Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Классный час на тему "ЖКТБ-ажал аралы"

Классный час на тему "ЖКТБ-ажал аралы"



Внимание! Сегодня последний день приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Классному руководителю

Документы в архиве:

Название документа ЖКТБ-ажал аралы.doc

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: ЖҚТБ-ажал аралы.

Мақсаты:

Білімділік: Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі ЖҚТБ дертінің алдын алу,оның жұғу жолдарын,одан сақтана,қорғана білу туралы түсіндіру.

Дамытушылық:Оқушылардың ойларын еркін жеткізе білуге,сөйлеу дағдыларын,есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік:Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға,адамгершілікке, инабаттылыққа, салауатты өмір салтын сақтай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілік:тірек сызбалар,суреттер,буклет,қосымша материалдар.

Түрі: көрініс сабақ

Әдіс-тәсілдер:баяндау,көрнекілік,кейіпкерлерді кейіптеу.

Барысы:

Біздің ата бабаларымыз кең далада еркін өсті.Олар ойын да,бойын да таза ұстады.Ақыл ойды улап,адамды есінен тандырып,мас қылатын арақ- шарап дегеннен аулақ болды.ата-бабаларымыздың ең сүйікті сусыны дертке дауа,жанға шипа болатын қымыз еді.

Кешегі кеңес заманында қазақтың дастарханына-ішімдік келді. Ішімдікпен бірге қайғы-қасірет қоса келіп,талай азамат арақтың соңына түсіп қор болды.Ішімдіктің кесірінен талай шаңырақ ортасына түсті.Қазақтың қуаныш тойы да,қонағы да арақсыз атқарылмайтын болды.Ішімдікті үлкен де, кіші де ішті.

Ішімдікпен қоса темекі шықты.Адамдар темекіге үйір болды.Темекі жас-кәріні,ерлер мен әйелдерді таңдамады.

Талай отбасына қайғы-қасірет әкелген,талай жандыадамдық жолынан тайдырған әз-әзіл арақтың ешкімге опа бермесін залыққа жанашыр зиялы азаматтар «Атаңнан қалған ас емес,арақтан аулақ болайық ағайын» деп айтудай-ақ айтты.

Халқымыз ішімдіктің қасіретінен арыла алмай жүрген шақта «Жер астынан жік шықты,екі құлағы тік шықты» дегендей есірткі деген пәле шықты.Есірткі –ғасыр тажалы.Онымен қазір бүкіл әлем болып күресуде.Бірақ ол оңай алдырар жау емес екен.есірткі бір басын кессең,екінші басы шыға келетін жеті басты жалмауыз сияқты.Сол қаныпезердің ең алдымен айналдыратыны-өсіп келе жатқан көкөрім жастар.

Ата-анасының еліктеуінен,еріккенінен есірткіге үйір болып,соңы ғасыр дерті болып отырған ЖҚТБ-ға ұрынып жатқан жастарымыз көбеймесе азаймай тұр.бүгінгі таңда ЖҚтБ жағдайы біздің республикамыз бойынша қатерлі сипат алып тұр.АИВ инфекциясы жұққан аурулар бой бермей көбейіп келеді.Бұлардың ішіндегі жартысы 20-жасқа дейінгі жасөспірімдер.

Ішімдік

Жаман әдеттер → Темекі ЖҚТБ-ға апаратын жол

Есірткі

Көрініс:

Сахнада хан екі уәзірімен әңгімелесіп отырады .

Сахна сыртынан дауыс шығады.Алтайдан Атырауға дейінгі ұлан-ғайыр алқап бағзы заманнан қазақ ұлтының мекені. Ұшқан құстың қанаты талатын шексіз алқапты ата-бабаларымыз, ақ білектің күшімен,ақ найзаның ұшымен қорғап келді.Таза ауада мінгені жылқы,ішкені қымыз, жылқының етін жеп,дені сау салауатты өмір сүріп жатты. Осы кезде бақсы келеді:-Масқара,масқара,сұмдық, сұмдық...Уа әлемнің билеушісі хан ием.Құдіретті күшті мықты тақсыр.Сіз бәрін білесіз,сіздің күшіңіз бәріне де жетеді.О,хан ием құдіретті қазақ даласына бір ауру жайлап барады.ЖҚТБ жазылмайтын ауру дейді.Ауырғандар саны артып барады.Өзіңіз бір амалын жасаңыз.Сіздің құдіретіңіз оған жетеді.Сақта еліңді,сақта далаңды,сақта халқыңды.

Хан орнынан ұшып тұрып: Не дейді.Не сұмдық айтты ана бақсы?Уәзірлерім ыза жай емес болу керек.Сіздерге тапсырма осы ауру жайлы толық біліп анықтап келіңдер.Болашақ ұрпақ сау болуы біздің қолда. Уәзірлер: -Жарайды,жарайды хан ием. - Табамыз,анықтаймыз.сақтаймыз халқымызды.(екі уәзір кетеді). Бірінші уәзір:Даудың алдын алмаған-төлейді,аурудың алдын алмаған өледі-дейді бұл ауру туралы біліп,сақтанайық. 2-ші уәзір:Көпті көрген куәлі,көп ауызы дуалы,-деген ғой,көптен сұрап,аралап анықтайық.Алдарынын оқымысты шығады.Екеуі амандасады. –О,қарағым түріңе қарасам,оқымысты сияқтысың.ЖҚТБ деген ауру шығыпты дейді.Ол қандай ауру,оның емі барма?Қайдан шығыпты.

Оқымысты:Дәл үстінен түстіңіз.Сол ауруды зерттеп жүрген адам едім.Қайдан шыққанын айтып берейін. ЖҚТБ-ның шығу тарихы.

Хан:Е,балам, рахмет,өркенің өссін.Бұл ауруды зерттеп түбіне жетуіңе тілектеспін. Екінші уәзір:Не істесем екен?Бұл аурудың белгілері қандай ,қалай жұғады.Кімнен сұрасам? Қайдан сұрасам?Оның белгілерін білмесек сақтана, емделе алмаймыз ғой.Енді не істедім.(Ойланады.) Е,таптым,таптым.Менің сиқырлы құмырам бар ғой.қазір құмырамды ысқыласам сиқыршы шығады.Оның қолынан бәрі келеді.(құмырасын ысқылайды,сиқыршы шығады) Сиқыршы:Не бұйырасыз ием?Мен сізге қызмет етуге даярмын. Уәзір:Сиқыршы,ал керемет болсаң ,менің үш арманымды орындашы. Сиқыршы:Жарайды орындайын.Бірақ содан кейін маған бостандық бересің.Ал бірінші арманыңды айт. Уәзір:ЖҚТБ ауруларының белгілерін айтып берші. Сиқыршы : Жарайды мен қазір «уф» деймін сонда дәрігер шығады. Дәрігер:ЖҚТБ ауруларының белгілерін айтып береді. Хан:Бұл ауру қандай жолдармен жұғады? Дәрігер:айтады. Хан:Қандай жолдармен жұқпайды? Дәрігер айтады. Сиқыршы:Ал екінші арманың не? Уәзір:Вирус туралы не білесіз? Сиқыршы:Оны өзім айтып берейін.(айтады)Ал үшінші арманың не? Уәзір:3-ші арманым ЖҚТБ ауруы дүние жүзінде қалай таралған. Сиқыршы: Жарайды мен қазір «уф» деймін сонда статист шығады. Статист жауап береді. Сиқыршы:Ал мен сенің үш арманыңды орындадым енді мен бос емеспін бе? Уәзір:Иә боссың, рахмет саған. Бірінші уәзір:Мұғалімдер оқушыларға ЖҚТБ туралы көп мәлімет беретін болу керек, содан сұрайын.Сіз оқушыларға ЖҚТБ-ның сақтану жолдары туралы айтқан болуыңыз керек бізге де айтып берсеңіз.(Айтады) Ханға қайтадан оқымысты келеді.О,құдіретті хан ием менің сізге әкелген тағы жаңалығым бар.КВИЛТ туралы айтады. Хан:Уа,уәзірлерім халық үшін,халықтың денсаулығы үшін көп іздендіңіздер,жарайсыздар.Нағыз халықтың адамгершілігі мол адам екенсіздер. Барлығы:Қазақстан Республикасының дені сау,парасатты,сауатты,инабатты, мәдениетті, адамгершілігі мол,еңбекқор,Отан сүйетін адал ұлдары мен қыздары болып өсуге ант береміз.

ЖҚТБ туралы өлең оқу.

Қорытынды:Міне балалар әр адамның мәнді де сәнді де, өмір сүруі үшінденсаулықтың әсері ұшан теңіз.Сондықтандаөмірлеріміздегі ең жарқын жастық шақтарыңызда дендеріңіздің саулығына бүгіннен бастап қамқор болыңыздар.Жастық шақтарыңның тамырына анаша,алкоголь,темекі,ЖҚТБ балта болып шабылмасын.Қымбатты қонақтар,оқушылар!Осыменен «ЖҚТБ –ажал аралы» тақырыбында өткен көрініс сабағымыз аяқталды.

Адамның қорғаныш тапшылық қоздырғышы, Адамдардың емі жоқ жұқтырғышы. Жұқтырмайық,қолданбайық,сақтанайық, Жұқтырған адамдарды қоғамнан бөліп тастамайық.





57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 04.10.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров236
Номер материала ДВ-031109
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх