670631
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
ИнфоурокКлассному руководителюДругие методич. материалыКластан тыс жұмыс "Наурыз аруы"

Кластан тыс жұмыс "Наурыз аруы"

библиотека
материалов

3 Мәртөк орта мектебі















Кластан тыс жұмыс

«Наурыз аруы» сайысы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері:

Ботанова Г. О., Нуртазина Г. Н.



























«Наурыз аруы» сайысы

Мақсаты: Мерекелік көңіл-күй жасау. Оқушыларды өнерге баули отырып, төл мерекеміз Наурызды насихаттау, сөйлеу мәдениетіне көңіл бөлу, еліміздің салт-дәстүріне деген оқушылардың сүйіспеншілігін арттыру.

  1. Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар,

Босқа қарап тұрмаңыздар.

Наурыз тойы басталды,

Қызықтан тыс қалмаңыздар!

Наурыз келсе құт келгені, халайық!

Шашу шашып, ел боп қарсы алайық! (шашу шашылады)

  1. Құрметті қонақтар, оқушылар!

Наурыз тойы-мереке,

Жаңа жыл-береке болсын!

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын,

Наурыз мерекесі құтты болсын!

  1. Құттықтау сөз мектеп директоры Есалин Әсет Сағынбайұлына беріледі

  2. Бүгін бізде мереке, аруларымыз өнерлерін ортаға салып, өзара бақ сынаспақ.

  1. Қыз-елдің көркі, гүл-жердің көркі демекші, мектебіміздің көркі де, гүлі де қыздарымыз.

  2. Нұрбек, сырт көз сыншыл болып келеді. Қазылар алқасын келген қонақтарға таныстырсақ қалай қарайсың?

  1. Қазылар алқасының төрағасы мектеп директоры Ә. С. Есалин.

  2. Қазылар алқасының мүшелері:

_____________

_____________

_____________

  1. Ал аруларымыздың әсемдігін,

  2. Өнері мен инабаттылығын,

  1. Жүріс-тұрысын, сондай-ақ адамгершілігін

Екеуі бірге: Әділ бағалаңыздар!







  1. Бүгін сайысқа қатысушы аруларымызды ортаға шақырайық!

___________

___________

___________

___________

___________

___________

  1. Ал, қыздар, бар өнерлеріңізді ортаға салып көрерменді тәнті етуге дайын болсаңдар іске сәттілік тілейміз.

  2. Енді байқауымыздың жоспарымен таныстырып өтейік:

1-сайыс «Таныстыру»

2-сайыс «Менің Отаным-Қазақстан» (сұрақ-жауап)

3-сайыс «Өнер алды-қызыл тіл» (мақал-мәтәлдер жарысы)

4-сайыс «Мерекелік сәлем»

5-сайыс «Мерекелік құттықтаулар»

6-сайыс «Ас-адамның арқауы»

  1. «Жеті атасын білмеген жетесіз» дейді халқымыз, сол себепті де өздерін таныстыру сайыстың алғашқы шарты болып саналады. (арулар өздерін таныстырады)

  2. Құрметті қазылар алқасы, өз бағаларыңызды берсеңіздер.

Сазды үзіліс 11 класс

  1. Ал қыздар жарыста тек жеңімпаз ғана болады, ал жеңімпаз болу үшін біз сайыстың екінші шартына көшейік.

  2. Бұл сайыста қыздар сұрақтарға жауап қайырады.

  1. Енді аруларымыздың бұл сында қаншалықты шымыр болғанын білсек, қазылар алқасы.

Би. 6 класс

  1. Өнерлінің өрісі кең. Қыздарымыз сайыстың бұл шарты бойынша мақал-мәтел айтудан алдына жан салмауға тырысады.

  1. Құрметті қазылар алқасы, аруларымыздың көрсеткен өнерін бағаласақ.

Сазды үзіліс. 8 класс

  1. Көктем тойы әніміз,

Көркем өнер сәніміз.

Өлең, әнмен той сәнін,

Өрнектейміз бәріміз.

  1. Сайысымыздың 4-шарты «Мерекелік сәлем»

  2. Қыздарымыз өз өнерлерін ортаға салады.

  1. Қазылар алқасы, қыздарымыздың өнеріне баға берсеңіздер.

  2. Сайысымыздың 5-шарты «Мерекелік құттықтаулар» (арулар құттықтайды)

  1. Қазылар алқасы, қыздарымыз бұл сайыстан қалай өтті?

  2. Мен сіздерге «Наурыз» тарихы туралы оқып берейін:

«Марко Поло в своей «Книге путешествий» описывал большой праздник- «Наурыз той». Большое впечатление произвели на итальянского путешественника верблюжьи скачки. Сейчас даже спортсмен вряд ли сможет усидеть на таком «жеребце», а раньше и ныне мастера к концу соревнований загоняли по три верблюда. К этому они готовились долгое время, а за несколько дней до праздника постились, ничего не ели. Не меньше поразили новогодние состязания едоков, которые умудрялись съесть по два барана! Бізде қой болмағанмен басқа ас бар, қазір көрермендермен «Конкурс едоков»-«Нан соғарлар» жарысын өткізейік». (Екі ойыншыға екі шелпек беріледі, қайсысы бұрын жеп тауысса жеңімпаз аталады)

Ойын: «Нан соғарлар»

  1. «Ас-адамның арқауы» деген, қазақ дастарханының небір тәттісі кімді тамсандырмаған десеңізші?

  2. Қыздарымыз сайыстың бұл шарты бойынша өзінің мерекелік асын ұсынып, онымен таныстырады.

  1. Қазылар алқасы, дәмнен ауыз тиіп, бағасын беріңіздер.

Би. 4 класс

  1. Қазылар алқасы ақылдасып, жүлдегерлерді анықтағанша көрермендерге сұрақтар беріп көрейік.

  • Наурызда дайындалатын мерекелік ас. (көже)

  • Наурызды халық қалай атаған? (Ұлыс)

  • Наурыз дастарханға айтылатын жақсы тілек. (бата)

  • Наурыз-айттарда айтылатын әзіл-өлең. (жарапазан)

  • Наурыздың белгісі. (қызғалдақ)

  • Наурыз сөзі қай тілден енген? (парсы)

  • Наурыз түні әр үйге келіп бақыт, жақсылық тілеуші адам. (Қыдыр)

  • 1991 жылы 15 наурыздағы Президенттің жарлығымен қандай мереке тойлана бастады? (Наурыз)

  1. Сайыстың аты сайыс, мұнда біреу жеңеді, енді бірі жеңіледі. Жеңімпаздарымызды анықтау үшін сөз қазылар алқасының төрағасына беріледі.

  2. Добрый праздник, Наурыз

Подари нам радость.

В нашей школе появись,

Детвору порадуй!

Сколько радости сегодня,

Сколько света, новизны,

Здравствуй праздник новогодний

С появлением весны!

  1. Қадірлі қонақтар мен сайысқа қатысушылар!

Құтты болсын Ұлыстың ұлы күні,

Ылғи толсын құшаққа шаттық гүлі!

Жаңа жыл алып келсін мол жақсылық,

Тек естілсін елімнің бақытты үні.

  1. Благодарим всех за внимание и до новых встреч!



Курс повышения квалификации
Enjoybook
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Краткое описание документа:

«Наурыз аруы» сайысы

Мақсаты: Мерекелік көңіл-күй жасау. Оқушыларды өнерге баули отырып, төл мерекеміз Наурызды насихаттау, сөйлеу мәдениетіне көңіл бөлу, еліміздің салт-дәстүріне деген оқушылардың сүйіспеншілігін арттыру.

1. Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар,

Босқа қарап тұрмаңыздар.

Наурыз тойы басталды,

Қызықтан тыс қалмаңыздар!

Наурыз келсе құт келгені, халайық!

Шашу шашып, ел боп қарсы алайық! (шашу шашылады)

2. Құрметті қонақтар, оқушылар!

Наурыз тойы-мереке,

Жаңа жыл-береке болсын!

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын,

Наурыз мерекесі құтты болсын!

1. Құттықтау сөз мектеп директоры Есалин Әсет Сағынбайұлына беріледі

2. Бүгін бізде мереке, аруларымыз өнерлерін ортаға салып, өзара бақ сынаспақ.

1. Қыз-елдің көркі, гүл-жердің көркі демекші, мектебіміздің көркі де, гүлі де қыздарымыз.

2. Нұрбек, сырт көз сыншыл болып келеді. Қазылар алқасын келген қонақтарға таныстырсақ қалай қарайсың?

1. Қазылар алқасының төрағасы мектеп директоры Ә. С. Есалин.

2. Қазылар алқасының мүшелері:

ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону N273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» педагогическая деятельность требует от педагога наличия системы специальных знаний в области обучения и воспитания детей с ОВЗ. Поэтому для всех педагогов является актуальным повышение квалификации по этому направлению!

Дистанционный курс «Обучающиеся с ОВЗ: Особенности организации учебной деятельности в соответствии с ФГОС» от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (72 часа).

Подать заявку на курс
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.