Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Классный час "Нақты ғылымдар еліне саяхат"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Классный час "Нақты ғылымдар еліне саяхат"

библиотека
материалов



Қызылорда облысы

Сырдария ауданы

№35 Иса Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейінің

бастауыш сынып мұғалімі Жұмабекқызы Айжан hello_html_m51b7874a.gif



Тәрбие сағатының тақырыбы: Нақты ғылымдар еліне саяхат

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, ой-өрістерін кеңейту, ойлануды, танымдық белсенділікті дамытуға жағдай жасау, ұжымдағы жұмысқа икемділіктерін қалыптастыру.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, қазылар алқасы үшін жауаптардың қорытындылары жөніндегі бланк, слайдтар, ойын ережелері.

Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі


Сайыс шарттары:

  1. Топты таныстыру

  2. Бәйге

  3. Тіл-өнер

  4. Ғажайып бестік

  5. Бастап бәрің өнерді, биіктерге самғаңдар.

  6. Бәрін білгім келеді



ІІ Негізгі бөлім

1-жүргізуші:

Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Қарсы алады ғылымдар патшалығы,

Айқындалар балалардың саналығы.


2-жүргізуші:

Бүгінгі кештің төрінде,

Есеп шешіп жарысып,

Жұмбақ шешіп аңдысып,

Шабыт тасып шалқысып,

Ғылымның сырын ұғынып,

Білімдерің сыналар.


1-жүргізуші:

Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Білім мен тапқырлықтың жарысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, - демекші, қазылар алқасын таныстырып өтейік.


2-жүргізуші:

Білім қуып сайыскерлер өтер деймін,

Бір басына білімдері жетер деймін.

Бәске түскен сайыскерлер кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтсе деймін, - дей келе кезекті таныстыруға берсек.


І топ. Математика патшалығы

Математика ғылымдардың төресі,

Оза алмайды өмірде тар өресі.

Арифметика мен геометрияны меңгеріп

Жеңерсіздер қиындықты келесі.


ІІ топ. Әдебиет патшалығы

Тіл – біздің санамыз да, арымыз да,

Жақын ғой өз тіліміз жанымызға.

Бұл тілді біз мақтамай, кім мақтайды,

Бары рас ұлттық намыс қанымызда.


ІІІ топ. Дүниетану патшалығы

Табиғатсыз адамдардың күні жоқ,

Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ.

Табиғатты қорғау үшін күресейік,

Көркейсін деп бір-бір ағаш егейік.


ІҮ топ Қазақ тілі патшалығы

Қазақ тілі ұғындырар сөз мәнін,

Қазақ тілі – жүрек үнім, күй-әнім.

Қымбат бізге қазақ тілі әрдайым,

Қазақ тілі – ардақ тұтар ар тілім.


2-жүргізуші:

Бәйге деген жүйрік аттар жарысы,

Жүйріксіңдер сендер осы жарыста.

Жүйрік озып келеді қатарынан,

Біреу қалып жатады асығыста.

«Бәйге» сайысы. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

Сұрақтары:

  1. Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазым (Президент)

  2. Қазақтың атақты күрес шебері (Қ. Мұңайтпасов)

  3. Қазақтың ұлттық аспабында орындалатын шығарма (күй)

  4. Абайдың шын аты кім? (Ибраһим)

  5. Алғаш ғарышқа ұшқан қазақ (Т. Әубәкіров 1991 жылы)

  6. Қазақ даласында мектеп ашқан ұлы ағартушы кім? (Ы. Алтынсарин)

  7. Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз?(ұзындығын еніне көбейтеміз)

  8. Атақты суретші кім? (Ә. Қастеев)

  9. Бір заттың көлемін кішірейтіп көрсететін сан (масштаб)

  10. Париж халқын өз өнерімен тамсандырған кім? (Ә. Қашаубаев)

  11. Жер қыртысын толтырып жатқан денелер (тау жыныстары)

  12. ҚР-ның ұлттық валютасы қашан енгізілді? (1993 жылы 15 қараша)

  13. Алманың жартысы неге ұқсас? (жүрекке)

  14. Абылайхан қайда жерленген? (Ахмет Йассауи кесенесінде)

  15. Абай Құнанбаевтың туғанына неше жыл? (170 жыл)

  16. 2016 жыл қай жыл? (мешін)

  17. Қазақтың үш биін ата (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)

  18. 6-шілде қандай мереке? (Астана күні)

  19. Қазақстан Республикасында тілдер мерекесі қашан? (22 қыркүйек)

  20. Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлар кімдер?


1-жүргізуші:

Сөз маржаны дегенде

Ерінбей, қане, шешіңдер.

Маржанды сөзді тереңнен

Тауып алып тізіңдер

«Тіл-өнер» сайысында мақал-мәтелді жалғастырып, жұмбақты шешіп, шешуін орысша аудару керек.

Мақал-мәтелді жалғастыр.

  1. Өз елім (өлең төсегім)

  2. Балапан ұяда не көрсе (ұшқанда соны іледі)

  3. Сөзің тәтті болсын (ісің сәтті болсын)

  4. Жақсы кісі байқап сөйлер (Жаман кісі шайқап сөйлер)

  5. Дені саудың (жаны сау)

  6. Жалқаудың жаны тәтті (еңбектің наны тәтті)

  7. Әке көрген оқ жонар, (шеше көрген тон пішер)

  8. Ананың көңілі балада (баланың көңілі далада)

Жұмбақты шешіп, орысша аудар.

  1. Қалқиып екі құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады. (қоян – заяц)

  1. Сақталады алты ай жаз,

Сандығымда сары аяз. (тоңазытқыш – холодильник)

  1. Екі аяқпен кезек-кезек тебеді,

Ол тынымсыз домалап

Зыр жүгіре береді. (доп – мяч)

  1. Кіп-кішкентай екі көз,

Қалай көреді өзі?

Қолы екен ұзын мұрны,

Сол мұрнымен

Тамақ тауып жүреді өзі. (піл – слон)

  1. Тұмсығымен қозғалар,

Артында аппақ із қалар (бор – мел)

  1. Қабат-қабат қаптама,

Ақылың болса аттама. (кітап – книга)

  1. Жылт-жылт еткен

Жылғадан өткен (су – вода)

  1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында (сызғыш – линейка)

2-жүргізуші:

Әрқашан да білім көптік етпеген

Талапсыз жан мұратына жетпеген.

«Ғажайып бестік» сайысында

Сұрақтар бар енді сендер күтпеген.


Қазақ тілі пәні бойынша:

10.Фонетика нені зерттейді? (Фонетика тіл дыбыстарын зерттейтін ғылым)

20. Қазақ тілінде неше септік бар? Қандай? (Атау, ілік, табыс, барыс, жатыс, шығыс, көмектес)

30. Сан есімдер құрамына қарай нешеге бөлінеді? (дара сан есім және ткүрделі сан есім)

40. Сын есім дегеніміз не?


Әдебиеттік оқу бойынша:

10.Халық ауыз әдебиетінің түрлері (ертегілер, жаңылтпаштар, жұмбақ, айтыс, батырлар жыры т.б.)

20. «Менің атым – Қожа» повесінің авторы кім? (Б. Соқпақбаев)

30. Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей

Бұл нақыл сөзді кім айтты? (А. Құнанбаев)

40. Қазақ тіл білімінің, қазақ әліпбиінің негізін салушы, құрастырушы кім? (А. Байтұрсынов)


Математика пәні бойынша:

10.Шаршы дегеніміз не? (барлық қабырғалары тең төртбұрыш)

20. Ең үлкен төрт таңбалы санды ата (9999)

30. Белгісіз санды немен белгілейміз? (әріппен)

40. Әлияның жасы қазір 10-да, шешесі Динаның жасы Әлиядан 4 есе үлкен. Әлияның жасы қазіргіден 2 есе үлкен болған кезде, Динаның жасы қаншаға толады? (50 жасқа)


Дүниетану пәні бойынша:

10.Көкжиектің неше тұсы бар? (4, оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс)

20. Жазықтар қандай түрлерге бөлінеді? (төбелі, тегіс)

30. Қазақстанның қай өңірінде аласа таулар көп мкездеседі? (Сарыарқада)

40. Электр тогын жақсы өткізетін қызғылт түсті жұмсақ металл (мыс)


Ұлы адамдар:

10.Ұлы жүздің төбе биі (Төле би)

20. Қазақтың саяхатшы ғалымы (Ш. Уәлиханов)

30. «Қазақ» газетінің редакторы болған кім? (А. Байтұрсынұлы)

40. Абылай ханның шын аты (Әбілмансұр)


1-жүргізуші:

Әр қазақта ашқан қазақ өнер сырын,

Шақырған сайыстарға бір-бірін.

Тыңдайық тамашалап көрермендер,

Көрсетеді сайыскерлер өз өнерін.

Әр топ өз өнерлерін көрсетеді.


2-жүргізуші:

Еркін елдің ұланы біздерміз

Биіктерің, мәртебең елдігіңде

Үздіксіз ізденіс пен тарихи білім

Таныта бер, біліміңді бар әлемге - дей келе біздің сыныбымызда да үнемі ізденісте болып, ғылыми жобалар дайындап жүрген оқушыларымыз бар.

Жәдігеров Ақниет «Ғажайып қара сабын»

Жұманазарова Нұрсара «Менің саябағымдағы алма ағаштары»

Болатова Айсәуле «Қазақтың байырғы қара есептері»

Темірханова Дильназ «Асқабақтың емдік қасиеттері»


1-жүргізуші:

Білімнің мініп алып тұлпарына,

Қиналмай шықты білім шыңдарына.

Бүгінгі сайысымыз аяқталды,

Сөз кезегі қазылар алқасында

Бүгінгі сайысымызды қорытындылап, жеңімпаз топты анықтау үшін қазылар алқасына сөз берейік.


2-жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Осымен бүгінгі сайысымыз аяқталды. Жарыс болған соң жеңісі мен жеңіліс қатар жүреді. Жарыста жеңілсек те, өмірде жеңіске жете берулеріңізге тілектеспін. Қош, сау болыңыздар!





Автор
Дата добавления 27.01.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров138
Номер материала ДВ-385199
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх