Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Классный час по теме "Здоровый образ жизни" (4 класс)

Классный час по теме "Здоровый образ жизни" (4 класс)

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы:  Салауатты өмір салты.

Мақсаты: 

Білімділік: Адам өміріндегі салауатты өмір салтын ұстанудың мәнін түсіндіру;

Дамытушылық: Зиянды заттарды қолданудың алдын алуға, оларды ішімдік, темекі, есірткі сияқты қоғамның кері кетіретін құбылыстары жөнінде мәлімет бере отырып, олардан бойын аулақтату, өмірін бағалай білуге, өз ойларын ашық айтуға баулу;

Тәрбиелік: Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: «Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» деген жазу; денсаулық, нашақорлық, ішімдік, шылымқорлық туралы суреттер, мақал-мәтелдер, денсаулық жайлы даналық ойлар.

Барысы:

Мұғалім: 

Өмірге адам бір -ақ рет келеді,

Жастық шағың өміріңнің кемелі .

Күте білсең саулығыңды өрелі ,

Табиғаттың бергеннен көп берері . 

Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселелердің бірі – адам денсаулығы. Адам өміріне қауіп төндірітін жағдайларға соғыс, ашаршылық, экологиялық жағдайлар және адам ағзасын азғындайтын зиянды әрекеттер жатады. 

Осы жағдайлар ішінде бізге түсінбеушілік тудыратын соңғысы, яғни адам ағзасын азғындайтын зиянды әрекеттер. 

Бұлар қандай әрекеттер? 

Бұлар: шылымқорлық, ішімдік, нашақорлық т.б. Бүгінгі тәрбие сағатында біз осы зиянды әрекеттер туралы әңгіме қозғап, солардан сақтану жолдарын қарастырамыз. 

Сынып оқушылары 4 топқа бөлінеді. 

І топ «Шылымқорлық»

Ұраны: «Темекіден түтін сорсаң улайсың, өзіңді-өзің жіпсіз байлап шырмайсың».

ІІ топ «Ішімдік»

Ұраны: «Болар бала кісілікке үйір, тозар бала ішімдікке үйір».

ІІІ топ «Нашақорлық»

Ұраны «Есірткіге жолама, жетелейді молаға».

ІҮ топ «Денсаулық»

Ұраны «Денсаулық зор байлық».

Мұғалім: Топтарға сөз бермес бұрын, мен жас жеткіншектердің психологиялық сауаттылығына кері әсер ететін факторлар туралы айта кетейін.

Олар: 1) Отбасындағы қолайсыз жағдай.

2) Отбасының материалдық жағдайының төмен болуы.

3) Мектептегі пәндерден үлгермеу.

4) Сабақтан тыс уақытта ата-аналар тарапынан бақылаудың жеткіліксіз болуы.

5) Заңды бұзу.

6)Бөгде біреудің қысым көрсетуі.

7)Теледидар бойынша көрсетілетін сапасыз жарнамалар және фильмдер.

Ешқандай ата-ана баласының тәрбиесіз, бұзақы болғанын қаламайды. Жас жеткіншек шыбық секілді иілгіш, жел қайда соқса сол жаққа қарай бейімделеді. Бірақ жаман әдетке үйрену оңай. Енді осы зиянды әрекеттер туралы әңгіме жүргізейік. 

І – топ «Шылымқорлық»

1-оқушы: Темекінің шығу тарихы – темекі Еуропа мен Азияға 15 ғасырда келген. Алғашқы кезде темекі тіс ауруына қарсы қолданылатын дәрі ретінде пайдаланылып жүрген. Ресейде темекі тарту дағдыға айналып, кең тек жайған мезгіл – Петр І патшалық еткен кез.

2-оқушы: Дүниежүзілік «Денсаулық сақтау» ұйымының мәліметі бойынша 2007 жылы темекінің зардабынан қайтыс болатындар саны 10 миллионға жетеді деген болжам бар. Темекінің шоғы 300 градусқа жеткенде оны сорған адамның аузының температурасы 60 градусқа дейін барады. Бұл ауыз, өңеш, кеңірдек, тыныс жолдары мен асқазан қабығының нәзік жасушаларын күйдіреді.

3-оқушы: Темекіден ауаға жылына 720 мың тонна күкірт қышқылы, 384 мың тонна аммиак, 180 мың тонна никотин, 660 мың тонна темекі майы, 550 мың тоннадай иісті газ шығады. 

4-оқушы: Ертеде Түркияда темекі тартушылардың құлағын, мұрнын кесіп, қолын шауып тастаған. Англияда темекі тартатындарды дарға асқан. Ал Швецияда 2000 жылдан бері жас ұрпақ шылым шегуді білмейді. 

Мұғалім: Қазіргі кезде республикамыздағы мектеп оқушылары арасында 13-15 жастағы оқушылардың 46 пайызы шылым шегеді. Бұл – өте өкінішті жағдай.

Топ мүшелеріне қойылатын сұрақтар:

1. Не себептен балалар темекі шеге бастайды?

2. Адам күніне бір қорап темекі шегетін болса, оның өкпесіне бір жылда қанша темекі қоры жиналады?

Мұғалім: Қазіргі кезде темекіден арылғандар саны көбейе түсуде. 31 мамыр – шылымқорлықпен күресудің халықаралық күні деп белгіленген. 

ІІ - топ «Ішімдік»

1-оқушы: Маскүнемдік – алкоголь ішімдіктерін үнемі қолданудан және шектен тыс үйір болудан қанға сіңіп кететін дерт. Ағзаның бірқатар қызметін бұзатын және тереңдей беретін кесел. Алкоголь ішімдіктеріне құнығу жолдары: 

1. Тұрмыс жағдайындағы маскүнемдік.

2. Бас жазу синдромы немесе үнемі ішкісі келу.

3. Ішкен ішімдік мөлшерін бақылауды жоғалту. 

2-оқушы: Алкоголь ішімдіктеріне тым үйір адамның өмір ұзақтығы – халықтың орташа өмір ұзақтығымен салыстырғанда 15-20 жас кем. Баланың миының дамуының 40-60 пайыз артта қалу себебі ата-аналарының маскүнемдігі.

3-оқушы: Қазақстанда халықтың басым көпшілігі алкоголь ішімдктерін пайдаланады, оның ішінде балалар-7 %, жасөспірімдер-37 %, жастар-54,5 %. Бұл балалар мен жасөспірімдердің ата-аналарының біреуі не екеуі де маскүнемдікке салынған жандар екені анықталған. 

1-оқушы: Кәпір ғұрыпты бұзады, шарап шырықты бұзады.

2-оқушы: Әзәзіл қоздырады, арақ тоздырады.

3-оқушы: Жол жеті түнде, арақ тал түсте адастырады.

4-оқушы: Ішпесең-малын торысың, 

Ішсең-елдің зорысың

Отбасының сорысың.

5-оқушы: Тазда бас бар, шаш жоқ

Маскүнемде ауыз бар, бас жоқ.

6-оқушы: Арақ алдымен күлдіреді,

Күлдіріп отырып бүлдіреді.

Мұғалім: Маскүнемдікті дер кезінде тоқтатпасаң, айықпас дертке ұшырап өз өміріңе балта шабасың.

ІІІ – топ «Нашақорлық»

1-оқушы: Есірткі – бұл адамның көңіл-күйін, сана-сезімін, мінез-құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады. Нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге түседі. 

2-оқушы: Есірткінің негізгі түрлеріне апиын, кокаин, көкнәр, марихуана және т.б. жатады. Барлығы да адам ағзасы мен психикасына әсер етіп зақымдайды. 

3-оқушы: Біздің елімізде ресми түрде 35 мыңға жуық нашақор наркологиялық диспансерде тұр, ал тіркелмегендердің саны одан әлдеқайда көп. Қазірде Алматы қаласында нашақорлықтан емделетін диспансерлік орталықтар жұмыс істейді.

4-оқушы: 2000 жылы республикамыздың есірткі бизнесі аумағында 20 мыңға жуық қылмыс тіркелген. Барлығы 30 тоннаға жуық түрлі есірткілер тәркіленген. 2002 жылдың 9 айында есірткі айналымына байланысты 14687 қылмыс тіркелді.

Мұғалім: Осы есірткі турасында дәрігер айтсын немесе заңсыз сатып алынсын мейлі, есірткі атаулының бәрі – у. Турасын айтқанда, бұл – өлімге апаратын бірден-бір жол. 

Мұғалім: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деп ата-бабаларымыз айтып кеткендей, келесі сөзді

ІҮ топ «Денсаулық»

Адамның денсаулығы зор байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Өйткені дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан да құлшына кіріседі.

Денсаулық нығайтуда спорт, дене шынықтыру, ырғақты қимыл, мәдениетті түрде тынығу, дұрыс тамақтану, ретімен киінудің де мәні зор. Жақсы әдет – адам көркі, рухани байлығы, өйткені ол еңбекті жеңілдетіп іскерлікке шабыт береді. 

Сөйтіп, біз өз ұрпақтарымызды жақсы өмірге, дұрыс жолға бағыштауымыз керек. Осыған қарсы біз бірлесіп күресіп, елімізді, жас мемлекетімізді көркейте беруміз керек.

1-оқушы: 

Денсаулық ол-шыныққан 

Барлық денең мүшесі. 

Денсаулық ол-тыныққан 

Жүйке тамыр жүйесі. 

2-оқушы: 

Денсаулық ол-күлуің 

Көңіл-күйің жадырай. 

Денсаулық ол-жүруің 

Ешбір жерің ауырмай. 

3-оқушы: 

Ұрпақ керек ертеңгі 

Болашақты болжайтын! 

Дені таза, тәні таза, 

Елін, жерін қорғайтын. 


4-оқушы: 

Мәдениет өркендеп, 

Табиғат көркейіп, 

Қазақтың сымбатты 

Ұл-қызы көбейсін! 


«Денсаулық» сөзінің әрбір әрпін салауатты өмір салтын ашатын, сипаттайтын сөздермен, сөз тіркестерімен, сөйлемдермен өрнектейік. 

Д – демалу 

Е – еңбектену 

Н – нашақорлыққа жоламау 

С – салауатты болу 

А – алғырлық 

У – уайымсыз өмір 

Л – лайықты өмір 

Ы – ынта 

Қ – қозғалыс 


1. Денсаулық – зор байлық.

2. Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде.

3. Шынықсаң – шымыр боласың.

4. Ауруын жасырған өледі.

5. Арақ – атаңның асы емес.

6. Дені саудың – жаны сау.

7. Ішің ауырса, аузыңды тый.

8. Емнің алды – еңбек.

9. Жарлының байлығы – денінің саулығы.

10. Темекі – жау.


Барлық топтар бірге:

Есірткі жойылсын, 

Ішімдік құрысын: 

Дені сау ұрпақтың 

Ұрпағы көбейсін! 


Қорытынды.

Мұғалім: Ата-бабаларымыз кейінгі ұрпаққа ру-руға бөлініп, атыссын, шабыс-

сын демеген. Олай болса, балалар, бойға желік бітіріп тек жамандыққа бас-

тайтын ащы судан арылайық! Ішімдіктің, темекінің, есірткінің зардаптарынан болатын өзгерістердің ішіндегі ең елеулілері – адамның ақыл-ойы мен санамыздың бұзылуынан сақтанайық, жас ұрпақ! 

Ей, ұрпағым, есіңді жи, азбаңдар 

Қиыршық құмдай үгітіліп тозбаңдар. 

Бойыңдағы қуатыңды жоғалтып 

Жақсы үмітпен, сеніміңнен таймаңдар 

Салауатты өмір салтын сақтаңдар 

Болашаққа нық қадам бастаңдар!!! 

дей, келе осымен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз! Зейін қойып тыңдағандарыңызға рақмет! Қош, сау болыңыздар!



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 18.09.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров192
Номер материала ДA-051234
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх