Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Конспекты / 100 көлеміндегі сандардың нөмірленуін оқыту әдістемесі

100 көлеміндегі сандардың нөмірленуін оқыту әдістемесі


  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

Пәні: Математиканы оқыту әдістемесі

Тақырыбы: 100, 1000 көлеміндегі сандарды оқыту

Мақсаты: 100, 1000 көлеміндегі сандар ұғымына түсінік беру және оқыту әдістемесімен таныстыру.

Міндеті:

1) Білімділік: жаңа есептеу бірлігі – ондықпен (жүздікпен) таныстыру, екі (үш) таңбалы сандарды оқу, жазу, салыстырудың әдістемелерімен үйрету;

2) Дамытушылық: натурал сандар ұғымдары туралы біліктерін қалыптастыру;
3) Тәрбиелік:  көрнекіліктерді эстетикалық талаптарға сай дайындауға тәрбиелеу.
Типі: жаңа білімді қалыптастыру

Сабақ түрі: дәріс сабағы

Әдісі, тәсілі:  түсіндіру, оқулықтармен жұмыс, сұрақ-жауап, математикалық диктант

Сабақтың жабдықталуы, көрнекілігі: абақ, кеспе цифрлар, 2-сынып оқулығы

Сабақтың құрылымдық жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Сабақ мақсатын қою

  3. Жаңа білімді меңгерту

  4. Бекіту: математикалық диктант жазу

  5. Сабақты қорытындылау, бағалау және үй жұмысына нұсқау беру 

Сабақтың моделі/ барысы: 
1.Ұйымдастыру кезеңі.

- Сәлемдесу

- Түгендеу. Оқу журналымен жұмыс.

- Аудитория тазалығын бақылау.

2. Сабақ мақсатын хабарлау


3. Жаңа білімді меңгерту.

100 көлеміндегі сандар 1-2 сыныпта оқылады, 1-сыныпта толық ондықтар, жүз, ал 2-сыныпта екі таңбалы сандарды оқуға, жазуға, салыстыруға үйренеді.

Тақырыптың міндеттері:

  1. Оқушылардың жаңа есептеу бірлігі – ондықпен таныстыру;

  2. Натурал сан ұғымымен таныстыру, 10 бірлік – 1 ондық құрайтынын меңгерту;

  3. Толық ондықтар қатарымен және оларға 10-ды қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру;

  4. Екі таңбалы сандарды оқуға, жазуға, салыстыруға үйрету; 100 санын жазуға үйрету; 100 көлеміндегі ең кіші, ең үлкен санды анықтауға үйрету;

  5. Сан мен цифр арасындағы айырмашылықты меңгерту, цифрдың орындық мәні;

  6. Нумерациялау негізінде 2 таңбалы сандарды қосу, азайту біліктерін қалыптастыру;

  7. Шама тақырыбын нөмірлеу тақырыбымен байланыстырып қарастыру. М: 1м = 10 дм = 100 см. 100 бірлік = 10 ондық = 1 жүздік.


Қолданылатын көрнекіліктер:

  1. Жеке (10) таяқша және он-оннан буылған таяқшалар;

  2. Абак (Ондық. Бірлік);

  3. Кеспе цифрлар, 2 таңбалы сандар жазылған топшамалар.

«Жүздік» тақырыбында: оқушылар жаңа санау бірлігі – ондықпен және санау жүйесінің ең маңызды ұғымы – разряд ұғымымен танысады; ауызша және жазбаша нөмірлеудің негізін құрайтын екі таңбалы сандардың жасалу, оқылу, жазылу принциптері, сондай – ақ оларды салыстыру қарастырылады.

Бұл тақырыпты оқытудың негізгі нәтижесі ретінде: 100-ге дейін санауды, сандарды оқуды, жазуды және толық ондықтармен санауды үйренуді; разряд, разрядтық сандардың қосындысы: бір таңбалы, екі таңбалы сан; бірлік, ондық терминдерін игеруді атауға болады. Мұнда алдымен 10 көлеміндегі сандарды қайталай отырып, жекелеген бірліктерден ондық құралып, толық ондықтармен санайды, яғни 10 бірлік – ондық.

Шыбықтарды он-оннан санай отырып, бума жасалады, яғни он бірлік, бір ондық құрайтынын көрсеткеннен кейін, 11-ден 100-ге дейінгі сандардың ондықтар мен бірліктерден құралатыны көрсетіледі.

Мысалы:

  • Санағанда 9-дан кейінгі санды ата. Оны қалай табуға болады?

Кейінгі сан алдыңғы санға бірді қосқанда немесе алдыңғы сан келесі саннан бірді азайтқанда шығатынын қайталап, көрнекілік арқылы көрсету керек.

  • 9-ға бірді қосқанда 10 шығады.

  • 10 шыбықтан бір бума жасайды, демек 10 бірлік 1 ондық құрайды.

  • 10-нан кейінгі санды шығарып ал.

10 және 1, 1 ондық 1 бірлік немесе он бір, әрі қарата шыбықтарды қосу арқылы 1 ондық және 2 бірлік, 10 және 2 немесе 12 және т.б. сандарды шығарып алуға болады. Әрі қарата разрядтық кестені пайдаланып, зат-сан цифр арасындағы байланысты ескеріп, сәйкестендіру арқылы 100-ге дейінгі сандарды құрылуы, оқылуы, жазылуы көрсетіледі.

1000 көлеміндегі сандар


Тақырыпты оқыту міндеттері:

  1. Оқушыларды жаңа есептеу бірлігі – жүздікпен таныстыру.

  2. ІІІ разрядтық бірлігі ұғымын енгізу. 10-дық санау жүйесінің құрылу принципін меңгерту (1 жүзд. = 10 онд.= 100 бірл.)

  3. Үш таңбалы сандарды оқуға, жазуға, салыстыруға үйрету.

  4. Үш таңбалы сандар көлемінде цифрлардың орындық мәнін бекіту.

  5. Үш таңбалы сандарды нөмірлеу негізінде қосу және азайту біліктерін қалыптастыру. 810-1, 609+1, 500-1, 4онд.+6онд., 5жүзд.+5жүзд. Т.б.

  6. Үш таңбалы сандарды шамаларды өрнектеуге қолдануға үйрету. 1м=10дм = 100 см, 1000 м = 1 км.

Қолданылатын көрнекіліктер: кластар кестесі, кеспе цифрлар, есепшот, санды талдау сызбасы және т.б.

  1. Бекіту

Математикалық диктант

  1. 23, 361 сандарының құрамын анықта

  2. Қандай сан 5 ондық және 7 бірліктен тұрады?

  3. 6 жүздіктен 5 ондықтан 4 бірліктен тұратын санды жаз.

  4. Бірінші разрядтың 6 бірлігінен және екінші разрядтың 6 бірлігінен тұратын санды ата.

  5. 62, 26, 37, 72, 66, 40 және т.б. сандардың жазылуында әрбір цифр нені білдіреді?

  6. 35, 47, 88, 99 сандарының көршілерін ата және олардың разрядтық құрамын ата.

  7. 997 саны барлығы неше бірліктен және ондықтан тұрады? Бұл сандарды разрядтық қосылғыштар қосындысына жікте.


5.Сабақты қорытындылау, бағалау және үй жұмысына нұсқау беру

Сабаққа қатысқан білім алушыларды бағалау.

Үй жұмысы:

  • көрнекіліктер әзірлеу: абак, кеспе цифрлар.

  • Математикалық диктант әзірлеу.


6. Рефлексия

Фразаны аяқтау:

Менің бүгінгі білгенім ...

Мен мынаны түсіндім ...

Маған қызықты болғаны ....

Мен ренжідім, себебі ,,,



Автор
Дата добавления 29.11.2016
Раздел Математика
Подраздел Конспекты
Просмотров91
Номер материала ДБ-399297
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх