Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Конспекты / Кластан тыс іс шара

Кластан тыс іс шара



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

  • Александра: Наурыз күні - Ана күні, әлем күні
    Әлемді тебірендірер ана үні
    Анасыз жан туған жоқ жер бетінде
    Ұғып ал, бөбектерім, сендер мұны.
    Аружан: Құрметті асыл аналар, қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар! Қар астынан қылтиып, бәйшешек бой көтергенде, көктемнің алғашқы жаршысы болып аналар мерекесі келеді. Бәйшешек сонша нәзіктігіне қарамастан, қалың қар астынан бүршік жарады. Біздің асыл аналарымыз да бәйшешектей, барлық қиындыққа төзімді. Аналар, көктемгі гүлдей жарқырап, гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын!

Александар: Бүгінгі «Кішкентай арулар" атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Александра: Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Аруларымыз ортада,
Көзайымын алайық.
Қайсы күйші, кім биші,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім тапқыр,
Таланттарын табайық.

Рұқсат болса бастайық!
Аружан: Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған, халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
Александра:1 - аруымыз:
2 - аруымыз:
3 - аруымыз:
4 - аруымыз:
5 - аруымыз: 
6 - аруымыз: 
Аружан: Ал, халайық, аруларға тамсанайық,
Қыз қылықты дегенге ән салайық.
Атына заты сай аруларға
Тағы да бір қол соғып қарсы алайық.
Александра: Уа, арулар, арулар!
Ешкімің жоқ алалар.
Ару болу үлкен сын,
оны қазың бағалар – деп, әділ – қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Аружан: Сайысты бастамас бұрын, сайыстың атқаратын міндеттері мен таныстырып өтейін.
1. Өздерінің реттік санын алу.
2. Өздерін таныстыру.
3. Сұрақ - жауап.
4. Арулардың өз өнерлерін көрсетуі.
5. Сән үлгісін көрсету. (авангард)
Александра:
Қыздар,қыздар кімсіңдер?

Күлімдеген күнсіңдер

Шұғылалы шуақты,

Таңғажайып дүрсіңдер

Аружан:Қыздар,қыздар,кімсіңдер?

Мына бізбен бірсіңдер

Осынау дархан өмірді,

Думандатып жүрсіңдер.– деп сайысымыздың бірінші бөлімін бастаймыз.
І кезең. Реттік сандарын алу.
Ән:
ІІ кезең. Александра: Біздің арулар келді танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға.
Қорықпастан сахнаға келіп жетті,
Әдеппен, ізетпенен танысуға.

Аружан: Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып,
Көрейік, ару қыздарды жарыстырып.
Бұл залда білетін бар, білмейтін бар,
Әрбір ару көрсін өзін таныстырып.
Александра: Ән:
ІІІ кезең. Александра: Сырлары көп ғылымның,
Шешілмеген әлі де.
Тереңдігі білімнің,
Керек екен бәріне – дей келе кезекті сұрақ - жауапқа берейік.
Аружан: «Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар» демекші, сайысымыздың келесі кезеңінде қыздардың салт - дәстүрге байланысты білімін сынайық. /Тақтада гүлдің суреті, қыздар гүлдің біреуін үзіп, артындағы сұрағына жауап береді/
1.
Қазақтың ұлттық тағамдарын ата.
2. Қазақтың ұлттық ойындарын ата.
3. Наурыз көже қалай дайындалады?
4. Адамдарға құстың атауымен берілген есімдерді ата?
5. Қыз баланың ұлттық киімдерін ата
.
6. Сүттен жасалатын тағамдар.
Александра: Би:
ІҮ кезең. Александра:
Өнерсізден қашып жүр,

Өнермен үлгі шашып жүр.

Өнерді көп білетін дана болар,

Өнерсіздің ісі шала болар.
Аружан: Сайыста ән салайық, би билейік,
Өнермен өрге басып кідірмейік.
Арулардың өз өнерлерін көрсетуі:
V. кезең.
Сән үлгісін көрсету.
Аружан: Ал, халайық ықыласпен демейік,
Арулардың сән үлгісін көрейік.
Сыры мен сымбатына қарап біз,
Әділдікпен бағаларын берейік.
(Арулар реттік номерлері бойынша бірінен кейін бірі сән үлгісін көрсетеді.)
Александра: Барына риза болсын көрермендер,
Көрсетті өнерлерін жас өрендер.
Осымен сайысымыз аяқталсын,
Қазылар берсін енді шын бағасын.

Аружан: Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Өнерлі, білімділер жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
Александра: Әділ қазыларға сөз беріледі.
Аружан: Сайысқа қатысушы арулар марапатталады.
(
Көктем аруы, көрермен көзайымы, білімді қыз,өнерлі қыз, дарынды қыз, тапқыр қыз) жүлде тағайындалады.
Александра :Мектеп басшысы Тайпақова Гулфайруз Руовнаға сөз беріледі. Қорытынды сөз.
Аружан: Осымен байқауымыз өз мәресіне жетті. Ару қыздарымызға рахмет айтамыз. Мерекелеріңіз құтты болсын!




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 29.07.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Конспекты
Просмотров15
Номер материала ДБ-148633
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх