Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Классный час " Туған жер"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Классный час " Туған жер"

библиотека
материалов

Күні 30.11.15

Тақырыбы: Туған өлкем –қандай көркем

Мақсаты: Оқушыларға туған өлке, оның байлығы, алуан түрлі табиғаты туралы түсінік беру. Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Табиғатты қорғай білуге, оны аялауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: АҚТ Слайдтар, Плакаттар, буклет
Мұғалім: Қадірменді қонақтар! «Туған жер-тал бесігім!» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Иә, осынау кең-байтақ еліміздің шалқар көлдері мен асқар таулары, алтын дәнді даласы, ақ күмістей қаласы, кенге толы өңірі мен малға толы өрісі бар, сендер секілді болашақ ұрпағы бар мәңгілік ел, туған жеріміз –Қазақстан деп аталады. Бүгін сіздердің туған ел, туған жер туралы білетіндеріңізді ортаға саламыз.

1 - оқушы:
Қазақстан - туған өлкем.
Жер көппе сендей көркем.
Көрсін деп күллі әлемге
Жалауыңды желге желпем.
2 - оқушы:
Көз алдыңда көгілдір тау мұнартып,
Аспанымда аққудың әні қалғып.
Құшақтап бір өзіңді туған далам.
Жатамын көк шалғында жаным балқып.
3 - оқушы:
Тасып жатқан өзендер жағасынан.
Сары белде сағымдар арасынан.
Тарайды дән жұпары бар әлемге.
Қазақтың қасиетті даласынан.
Жүргізуші:

Туған жер, өскен ел, жүрекке жылы сөздердің бәрі де табиғат деген таңғажайып ұғыммен бірігіп жатады. Қазақстан – көз тартар аса көркем, бар сұлулықты өн бойына жинап алған өлке.
4 - оқушы: Кең дала көремісің сонау жатқан,
Жібектей жасыл шөппен бетін басқан.
Асқар тау, айдын шалқар көл мен өзен,
Әне, сол анам еді мені тапқан.

1-оқушы

Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің,
Жаным сенен жаратылған өлкемсің.
Қандай жақсы қазақ болып туғаным.
О туған жер, тамашасың, көркемсің.
Жүргізуші:Табиғат адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат, мейірімін, күн шуағын жүрегімізге ұялатқан аяулы ана. Аудан көлемінде жерасты қазба байлықтары аса көп кездеспегенімен, өңірімізде бар кен көздерін неге игеріп, өндіріп, өңдеп пайдаланбасқа?! – дейді кәсіпкерлік кеңесінің екінші отырысында аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі басшысының міндетін атқарушысы Б. Балтабай Ынта мен талап болса кен өндіру кәсібін де жүргізуге мол мүмкіндік бар екен. Арал ауданына қарасты Құланды ауылында – гравий, піспеген көмір, Шөміш, Райым ауылдарында кварц құмы, Жақсықылыш кентінде – тұз, әктас қоры, Ақбасты, Ақеспе жерлерінде – артезиан сулары ағып жатыр. Кен орындарын игеру үшін ірі кәсіпорын болуы міндетті емес, кәсіп иелері шағын бағыттағы жұмыстарды қолға алса болады.

2- оқушыТуған жер - алтын бесік, асыл - анам,
Ауаңмен, ақ сүтіңмен асыраған.
Мендағы ұлың едім, өзің тектес,
Алысқа несібесі шашыраған

3 - оқушы: Диас

«Қазына қара жерде» дейді қазақ,
Күн көрген осы жерден біраз алып.
Жер - анадан үзіліп кете алмаған,
Кемеңгер небір дана, небір алып.



Хор орындауында «Туған ел»
Бейнебаян тамашалау. «Арал жері»



Мұғалім:

Оқушылар енді туған жер туралы мақал-мәтел білеміз бе?
1. Әркімнің өз жері м-Мысыр шаҺары.
2. Ел іші алтын бесік
3. Жері байдың елі бай
4. Елің – панаң, жерің - анаң
5. Ел жаусыз болмас, жер таусыз болмас
6. Өз елің - алтын бесігің




7. Бақа көлінде патша.

Балық сынада патша.

Жігіт елінде патша.
8. Туған жердің түтіні де тәтті.
9. Ит тойған жеріне, ер туған жеріне
10. Туған елдей ел болмас
Туған жердей жер болмас.



Қорытынды. Өтебай Тұрманжанов

1оқушы: Көгінде күн нұрын төккен,

Жерінде гүл жұпар сепкен.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем.

2оқушы:Алтын дәнді даласы бар,

Ақ күмістей қаласы бар.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем.

3оқушы: Ер еңбегі шалқып, тасқан,

Ел еркіндей бақыт тапқан.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем.

Хор: «Атамекен».



Осымен «Туған өлкем –қандай көркем» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 15.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров168
Номер материала ДВ-343200
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх