Инфоурок Начальные классы Научные работыКластан тыс шара "Наурызым-көктемім

Кластан тыс шара "Наурызым-көктемім

Скачать материал

Наурызым мерекем- наурызым берекем

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар, жер жүзіндегі халықтардың бәрінің де түрлі мейрамдры бар. Шығыс халықтардың сондай мейрамдарының бірі –Наурыз. Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні –Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, наурыз тойын тойлатып Жаңа жыл келді. Той құтты болсын! Ұлыс оң босын!  Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!

2-жүргізуші:  Наурыз – көктем мен еңбектің ежелгі мерекесі. «Қазыбек би» ауылына  «Наурызым мерекем-наурызым береке» атты кешімізге қош келдіңіздер! Наурыз мерекесін  тәжіктер мұны Гүлнавруз, татарлар Нардуган, өзбектер Новруз, гректер Патрих деп атаған. Шығыс күн парағы бойынша күн мен түн теңеледі де 22-наурызда  Ұлыстың ұлы күні басталады.

1-жүргізуші:Наурыз келсе, құт келгені халайық!

                        Есік ашып, шашу шашып,

                        Бәріміз қарсы алайық!

                      (әже құттықтау тілек айтып,  шашу шашады)

2- жүргізуші: Уа жараңдар, жараңдар,

Бәрің бері қараңдар!

Наурыз думан басталды,

Құттықтаймын бәріңді

Үлкен –кіші бәріңді.

Ақ дегенің мол болсын,

Қайда барсаң жол болсын,

Алла қолдап ісіңді,

Қадамың басқан оң болсын!

(Ортаға екі бала шығады)

1-оқушы: Ассалаумағалейкум

Ұлыс оң болсын

Ақ мол болсын!

2- оқушы:  Уағалейкумассалам

Ұлыс оң болсын

Пәле –жала жерге енсін!

(екі бала төс қағыстырып  аман-саулық сұрасады)

Ән: «Дастархан»орындайтын Алихан Асем қарсы алыңыздар.

1,2-жүргізуші: Күн мен түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді

Соны тойлар ел енді.

Көрініс:  Күн мен түн ортаға шығады.

Күн:  Сәулесі мол күнмін

Түн: Жұлдызы көп түнмін

Екеуі бірігіп: Бүгін біздер бірдей боп,

Теңелеміз бүгін біз.

Түн:  Ал ертең күн ұзақ

Күн: Түн қысқарар бірақ.

Екеуі бірігіп:  Ұйқы қанбай қалып, жүрмеңдер бірақ.

1-жүргізуші:Балалардың үмітін,

Жас ұрпақтар ақтаймыз.

Қыдыр атаны шақырып,

Наурыз тойын бастаймыз.

2-жүргізуші:Қош келдіңіз,Қыдыр ата! Төрлетіңіз!

Қыдыр ата:   Армысыңдар халайық.

Армысыңдар балалар!

Сендерге арнап көктемде

«Қызғалдақты» өсірдім.

Белгісі болсын көктемнің

Берекесін берсін өткеннің.

Наурыз көже сыйлықпен,

Сендерге бүгін жеткенмін.

Ал, балалар, балалар,

Би билеп, ән салайық

Наурыз тойда думандап.

Күй:

1-жүргізуші: Ұлыс күндеріңіз құтты болсын!

                        Келе жатыр жылымыз,

                        Мейрамдаймыз мұны біз.

                       Халқы сүйген  мейрамды 

                       Қарсы алайық Наурызды!

1-оқушы:  Қош келдің ! жас наурыз-жылдың басы

 Жұрттың күткен мінекей ықыласы

Көже құйып күйбеңдеп, басын асып

Бермек әркім баршаға қонақасын

2-оқушы: Армысың, Наурыз

Мереке, ырыс береке.

Қош келдің, сені,

Күтуде кең өлке.

3-оқушы: Наурыз тойын әдемі

Әжем еске түсірді.

Біздерге арнап әдейі

Наурыз көже пісірді.

4- оқушы:Көктем тойы- әніміз,

Көркем өнер сәніміз

Өлең , әнмен той сәнін,

Өрнектейіз бәріміз.

5-оқушы: Қайырлы күн, әрқашан күн сөнбесін

Күн нұрындай жылуын төге берсін.

Күндей жарық көңілді күн кешейік,

Бәріміз дос болып бөлісейік

6-оқушы: Наурыз, Наурыз, Наурыз!

Дүние құлпырыпты!

Көктемнің хабаршысы-

Алғашқы гул шығыпты.

7-оқушы:Айналада жасыл желек түрге енген

Қыз келіншек гүлдей болып түрленген.

Төрлет, міне , Наурызым табысым,

Орын алшы, қуанышты іргемнен.

8-оқушы: Жасыңа жас қосатын

Жыл басы бұл –Наурыз

Әр кіргізген асыңа,

Бал татыған сары уыз.

9-оқушы: Қане, достар , күлкімен орта толсын

Әрқашан мерекелік көңіл болсын.

Кеудеміз күмбірлеген күйге толып,

Мерекесі көктемнің құтты болсын.

10-оқушы: Арулар неткен сымбатты,

Ғажайып нұрға бөленген.

Көктемге қыздар үн қатты,

Мың бұралған бименен

2-жүргізуші:Наурыз тойың, наурыз тойың

Құтты болсын халайық

Күй төгіліп, ән шырқалсын

Би биленсін халайық.

Би: Қазақ биі

 1-жүргізуші: Білесіңдер ме? Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырысы –Наурыз  көже! Наурыз көже жеті түрлі дәмді астық құрамынан жасалады. Оның мәні жаңа жылда тоқшылық, молшылық, татымды өмір болсын деген ырымды , тілекті паш етеді.

2-жүргізуші: Ендеше ..........әжемізден наурыз көженің жасалу жолын сұраймыз.

Әже: наурыз көженің жасалу жолын айтады.

11-оқушы: Жыл басы деп қарсы аламыз мерекені

Кіргізетін бұл мейрам берекені

Көже , сусын, ірімшік, құрт, бауырсақ

Дастарханда бұл күні берекелі

12-оқушы: Наурыз, Наурыз,Наурыз

Бар ызғар тұншығыпты

Алтындай жарығына

Көп гүлдер ұмтылыпты.

13-оқушы: Қыс өтіп, қар кетіп

Шырайлы жаз жетіп

Шаруаның кенелген,

Мейрамы- ежелден

Құтты болсын, бұл Наурыз.

14-оқушы: Оятып шың мен асқарды

Ерітіп мұз бен ақ қарды

Нұрландырған даланы

Наурыз- көктем басталды!

15-оқушы:  Көптен күткен Наурыз тойы арайлы

Нұрға толтырып жатыр міне маңайды

Мал біткеннің  бал татыған  уызы

Қуат болып қанымызға тарайды.

16-оқушы: Күн мен айға әлемнің

Бердің  ыстық сәлемін

Қарттарыма сүйеніп

Сәлем бердік иіліп

Орындалды ойларың

Құтты болсын бүгінгі

Наурыз атты тойларың.

17-оқушы: Наурыз тойы- береке

Наурыз тойы-жыр аңыз

Қызық дулы мереке

Қызық думан құрамыз.

1-жүргізуші: Наурыз –шаттық әніміз

Салтанатты  сәніміз

Ән салып, жас-кәріміз

Би билейік бәріміз.

Би: «Жігіттер биі»

2-жүргізуші: Ұлыс күні қазан толса,

Сол жылы ақ мол болар

Жаңа жылға бата алсаң

Сонда олжалы  жыл болар- дегендей Қыдыр атамыздан бата сұраймыз.

Қыдыр ата:

Азамат боп ержетіңдер.

Ақылды болып ержетіңдер

Азамат болыңдар көрікті,

Ғұмырың болсын берікті

Азамат болыңдар ардақты

Мінездерің болсын салмақты

Өнерлі болыңдар жан-жақты

Осы айтқанның бәрі қабыл болып

Алла берсін сендерге зор бақты!

Аумин

Хор: «Наурыз әні»

1-жүргізуші: Еліміздің несібесі көп болсын

Жауын жауып, жер бетіне көк толсын

2-жүргізуші: Даламызға  бұл жаңа жыл құт болсын!

Бар жақсылық  берекемен жұп болсын.

1,2-жүргізуші: Наурыз құтты болсын!

Дендеріміз сау, мықты болсын!

Барлық халық бақытты болсын,

Қош,сау болыңыздар халайық!

Барлықтарыңызды наурыз дастарханына шақырамыз. Көжеден дәм татыңыздар.

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Кластан тыс шара "Наурызым-көктемім"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист сварочного производства

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 882 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.05.2016 518
    • DOCX 21.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ғазизова Атлас Қамбарқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ғазизова Атлас Қамбарқызы
    Ғазизова Атлас Қамбарқызы
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7319
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Ресурсы библиотерапии в работе с детьми дошкольного и младшего школьного возраста

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 49 человек

Курс повышения квалификации

Возрастные особенности детей младшего школьного возраста

36 ч.

1700 руб. 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 128 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 2 092 человека

Курс повышения квалификации

Программа работы с неуспевающими и слабоуспевающими учащимися старшего дошкольного и младшего школьного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 131 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 259 человек

Мини-курс

Управление и менеджмент в спортивной сфере

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовый риск-менеджмент

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические аспекты родительства и развития ребёнка

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе