Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Көлем. Көлем бірлігі- см3( куб сантиметр).

Көлем. Көлем бірлігі- см3( куб сантиметр).


библиотека
материалов

hello_html_4bf4f2e9.gifhello_html_50b0c02c.gifhello_html_4c30f52a.gifhello_html_353336b6.gifСабақтың тақырыбы: Көлем. Көлем бірлігі- см3( куб сантиметр).

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: оқушыларды сыйымдылықпен және көлеммен таныстыру. Көлемнің өлшем бірліктерін 1 л, 1 см3 енгізу.

Дамытушылығы: есептеу дағдыларын қалыптастыру, көлемді табу, есептерді шығару біліктерін дамыту.

Тәрбиелігі: меңгерген математикалық білімдерін өмірде қолдануға жан-жақты дайыңдауды жүзеге асыру.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру.

Сабақтың көрнекілігі: флипчарт

Сабақтың әдіс-тәсілдері: топтық, сұрақ – жауап, практикалық, талдау, көрнекілік, жекелеме.

Пәнаралық байланыс: дүниетану.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Топтарға бөлу.

2. Психологиялық дайындық.


Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық, достарым,

Арайлап атқан әр күнге.


2. Үй тапсырмасын тексеру.

4. Есептерді шығар.

а) Тік төртбұрыш тәріздес бөлме еденінің ауданын тап. Бөлме еденінің ұзындығы 6 м, ал ені 4 м.

ә) Тік төртбұрыш тәріздес бөлме еденінің ауданын өрнек түрінде жазып көрсет. Оның ұзындығы 6 м, ал ені х м.

б) Тік төртбұрыш тәріздес сынып бөлмесі еденінің ені 5 м, ал ауданы 30м2. Оның ұзындығын тап.

- Аудан дегеніміз не?

- Ауданды қалай табамыз?

- Ауданның өлшем бірліктерін ата.

6. Кестені толтыр.

Тік төртбұрыштың ұзындығы

Тік төртбұрыштың ені

Тік төртбұрыштың ауданы

Тік төртбұрыштың периметрі

5 см

3 см

?

?

7 дм

?

56 дм2

?

?

6 м

?

22 м

3. Көркем жазу.

567345

4. Тірек білімді белсендіру.

Мысалдарды жауаптарымен қос. (ауызша есептеу)

2 ∙ 5


10


6


5 ∙ 1

7 ∙ 3


45


12


2 ∙ 6

9 ∙ 5


24


18


3 ∙ 2

4 ∙ 6


21


5


2 ∙ 9

5. Арифметикалық диктант.

а) 10 мен 3 сандарының қосындысын 2-ге көбейту;

ә) 6 мен 3 сандарының қосындысын 3-ке көбейту;

б) 35-ті 13-ке кеміту;

в) 65 пен 22 сандарының қосындысының мәнін табу;

г) 83 пен 35 сандарының айырмасының мәнін табу;

ғ) 1, 2, 3, 4 сандарының квадратын табу;

д) 1, 2, 3, 4 сандарының кубын табу.

6. Негізгі бөлім.

- Кім сүтті, шырынды ... жақсы көреді?

- Олар қандай ыдыста сатылады?

- Су қайсысында көп: шелекте ме, әлде бөшкеде ме?

- Бүгін біз көлемнің тағы бір бірлігімен танысамыз.

Практикалық жұмыс №1.

hello_html_5fc582e5.png

- Ыдыстардың сыйымдылығы туралы көз мөлшерімен не айтар едің?

- Сыйымдылықтың өлшеуіші ретінде қай ыдысты алуға болады?

Практикалық жұмыс №2.

hello_html_m5d31baaf.png

Қатар тұрған екі ыдыстағы сұйықтықтың көлемін салыстыр.

- Не байқадың? Суретті пайдаланып, мына тұжырымды тексер:

а) қай ыдыстың көлемі үлкен болса, сол ыдыстың сыйымдылығы де артық болады;

ә) қай ыдыстың көлемі кіші болса, сол ыдыстың сыйымдылығы де кем болады;

б) егер екі ыдыстың сыйымдылығы бірдей болса, онда олардың көлемдері де бірдей болады.

hello_html_1341794.png

1 л – сыйымдылықтың бірлігі. Литрмен ыдысқа құйылған сұйықтықтың мөлшерін, яғни көлемін өлшеуге болады.


hello_html_3fb43f2c.png

Бұл – текше (куб). Оның үш өлшемі бар: ұзындығы – 1см, ені – 1 см және биіктігі – 1 см. Бұл текшенің көлемі – 1 см3 (бір куб сантиметр).


Практикалық жұмыс №3.

- Балалар су туралы не білеміз? - Оның түсі қандай?

1 л суды ұзындығы 10 см, ені 10 см және биіктігі 10 см текше тәріздес аузы ашық ыдысқа құйсақ, ол толады. Олай болса, 1 л = 10 см ∙ 10 см ∙ 10 см = 1000 см3 (бір мың куб сантиметр). Көлемі 1000 см3 (яғни 1 л) судың массасы 1 кг болады. Оған көз жеткізу үшін:

а) бос ыдыстың массасын өлше;

ә) сол ыдысқа 1 л су құйып, оның массасын өлше;

б) кейінгі нәтижеден алдыңғы нәтижені азайт. сонда 1 кг шыға ма? Тексер.

7. Сергіту сәті. «Көңілді күн»

8. Топтық жұмыс.

I топ.


II топ.

Есептер құрастыр және шығар.

Болғаны – әрқайсысында

100 литрден 5 ыдыс


Сатылғаны? Қалғаны 200 л


Болғаны – әрқайсысында

100 литрден 5 ыдыс


Сатылғаны? Қалғаны 300л

9. Логикалық тапсырма.hello_html_7d46c47a.jpg

«Сиқыршы болып көр!»

Нөлден басқа әр түрлі үш цифр ал. Олардан әр түрлі үш таңбалы алты

сан құрастыр. 100 шығу үшін олардың қосындысынан қандай санды

азайту керек?

М: 2, 3, 5

352 + 235 + 532 + 253 + 325 + 523 = 2220

2220 – 2120 = 100

10. Рефлексия.

- Қандай жаңа өлшем бірліктерімен таныстық?

- Текшенің көлемін табу үшін қандай өлшемдерді білу қажет?

11. Үй тапсырмасын беру. №6, 7. (түсіндіру)

12. Бағалау.

Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Краткое описание документа:

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Топтарға бөлу.

2. Психологиялық дайындық.


Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық, достарым,

Арайлап атқан әр күнге.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: оқушыларды сыйымдылықпен және көлеммен таныстыру. Көлемнің өлшем бірліктерін 1 л, 1 см3 енгізу.

Дамытушылығы: есептеу дағдыларын қалыптастыру, көлемді табу, есептерді шығару біліктерін дамыту.

Тәрбиелігі: меңгерген математикалық білімдерін өмірде қолдануға жан-жақты дайыңдауды жүзеге асыру.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру.      

Сабақтың көрнекілігі: флипчарт

Сабақтың әдіс-тәсілдері: топтық, сұрақ – жауап, практикалық, талдау, көрнекілік, жекелеме.

Пәнаралық байланыс:      дүниетану.   

 

Общая информация

Номер материала: 354105

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG