Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Классный час "Жаңа жыл" (1-4 класс)
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 15 ДЕКАБРЯ!

Конкурс "Я люблю природу"

Классный час "Жаңа жыл" (1-4 класс)




Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Бастауыш сынып оқушыларына арналған жаңа жылдық бағдарлама.

Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, Қоянның карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.
Қатысушылар: жүргізуші, Аязата, Ақшақар, Клоун, Алдар көсе,Сиқыршы, Мыстан кемпір, қой, мешін, балалар, ата – аналар.

Жаңа жылдық әуен ойнап тұрады.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме! Құрметті қонақтар!

 Армысыздар, ардақты ұстаздар, оқушылар!

Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Мешін жылы кеп қалды ортамызға,

Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.

 

Құтты болсын жаңа жыл, барша халық.

Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.

Бір-бірімізге шынайы тілек тілеп,

Бар әлемге бақытпен жар салайық!


Жүргізуші: (жүргізушінің дауысы тыс жерден шығады) Тезірек, тездетіп мында жиналыңдар. Басталады Жаңа жылдық карнавал, маска да бар, би де бар, асығыңдар, шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар. Аязата шақырғанның бірі дағы қалмайды. Басталады, басталады, жаңажылдық карнавал! Карнавалдың иелерін қарсы алайық! (қол шапалақтау, балалар екі - екіден кіреді).

Жүргізуші:

Төрлетіңдер,төрлетіңдер,

Шырша сәнін көріңдер.

Әсем ән мен би билеп,

Күй-жырларын төгіңдер!

  • Жаңа жылдық шырша мерекесіне, қош келдіңдер, балалар! Балалар, бүгін сендерді

жаңа жылмен құттықтау үшін мектеп директоры келіп отыр.

Армысыз,мектебіміздің басшы ағасы,

Жайнасын көңіліміздің жасыл бағы.

Тамаша жаңалықтың бастауы боп,

Мол болсын жаңалықтар тағы,тағы

  • дей отырып, ортаға мектеп директорын қол соғып, қошеметтеп шақырайық.

(мектеп директоры балаларды құттықтайды).

Жүргізуші: -Балалар, мектеп директорынан шырша шамын жағуды сұрасақ қайтеді?

Балалар: - Шырша шамы жағылсын! (3 рет)

(мектеп директоры шырша шамын жағады).

Жүргізуші: Рахмет сізге шамымызды жағуға көмектескеніңіз үшін енді отырып, балаларымыздың өнерін тамашалаңыз.

Ән: «Шыршаға бардық» даярлық тобы

Ән аяқталысымен залға мыстан кіріп келеді де, айқайға басады.

Мыстан: - Бұл жерде не болып жатыр? Адамдар қаптап кетіпті ғой. Әй, балалар неге жиналдыңдар? Бұл жерде не істеп тұрсыңдар? Тараңдар, кәне!

Жүргізуші: - Сәлеметсіз бе, мыстан кемпір! Біз мұнда Жаңа жыл мерекесін тойлатып жатырмыз.

Мыстан: - Қайда мереке? ( қолын созып) Бұл біздің жеріміз! ( шыршаны көріп таң қалады) Ал мынау не ағаш? Бұл өзі шырша емес пе?

Жүргізуші: - Иә, бұл – шырша. Бүгін барлық жердегі шыршалар өте әдемі және әсем.

Мыстан: - Бұл шыршаны әрлендіретін, жаңа жыл мерекесінің көркі Аяз ата емес пе? Аяз ата мен Ақша қарсыз жаңа жыл бола ма?

Жүргізуші: - Дұрыс айтасыз. Ендеше балалармен қосылып, Аяз ата мен Ақша қарды ортаға шақырайық.

Барлығы: - Аяз ата, Ақша қар а-у-у! ( 3 рет)

( музыка ойналады)

«Қап, бәлем, Қоян!» мультфильміндегі «Жаңа жыл» бөлімі бойынша көрініс.

Залға Аяз ата жалғыз кіреді. Ақша қарды іздеп, залды айнала жүгіреді. Желдің дауысы естіледі. Ақша қарды таба алмай, есік алдына барады, Ақша қар кіреді. Музыка ойнайды.

Аяз ата мен Ақша қар шыршаны айнала ән салып, билейді. Сол кезде «Оппа кам...» музыкасы қосылып, Аяз ата соған билейді. Ал, Ақша қар нет Дед мороз, нет Дед мороз әнін айтады. Көрініс аяқталғаннан кейін балаларды билету.

Аяз ата:

Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Күнтізбеде қалыпты жалғыз ғана бір парақ,
Дайындалдым жыл бойы,
Жолға шығар келді уақ!
Шақырымды жүздеген
Басып өту мен үшін
Жаңа жылдың түнінде
Жасыл шырша түбінде.
Кездессем деп сендермен,
Тарасам екен сыйлықтар,
Одан асқан не сый бар.
Қуаныш сыйлау балаға
Одан зор бақыт бола ма!
Сендерді көргеніме сондай бақыттымын!

Балалар: - Сәлеметсіздер ме, Аяз ата, Ақша қар?!

Аяз ата: - Ал балаларым, біз Ақша қар екеуіміз алыс жолдан шаршап келдік. Ән айтып, би билеңдер. Біз демалайық.

Би: «Снежинки» 2 сынып

Би аяқталғанда сахнаға Алдар кіреді.

Алдар: Мен Алдармын, Алдармын,

Шайтанды да алдадым.

Алдау деген түк емес,

Сиқыршыны да алдаймын, - деп екі қайтара әндетіп, сахнада жүреді.

Сол кезде сахнаға сиқыршы шығады.

Сиқыршы: - О, Алдеке, көңілдісің ғой өзің?!

Алдар: - Неге көңілді болмасқа, бүгін бізде Жаңа жыл мерекесі өтіп жатыр. Сен қайдан жүрсің?

Сиқыршы: - Менде сиқырлы таяғым бар. Таяғыма сиқырлы сөзді айтсам болды., не көргің келсе соны көруге болады.

Алдар: - Өзің білесің, әртүрлі билер мен әндер тыңдағым келеді. «Шөжелерім» биін көрсете аласың ба?

Сиқыршы: - Сол да сөз болып па? Қазір ( таяғын сілтеп).

Таяғым,менің таяғым,

Жан-жағыңды жайнат.

«Шөжелерім» биін

Осында әкеп билет.

Сүф-сүф-сүф!

Музыка қосылып, «Шөжелерім» биі биленеді.(даярлық тобы)

Алдар: - Тамаша, тамаша! Сенің таяғың шынында да сиқырлы екен. Енді менің ән тыңдағым келіп тұр. Бір ән айтқызып бересің аласың ба?!

Сиқыршы: - Сол да сөз боп па?

Таяғым,менің таяғым,

Жан-жағыңды жайнат.

«Болайықшы осындай» әнін ,

Осында қазір әндет.

Сүф-сүф-сүф!

Ән: «Болайықшы осындай» 1 сынып оқушылары ән айтады.

Алдар: - Ой, ғажап екен. Енді қандай өнер көрсем болады? Енді «Буратино» биін көрсетші.

Сиқыршы:

Таяғым,менің таяғым,

Жан-жағыңды жайнат.

«Буратино» биін ,

Осында қазір билет.

Сүф-сүф-сүф!

Би: «Буратино» 1 сынып билейді.

Алдар: - Ой, ризамын саған, рахмет. Осы сиқырлы таяғыңды маған сыйлап кетші.

Сиқыршы: - Жарайды, сыйладым саған таяғымды. Мені басқа мектептегі балалардың шырша маңында тосып отыр. Соларға барайын.

Алдар: - Рахмет саған, Сиқыршым! Алыс жолға аттанып барасың! Шығарып салайын.

Екеуі сахнадан түсіп кетеді.

Ән: «Жаяу» 3 сынып орындайды.

Залға Сайқымазақ келіп, ойын ойнатады. Ойын: «Ақ қаланы тез жасау»-ата-аналарымен бірге.

Жүргізуші: Рахмет сіздерге қонақтардың көңілілін бір көтеріп тастадыңыздар!

Ән: «Ертегілер» Аймира мен Аружан

Аяз ата: - Ау, балалар, біраз ойнап көңілімізді көтердік. Бірақ осы Жаңа жылымыз қайда? Неге шақырмаймыз?

Ақша қар: - Балалар барлығымыз қосылып, Жаңа жылды шақырайық.

Барлығы: - Жаңа жыл, Жаңа жыл! (3 рет)

Залға Жаңа жыл «Мешін жылы» келеді.

Аяз ата: - Амансың ба, Жаңа жыл?! Биылғы келген жыл – Мешін жылы. Ал, Жаңа жыл, келген қадамың құтты болсын! Сен әкелген жыл «бақыт жылы» болсын!

Жаңа жыл: Армысыңдар мені асыға күткен бөбектерім,

Бармысыңдар ата-ана,ұстаз көп өткелім.

Менің жылым маймыл жылы құт-береке әкелсін

Тілегімді көп етпегін.

Ақша қар: - Аяз ата, ескі жылды шығарып салайық.

Аяз ата: - Дұрыс айтасың, Ақша қар. Ал, ескі жыл! Сен құтты жыл болдың. Біз ризамыз саған, Ескі жыл! Біз сенімен қоштаспаймыз, тағы да кездесеміз. Ал, сау бол, Ескі жыл!

Барлығы: Сау болыңыз, Ескі жыл!

Аяз ата: - Ал балалар, ән айтып, би билеңдер. Бізде дем алайық.

Ақша қар: - Ал балалар тұрмайық ән айтып, би билеген балаларға Аяз атаның сыйлықтары бар. Ал, босқа тұрмайық көрсетейік өнерімізді.

Жүргізуші: Асыға күткен, Жаңа жыл!

Жаңа заман,жаңа айлар.

Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!

Би: «Чунга-чанга» 3-4 сыныптар билейді.

Жүргізуші:  Аяз ата, көрдіңіз бе, біздің жастар өнерлі. Сіз келеді деп қаншама дайындалды?! Солардың да өнерін ары қарай тамашаласайық.Ендеше ортаға әнші балаларымызды шақырайық. 

Ән:«Шырша жыры». Қарсы алыңыздар! 2 сынып

Жүргізуші: Кәне, балалар, бәріміз « Шыршалар» биінін жақсылап билеп жіберейік.
Би: «Шыршалар» 3-4 сыныптар

Жүрзізуші: - Ал, балалар, өздеріңе арналған «Жасыл шырша» биі тамаша емес пе? Ризасыздар ғой?!

Барлығы: - Ризамыз! Ризамыз!

Жүргізуші: - Ендеше, 4 «б» сыныптың биі мен әнін тамашалаңыздар!

Би: «Алға Қазақсатан!» Ән: «Новый год»

Жүргізуші: - Ендеше, ең соңғы әніміз бен биімізді тамашалаңыздар!


Ән: «Жасыл шырша жанында» 4 сынып.

Жүргізуші: - Ал, балалар Аяз ата мен Ақша қардың баратын жерлері көп екен. Сендер сияқты талай бүлдіршіндер тағатсыздана күтіп отыр. Аяз ата мен Қарша қызды Шығарып салайық.

Аяз ата мен Ақша қар: - Сау болыңдар, балалар! Келесі жылда кездескенше!

Барлығы: - Сау болыңыздар, Аяз ата мен Ақша қар!
Аязата мен Ақшақар сыйлықтар таратады.

Жүргізуші: Біз тілейміз Жаңа жылдың шаттығын,

Біз тілейміз Ақшақардың пәктігін.

Аралаймыз ақ ормандай ойларды,

Аялаймыз ару қыстың ақ түнін!



























Ақмола облысы

Зеренді ауданы

Березняковка орта мектебі









Тақырыбы:

«Жасыл шырша жанында»

(ертеңгілік 1-4 сыныптар аралығында)


Өткізген: Кендебай Л.













2015 жылы



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 13 декабря. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-558835
Курсы профессиональной переподготовки
133 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 13 декабря
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>