Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Классный час «Құрметте алдыменен ата-анаңды»

Классный час «Құрметте алдыменен ата-анаңды»



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Ақтөбе қаласы № 19 орта мектебі 5 «Д» түзету класы

Класс жетекші Сейпилова Н.Ж

Класс сағатының тақырыбы: «Құрметте алдыменен ата-анаңды»

Мақсаты:  Жас ұрпақты ата-анасын қастерлеуге, оларды мақтан етуге , оларға деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды адамгершілікке, берген тәрбиесін көздің қарашығындай сақтай білуге, бауырмалдылық сезімге тәрбиелеу,

Мұғалім: Бүгінгі тәрбие сағатымыз ата-ананы қалай сыйлау,құрметтеу керек сол жайлы мағлұмат аласыңдар.Әке-шешенің бала алдындағы борышын санасақ сан жетпейді.

Қабуснама кітабынан:

Ей перзентім,ата-ананы құрметтеудің қажет екенін ақыл-ой парасат тұрғысынан байқап білгейсің.Өйткені әрбір перзенттің тегі ата-ана ғой.Кімде кім ата-ананың жақсылығын білмесе,басқа біреудің жақсылығын да бағаламайды.Егер сен өзгелерде мені құрметтесін,сыйласын десең алдыменен ата-анаңды сыйла!

Міне ата-ананы құрметтеуіміз қажет екенін ақыл-ой парасат тұрғысынан байқасақ,әрбір баланың тегі ата-ана.не үшін ата-анама құрмет жасаймын деген сөзді ойыңа алма.Олар сен үшін өзін өлімге де қиятыны белгілі.Әке-шешенің осындай жақсылықтарына ие болған бір бала оларға шүкір етпесе,жақсылығын білмесе,басқа біреудің жақсылығын байқамайды.

1-Оқушы

 Құрметте алдыменен ата-анаңды

Үлгілі ұрпақ атадан бата алады.

Бар жақсылық балаға бұл ғаламда

Мейірімінен ананың жасалады.

 О, Ата-анам!

2-оқушы:

Алла –тағала былай бұйырады. «Күнәлардың ішінде бір күнә бар,Менің жанымдағы ең үлкен және ауыр күнә,ол әке-шешесі баласын шақырған кезде  әміріне мойынсынбай,келмеуі.

3-оқушы:

«Жәннат»-аналардың аяғының астында деп бұйырған.Бала жеміске,ата-ана жеміс ағашына ұқсайды.Жеміс ағашын жақсы күтсең жемісі де тәтті,дәмді жақсы болады.Сол сияқты ата-анаға деген ізет,құрметіңді аямасаң,саған деген олардың ізгі тілегі қабыл болғаны»деген екен 11 ғасырда өмір сүрген «Қабуснама» кітабының авторы Кейқауыс.

4-оқушы:

.Алла өзіне ғана ғибадат етулеріңді,ата-анаға жақсылық қылуларыңды әмір етті.Ал  егер де ол екеуінің бір немесе екеуі де кәрілікке жетсе «Уф» деме,яғни кейіс келтірме,сондай ақ- ол екеуіне зекіме де,екеуіне де сыпайы сөз сөйлеп кішірейіп,мархабат құшағын жай да: иә Аллам,ол екеуі мені кішкентайдан тәрбиелегендей сен де оларды мархабатыңа бөлей көр деп айт.

Ата-ана туралы дана сөздерді жеткізуші ұрпақтарғақұлақ түрсек.

5-оқушы:  

Ұл-қыз ,ата-ансын ,үлкендерді қуанышқа бөлеп,бақытқа кенелтсем десе,алдымен әдепті болулары керек.Өз жұмыстарын адал да тыңғылықты атқарса,ата-ананың ұл-қызы болып өседі.

6-оқушы:

Адам жеміске,ата-ана жеміс ағашына ұқсайды.Жеміс ағашын жақсы қарап күткендей,ата-анаңды аялап бақсаң, армандарың орындалады.

Әдепті,адал ұл-қыздарың міндеті ата-аналарының тірісінде көрсеткендей  қызметімен бітпейді. Ата-аналарын олар дүниеден қайтқанда да жиі есіне алады.

1-оқушы:

Ата-ананы сыйлау –сәби шағында олар өзіңді қалай бағып қақаса ,қартайғанда оларды да солай алақанға салып ,аялап күту керек.

2-оқушы:

Ата-ананың көңілін еш ренжітуші болма,олардың жүрегіне қайғы түсіруші болма.

6-оқушы:

Ата-анасын ұмытқан бала опасыздың опасызы, рахымсыздың рахымсызы.

Түн ұйқысын төрт бөлген ,түнде бесік таянып,түнде шошып оянған ананың ақ мейірімін ерекше бағаламасаңдар ол-қорлық.

      Мұғалім: 

         Даналық сөздер

-Ана өз  баласын жанымен де ,қанымен де сүйеді                                                                       Б. Белинский

-Ата-ана қадірін білмеген-халық қадірін біле алмас.Халық қадірін білмеген-ата-ана қадірін біле алмас.                                  Ғ.Мұстафин

-Ата-ана тәрбиесінің даналығы болмаған жерде ана мен әкенің балаларға деген сүйіспеншілігінің өзі оларды жарымжан етеді.

                                                 А.Сухомлинский

-Атасынан ақыл алса,тентек ұл да жөнделер

Бала тәрбиесі –бесіктен дейді қазақ. Әрбір ата-ана өз баласына қазақтың ырым-тыйым сөздерін айта отырып тәрбиелейді. Ендеше біздің оқушыларымыздың ата-аналарынан естіген ырым-тыйым сөздері 

(Слайд арқылы көрсету)

Ата-анаңды ренжітпе

Түнде суға барма

Таңдайыңды қақпа

Кісіге қарап кісінеме

Дастарханға қарап жөтелме

Үлкеннің сөзін бөлме

Нанды баспа

Табаныңды тартпа

Қолыңды төбеңе қойма 

-Ошаққа су құйма,

Бас киімен ойнама,

Бос бесікті тербетпе

Малды теппе

Бүйіріңді таянба

Кешқұрым ұйықтама

Айға қолыңды шошайтпа

Үйге жүгіріп кірме

Біреудің иығын баспа.

 (мағынасын ашады)

«Жалғастыр» ойыны.

«Не істеуге болмайды?» деген сөзді үлкен етіп жазу.Мұғалім бастайды, оқушы ойланып, ары қарай жалғастырып айтады.

Мысалы, Үлкендердің алдынан кесіп өтуге болмайды.

Кішкене баланы жылатуға болмайды.

Құстарды атуға болмайды.

Қыз баланы ренжітуге болмайды.

Сабаққа кешігуге болмайды.

Сыныпта айқайлауға болмайды.

Мұғалім адамгершілік,сыпайылық туралы сұрақтар қояды.

Мұғалім:

Оқушылар,.бүгінгі тәрбие сағатымызда ата-ананы қалай сыйлау,құрметтеу керек сол жайлы мағлұмат алдық. Балалар ата-ана алдындағы әдептілік –баланың бармақтай кезінен бойына дарыған қасиет болуға тиіс. Ата-ананы сыйлау-елді сыйлау.Ата -әжесін құрметтеу-өмірді құрметтеу екенін есімізден шығармайық.




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 01.02.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров94
Номер материала ДВ-399978
Получить свидетельство о публикации

Комментарии:

10 месяцев назад

55

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх