Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Кластан тыс шара: «Салауатты өмір сүру»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Кластан тыс шара: «Салауатты өмір сүру»

библиотека
материалов

Кластан тыс шара: «Салауатты өмір сүру»

1-жүргізуші: Бүгінгі «Салауатты өмір сүру» атты кешімізді атақты қоғам қайраткері,биология ғылымының докторы,профессор М.Монтеннің мына сөзімен бастағым келіп тұр «Денсаулық –баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние..Ол жақсы болу үшін не уақытты,не күш жігерді,не еңбекті,тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек.Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімін де қиюға болады.Денсаулықсыз өмір қызықсыз әлем деп есептеймін».

2-жүргізуші: Иә,өмір-теңіз! Осы үлкен теңіздің асау толқындарында,күшті дауылдарында адасып қалмай өз өмірімізді жас кезімізден ойлауымыз керек.Бірақ бір өкініштісі бүгінгі таңда жастар арасында темекіге,ішімдікке,нашақорлыққа әуестенушілер мен өз денсаулығына немқұрайлы қарайтындар көбейіп кетті.Міне осының кесірінен жастар арасында зиянды заттардаң әсерінен болатын аурулармен қатар ,жұқпалы аурулар да көптеп кездеседі.

1-жүргізуші:Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Халық денсаулығы» атты мемлекеттік бағдарламада халықтың денсаулығын нығайту мемлекеттік бірінші кезеңдегі атқаратын шаралардың бірі екендігінатап көрсеткендігі баршамызға мәлім.

2-жүргізуші: Бұл бағдарламаның басты мұраты: Халықтың денсаулығын сақтау,демографиялық ахуалды жақсарту.

1-жүргізуші: Адамның ақыл-ойын,денсаулығын,қабілетін дамыту мәселелеріне тікелей қатысы бар маңызды еңбектерінде шығыстың әйгілі ойшыл ғалымы Әл-Фараби: «Жас жеткіншектеріңді көрсетіңіз,мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін»-деген екен.Олай болса,біздің болашағымыз неге байланысты?

2-жүргізуші: Әрине,салауатты өмір сүруге байланысты.Ал,салауатты өмір сүру дегеніміз-әлеуметтік тұрмысты жақсарту,бос уақытты тиімді пайдалану,денсаулықты сақтау және нығайту,саналы тамақтану,зиянды әрекеттерден аулақ болу.

1-жүргізуші: Олай болса,бүгінгі таңда мемлекетімізге төніп тұрған,салауатты өмір сүруге кері ықпалын тигізіп отырған,қоғамға кеңінен таныс жұқпалы инфекциялық аурулар туралы білгіміз келсе көріністі тамашалауға шақырамын.

Көрініс:

Сахнада хан екі уәзірімен әңгімелесіп отырады.

Сахна сыртынан авор сөзі: Алтайдан Атырауға дейінгі ұлан-ғайыр алқап бағзы заманнан қазақ ұлтының мекені.Ұшқан құстың қанаты талатын шексіз алқапты ата-бабаларымыз,ақ білектің күшімен,ақ найзаның ұшымен қорғап келді.Таза ауада мінгені жылқы,ішкені қымыз,жылқының етін жеп,дені сау салауатты өмір сүріп жатты.

Осы кезде әлем-жәлем киінген,қолында сылдырмақ таяғы бар бақсы жүгіре айқайлай кіріп,еңбектей хан алдына келеді.

  • Масқара,масқара,сұмдық,сұмдық....Уа,әлемнің билеушісі хан ием.Құдіретті күшті мықты тақсыр.Сіз бәрін білесіз,сіздің күшіңіз бәріне де жетеді.О,хан ием құдіретті қазақ даласына бір ауру жайылып барады.Өкпені құртады дейді.Ауырғандар саны артып барады.Өзіңіз бір амалын жасаңыз.Сіздің құдіретіңіз оған жетеді.Сақта еліңді,сақта далаңды,сақта халқыңды!

Осы кезде жайбарақат әңгіме құрып отырған хан орнынан ұшып тұра келеді.

-Не дейді? Не сұмдық айтты ана бақсы?Уәзірлерім,ыза жай емес болуы керек.Сіздерге тапсырма,осы ауру жайлы толық біліп,анықтап келіңіздер.Болашақ ұрпақ сау болуы біздің қолда.Біліп алып шара жасайық.

-Жарайды,жарайды хан ием.

-Табамыз,анықтаймыз.Сақтаймыз халқымызды.

Екі уәзір кетеді.

Бірінші уәзір:

-Даудың алдын алмаған-төлейді,аурудың алдын алмаған-өледі-дейді,бұл ауру туралы біліп,сақтанайық.

Көпті көрген куәлі,

Көп ауызы дуалы,-деген ғой,көптен сұрап,аралап,анықтайық.

Алдарынан оқымысты шығады.Екеуі амандасып,қол алысып,құшақтасады.

-О,қарағым түріңе қарасам,оқымысты сияқтысың.Өкпені құртатын бір ауру шығыпты дейді.Көптеген адамдарды ауру меңдеп,көбейіп барады.Бұл қандай ауру өзі,оның емі бар ма өзі?

-Дәл үстінен түстіңіз,мен сол ауруды зерттеп жүрген адам едім.Бұл өкпенің құрт ауруы-туберкулез.Ол ауру көге көрінбейтін «Кох таяқшасы» микробы арқылы жұғады.Өте жұқпалы.Ауырған адамдар дәрігерге көрінбесе қауіпті.Бұл ауруды бір адамның өзі жылына 10-25 адамға дейін жұқтырады.Сондықтан өте қауіпті.


- Е,балам ,рахмет,өркенің өссін.Бұл ауруды зерттеп,түбіне жетуіңе тілектеспін.Мен,хан иеме барып естігенімді айтайын.

Екінші уәзір ойланып қалады.

Екінші уәзір:

-Не істесем екен? Бұл аурудың белгілері қандай?Кімнен сұрасам?Қайдан білсем?Оның белгілерін білмесек сақтана,емделе алмай асқындырып аламыз ғой.Енді не істесем? ...

(ойланады) Е,таптым,таптым! Менің сиқырлы құмырам бар ғой.Қазір құмырамды ысқыласам,сиқыршы шығады.Оның қолынан бәрі келеді.

Ол құмырасын ысқылайды.Осы кезде сиқыршы шығады.

-Не бұйырасыз ием?! Мен сізге қызмет етуге әзірмін.

-Сиқыршы,ал керемет болсаң,туберкулез ауруының белгілерін айтып берші.

-Жарайды,қазір мен «уф» деймін,сол кезде ауру адам мен дәрігерді көресіз.

Сол кезде ауырған адамды қарап отырған дәрігер пайда болады. Ауырған адам жөтеліп отырады.

Дәрігер:

-Қашаннан бері ауырып жүрсіз?Қалай ауырдыңыз?Қандай белгілері болды?

-Бір айдай болып қалды,жөтелім басылмай қойды.Дәрі де іштім,басқа да емдер қолдандым,тәбетім жоқ.Түні бойы терлеймін.,жүдеп кеттім.

-Сізді рентгенге түсіріп,тексеру керек.

Естеріңізде болсын!егер 3 аптадан артық ем қонбай жөтелсеңіз,тәбетіңіз төмендесе,түнде терлесеңіз,дене қызуы үнемі көтерілсе,жүдеп кетсеңіз,міндетті түрде дәрігерлік тексеруден өтіңіз.Бұл белгілер туберкулез ауруының белгілері.Егер өзіңіз немесе танысыңыздан осы белгілер байқалса,кешіктірмей дәрігерге көрініңіз.Ертерек анықтасаңыз тез жазыласыз.

Хан уәзірлерімен кездеседі.

Хан мен дәрігер:

-Уа,уәзірлерім халық үшін,халықтың денсаулығы үшін көп іздендіңдер,жарайсыңдар! Нағыз халықтың адамы екендеріңізкөрініп тұр.Бұл ауру қалай жұғады,сақтану шаралары бар ма? Енді соған назар салыңыздар.

Дәрігер:

-Туберкулез ауруының микробтары адамдарға жөтелгенде,түшкіргенде 1,5 м.қашықтыққа тарап ,60 минут сақталады.Ауру адамдармен қарым-қатынаста болған адамдарға тез жұғады.

Уәзір:

-Ауру адамдар қолданған ыдыстар,заттармен жұғады.(Осы кезде ауырған бала,екінші баламен қол алысып амандасады)

-Тоқта! Олай етуге болмайды.Сақтан!Бұл аурудың микробтары қол алысып амандасу кезінде де жұғады.

Дәрігер:

-Ауада,суда «кох таяқшасы» яғни туберкулез қоздырушысы ұзақ сақталады.Сондықтан қайнаған су ішу керек.Ол ауырған мал өнімдерінен де жұғады.Көшеде сатылатын тамақты алуға тыйым саламын.Жер бетіндегі 1 млрд.адам,ал Қазақстанда 100 мың адам туберкулезбен ауырады.Сондықтан сақтаныңыздар!Ауырмайтын жол іздеп,іске асырыңыздар.

Уәзір:

-Жеке бас гигиенасын сақтау,ұтымды тамақтану,үнемі денені қозғалыста ұстап,таза ауада дене шынықтырумен айналысу,шылым шекпеу,жат қылықтардан аулақ болу ,жылына бір рет кеудені рентгенге түсіріп тексеріліп отыру қажет.Туберкулезден емдеу тегін.

Барлығы :

-Біз,қазақ жастары,салауатты өмір сүруді қолдаймыз!Денсаулықты нығайтып,салауатты өмір сүріп,туберкулезге жол бермейміз.

1-жүргізуші: Енді туберкулез туралы толық мәлімет алу үшін бейнефильмге көңіл аударайық.

Бейнефильм «Туберкулез»

2-жүргізуші: Денсаулықтың негізі-тазалықта.Гигиена ежелгі Рим дәрігері Асклепияның қызының есімі.Тазалықтың символы ретінде қабылдап,медицинаға тазалық сөзінің төркіні ретінде енгізген.Гигиена –тазалық.Халқымыз «Тазалық-саулықтың негізі, саулық-байлық негізі»-деп оның маңызын жақсы білген.Бұл орайда мынадай маржан ойлар бар. «Тазалық-денсаулық кепілі», «Күткенге кәрілік жоқ».

1-жүргізуші:Иә,халқымыз өз тәжірибесін жинақтай келіп,аурудың басты себептері мен таралу жолдарына мынадай нақылдарды мұра етіп қалдырған. «Ластың досы шыбын», «Қотыр-қолдан,таз-тақиядан», «Жұғын бар жерде шыбын бар,шыбын бар жерде шығын бар».Міне осындай мақал-мәтелдерді мысалға келтіру арқылы жалқау,салақ ,еріншек адамдардың ауруға бір табан жақын екендігін айтқым келеді.

2-жүргізуші: Адамдардың көбі «Боткин ауруы» немесе жұқпалы гепатиті де қазіргі кезде жиі кездеседі.Ендеше осы ауру қалай жұғады және одан қалай сақтану керектігі турулы мәлімет бере кетейік.

1-жүргізуші: Бұл аурудың «Боткин» деп аталуы себебі 100 жыл бұрын әйгілі орыс дәрігері С.П.Боткин кейбір аурулар адамды сарғайтып,адамнан адамға оңай жұғып,қатты асқынып өлімге әкеп соғуы мүмкін деген.

Соңғы онжылдықта ғана вирусологтар бұл аурудың құпиясын ашқан.Барлық өркениетті елдерде оны вирусты гепатит ,яғни вирустың әсерінен туындаған бауырдың асқынуы деп атайды.

2-жүргізуші: Қазіргі кезде вирустардың 5 түрі белгілі. Ажәне В гепатит вирусы ағзаға ауыз арқылы енсе,В,С,Д гепатит вирустары зақымдалған тері арқылы ,сілемейлі қабат,қанмен ластанған инелер,шприцтер,стоматологиялық және гинекологиялық құрал-саймандар арқылы,қан құю,қан плазмасы арқылы ауру адамнан сау адамға оңай енеді.

1-жүргізуші: Бұл аурудың көп тараған түрі А гепатит вирусы арқылы туындайтын аурулар.Бұл «кір қол» ауруы. Жалпы А гепатит вирусына шалдыққан адамдардың 80% балалар.Жаз бен күзде осы аурумен ауыратын адамдардың саны күрт өседі.Жеке бас гигиенасын сақтамауы,тамақтың алдында қолдың жуылмауы балаларды осы ауруға мәжбүр етеді.

2-жүргізуші: Вирусты гепатитің белгілері: әдетте ауру жұққан соң,5-6 күннен кейін баланың көзінің кілегей қабығы ,содан кейін бетінің,кеудесінің,аяқ-қолының терісі сарғаяды.Сары түс пайда болған соң немесе бірнеше күн бұрын –ақ баланың дене қызуы жоғарылап,жағдайы анағұрлым ауырлайды.Ауру орта есеппен 3-6 аптаға созылып,басым көпшілігінде жазылып кетеді.

1-жүргізуші:Жұқпалы гепатиттің жұқтыру көзі – науқас адам.Ол мүлде құлан-таза жазылып кеткенше айналағысындағылар үшін қауіпті.Инфекция науқас адам сау адамға жолыққанда лас қол алысу немесе су,тамақ өнімдері арқылы және науқас адам пайдаланатын тұрмыс заттары:ыдыс-аяқ,төсек –орын,жиһаз арқылы жұғады. 2-жүргізуші: Халқымыз «Ауырып ем іздегенше,ауырмаудың жолын ізде» деп тегін айтпаған.Сондықтан дертке шалдықпау үшін әркім өз денсаулығын ойлап,оны сақтай білуі керек.Олай болса,біздің денсаулығымызға кері әсер ететін зиянды әрекеттерге нелер жатады?

Көрермендер (ішімдік ішу,шылым шегу,есірткі қолдану)

1-жүргізуші: Дұрыс айтасыздар,есірткі қолдану,темекі шегу,ішімдік ішу-індет.Онымен бүкіл әлем күресуде. «Халқың сырқат болса,қабырғаң сөгіледі» деп ата-бабаларымыздың айтып кеткен сөздері бүгінгі ащы шындыққа айналды.Ұлы ақын-жазушыларымыздың өсиетті сөздеріне назар аударып көрелік.

«Темекі тәнді зақымдайды,ақыл-ойды күйзелтеді,тұтас ұлтты топастандырады» (О.Бальзак)

«Маскүнемдік-ақылдан адасу үшін жасалған жаттығу» (Пифагор)

2-жүргізуші: Шындығында да ешкім маскүнем ,шылымқұмар,болып тумайды .Шын мәніндегі мәдениетті адам темекі мен шараптан аулақ жүретінін білеміз.

1-жүргізуші:Біздің бүгінгі кешіміз Сіздің күшті,дені сау,сұлу,іскер және бақытты жан болуыңызға темекі мен алкогольдің кедергі жасайтынын ескертеді.

2-жүргізуші:Өмір-адамға берілетін ең қымбат дүние.Адам оны өз қолымен бүлдіреді.Адам денсаулығына кері әсерін тигізетін ауруларға жол бермеу мақсатында «Дос ақылы» атты көріністі тамашалауға шақырамын.

Ербол:-Асқар,екеуіміз доспыз ғой,иә ?

Асқар:-Иә,доспыз.

Ербол-Сен ешкімге айтпа,менде керемет нәрсе бар.

Асқар:-Ол не нәрсе ?

Ербол:-Мінекей көрсеңші. (қалтасынан темекі көрсетеді)

Асқар:-Ол не ?

Ербол:-Әкемнен көрсетпей алдым.

Асқар:-Әкеңнен? Әкеңнен неге аласың,темекі деген жаман нәрсе,денсаулыққа зиян.

Ербол:-Менің әкем неге тартады ?

Асқар:-Ой,достым,сенің әкең жас күнінде темекіге әуестеніп,сол қателігін жөндей алмай жүр.

Ербол:-Ой,достым,дегенмен тартып көрсек қайтеді ?

Асқар:-Жоқ.Мұндай жаман әдеттен аулақ болуымыз абзал.Онан да ойынымызды жалғастырайық.

1-жүргізуші: Осы көріністі көре отырып біздің көкейімізде мынадай сұрақтар туындады.

Көрермендерге сұрақ:

1.Темекінің пайдасы мен зияны туралы не айтар едіңіз ?

2.Егер әкеңіз немесе анаңыз ,қасыңызда жүрген досыңыз темекі шегетін болса,олардың темекі қоюына қалай ықпал етер едіңіз ?

2-жүргізуші:Кей балалар темекі тартуды есею деп санайды бірақ,олар өз денсаулығына өздері қылмыс жасаушылар.Темекі тастау үшін баланың қайраты мен қажырлылығы керек.Бос уақытын қызықты өткізіп спортпен шұғылданса,темекіні тастау оп-оңай.

1-жүргізуші:Ойлап қарасаң, «шегу» деген сөзді екі-ақ сөзбен тіркестіріп айтуға болады:азап шегу,шылым шегу.Темекінің құрамындағы никотиннің зиянды әсерінен ауыздың дәм сезуі нашарлайды,тіс уақытынан ерте бүліне бастайды.Темекінің салдарынан сілекей бездері де өзгереді.Бұған қоса ауызда сасық иіс пайда болады.Сондай-ақ тілге,ерінге,таңдайға жазылмайтын жара шығып,ол кейін ракқа айналуы мүмкін.Қысқасы,темекінің адам өміріне зияны көп.Ендеше,шылым шегу деген-азап шегу емес деп айта аламыз ба ?

2-жүргізуші: Шылым туралы мәліметтерді толықтыру үшін Шылым шегудің «пайдасы» деген көріністі көруге шақырамын.

Сахнаға ақ сақалды дана қарт пен жас бала шығады.

-Ата,мен шылым шегуді үйреніп жүрмін.Қалай ойлайсыз,бұл денсаулыққа пайдалы ма ?

- Шылым шегудің үш «пайдасы» бар,балам.Біріншіден,шылым шеккен адам ешқашанда қартаймайды.

-Қалайша ?

-Себебі,олар қартайып үлгермейді.Шылым шегетіндердің өмірі қысқа болады,олар жастай өліп кетеді,балам.

Екіншіден олардың үйін ешқашан ұры тонамайды.

-Қалайша?

-Себебі,балам,шылым шегетін адамның өкпесі таза болмайды да,күндіз-түні күркілдеп жөтелумен болады.Ұрылар үй иесінің көкжөтелін естіп,үйге жақындай да алмайды.

Үшіншіден,шылым шегетін адамды ешқашанда ит қаппайды.

-Қалайша ?

-Себебі,олар өте ерте мүгедек болып қалады да,таяққа сүйеніп жүреді.Ал,қолында таяғы бар адамға ит жақындай ма,айналайын? (Ақсақал қулана жымиып қойды.Ал бала ойланып қалады.)

1-жүргізуші:зиянды әрекеттердің бірі-ішімдік.Ішімдік – отбасындағы татулықты кетіреді.Ағайын-туыс арасында араздық туғызады.Жамандыққа жол ашып,қылмысқа итермелейді.Адамды ар-ұяттан,абыройдан айырады.Арақ ішу-адамның өз қолымен өз өмірін 15-20 жылға қысқарту болып табылады.

2-жүргізуші:Алкоголизм-тұқым қуалайтын ауру.Оның көп белгілері елге белгілі.Ең алдымен науқастың мінез-құлқы өзгереді,себебі жүйке жүйесіне әсер етеді,жүректің жұмысы әлсірейді,тыныс алу мүшелеріне зиян келтіреді,қаны бұзылады ,иммунитеті төмендейді,ауру азып-тозады.Егер әке –шешесі жағынан алкоголизммен ауырған адамдар болса,онда ұрпақтары да сондай сырқатқа бейім келеді.

1-жүргізуші:Ұзақ уақыт спирттік ішімдіктерді қабылдаған адамдардың бауыры шыдамай үлкен өзгеріске ұшырап,ақырында емі жоқ цирроз (шемен) ауруына шалдығады.Егер адам арақты бауыр аурулары кезінде,мысалы,вирустық гепатит кезінде ішсе,онда бауыр 2-3 –ақ күнде езіліп кетеді.

2-жүргізуші:Арақтың басқа да зиянды жақтары жеткілікті.Ата-бабаларымыз ешқашанда ащы суды серік етпеген.Ол кездегі адамдарға салауаттылық жайлы әңгіме өткізудің қажеті болмаған.Ойын-тойдың сәнін келтіріп,көркін ашатын ұлттық-спорттық ойындар мен ән-жырдың шашылған шашуы небір дүбірлі басқосулардың әрін келтіріп,адамдардың көңіл күйін тасытқан.

«Әусек пен Сәусек» (сықақ) Оспанхан Әубәкіров.

Бастаушы:

Ұсынып қос қолды, Түгенбай шешесімен ішеді демекші,

Әкесі мен баласы, Осы екеуі бірігіп ішеді.

Төс қағысып дос болды. Бірде екеуі қызып қалды,

Әусек деген әкесі сіз қатарлы, Сонан соң мынадай қызық болды.

Сәусек деген баласы біз қатарлы, Шалдың көзі былшық,

Екі аяқтыда бажа тату демекші, Баланың сөзі былшық.

Әкесі мен баласы тұрғысында Екеуі бірін-бірі танымай қалды,

Осы екеуі таза тату. Ал,танымаған жерде танысу керек.

Бәленбай кесесімен ішеді, . Шалдың өзі қызу болғанымен,

Сөзі түзу болады.

  • Шырамытып отырмын,қай баласың қарағым?

  • Сәусек деген баламын.

  • Ой тоба,менің де баламның аты Сәусек,ұқсас адамдар бола береді екен –ау.

  • Әкең бар ма?

  • Бар.

  • Тірі ме ?

  • Бар болған соң тірі де.

  • Аты кім ?

  • Әусек!

  • Ой ,тоба менің де атым Әусек.

  • Іше ме?

  • Ішеді,ішкенде екеуіміз бірігіп ішеміз.

  • Шешең бар ма?

  • Бар.

  • Тірі ме?

  • Бар болған соң,тірі болғаны да.

  • Аты кім?

  • Қатпаш.

  • Ой тоба,менің де әйелімнің аты да Қатпаш.

  • Бұл не деген қаптап кеткен аттас.

  • Өздерің қайда тұрасыңдар? - Осы үйде тұрамыз. - Көрші болдық қой.

  • Қой баламды тауып алайын.

Сен де қаңғырмай әкеңді тауып ал.

Бастаушы:

Әусек тұрып баласына кетті.

Сәусек тұрып әкесіне кетті.

1 -жүргізуші:Кімде-кім өзіне өмір беріп,әлпештеп өсірген ата-анама қарыздармын деп білсе,соларға адал ұл боламын десе-

2-жүргізуші:Кімде-кім сұлу қызға сүйікті жар боламын десе-

1-жүргізуші:Кімде-кім ұлына өнегелі әке боламын десе-

2-жүргізуші:Кімде-кім өз қоғамыма пайдалы азамат боламын десе-

Бірге: Арақ ішпесін!

1-жүргізуші: Адам болу,ел болудың жолы да,

Оңай емес ойлау керек оны да.

Ел қатарлы тірлік етіп,кем болмай,

Бақыт құсын қондыруда қолыңда.-дей отырып


  • -Барлық мектеп оқушыларын салауатты өмір сүруге шақырамыз.Зиянды әдеттерден аулақ болайық !

  • -Күнделікті дене шынықтыру жаттығуларымен айналысып,өз денсаулығымызды сақтайық !

  • -Арақтан азбайық,темекіден тозбайық,есірткіден сақ болайық !

  • -Мектебімізде денсаулықты дамытуда үнемі үгіт-насихат жұмысын жүргізуге ат салысайық !

  • -Спорттық жарыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болайық !

  • -Жеке басының және көпшілік орнының гигиенасын сақтайық!





Автор
Дата добавления 10.06.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров84
Номер материала ДБ-117912
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх