Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Презентации / Классный час на тему: "Қазақстан-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Классный час на тему: "Қазақстан-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ"

библиотека
материалов

Сыныбы: 8 «А», 7 «А» күні: 01.09.2014ж

Тәрбие сағатының тақырыбы: Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н. Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер, Қазақстан туралы әндер.

Тәрбие сағатының барысы:

Ой қозғау:

- Біз қандай мемлекетте тұрамыз?

- Қазақстан.

- ҚР - ның халқы қай тілде сөйлеу керек?

- ҚР – ның халқы қазақ тілінде сөйлеу керек.

- Біздің тұңғыш президентіміздің аты - жөнін білесіңдер ме?

- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Мұғалім сөзі. Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын - қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы туралы

 Еліміз тәуелсіздік алып, ел болып есін жинап, жоғын жоқтап, барын базарлаған, асылын ардақтаған Ұлы елге айналдық. Бізге әрқашан үлгі болып келген Еуропа елдеріндегі атыс-шабыс, төңкерістерге қарап еліміздегі тыныштық пен тұрақтылық, экономикалық даму, ұлтаралық татулық: осының бәрі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының сындарлы саясатының жемісі деп білеміз.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы Жолдауы –- егемен еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, мемлекетіміздің барлық саласына серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін шынайы іс – жоспарға құрылған шын мәніндегі тарихи құжат. 

Осы стратегиялық құжатта Президентіміз мемлекеттік қызметтің барлық саласын қамти отырып, тәуелсіз Қазақстанымызды дамытудың, әрбір қазақстандықтың, әрбір отбасының, жастардың және келешек ұрпақтың мүддесін қорғаудың нақты жолдарын ұсынды. Бұл жолдағы негізгі бағдарымыз – «Қазақстан – 2050» Стратегиясын  орындаудың бес жылдық кезеңді қамтитын маңызды міндеттерін атап көрсетті. Әр кезең сайын экономиканың жаңа белестерін бағындыру әрбір бес жылдықтың нақты нәтижесі болып табылады. Әсіресе, индустриялық - инновациялық даму, шағын және орта бизнесті дамыту, агроөнеркәсіптік кешен, білім-ғылым салалары осы Жолдаудың ең салмақты тұстары екені сөзсіз. Мәселен, жолдауда білім саласына айырықша көңіл бөлінген.

Жолдауда білім саласы туралы Президентіміз былай дейді: «Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс. Келешекте жастардың техникалық білім алуын мемлекеттік кепілдендіруге көшіруді қарастыру қажет»,- дейді. Осыған қарай отырып, Елбасы Назарбаев Зияткерлік мектептері қазақстандық білім көшін бастап келе жатқанын және өзгеге үлгі екендігін айтып отыр. Бұл біз үшін қуанарлық жағдай. Бірақ біз осы межені місе тұтып тұрып қалмай, ел страгегиясын қолдап, оның одан әрі дамуына үлес қосуымыз қажет. Біздің мектебіміз де осы мақсатты дұрыс түсініп, «Үш тұғырлы тіл саясатын» қолдап, оқушыларымыз үш тілде еркін қарым-қатынасқа түсіп, техникалық білімдерін тереңдетуде. Биылғы мектеп бітірген түлектеріміздің 90 пайызы техникалық мамандықтың білім-гранттарын жеңіп алған. Бұл да елімізде жетіспей жатқан техникалық мамандықтардың орнын толтырады деген сөз.

Мемлекеттік тілге оралатын болсақ, осы тілді білуге деген құштарлық биылғы жылы 10 пайызға артты деп Президентіміз атап өтті. Мұндай өдеріс біздің мектептен де байқауға болады. Мектеп ұжымы жыл сайын аптасына 2 рет қазақ тілінен оқу-курстарына қатысып, «Қазтест» орталығы арқылы тест тапсырып, мемлекеттік тілді оқып-үйренуге деген қызығушылықтары артып келеді.

Ендеше, Елбасы стратегиясын жүзеге асыруда әрбір қазақстандық болып ат салысуымыз қажет. Ол әрбір ата-ана, оқушы, ұстаз болып бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, еңбек етуіміз керек. Сонда ғана ісімзі берекелі де мерекелі болмақ.

Сондықтан бұл Жолдау – жоспарлау саясаты, ұзақмерзімді даму мен экономикалық өсуді мақсат еткен мықты мемлекетіміздің тағы бір Стратегиялық жоспары. Ал ең бастысы, еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды.

Бұл жоспар біздің дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсатымызға жаңа серпін беретіні сөзсіз.

Жолдауда айтылғандай, бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолында Елбасының айналасына бірігу «Мәңгілік ел» мұратымызға жетудің берік негізі болып табылады.









Сөзжұмбақ «Жолдау» сөзі шығу керек.

1. Әлемдік сөзінің синонимі (жаһандық)

2. Отағасының антонимі (отанасы)

3. Ата - ана тәрбиелейді? (бала)

4. «…- біздің табысты болашағымыздың негізі» (Ұлт денсаулығы)

5. Тіл дамуы, сақталуы үшін қандай қаріпке көшпекпіз? (латын)

6. Ел ертеңі жарқын болу үшін не істеу керек? (Білім алу)

- Ендеше, балалар, бүгін Жолдау туралы әңгімелесеміз.

Ән: Елім менің.( тыңдалады)

Өлеңдер оқылады. (тіл, тәуелсіздік, отан туралы)

Қорытынды:

- Жолдау туралы не түйдің, осы айтылған тарауларда не айтылмады?

«Ойын»

«Мен президент болсам халыққа Жолдауым…» Оқушыларға өз ойларын айтқызу.

«Үш бақытым»

1-оқушы: Ең бірінші бақытым – Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса мен бармын, қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

2-оқушы: Ал екінші бақытым Тілім менің

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кейкейде дүниеден түңілсем де

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

3-оқушы:

Бақытым бар үшінші– Отан деген,

Құдай деген кім десе, Отан дер ем!

...Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай – ақ кел дағы, от ал менен.

4-оқушы:

Үш бірдей бақытым бар алақанда,

Мені мұндай бақытты жаратар ма!

Үш Күн нұрын төгеді аспанынан

Атырау, Алтай, Арқа, Алаутауға!!!

«Отан туралы»

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен асқар тау гүлін сүйем

Мен оның құдіретті үнін сүйем, мен оның қасиетті тілін сүйем

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған

Бәрі маған Отан деп сыбырлаған

Жаным менің кеудемді жарып шық та

Бозторғайы бол оның шырылдаған.

Отан, Отан бәрінен биік екен

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем!

Қорытынды:

- Жолдау туралы не түйдіңдер, осы айтылған тарауларда не айтылмады?

Оқушыларға өз ойларын айтқызу

1-оқушы: Мен 21 - ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін.

2-оқушы: Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.

3-оқушы: Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.

4-оқушы: Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.

5-оқушы: Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын!

Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! - деген елбасымыздың қорытынды сөзімен тәрбие сағатын аяқтаймын.

Аянгалиева Арай

       - Менің ойымша, осы жолдаудың маңызы өте зор. «Қазақстан-2030» стратегиясы ерте біткені біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі. Нұрсұлтан Назарбаев осы жолдауында елге деген басты мәселелерді көтерді. Әсіресе елдің экономикасын, жағдайын қарастырып отыр. Себебі экономикамыз нашар болса, адамдар мен қоршаған ортамыз құрып кетеді.
Жолдауда ең басты мәселе еліміздің туған тілі айтылды. Бізде “тіл - тіршілік тірегі” деген ұлағатты сөз бар. Біздің тіл еліміздің біріктірушісі болу керек деп ойлаймын. Жолдауда “қазақ қазақпен қазақша сөйлесуі қажет” деп айтылып кетті. Қазір адамдар қазақ адамымен орыс тілінде сөйлейді немесе қазақша сөйлеп тұрып, орыс сөздерін қосады. Ол біздің тілге деген немқұрайлы көз қарасымызды көрсетеді.
      

Лаура
            - Елбасымыз осы жолдауында Қазақстанның барлық жетістіктерімізді айтып шықты. Соның ішінде біздің мақтанышымыз: “Expo – 2017”. Бұны 100-ден астам мемлекеттердің ішінен құрметке ие болдық. Адамдардың тұрмыс жағдайы жақсарып, білім беру саласының дамуын қарастырды. Жетістіктерге жеттік деп елбасымыздың айтқандай біз бұған қанағат етпеуміз керек. Алға тағы да мақсаттар қойып, оған жетуміз керек. Соның бастысы 50 дең дамыған мемлекеттерге ену. Қазір біз 51-орындамыз. Менің ойымша, осындай Елбасымызбен біз 50 емес 10 дамыған мемлекеттер арасына айналдырған 10 жылда кіреміз деген ойдамын.

 Айнагуль

      - Осы Жолдауда Елбасымыз Қазақстанның бүкіл жетістіктерін айтты. Біз жас мемлекетпіз. 20 жылдың ішінде Қазақстан мықты мемлекеттердің құрамына кіріп, дами береді. Лондонда өткен олимпиадада 200-ден астам ел қатысты. Соның ішінде біз 12 орынға ие болдық. Біз «Expo- 2017» жеңдік. Осы жеңістер бізге көп пайда береді. Нұрсұлтан Назарбаев мақсаттары орындалды деп ойлаймын.

Аяулым: 

    - Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өзінің стратегиялық ойлау қабілетімен Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына енгізген. Қазіргі кезде жалпы мемлекет басшысы қойған негізгі мақсат 2050 жылға дейін Қазақстан әлемдегі 30 дамыған мемлекеттің қатарына қосылу керек. Бұл әрине өте үлкен мақсат. Бірақ бұл мақсатқа жетуге болатынын біздің көзіміз жетті. Бұған «Қазақстан-2030» стратегиясы куә. Менің ойымша, «Қазақстан-2050» Стратегиясы - болашақ ұрпақтың қамы.

 

 Дамир

Елбасының биылғы халыққа Жолдауы экономикалық бағыттың тағы да алынбаған белестері мен өсуін айқындап, ұлттық экономикаға немқұрайлы емес жандарды ширақ, әрі батыл қадамдар жасауға шақырды.  Соның ішінде,  индустриялық-инновациялық даму, шағын және орта бизнесті дамыту, агроөнеркәсіптік кешен, білім-ғылым салаларына ерекше көңіл бөлу қажет.

Әлеуметтік салаға Елбасы әр жылғы Жолдауында айрықша көңіл бөледі. Білімгерлердің шәкіртақысы, мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы, зейнетақының жылдан-жылға көбеюі өте қуантарлық жағдай. 

Ең маңыздысы, еліміздің патриоттық рухын көтеретін, үлкен ауқымды мақсаттарға жетелеп жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы бір серпін күш беретіні сөзсіз

Краткое описание документа:

Сыныбы: 8 «А», 7 «А»                                               күні: 01.09.2014ж

Тәрбие сағатының тақырыбы: Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н. Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер, Қазақстан туралы әндер.

Тәрбие сағатының барысы:

Ой қозғау:

- Біз қандай мемлекетте тұрамыз?

- Қазақстан.

- ҚР - ның халқы қай тілде сөйлеу керек?

- ҚР – ның халқы қазақ тілінде сөйлеу керек.

- Біздің тұңғыш президентіміздің аты - жөнін білесіңдер ме?

- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Мұғалім сөзі. Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын - қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды.

Автор
Дата добавления 05.12.2014
Раздел Классному руководителю
Подраздел Презентации
Просмотров339
Номер материала 173531
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх