Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Классный час: Айналайын анашым!

Классный час: Айналайын анашым!

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Айналайын анашым!

Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеп сыйлай білуге үйрету. Оқушылардың бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту.

Көрнекілігі: кеш өтетін бөлмені лайық етіп безендіру.

Сахнаның сыртынан ән қосылып тұрады, Дәрібаевтардың «Ана» атты өлеңі оқылады.

Ана шырақ, ұрпағымен жағылған

Өз анаңды бар періштей сағынған

Құдіретті сезінгендер бас иеп

Ана деген үш әріпке бағынған

Аман болса , ана деген ардағым

Күндей болып нұрланады жан-жағын

Қуанышпен бар қайғысы өмірдің

Ана ғана көтереді салмағын

Ана деген жылағанды жұбатқан

Ана мөлдір жаралғандай бұлақтан

Қорған болып аймаласа перзентті

Тәңірінен амандығын сұратқан

Ана деген түн ұйқысын төрт бөлген

Ана ғана өткізеді өткелден

Жадыратса жаздай етіп жанымды

Шуақ ыстық аумайтығын көктем-көк

Ана болса жүзіп өтер кемең бар

Анаң болса қартаймайсың деген бар

Тірі кезде қадірлесең анаңды

Шын өкініш жауламайды санаңды

Ұзақ өмір, жасай берсін аналар

Аналарың қадірлесің балалар

Шаңыраққа шаттық нұрын сыйлаған

Аман болсын ақ жаулықты аналар.

Көрініс "Ата мен бала"
Автор
: Ерте, ерте, ертеде, көңілді «Көктем» атты патшалық болыпты.
Бұл патшалыққа да жадырап «Наурыз» айы келді. Дүние жаңарды. Көк жетіліп, әлем құлпырды.
Осы құлпырған, көңілді патшалықты еліне сыйлы, ақылды хан басқарыпты. Ол ханның қайсар да қайратты 7 ұлы, ай десе аузы, күн десе көзі бар 7 қызы болыпты.
«Көктем» патшалығы қандай үлкен болса, сол зәулім ғимараттың іші мейірім мен шапағатқа толы үлкен махаббаттан тұрады екен.
Сол патшалықты басқарған хан өз ұлдарының ішінен мұрагерін іздейді. Сөйтіп оларды сынамаққа бел буды.
Хан: Ұлдарым мен қыздарым! Мен қартайдым, сендерге қояр талабым бар. Соны орындағандарың менің мұрагерім боласыңдар. Кімнің өнері мен ақылы көркіне сай болса, сол менің мұрагерім болып, осы патшалықты басқарады.
Автор: Хан ұлдарын қасына жинады.
Хан: Балам, үйдегі алтын қазық кім?
Баласы: Үйдегі алтын қазық – бала. Ол – мен.
Хан: Жоқ балам, үйдегі алтын қазық сен емес, ол – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі – қызға үлгі. Ана сыйламағанның ақылы кем. Ананың мейірімі – көзінде, ақылы – сөзінде.
Автор:Патшаға қария келеді.
Қария: Дат, тақсыр!
Хан: Датың болса, айт!
Қария: Менің сұрағым балаларыңда. Балам, жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?
Бала: Ата ашты тоқ, жоқты бар ететін мейірімді әке.
Қария: Жоқ, балам! Әке қанша мейірімді болса да, ананың жөні бөлек. Жоқты бар, ашты тоқ ететін – ол ана. Анасыз бала ұйықтамайды. Қатықсыз айран ұйымайды.
Хан: Жоқ, сендердің жауаптарыңа менің көңілім толмады.

Бала: Алдияр әке, не бұйырасыз?
Хан: Өнеріңді көрсет.
Бала: Ана! Ана! Не деген қастерлі, қасиетті сөз едің. Осынау үш әріптен тұратын ұлы сөздің түбірінде қаншама ұлы сезім, ұлы құдірет жатыр десеңізші. Ананың ыстық алақаны жүрекке жылы тиіп, әр сөзі адамзат баласына өшпес нәр береді. Дүниеде ана қадірлі.
Автор: Осы патшалықтағы аяулы ана алыста тұратын бауырының үйінде болатын. Үйге бір аптадан кейін оралды. Үйге кірісімен қыздары бірінен соң бірі аналарын қалай сағынғандарын айта бастады.
1 - қыз: Анашым, мен сені күн сәулесін күткен көкнәр гүліндей сағындым.
2 - қыз: Анашым, мен сені бір тамшы суды аңсаған шөл даладай күттім.
3 - қыз: Мен енесін сағынып шырылдаған кішкентай балапандай болып жыладым.
4 - қыз: Мен сенсіз гүл таппаған ара сияқтымын.
5 - қыз: Сен менің түсімде раушан гүлінің түсіне енген шық тамшыларындай болып көріндің.
6 - қыз: Шие бағын іздеген бұлбұлдай мен сенің жолыңды қараумен болдым.
Автор: Жетінші қызы үндеген жоқ. Ол анасының қолын жуу үшін су әкеліп берді. Анасының асын даярлап, алдына ас қойып, шәй құйып берді.
Ана: Қыз – қызғалдақтарым менің! Бәрінен де мені ең кіші қызым қатты сағыныпты.
7-қыз: Бізге осы жарық дүниені сыйлаған кім?
Бәрі:- Ана.
7-қыз: Түн ұйқысын төрт бөліп, бөбегін бөлеген кім?
Бәрі: – Ол – мейірімді ана.
7-қыз: Құрметті де ардақты, аналар! адамға өмір нәрін себуші құдірет иесі сіздер! Біз мәңгілік сіздердің алдарыңызда борыштармыз. Бүгінгідей мерекеде балапандарыңыздың қызметін, құрметін қабыл алыңыздар! Бүгінгі ән, би, бәрі де сіздер үшін.

(көрініс аяқталып болған соң, бірден көңілді әуен қосылып оқушылар сахнаға шығып, аналарын хормен құттықтайды)

Бәрі: Ел жатқанда жатпаған,

Мен деп тыным таппаған.

Бақыты үшін баланың,

Аман сау бол, ақ мамам.

Екі жүргізуші қосылып: Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Аналарды құрметтеп,

Ән маржанын бастайық.

(осы уақытта екі жақтан екі оқушы шашу шашады).

1-жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.

2-жүргізуші: Ана баласының ғана қамқоршысы емес, ол адамзат атаулының амандығын тілеп, сол үшін қажырлы күреске шығады. Сондықтан да дүние жүзінің озық ойшыл жандары 8 - наурызды халықаралық әйелдер күні етіп белгіледі. Ол күн жыл сайын үлкен мереке ретінде аталып өтіледі.

Құттықтау сөзін мектеп директорына Любовь Анатольевнаға беріледі.

Песня «Мы запели песенку» в исполнении 1 класса

Стихотворение в исполнении 1 класса.

Настя:

С праздником весенним

В светлый этот час,

Мамочки родные,

Поздравляем вас.

Валя:

Весна шагает по дворам

В лучах тепла и света.

Сегодня праздник наших мам,

И нам приятно это.

Камила:

Этот праздник послушанья,

Поздравленья и цветов.

Прилежанья, обожанья,

Праздник самых лучших слов.

Диана:

Капли солнечного света

Мы несем сегодня в дом,

Дарим бабушкам и мамам

Хором: Поздравляем с женским днем.

Миша:

В самый светлый день на свете

В самый-самый добрый час

Ваши внуки, ваши дети

Хором: мы хотим поздравить вас.

Песня «Самая счастливая» в исполнении 1 класса

(3,4 сынып оқушылаыр тақпақтарын айтады)

Томирис:

«Ана» дейміз бәріміз де аңқылдап,
«Ана» дейді жас сәби де жарқылдап.
«Ана» деген – бәйтерегі өмірдің,
«Ана» деген алтын қазық, алтын бақ!

Әсел:
Құрметтейік, о адамдар аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі, ана деген асыл жан ғой,
Ойлауменен істейтін әр қадамды.
Алмаз:

Жан ана, құтықтаймын мерекеңмен,
Көктемнің құлпыра бер нар гүлімен.
Төрлесін елдің берген бақыт бағы,
Жазбасын шат көңілің, ақ күніңмен!
Азамат:
Ана десем алғыс алам халқымнан,
Ана десем теңіз болам шалқыған.
Ана десем ашылады қабағым,
Ана десем әділдікті ұғамын.
Тамерлан:
Анам менің панам ғой,
Содан қорған табам ғой
Асықпа, ана, ертең – ақ
Отың болып жанам ғой.
Рустам:
Әлпештеген баласын,
Ана бақыт – ана күн.
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер анасын!
Ануар:

Анаң болса қасында

Басқа бақыт не керек

Аналардың жүрегі

Мейірімді ғой керемет.
Жасмин:

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай күн қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың - аясындай гүл бақтың.

Мен өзіңмен қайда болсаң біргемін,

Махаббатың жүрегімде жүр менің.

Күн нұрындай жадырай бір күлгенің,

Қандай жақсы ортамызда жүргенің!

Ержеткізіп елге берген баласын,

Ақылдысың, ардақтысың, данасың.

Қарайтыным қас- қабағың бір сенің,

Қайратыңнан қайта көрме, анашым.

Айгерим:

Сендерсіз керек емес дүниенің, 
Сендерсіз болмайды екен бакытың да, 
Сендерсіңдер табатын жүрек емін, 
Сендерсіз бос өтеді уакытың да, 
Сендерсіз қандай бақыт, қандай шаттық, 
Сендерсіз айғайлауда ақымақтық, 
Сендер тіпті болашақ анасыңдар, 
Сендерсіз ұрпақты біз қайдан таптық 
1-жүргізуші:

Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. Ендеше ана туралы әсем әнін тыңдаңыздар.

Ән «Ақ мамам»

2-жүргізуші:

 Қазірет пайғамбарға бір адам келіп:

 -Мен бір зор күнә істедім. Енді мен үшін тәубе ету мүмкін бе?-деп сұрайды.

 Сонда пайғамбар:

 наң бар ма? – деп сұрайды.

 -Бар,- дейді әлгі адам.

 -Онда анаңа қызмет көрсет, - деген екен пайғамбар. Олай болса шәкірттеріңіздің аналар жайлы өлең шумақтарын тыңдайық.

1,2 cынып оқушыларын ортаға шақырылады.

Ақерке:

Ақ қабақты анашым 
Күн сәулелі анашым.
 
Әлпештеген баласын,
 
Айналайын анашым.
 
Бекнияз: 
Әр сөзімді жаттаған, 
Жүрегімде сақтаған.
 
Анашым деп мақтанам,
 
Айналайын ақ анам!
 
Малик: 
Айналайын анашым, 
Әлпештеген баласын.
 
Еміп өскен бөбекпіз,
 
Анамыздың мамасын.
 
Асылхан: 
Анамды мен жақсы көрем, 
Айтқан тілін алып жүрем.
 
Қасымда анам жүргенде,
 
Шаттанып ойнап- күлем!
 

Айсара:

Мен анамды сүйемін,

Құшағына енемін.

Мәпелеген анамды,

Қуантсам деп келемін.

Сабина:

Анам менің сүйіктім

Тек өзіңе табынам.

Қасымда жүрсең биікпін,

Алыстасаң сағынам.
2-жүргізуші:

 Әркімнің де өмірден аласы бар,

 Аласы бар адамның анасы бар.

 Мерекесін құттықтап аналардың,

 Ән жолдайтын апалардың баласы бар.

Блялова Анастасия орындауындағы ән «Мама моя»

Құрметті ата аналар ортаға он ана шақырылады.

Ойын: аналарға арналған қызықты сұрақтар.

Ойынның шарты: тақтада ілініп тұрған гүлдердің артындағы сұрақтарға жауап беру.

Сұрақтар:

Балаңыз қандай түсті киімді ұнатады?

Балаңыздың жақсы көретін тағамы?

Балаңыз бос кезде немен шұғылданады?

Балаңыздың ұнатпайтын ісі қандай?

Балаңыздың оқуына көп көңіл бөлесіз бе?

Балаңыз отбасында ашық жарқын, өз ойын толық айта біле ме?

Вспомните первые слова вашего ребенка.

Кто впервые привел вашего ребенка в школу?

Какими словами вы можете похвалить своего ребенка?

Вспомните какую первую помощь оказал вам ваш ребенок?

2-жүргізуші:

Если мама дома - солнце ярче светит,

 Если мамы нету - плохо одному;

 Я вам обещаю, вот закончим праздник,

 Я свою мамулю крепко обниму.

На сцену приглашаются ученики 2,3 класса.

1. Вадим.

Я один у мамы сын,

Нет у мамы дочки!

Как же маме не помочь

Постирать платочки?

Мыло пенится в корыте,

Я стираю, посмотрите!

Помогаю маме я,

Каждый день работаю!

Убираю со стола,

Мою пол с охотою!

Я не валяюсь по ковру,

Не бегаю вприпрыжку.

Я сам сегодня уберу

Игрушки все и книжки!

Помогаю бабушке, я уже большой.

Улыбнулась бабушка, стала молодой!

«Молодая бабушка!» — люди говорят.

Я за нашу бабушку очень-очень рад!

2. Магишат.

8 Марта – день торжественный,

День радости и красоты.

На всей земле он дарит женщинам

Свои улыбки и цветы.

Все чаще солнечные зайчики

Теперь заглядывают к нам

Их ловят девочки и мальчики,

Чтобы раскрасить праздник мам.

Родную нашу маму

Поздравим с женским днем!

И песенку о маме

«О моей», «И о моей!»

Все:     О любимых и родных, наших мамах дорогих!

3.Сабина.

Я смотрю на вас, девчонки,

И подснежник по весне,

Ароматный, нежный, тонкий,

Вспоминается вдруг мне.

Сколько в нем благоуханья

И сокрытого тепла,

Сколько в вас очарованья

Жизнь весенняя внесла!  

4.Сагыныш.

Завтра, завтра мамин праздник –

Будем маму поздравлять!

Я решила своей маме  что-нибудь нарисовать.

Может, белого котенка от хвоста и до усов?

Может быть, букет чудесный всевозможнейших цветов?

Или, может быть, ракету – а в ракете я сижу,

И оттуда, из ракеты, я на мамочку гляжу?

А могу Бабу Ягу и барашка на лугу,

В общем, много, что умею, только выбрать не могу.

И на чистый лист бумаги я задумчиво смотрю

И, пожалуй, точно знаю, что я маме подарю:

Нарисую много неба и на стену приколю,

А на небе напишу я:

"МАМА, Я ТЕБЯ ЛЮБЛЮ!"

5.Люсинэ.

Платьев у мамы ну прямо не счесть.

Синее есть, и зеленое есть,

Есть голубое

С большими цветами -

Каждое служит

По-своему маме.

В этом уходит она на завод,

В этом в театр и в гости идёт,

В этом сидит, занята чертежами…

Каждое служит по-своему маме.

Брошен небрежно на спинку кровати

Старый, потрёпанный мамин халатик.

Я подаю его бережно маме,

А почему -

Догадаётесь сами:

Если наденет халатик цветной,

Значит, весь вечер пробудет со мной.

6.Настя.

Девочки и мальчики,

Давайте вместе с вами

Спасибо скажем бабушке,

Спасибо скажем маме.

За песенки и сказки,

За хлопоты и ласки,

За вкусные ватрушки,

За новые игрушки.

За книжки и считалки,

За лыжи и скакалки,

За сладкое варенье,

За долгое терпенье.

7.Диана

Но бабушкины руки

Люблю всего сильней!

Если бабушка сказала:

То не трогай, то - не смей,

Надо слушать, потому что

Дом наш держится на ней.

Мы без бабушки однажды

Приготовили обед.

Сами вымыли посуду,

И с тех пор посуды нет.

Посвящает воспитанью

Папа свой свободный день.

В этот день на всякий случай

Прячет бабушка ремень.

Ходит в школу на собранья,

Варит бабушка бульон.

Ей за это каждый месяц

Носит деньги почтальон...

Жюри подводит итоги.

«Восточный танец» исполняет Ақерке.

1-жүргізуші:

«Ананың жұмбағы» көрінісін қабыл алыңыз.

Көрініс: «Ананың жұмбағы».
Автор
: Бірде көп балалы ана ұлдарына былай депті:
Ана: Балапандарым, мен сендерге бір жұмбақ айтамын, сендер соны шешіңдер. Сендердің бәріңді 9 ай абақтыға жапса, одан шыққан соң ауызыңа өкпе тықса, арқанды ағашқа таңса, сол адамға не істер едіңіздер?
Тұңғыш ұл: Мен оның басын балтамен шабар едім.
Екінші ұл: Мен оны мылтықпен атып тастар едім.
Үшінші ұл: Оның мұрнын бұзар едім.
Кенже ұл: Жоқ, ана, мына үшеуінің жасайтындары ақымақтың ісі. Ал мен болсам, ол адамды аялап, өлгенше алақаныма салып бағар едім. Ол мені жарық дүниеге әкелуші адам. Ол – асыл ана. Сіз бізді 9 ай көтердіңіз, бізге жарық дүние сыйладыңыз. Қырқынан шығардыңыз, ағаш бесікке бөледіңіз. Міне жұмбағыңыздың шешуі осы.
Ана: Жарайсың, кенжетайым!
Хан: Әй, кенже ұлым! Көркіңе ақылың сай болып өсіпсің. Анаң екеуіміздің көңіліміз толды. «Көктем» атты патшалықты өзіңе сеніп тапсырамын.
Хан батасы: Ізетті, инабатты, иманды ұл - қыздарым! Бауырларыңды тыңдаңдар, бірлік пен татулықты серік етіңдер! Ана сыйлағанды Алла жарылқайды, аналарыңды сыйлаңдар!
Автор: Сонымен, хан жарлығы екі болмайды. Кенже ұл ата тағына отырып, көңілді «Көктем» патшалығын басқарыпты. Көңілді патшалық адамдарға нұрын шашып «Ана – өмір шуағы» деп жадыраған, жайдары бір күнін асыл аналарымызға арнаған екен. Міне, көңілді патшалықтың мен көрген бір күні осылай шаттықпен өз ұясына қонды.
1-жүргізуші: Асыл аналар! Ана, осы бір қасиетті сөзде қаншама мол мейірім, асып төгілер мол қуаныш бар!

2-жүргізуші: Отбастарыңызға амандық, балаларыңызбен бақытқа бөленіп, ұзақ өмір сүрулеріңізге тілектеспіз.

Жүргізушілер бірге:

Анамыздай аялаған, баптаған,

Ұстаздарым ізгілікке бастаған.

Аяулы да, ардақты апайларға,

Бастауыш сынып оқушыларынан мың алғыс!

Ән «Аналар ауырмасын» орындалады

Мұғалім: Балаға ең жақын, сіз -Ана, даналар, сіздің ыстық құшағыңыз балаға пана болар.

Жүрегіңнің бір бөлшегі - бала үшін, сізден жақын адам бар ма, аналар! - дей келе, құрметті балаларыңыздың сыйлықтарын қабыл алыңыздар!

(Сыйлықтар тапсырылады.)

Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі –8 наурыз Халық аралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын.
 Ана қуанышы, әйел қуанышы - әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі.
 Деніңізге саулық, отбасыңызға бірлік-береке, кенен табыс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілей отырып, мына өлең жолдарын Сіздерге арнаймын:
 Гүлдей болсын өміріңіз,
 Нұрға толсын көңіліңіз.
 Биік боп жұлдызыңыз
 Көктемдей құлпырыңыз.
 Бақыт қонсын басыңызға
 Қолдап жүрсін Тәңіріңіз!




















Мәдениет қазақ-орыс орта мектебі







8-наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған сценарийі



Айналайын анашым!

D:\5.12.14 с рабочего стола\Desktop\фото 8 марта МОЕ\SAM_9217.JPG









Дайындап-өткізген:Тлеуова А.С.





2015 оқу жылы





D:\5.12.14 с рабочего стола\Desktop\фото 8 марта МОЕ\SAM_9217.JPG

D:\5.12.14 с рабочего стола\Desktop\фото 8 марта МОЕ\SAM_9211.JPG



D:\5.12.14 с рабочего стола\Desktop\фото 8 марта МОЕ\SAM_9204.JPG



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 29 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Краткое описание документа:

Разработка сценарии к Международному женскомй дню 8 марта. Учителя могут использовать на классных часах. Классный час "Айналайын анашым!"/"Дорогая мамочка" разработан на 2-х языках: казахский и русский язык. Так как наша школа смешанная, открытые мероприятия проводим на двух языках. В этой разработке представлены сценки: "Ата мен бала", «Ананың жұмбағы», игры, песни, стихотворение.

Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеп сыйлай білуге үйрету. Оқушылардың бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту.

 

Көрнекілігі: кеш өтетін бөлмені лайық етіп безендіру.

 

 

Общая информация

Номер материала: 494028
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>