Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Классный час. Тема:"Құстар біздің досымыз"

Классный час. Тема:"Құстар біздің досымыз"

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: ҚҰСТАР - БІЗДІҢ ДОСЫМЫЗ!

Мақсаты: 1. Оқушыларды көктем мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру.

2. Табиғатты сүюге, одан ләззат алуға тәрбиелеу.

3. Құстардың сыртқы бейнесі, тіршілігі, қоректенуі туралы айту.

4. Құстарды күте білуге үйрету, оларға деген сүйіспеншілік, қамқорлық

дағдыларын қалыптастыру.

5. Халық қазынасы мақал-мәтел, жұмбақ, болжамдарды пайдалана білуге

үйрету.

Көрнекілігі: жыл құстарының суреттері, құс ұясы, жұмбақтар, мақал-мәтелдер,

сөзжұмбақ.

Барысы:

( Оқушылар «Көктем вальсі» әнінің әуенімен билеп, бір айналып өткеннен соң, қаз-қатар тізіліп тұрады ).

1-жүргізуші:

  • Саламатсыздар ма, достар! Сіздерді көктем мерекесімен құттықтаймыз! Бұл мереке табиғаттың қысқы ұйқыдан оянуын танытатын, көктем хабаршысы құстың келуіне байланысты.

2-жүргізуші:

  • Құстар, құстар келеді,

Жерді шуға бөледі.

«Көктем келді» деп бізге,

Жақсы хабар береді.

Сәлем, достар, аман ба?!

Мынау бейбіт заманда.

Шат-шадыман көктемің,

Шаттық болсын әмән да!

1-жүргізуші:

  • Ән құрадым үніммен,

Сән құрадым гүліммен.

Қуантамын бәріңді,

Құт-мереке күнімен.

Сәуір келді жайнап,

Көктемнің бұл айы.

Құс біткеннен төгілген ән,

Бейне көктем жырлары.

Сағынышпен жеткен,

Қуана бер, көктем,

Жайнап нұрлы гүлің!

2-жүргізуші:

  • Оянды бар табиғат ұйқысынан,

Жадырап құтылғандай қыс қысымнан.

Көктемді шуға бөлеп, әнге ораған,

Тыңдаймыз алуан сыр жыл құсынан.

Бау-бақшаның дұшпанын,

Бастырмайды құстарым.

Кербез құстар әнімен,

Келді көктем сәнімен.

1-жүргізуші:

  • Дүниетану пәнінен білеміз: табиғат – бізді қоршаған орта, яғни: тау, тас, ауа, жер, өсімдік. Бүгін біз табиғаттың көркі, сәні, бақшаның әні болған құстар туралы айтамыз.

Мұғалім:

  • Қазақстанда құстардың 480 түрі бар. Құстардың жылы жаққа кетуінің себебі – жемнің азаюы. Сол кезде құстар топтала ұшып, лек-легімен жылы жаққа кете бастайды.Көктемде қайта оралады, өйткені ол жақ ыстық болғандықтан жұмыртқалары шіріп кетеді. Ұрпақ өрбіте алмайды.

Енді, міне қанатты достарымыз қайта оралуда. Ендеше, сол қанатты достарымызға арналған тәрбие сағатын одан әрі жалғастырайық.

  • Құстардың қандай пайдасы бар?

  • Олар ағаштағы , жердегі зиянды жәндіктерді жейді. Құстар ән салып, көңіліңді көтереді. Олар бақтың сәні.

  • Ағаштың қандай пайдасы бар?

  • Ағаштан қағаз жасайды. Үй салады. Үй жиһаздарын жасайды. Ағаш жапырағы ауаны тазартады.

2-жүргізуші:

  • Құстар табиғатқа сән береді. Олардың әуені табиғатты құлпыртып, адамдардың көңіл-күйін көтереді. Сонымен қатар көктемде күн жылынып, жер беті жасыл көрпе жамылып, көзге ыстық, көңілге жақын жауқазын гүлден алқа тағады. Сол кезде көкек келеді. Халық «Көкек келді, көктем келді» дейді. Осы құстың аты неліктен көктемнің алғашқы айына берілді екен? Сәуір айы «көкек айы» деп те аталады.

1-оқушы:

Жаршысымын көктемнің,

«Көкек» дейді мені жұрт.

Өз атын айтар құс менмін,

Көктемді кұтсең мені күт.

Көкек өз ұрпағына ұқыпсыз болса да, өте пайдалы құс. Күніне бірнеше зиянкесті жеп, құртады. Сырт пішінінде көзге түсетіні – айдары. Ақ, сары, қара, көк қауырсындары. Өзі балапан басып шығармайды, кез-келген ұяға жұмыртқасын тастап кете береді, басқа құстар басып шығарады.

2-оқушы:

Қарлығашпын мен,

Адамның тұрағын.

Мекен етіп тұрамын.

Тазалаймын үй-ішін,

Шыбын деген кеселден.

«Сүйерқұлдың аты көп» демекші, қарлығаш туралы аңыз да, әңгіме де, ертегі де, ән де бар. Қарлығаш қай кезде де сүйкімді. Қарабатырды да құтқарып, Төле бидің үйін жықпай құрметтейтіні де, адамның қанын айдаһарға жеткізбей жолдан да қайтарған – қарлығаш. Санкт-Петербургтегі Эрмитажда біздің заманымызға дейінгі жүздеген жылдар бұрын қашалған құмыра залы бар. Бірінде туған жерге оралған қарлығашты көріп қуанған екі баланың суреті бар. Қарлығаштың оралуы – қай кезде де көктемнің оралуы, жылылықтың, құт, береке, думанның оралуы.


3-оқушы:

  • Қарлығаш кеш келіп, ерте қайтады. Кеш келетіні ол шыбын-шіркеймен қоректенеді. Жемтігін ұшып келе жатып қағып жейді, суды солай ішеді. Ал, шыбын-шіркей қар ерісімен шыыға қоймайды. Қарлығаш мамыр айында келеді. Келісімен ұясын үй маңдайшасына, қораның белағашына салады. Адамға үйірсек, сүйкімді. Өзге құстарға ұқсамайтын өз әні бар. Құлаққа жағымды. Екінші рет тамызда жұмыртқалайды. Қарлығаш оба тараған жерге келмейді. Ертеде оба, тырысқақ, шешектің беті қайтып, ел сауыға бастағанын қарлығаштың қайта оралуымен білген. Жер бетінде аңызы жоқ әдебиет бар ма екен? Сол сияқты аңыз: әр адамның өз қарлығашы болады. Ол жатсаң да , тұрсаң да сенімен бірге болып, саулық тілеп жүреді екен.

«Қарлығаш бір жазда 1 миллион құрт жейді» дейді зерттеген ғалымдар. Адамдар үй салуды қарлығаштан үйренген.

4-оқушы:

  • Құс сұлуы аққумын,

Табиғат көркін сыйлаған.

Мылтығын кезеп еш мерген,

Атуға көзі қимаған.

Сұлулықты паш етіп,

Жырлаған талай ақындар.

Нәзік үнді, көл көркі,

Аққу құсың мен болам.

Бұл – қардан аппақ құс, көрсе көз тоймайтын, сұлулық рәмізі. Аққу 30-40 жыл өмір сүреді. Аққу 3-4 жасқа дейін ақ қу емес, сұр қу болып өседі. «Бесік баласы бес түлейді» дегендей ол 3-4 түлеп шын аққуға айналады

5-оқушы:

  • Шегірткедей жұтыңды,

Қырғи болып қырамын.

Егістікке, жайылымға,

Қорғаушы боп тұрамын.

Бұлт болып қаптаса,

Найзағай боп қуамын.

Көк егісті таптаса,

Тасқын болып жуамын.

Жәндіктерді зиянды,

Қыратұғын батырмын.

Дайындайтын ұямды,

Достарға келе жатырмын.

Қараторғай өзі кішкентай, өте пайдалы құс. Орман қорғаушысы. Құстарға арналған 60 шақты ән бар. Соның ішінде қараторғайдың да аты бар.Өткен заманның серілері мылтығына, жүйрік атына, ұшқыр тазысына «Қараторғай» деп ат қойған. Наурызбен бірге қараторғай да келеді.

6-оқушы:

  • Тоғайдың әншісі бұлбұлмын,

Құштары досымын әр гүлдің.

Гүлдердің хош иісі нәр беріп,

Сайраймын даңқы үшін әр гүлдің.

Ағаш гүлдеп, көбелек ұшып, мамырдың мамыражай айында қадірлі мейман бұлбұл келеді. Бұлбұл жазыққа біткен жатаған тоғай, қалың бұта тоғайды ұнатады. Ол асықпай келеді.

1-жүргізуші:

  • Халқымыз құстардың ұшуы, қонуы, келуіне қарап ауа-райын болжаған.

  1. Қарлығаш жоғары ұшса, күн жылы болады. Төмен ұшса, жаңбыр жауады.

  2. Көктемде қаздар қайтқанда жоғары ұшса, су тасқыны болады.

  3. Жаңбыр жауарда қарғалар у-шу болады.

  4. Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады.

  5. Шымшық ұя салса, қыс қатты болады.

Құстарға арналған нақыл сөздер:

  1. Құсқа аяз қатер емес, аштық қатер.

  2. Құстар – достар.

  3. Қыста құсқа жақсылық жасасаң, жазда жақсылығыңды өтейді.

Жұмбақ шешу:

Қызығып әр адам,

Ұстаған даладан.

Жүнімді жұлып ап,

Бесікке қадаған. ( Үкі )

Түсі қара мақпалдай,

Төсі ақ сыр жаққандай.

Ұшса оқтай зулайды,

Көктен жұлдыз аққандай. ( Қарлығаш )

2-жүргізуші: Сөзжұмбақ шешу:

  • Тұмсығында ауы бар, Бұл қай құс тауып ал.

( Бірқазан )

Аққу жүрсе, .................. ( сұлу )

Көктемнің алғашқы айы. ( Сәуір )

Орман дәрігері. ( Тоқылдақ )

Бізді қоршаған орта ( Табиғат )

Үйіме үйін салады. ( Қарлығаш )

1-жүргізуші: «Жасырынған құстың атын тап!»

  • Ағайынды Қаршыға, Абзал, Мирас үшеуі демалыс кезінде жайлаудағы ата-әжесіне барды. Оларды көріп қуанған қарындасы алдарынан үкідей ұшып шықты. Әжесі Қарлығаш шай қойды. Қаршыға, Абзал «Қараторғайға» мінгесіп, қой жайып жүрген атасына келді. Атай «Ақсұңқар» транзистрінен «Бұлбұл», «Бозторғай» әндерін тыңдап отыр екен. Немерелерін көріп атай қуанды.

2-жүргізуші:

  • Көктем жаршысы, адамзаттың досы, табиғат көркі жыл құсын қарсы алайық! Құстар тойын құттықтап,

Қуанамыз, қолдаймыз.

Ұя жасап, ұқыптап,

Біз оларды қорғаймыз.


Қорытынды.

Автор
Дата добавления 26.12.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров113
Номер материала ДВ-289256
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх