С.Бабажанов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп

 

 

 

 

 

Тәрбие сағаты

«Тәуелсіздік - тұғырым»

 

 

 

Өткізген: физика және технология

 пәнінің мұғалімі А.Ф.Ишангалиева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған  «Тәуелсіздік - тұғырым»

Сабақтың мақсаты:.
Оқушылардың танымдық деңгейлерін өрістету, тіл байлығын, өз ойын жеткізу, қазақ тілінде еркін сөйлей білу әрекеттерін жетілдіру. Оқушылардың интеллектуалдық ой–өрісін, білім деңгейін көтеру
Оқушыларды отаншылдыққа, туған жерін сүюге, мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, мемлекеттік тілін құрметтеуге, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: сын тұрғысынан ойлау, топтастыру стратегиясы.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта,презентация.
Сабақтың
барысы:
Кіріспе

-Қазақстан Республикасының гимні. Хор.

- Шаттық шеңберіне тұрып, гүл сыйлау арқылы күнге сәттілік тілейді. (Оқушылар 3 топқа бөлінеді.)

Мұғалім сөзі

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.

Жұртым менің не қиындық көрмеді?

Жылап тұрып аналарым бұл жолда,

Сан перзентін қара жерге жерледі.

-Тәуелсіздіктің 25 жылдығына  арналған ашық тәрбие сағатымызға қош

келдіңіздер!

Алтайдан Алатауға дейін ұланғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз Тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар құрбан болды. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап күні кешегі Қайрат Рысқұлбекке дейін сол ел қорғауды ұран еткен. Тәуелсіздік жолында өздерін құрбан еткен Қайрат, Ләззат, Ербол, Сәбираның аңсаған армандары мен үміт – тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. Сол батырларымызды еске түсіріп 1 минут үнсіз тұрамыз. Рахмет!

Негізгі бөлім

1.     Ой қозғау.

 

 

 

 

 

 


2.     Топтық жұмыс. Әр топ өзіне берілген тапсырманы постерде қорғайды.

1-топ  «Тарих тағлымы»

1986жылы 16-желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай толқу басталды. Жастар алаңға жинала бастады. Алаңда «Біз қазақ, ежелден еркіндік аңсаған», «Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын», «Тәуелсіздік керек»,-деген ұрандар айтылды.

Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтіріп, көп күшпен алаңдағы жастарды қоршап алды. Алматыға әр аймақтардан әскердің арнайы бөлімдері жіберілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар»,-деген кінә тағылды.

Көптеген студент жастар түрмеге қамалды, оқу орнынан шығарылды. Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира тағы басқалары сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болды.

2-топ «Уақыт керуені»

1.1991ж. 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алды.

2.1992ж. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып кірді.

3.1993ж. 15-қарашада –Ұлттық Валюта теңгенің енгізілуі.

4.1995ж. 30-тамызда Жаңа конституция қабылданды.

5.1997ж. 10-қазанда «Қазақстан -2030». Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының жарыққа шығуы.

6.1998ж. Халықтар тұтастығы мен ұлттық тарих жылы.

7.1999ж. Ұлттық тұрғындар санағы.

8.2000ж. Мәдениет жылы.

9.2002ж. Денсаулық жылы.

10.2003ж. Ауылды дамыту жылы.

11.2004ж. Парламент мәжілісінің кезекті сайлауы.

12.2005ж. 4-желтоқсанда Бүкіл халықтық Қазақстан Республикасының Президентін сайлауы.

13.2006ж. «Қазақ елі» монументінің ашылуы.

14.2007ж. Қазақстанның 2010жылға Еуропа Қауымдастығы мен Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етуі туралы шешім қабылданды.

15. 2008ж. Астананың 10 жылдық мерейтойы.

16. 2009ж. 25-ақпанда ҚР. Халықтық санақ жүргізілді.

17. 2011ж. Қаңтар –ақпан айларында  Халықаралық Азияда ойындары өтті.

18. 2012ж. 1-желтоқсан алғаш Президент күні болып жарияланды.

19. 2010ж. ЕҰҚК саммиті өтті.

20. 2015 ж. Қазақ ғарышкері А.Айымбетов ғарышқа ұшты.

3-топ

Президентке хат. (Топ оқушылары Елбасына хат жолдайды)

3.     «Тәуелсіздік тұңғыштары» (Әр топтан оқушы шығып тақтадағы терек бұтақтарына жапырақшалар іледі. Әр жапырақшада тәуелсіздік жылдарындағы тұңғыштар жазылған.)

-         1991 жылы 1 желтоқсанда ҚР тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев сайланды.

-         1991 жылы алғашқы құттықтауды Түрік елі жасады.

-         1991 жылы ТМД елдерінің ішінде алғашқы болып Қазақстан өз шекарасын бекітті.

-         1991 жылы алғашқы сыртқы істер министрі болып Төлеутай Сүлейменов тағайындалды.

-         1992 жылы Қазақстан ТМД елдерінің құрамында алғашқы рет жазғы олимпиада ойындарына қатысты.

-         1994 жылы Лиллехаммер қаласында өткен қысқы олимпиадада алғшқы рет Қазақстан жалауы шаңғышы В.Смирновтың құрметіне көтерілді.

-         2000 жылы Сидней олимпиадасында Бекзат Саттарханов қазақтан шыққан тұңғыш чемпион атанды.

-         1991 жылы тұңғыш қазақ ғарышкері Т.Әубәкіров ғарышқа ұшты.

-         1993 жылы тұңғыш Конституциямыз қабылданды.

-         1997 жылы Елбасы Қазақстан халқына тұңғыш жолдауын арнады.

-         1995-2000 жылдары аралығында қазақстандық тұңғыш сериал, «Тоғысқан тағдырлар» түсіріліп, көрсетілді.

-         1993 жылы Ұлттық тенгеміз енгізілді.

-         1995 Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды.

Картинки по запросу тәуелсіздікке 25 жыл тәрбие сағаты        Картинки по запросу тәуелсіздікке 25 жыл тәрбие сағаты

 

Қорытынды . «Тәуелсіздікке 25 тілек»  Әр оқушы жүрекшеге  өз тілегін жазып тақтаға бекітеді.

Мұғалім сөзі

-Мен 21-ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін. Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады. Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық. Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз. Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын! Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! -деген елбасымыздың қорытынды сөзімен сабағымды аяқтаймын. Тыңдап сабаққа қатысқандарың үшін рахмет! Сіздер өз Отанымыздың болашағы екендеріңді ұмытпаңыздар.

 

 

 

Қатысушының аты-жөні

Жұмыс орны

Лауазымы

Пед.өтілі

Байланыс телефоны

Ишангалиева Арайлым Фыазыловна

М-С.Бабажанов атындағы ЖОББМ

Физика және технология пәнінің мұғалімі

20

87779795617

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Классный час на тему "Тәуелсіздік - тұғырым""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Старший рекрутер

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 290 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.01.2017 835
    • DOCX 215.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ишангалиева Арайлым Фазыловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ишангалиева Арайлым Фазыловна
    Ишангалиева Арайлым Фазыловна
    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11560
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой