Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Классному руководителю / Рабочие программы / Кластан тыс шара. Тақырыбы: Жұлдызды сәт
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Кластан тыс шара. Тақырыбы: Жұлдызды сәт

библиотека
материалов

Күні: 10.02.2016 Класы: 2 «Ә»

Тақырыбы: « Жұлдызды сәт» интеллектуалды ойыны
Мақсаты: Оқушылардың білімін сарапқа салу, сынау арқылы өзара бәсекелестікке жетелеу, логикалық қабілетін дамыту, қиыннан мүдірмей тез шешім тауып шыға білуге үйрету.
Құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта

Сайыстың барысы:
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Президентіміз Н. Ә Назарбаевтың «Қазақстанды болашаққа білімді ұрпақ бастап барады», деген сөзін алға қоя отырып, «Әрбір бала бір жұлдыз», жарқырауына жәрдем ет демекші, әрбір жұлдыз өмірден лайықты өз орнын таба білуі тиіс. Ендеше көкте жұлдыз болып жарқырауларыңа сәттілік тілейік. Құрметті оқушылар, қонақтар бүгінгі «Жұлдызды сәт» атты интеллектуалды сайысымызға қош келдіңіздер!
Балалар бұл сайыстың мақсаты алған білімдеріңнің нәтижесін көрсету, білімнің адам өміріндегі маңызы мен пайдасын білу. Олай болса біз біліміміздің артып, санамыздың оянғанын осы жиналған қауым алдында көрсетейік.

Психологиялық дайындық
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Барша адамды құрметтеп
Бас иеміз біз

Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Бұл бәйге білім бәйгесі,
Кім жүйрік ойға сол алда - дей отырып сайысымызды бастаймыз.

Сайысқа қатысушы оқушыларды таныстыру

Ендеше, балалар, мен сіздерді сайыстың бағдарламасымен таныстырып өтейін.
1 - айналым: Бәйге
2 - айналым: Математикалық қобдиша
3 - айналым: Математикалық мақал-мәтелдер
Балалар, сіздерге математика пәнінен сұрақтар қойылады, сол сұрақтарға жауап берген оқушыларға жұлдызшалар таратылады. Жұлдызшаны көп жинаған оқушы жеңімпаз болады.
Олай болса 1 - айналымға кезек береміз: Бәйге
1. Санның көршілерін ата? 36
2. 1 айда неше күн бар?
3. Бұтақта 17 торғай отырды. 6 торғай ұшып кетті. Неше торғай қалды?
4. 6 метрде неше дециметр бар?
5. Жазылмаған сандарды ата?
15 + ... = 30
70 - ... = 50
65 - 15 =....
34 + 16 =...
6.Белгісіз азайғышты қалай табамыз?
7. 1 метрде неше сантиметр бар?
8. 1 сағат 25 минутта неше минут бар?

9. 90 минутта неше сағат, неше минут бар?

10. Шаршының ұзындығы 5см, периметрі неше сантиметр?

Ұпай саны аз 2 оқушы ойыннан шығады
2 - айналым: Математикалық қобдиша
Өлең есеп 10 20 30 40 50

Логика 10 20 30 40 50

Әр түрлі 10 20 30 40 50

Өлең есеп

10 ұпай
Дүкеннен мен сабын алдым,

Және оның қабын алдым.

Екі дәптер, бір қарындаш,

Тіс ысқышты тағы алдым.

Есептеші сонда бәрі,

Нешеу болды қолда бары? (6)

20 ұпай

Бір-бірімен жарысқа,

Төрт аю, бір арыстан.

Екі қой мен бір түлкі,

Бәрі нешеу кім білді? (8)

30 ұпай

Жем шашып ем құстарға,

Келіп қонды үш қарға.

Көңіл қимас достардай

Жетіп келді бес торғай,

Жұбын жазбай, топтанып,

Теріп жеді бес тауық?

Айт қанша құс келгенін,

Қанша құсты жемдедім? (13)

40 ұпай

Түйе, бота, маң басқан,

Төрт аяғын тең басқан.

Шұнақ құлақ бес ешкі,

Қос лақты қос ешкі,

Төрт қозылы екі қой,

Бәрі нешеу, айта ғой? (17)

50 ұпай

Бес жұмыртқа бес жерде,

Тағы бестен үш жерде.

Қанша болар барлығы,

Бір қазанға түскенде? (20)

Логика

10 ұпай. Төрт жұмыртқа 5 минутта пісті. Бір жұмыртқа неше минутта піседі? (5 минут)

20 ұпай. Дорбада 10 асық бар еді. Асықтарды 10 бала бір-бірден алғанда дорбада тағы 1 асық қалды. Бұл қалай? (Бір бала дорбасымен алды)

30 ұпай. Айранның тең жартысын балалар бір-бір кеседен құйып ішті. Ыдыста екі кесе айран қалды. Ыдыста әуелде неше кесе айран болған? Балалардың саны нешеу? (4 кесе айран, 2 бала)

40 ұпай. Балалар еңбекке баулу сабағында орындыққа 12 аяқ дайындады. Бұл неше орындыққа жетеді? (3)

50 ұпай. Қауынның салмағы 2 кг, бұл қарбыздың салмағына қарағанда 3 кг жеңіл.

2 қарбыздың салмағы неше килограмм?

Әр түрлі

10 ұпай

Мен бір сан ойладым. Ол санға 7-ні қосқанда 57 шықты. Мен қандай сан ойладым? (50)

20 ұпай

Азайғышы 6 ондық 4 бірліктен тұратын өрнекті тап (64-23=41)

30 ұпай

100 – 75 айырмасының мәнін тап (25)

40 ұпай

Бірінші кесіндінің ұзындығы 8 см, екінші кесіндінің ұзындығы 9см. Екі кесіндінің қосындысына тең кесіндінің ұзындығы неше сантиметр болады? (17см)

50 ұпай

Периметрі 40 см болатын шаршының қабырғасының ұзындығы неше сантиметр? (10см)

Ұпай саны аз 2 оқушы ойыннан шығады

3 - айналым: Математикалық мақал-мәтелдер

2 оқушы кезек-кезек мақал-мәтел айтады. Қай оқушы тоқтаса жеңіледі.
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Білдім деме балам,
Білмейтінің көп шығар.
Бәрін білген адам,
Дүниеде жоқ шығар.
Көп білуге ұмтылған,
Көз жұмғанша оқиды.
Көз жұмғанша оқыған,
Көп нәрсені тоқиды,- деп Өтебай Тұрманжанов ағамыз жырлағандай оқып, білім алудан ешқашан жалықпайық!
Жеңімпаз оқушыны анықтау және марапаттау.





Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 22.11.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Рабочие программы
Просмотров49
Номер материала ДБ-379973
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх