Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Классный час на тему "Желтоқсан жаңғырығы Желтоқсан "

Классный час на тему "Желтоқсан жаңғырығы Желтоқсан "



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы- Тәуелсіздік

: Ассалаумағалейкум, халқым менің

Ардақта дәстүріңді, салтыңды елім.

Мереке басы болсын берекенің,

Игі еңбек жемісінің бәрін жегін.

2 Ж: Армысыздар, құрметті ұстаздар, ата аналар, Егемен еліміздің ұлағатты ұрпағы. Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылып отырған Желтоқсан жаңғырығы - Тәуелсіздік атты іс- шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер.

1 Ж: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын орындауға тік тұрайық!

2 Ж: Тәуелсіздік мерекесіне орай құттықтау сөзі мектеп басшысы Ысқақов Жантөре Мұхтарұлына беріледі.

1 Ж: Халқымыздың тарихында ерекше орны бар қасіреті мен ар намысына, сонымен бірге мақтанышына айналған- бұл 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы.

2 Ж: 70 жыл бойы құлдырауға маталған қазақ халқы 1986 жылдың желтоқсанында тар жол тайғақ кешуден өтті Иә, бостандық, теңдік,тәуелсіздік өз бетімен келген жоқ. Желтоқсан- елімнің болашағы, бостандығы, егемендігі үшін күрес.

1 Ж: Иә, бұл күнге жету үшін ата бабамыз қан төкті, жанын берді, бүкіл жеріміздің тұтастығын сақтап ұрпақтан- ұрпаққа табыс етті.

2 Ж: Оның айғағы дүниені дүр сілкіндіріп,әлемге қазақ деген атты паш еткен Желтоқсан оқиғасы.

1.Желтоқсан тарихымда әйгілі күн,

Ерттеп мініп ар ождан сәйгұлігін

Ерлерім елдік үшін атой салып,

Еншілерін қайтарған бәйгелі күн

Желтоқсан тағдырларға азалы күн

Қайраған намыстарын мазалы күн

Қыршынынан қиылған боздақтары

Қалар мәңгі есіңде қазағымның

2\Желтоқсан қайсар ерлік ,қуатты күн

Жігер оты маздаған тұрақты күн

Тәуелсіздік билігі қолға қонған

Тәңіріме Желтоқсан шуақты күн

Желтоқсан жадымызда жаралы күн

Жастарым жапа шеккен жаралы мұң

Еркіндік, егемендік, елдігімді

Емірене аңсады саналы ұғым.

Ән: Желтоқсан желі.

1 Ж: 1986 жылы 17 желтоқсанда таңғы сегізде Алматы қаласындағы Брежнев алаңына мыңдаған қазақ жастары наразыларын білдіріп шеруге шықты.Олар: Қазақ еліне ұлты қазақ азаматы көсем болып сайлансын деген тілек білдірді.

2 Ж: Сол кездегі үкімет басшыларының бұйрығымен күш көрсетілді. Ойылдар мен арсылдаған иттер пайдаланды.Көптеген жастар түрмеге қамалды.Оларға желтоқсанның ызғарлы күнінде зәбір көрсетілді. Түнгі сағат жиырма төрт шамасында қар үстінде150- ден астам ұл қыздар соққыға жығылып жатты.Өз елінің құқын талап етіп шеруге шыққан жастарға бұзақылар, ұлтшылдар, нашақорлар деген кінә тағылды.

3\ Нашақор деп, ұлтшыл деп

Қазаққа күйе жаққан күн

Базары кетіп бір күнде

Қайғыға халық батқан күн

Әділдік пен шындықты

Өтірік жала жапқан күн

Надан жасаған сұмдықтан

Адамдар азап шеккен күн

Қасқалдақ ұшып көлінен

Шүрегей келіп қонған күн

Қырандар кетіп көгінен

Қарғалар биік алған күн

Қақап күннің ызғары

Сүйектен өтіп кеткен күн

Қаракөз қазақ қыздарын

ОМОН дар бастан тепкен күн

Қариялар итке таланып

Ер басын күрек шапқан күн

Аппақ қар қанға боялып

Қып қызыл мұз боп жатқан күн

Ән: Қара бауыр қасқалдақ

1 Ж: Жастық жырын Желтоқсанда самғаттың,

Бұлбұл құстың үнін асқақ сайраттың

Қан төгілді қара жерге қаншама

Қайғылы жай белгісі ғой баршаға

Егеменді ел боп алдың бүгінде.

Рухына бас иемін Қайраттың.

2 Ж:Желтоқсан оқиғасына қатысқан Қайратқа Савицкиййді өлтірдің деп жала жабылады.Қайратқа қарсы келген өтірік куәгерлер табылады.

Көрініс « Қайратты тергеу сәті»

4\ Жас арудың жанарында- Желтоқсан

Қанды ғасыр табанында- Желтоқсан

Қаралы өмір қайыстырған халқымның

Қара тұман қабағында -Желтоқсан

Жауыздықты жасаған да -Желтоқсан

Жаңа ғұмыр бастаған да -Желтоқсан

Жазықсыздың көз жасына жуынып

Абақтыға тастаған да- Желтоқсан

5\ Желтоқсан - заман толғағы байтақ даланың

Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың

Желтоқсан Қайрат, Ләззат, Сәбира

Құрбаны болған жаланың

Ал қоғамның адамнан бар ма асылы

Кеткен де жоқ құлақтан зар басылып

Бұғаудағы боздақтар кете барды

Бірі атылып, бірі дарға асылып.

1 Ж: Бірақ қазақтың өр ұлдары мен ер қыздары көбеймесе азаймады.Оның айғағы жыл бұрынғы ел намысы үшін жанын құрбандыққа қиған желтоқсандықтар болатын. Олар:

Ләззат Асановаға

Қайрат Рысқұлбековке

Сәбира Мұхамеджановаға

Ербол Сыпатаевқа

6\ Аяулы қырандарым,қыршындарым,

Ақ еді, анық еді шын сырларың

Ел үшін құрбан болған боздақтарым

Төрінде жұмаөтың жүрсін жаның

Өткірдің жүзіндей боп қылшылдадың

Сынаққа түскен кезде бір сынбадың

Қараймын сағынышпен сендер жаққа

Сөнбейтін шырақ болып тұрсын бәрін.

\ тақпақ айтылып жатқанда майшам шығару\

2 Ж: Осындай батырлардың рухына тағзым етіп, еске алу баршамыздың парымыз. Құрбандарға арнап бір минуттік үнсіздік жариялаймыз.

7\ Ұмытпайды ұрпақ ызғарлы күнді

Жел де оған құлағын түрді

Жастардың қаны төгілмей текке

Еліміз жеке түндігін түрді

8\ Тәуелсіздік

Көрдік сені,тіріміз

Көре алмады көсеміміз, іріміз

Ұлтшылы аз, ұлтсыздықпен күресте

Қазақ болған әзірге құр түріміз

9\Тәуелсіздік

Пейіл сыйы қазақтың

Арамыздан арылғаны азаптың

Батыры көп, ақына көп халыққа

Алла жар боп туа қалған ғажап күн.

10\ Тәуелсіздік,Тәуелсіздік жыр әнім

Көк байрағым, , Елтаңба,Әнұраным.

Атыңнан айналайын, Тәуелсіздік,

Қолда елімді қасиетті Құраным!

Ән:

1 Ж: 1991 жылы Қазақстан өзінің Тәуелсіздігін жариялады. Бұл қазақ тарихында ғасырлар бойы аңсаған арманы орындалған күн болды. Екі ғасыр Ресей империясының отары болған, жетпіс жыл бойы Кеңес Одағының қысымын көрген Қазақстан үшін бұл күн Ұлы мереке еді. Қазақстан Тәуелсіздігін алып, ғасырлар бойы ұмыт бола бастаған тілін,салт- дәстүрін қайта жаңғыртып, Тәуелсіздік туын биік көтерді.

2 Ж: Иә, Желтоқсан оқиғасы қаншама ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті алып келгенінің арқасында дүние жүзіне танымал ел болдық.

11\ Елімнің атын айтсаң- Қазақстан

Жерімнің атын айтсам -Қазақстан

Қойнауы қазынаға толы мекен

Байлығым атын айтсам -Қазақстан.

12\ Кең байтақ туған өлкем Қазақстан

Мен сені әрқашан мақтан тұтам

Алтын дән, мыс, мырышы, мұнайымен

Баршаны байлығымен таң қалдырған

Төбеңде көк байрақты желбіретіп

Жасашы, жасай берші, Қазақстан

Шарықта, шарла көкте, көк Байрағым!

Арманым, азаттығым, көпке айғағым

Өлеңмен сенің салтанатты сағағыңа

Өлеңмен алтын шашақ ,

Шоқ байладым!

Ән:

1 Ж: Қыранымыздың қанаты талмасын,

Анамыздың мейірімі суалмасын.

Бауырымызда баламыз аман болсын.

Келесі кездескенше күн нұрлы болсын, ағайын

2Ж : Бір ата, бір ананың түлегіміз

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз « Бірлік барда тірлік бар » деген бабам. Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз! - дей отырып, ашық тәрбие сабағымызды аяқтаймыз. Келесі кездескенше күн нұрлы болсын, ағайын!













57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 21.10.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров168
Номер материала ДВ-085822
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх