Инфоурок Классному руководителю КонспектыКлассный час на тему "Все профессии хороши" (8 класс)

Классный час на тему "Все профессии хороши" (8 класс)

Скачать материал

Мамандықтың бәрі жақсы

Сыныбы: 8
Тақырыбы:
«Мамандық тандаудың сыры неде?»
Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру. Жұмыстың мазмұнымен, мағынасымен айрықшаланатын мамандық әлемінің түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру. Мамандықтарға сипаттама беру, қыр - сырын ашу. Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, мамандық таңда білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: мамандық туралы суреттер, мамандық аттары жазылған карточка, слайд көрсету.
Әдісі: Тест тапсырмалары, карточкалармен жұмыс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Мамандықтың бәрі жақсы
(ойын, сайыс )
Сайыс кезеңдерімен таныстыру.
«Білімді мыңды, білікті бірді жығады» (білім сайысы)
«Тапқыр болсаң тауып көр» (мамандыққа сәйкес қасиеттерді табу)
Маман иесі – психолог – оқушының жан дүниесін түсіну
Егер осы маман иесі болсам! (ситуациялық шешу)
Шығармашылық жұмыс «Кім боламын?»
ІІІ. Қорытынды бөлім

І. Ұйымдастыру

  Ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай «Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, оларың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді». Жақын арада әрқайсыңыз мамандық таңдау мәселесіне тап боласыздар, бүгін сабақта бізер осы маңызды тақырыптарға тоқталамыз.
 Бүгін міне, осы залда баласының болашағынан үміт күткен ата- ана және әр мамандық иелері , жалпы жоғары буын оқушылары мен ұстаздар қауымы бас қосып отыр.
Бұл бас қосудың маңыздылығы – мынау нарықтық қарым- қатынас жағдайында өмірге аттағалы отырған жастың көкейінде «кім болам?» деген сұрақ тұр.
Олай болса, біздің бүгінгі « Мамандық тандаудың сыры неде? » атты дөңгелек үстеліміз оларға өмірде жаңылыспай, өз жолын табуға септігін тигізердей етіп, сіздер мен біздер өзіміздің бай тәжірибемізді , ой толғаныстарымызды ортаға салып, ой бөліссек деген ниетпен өткізгелі отырмыз. Шарамызды бастамас бұрын қатысушылар мен қонақтарды таныстырып  алайық.
Тренинг «Менің атымның мағынасы»

-Психологиялық сәт : Өзін- өзі тану. Оқушылар мен қонақтар, ата- аналар өзіне ұнаған геометриялық фигураны кез келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті , қабілетті білдіреді. Әрқайсымыз өзімізді танып көрелік.
І топ «Мәңгілік ел» шеңберді таңдағандар
ІІ топ «Жаса қазақ!» тобы төртбұрышты таңдағандар
ІІІ топ . «Атамекен» тобы. Үшбұрышты таңдағандар.
Шеңберді таңдағандар: сендерде адамгершілік жоғары дамыған. Өз әріптестеріңді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесіндер, басқаның ауыртпалығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан . Саған жеке адамдар арасында кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың. Сендерден үздік психологтар шығуы мүмкін.
Төртбұрышты таңдағандар : Сендерде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналаңа адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу, және жүйелеу қабілеттері баршылық. Сендерден үздік администраторлар шығады.
Үшбұрышты таңдағандар : Сендерге басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске , жетістіктерге , ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныңнан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда , өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігің бар
.
Біз бүгін «Мамандық
тандаудың сыры неде?» атты сайыс және ойын түрінде сынып сағатын жүргіземіз.Сондықтан әр топ өздеріне ат қойып ұран әзірлейді.

Мамандық туралы әр топ оқушыларына сөз беріледі.

   Бұл шарада әр оқушы жеке саяхатқа шығып өмірден түйген ойларын, білімдерін ортаға салып, ой - пікірлерін айтады.
ІІ Тапсырма
Төмендегі қасиеттер қай мамандыққа сәйкес келеді, дұрыс жауапты бағыт сызығымен байланыстыр
Тренер----------- тапқыр
Дәрігер---------- әділ
Мұғалім--------- өте ақылды
Журналист----- шыдамдылық
Механизатор----өз мамандығын жетік білу
Құрылысшы------ой - өрісі жоғары
Заң қызметкері---мейірімді
өнер иесі-----------мәдениетті
ІІІ. Тапсырма
ІҮ. Тапсырма
Егер мамандық иесі болсаң не істер едің: (ситуациялық шешу)
Дәрігер. Ауырған адам сізге келіп, қойған диагнозбен келіспейтінін айтты. Сіздің шешіміңіз?
Мұғалім жайлы әңгіме «Жүрексіз нені түсінеміз?» сабаққа ата - ана қатысып отыр. Үй тапсырмасын сұрадыңыз, ешбір оқушы дайын емес. Не істер едіңіз?
Әнші. Сахнада ән салып тұрсыз, көрермен ұйықтап отыр. Бұл сізге ұнамады. Сіз не істейсіз?
Журналист. Жазған мақалаңыз кейбір жандарға ұнамай, сізге ескерту жасады, қорқытты. Не істер едіңіз?
Тігінші. Сізге бір кенет жақсы матадан көйлек тіктіруге тапсырыс береді. Ол матаны тігу барысында дұрыс болмай қалды. Тапсырыс беруші сізге ренішпен ұрысып, матаны тауып беруіңізді талап етті. Сіз қалай жауап берер едіңіз?
Аспазшы. Асханаға келген кенет жасалған тағамға көңілі толмай қайтарып әкелді, ақысын сұрады. Сіздің жауабыңыз?
Жүргізуші. Сіз алыс жолдан шаршап келіп дем алып жатырсыз, досыңыз келіп, сізге бір жерге алып баруыңызды өтінді. Не деп жауап берер едіңіз?
Ү. Тапсырма
«Кім боламын?» тақырыбына эссе жазу. Әр оқушы өзі қалаған мамандығына жазады.
- Әрбір ата- ана өзінің баласының ешкімнен кем болмай , өзінің көздеген мамандығына түсіп, өмірде өз орнын тапқанын қалайды.
Постермен жұмыс. Үш топқа үш плакат беріледі. Қазіргі қоғамға ең қажетті мамандықтар дәрігер, мұғалім, полиция қызметі туралы суретпен бейнелеп,осы мамандықтың жетістіктері мен кемшін тұстарын қатар бейнелеп , әр топ өз жұмыстарын қорғайды.
І топ «Мәңгілік ел» мұғалім мамандығын
ІІ топ «Жаса қазақ!» дәрігер мамандығын
ІІІ топ . «Атамекен» тобы. Полиция қызметкерін

- Оқушылар мен ата- аналар өз жұмыстарын жүргізіп жатқанда әр саланың мамандық иелерінің таныстырып өтелік . - Ата- аналармен жұмыс.
1- тапсырма
Ата- ананың бәрі бірдей балаға жасынан кәсіби бағдар беріп, икеміне, қабілетіне қарай дүниенің тетігін тауып қалануына баули біле ме?
2-тапсырма:
Өмірде талай жайды көзіміз көріп жүр. Әке- шешесінің арқасында не ішем, не кием деп ойланбай, сапалы білім алуға да мұршасы келмейтіндер де кездеседі. Бар мен жоқтың парқын білмеген соң, олар оқуға онша бас қатыра бермейді. Колледж бен университетке ата- ананың жетектеуімен барады. Оны бітіргеннен кейін дүбара мамандық иесі атанып шығады. Ондай сапасыз мамандықтар қазіргі кезде керек пе?
3-тапсырма.
Жалпы, біздің бойымызда баланың қабілетіне қарамай, ЖОО сүйрелей жөнелетін әдет бар. Бала қандай кәсіпке икемді, соны қаперімізге алғымыз келмейді. Бүгінгі нарық кезінде көп адам ақшалы жұмыстарды істеуді көздейді. Ия, сананы тұрмыс билеген заман емес пе? Қарапайым кәсіп түрлеріне мұрын шүйіріп қарайтындар да кездеседі. Осы орайда тартымды – тартымсыз мамандықтар бола ма?

1. Нарық заманына сәйкес жаңа мамандықтар түрлеріне қандай мамандықтарды жатқызасыздар?
2. Қазіргі жеткіншектердің санасында , жалпы психологияда, жалақысы мол заңгер, қаржыгер, экономист кәсіпті таңдау керектігі бірінші орында тұрады. Барлығын ақша шешеді деп түсінеді. Сөйтіп, рухани құндылықтар екінші орынға қалып, матеиалдық қажеттілік бірінші орынға шығып кетеді. Неліктен ?
3. Мамандық таңдауда ең басты не : Қабіле пе, дарын ба әлде мамандықтардың қоғамдағы беделі ме?
4. Ауыл экономикасын көтеру үшін , ауылға ең алдымен қандай мамандықтар қажет деп ойлайсың?
5. Адам өз мамандығын таңдаған кезде , нені басшылыққа алу керек?
6. Адам бірнеше мамандықты меңгерсе , оның өмірі қандай болады деп ойлайсыздар?


 

Сұрақ- жауап :
1. топқа сұрақ :Әлі де өткен іске өкінбей өзім қалаған мамандық иесі бола аламын ба?
2. топқа сұрақ :Өмірде сүрінетін болса , қайта тұрғызатын күш бар ма?
3. топқа сұрақ : Өздерің сүйіп қалаған мамандығыңды басқа біреудің айтуымен өзгертер ме едің?

Жүректен жүрекке Ж. Баласағұн
«Еңбек туралы»
Басым көкке жетсін десең армандап,
Әр жұмысты біліп істе, қарма оңдап,
Барлық істі сарапқа сап істегін,
Қисаппенен қазынаңды үстегін.
Кісі танымақ болсаң, ісіне қара.
Өз күшің жеткенше, өзің үшін аянба.
Ерте тұрып, кеш жат ұйқың қанады,
Ерте тұрған ердің бағы жанады

Қорытынды
Сонымен оқушылар, бүгінгі «Мамандық тандаудың сыры неде?» атты сайыс түріндегі сынып сағатымызда жақсы маман иесі болу көп оқып, оны келешекте мамандық таңдауда дұрыс шешім жасауға пайдалануға ой түйдік. Сабағымыздың соңында барлығымыз бірге бір - бірімізге сәттілік тілей отырып, «Алақан сипау» ойынын ойнасақ. Сол жағымызда отырған адамның алақанын сипап бір мақтау сөз және бір тілек айтып сынып сағатымызды аяқтаймыз.
Бұл сыныптағы барлығымыздың татулығымызды арттыруға арналған жаттығу.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Классный час на тему "Все профессии хороши" (8 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Контент-менеджер

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Данный классный час предназначен для учащихся 8 класса с казахским языком обучения. Классный час я провела используя работу в группах. На данном уроке я провела тренинг "Что означает мое имя?" дети в группах обсуждали тему классного часа, отвечали на предложенные вопросы, (которые приведены в моем плане урока), находили ассоциации, защищали свои постеры на тему "Кем я бы хотел стать в будущем?"

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 299 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.05.2015 829
    • DOCX 25.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кусайнова Мира Асетовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кусайнова Мира Асетовна
    Кусайнова Мира Асетовна
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1933
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 90 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 249 человек

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 216 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 549 человек

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 141 человек

Мини-курс

Event-менеджмент и видеопродакшн: от концепции до успешной реализации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

Психология взаимоотношений, прощения и самопонимания

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 135 человек из 52 регионов
  • Этот курс уже прошли 41 человек

Мини-курс

Профессиональное развитие педагога: успехи и карьера в образовании

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе