Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Музыка / Другие методич. материалы / «Күлше қыз (Золушка)» сайысы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Музыка

«Күлше қыз (Золушка)» сайысы


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

1 жүргізуші: Мен  Армысыздар, абзал аналар, ақ жаулықты әжелер

2 жүргізуші: Мади көктем гүліндей жайнаған апайлар

3 жүргізуші: Айтөре, аяулы қарындастар және сүйікті достар!

1 жүргізуші:Сіздерді көктемнің алғашқы  мерекесі 8 - наурыз Халықаралық аналар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! (бірге)
2 жүргізуші Мади:

Ана деген бұл өмірдің мәні ғой,
Ана деген бұл өмірдің сәні ғой
Ән жырымен дүниені тербеген,
Ана деген бұл өмірдің жаны ғой.

3 жүргізуші Айтөре:

Құтты болсын мейрамы аналардың
Қуанышын көрсінші балалардың
Сіздер үшін бүгінгі орындаулар
Билері мен әндері жырланатын.

1 жүргізуші: Бүгінгі біздің «Күлше қыз» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Еліміздің ертеңі осы ұрпақтың қолында. Сол себептен болашақ арулардың ұяңдығын жойып;

сайысқа деген шығармашылық қабілеттерін ояту; әсемдікке тәрбиелеу - басты мақсатымыз.  Құрметті көрермен қауым!  Енді бүгінгі сайыстың шарттарымен таныс болыңыздар!

 1-бөлім: «Күлше қыздың тапсырмасы»

2-бөлім: «Құрбыма арналған сәнді киім үлгісі»

3-бөлім: «Өз өнері»(«қазіргі заман» биі)

4-бөлім: «Ханшайым авангардтық киім үлгісі» мен «Үй тапсырмасы» (Әртүрлі керек емес заттардан Күлше қыздың киімін жасау және үй тапсырмасына дайындап әкелген заттарын алып шығу )

 1 жүргізуші:

Шын жүйрік сыналатын кезең келді,

Көрейік тамашалап сайысты енді.

Әділқазы ойы терең, ақылы кең,

Саралап, әділ баға берсін енді, - дей келе әділқазы алқасымен таныс болайық.

1.«Гүлдер» бөбекжайының меңгерушісі

2.Бөбекжайымыздың әдіскері

3.Бөбекжайымыздың ата – аналар алқасының төрайымы

Ендеше сахнаға сұлу да, сымбатты, сыпайы да ұстамды, өрелі де өнерлі, қайратты да жігерлі ару қыздарымызға лайықты ықылас – ниеттерімізді білдіріп, бүгінгі сайысқа қатысатын қыздарымызды 1 таныстыру бөліміне ортаға шақырайық.

(Жүргізушілер шығып кетіп, мен шақырғанда сол арумен бірге келіп, таныстырады)

2 жүргізуші:

Қос бұрымы беліне төгілген,
Біздің Тұмар – инабатты тегінен.

 

3 жүргізуші:

Баурап алар бір ақ ауыз сәлемі
Әсем біздің - әдепті де әдемі

2 жүргізуші Мади:

Арайлымның  күлкісі күн, тілі бал,
Ай секілді арайлап атар түрі бар.

 

3 жүргізушіАйтөре:

Назымның  да - ақылына көркі сай
Сайыста оған тең келер ару қай?

 

2 жүргізуші Мади:

Ақ жүзінен күн сәулесі төгілген,

Яна біздің аспайды уақыт шегінен.

3 жүргізуші Айтөре:

Өнерімен таң қалдырған баршаны

Ділназ біздің көрікті де, ажарлы.

 

2 жүргізуші Мади:

Қазақшалап сөйлегенде

Сөздің майын тамызар.

Марияның сұлу келбетіне,

Бар көрермен таңқалар.

 

1 жүргізуші: Келесі бөлім: «Күлше қыздың тапсырмасы»

Бұл бөлімде аруларымыз араласқан күріш пен асбұршақты екі сақанға бөліп ажырату керек. Кім жылдам, әрі қайсысы дұрыс екенін әділқазы мүшелері шешеді.

 

2-бөлім: «Құрбыма арналған сәнді киім үлгісі»

Аруларымыз дайын болса, өздеріне көрермендерден бір қыз баланы таңдап алады да, үйлерінен әкелген үлкен, әдемі орамалдарды алып және мына алқаны пайдаланып, киім дайындау.

Музыкалық номер: Би

3 жүргізуші Айтөре:

                       Кедеймін деп қысылма,

                       Өнерің болса қолыңда.

­                       Өнерімнің ырысы,

                       Жарқырап жатыр жолында.

1 жүргізуші:

3-бөлім:  «Өз өнері». Ал, бұл бөлімде қыздарымыз өз өнерлерін қазіргі заман биі  арқылы жеткізеді.

 

2 жүргізуші Мади:

Ал, халайық, ықыласпен демейік,

Арулардың сән үлгісін көрейік.

Сыры менен сымбатына қарап біз,

Әділдікпен бағаларын берейік.

3 жүргізуші Айтөре:

Өнер білім еңбекке,

Жақын болар ұрпақпыз.

Он саусағы майысқан,

Шебер болар ұрпақпыз.

 

1 жүргізуші:

4-бөлім: «Ханшайым авангардтық киім үлгісі» мен «Үй тапсырмасы»

Яғни, бұл бөлімде сайыскерлеріміз өздерінің қиялдарынан туындаған киім үлгілерімен Күлше қыздың киімін жасау, мысалы: қағаздан, пакеттен, картадан және тағы сол сияқты заттарды пайдалану арқылы сән үлгісін көрсете отырып,

үй тапсырмасына дайындап әкелген заттарын алып шығу.

 

Жеңімпаздарымызды анықтау үшін сөз әділқазылар алқасына беріледі. Әділ қазылар алқасы дайын болғанша, музыкалық сәлемдемені тарту етеміз.

Музыкалық номер: Ән: «Алға қазақ жігіттері»

Марапаттау.

 

 

 

2 жүргізуші Мади:

Бөлендік сырлы әуенге сиқырлы,

Өмір жолы, білесің ғо, сан қилы,

Жүрегінде ән ойнаған жандардың

Алда әлі болашағы, сан жылы.

 

3 жүргізуші Айтөре:

Ән жырдан көңілдерді қуантыңдар,

Барымен шат –шадыман болыңыздар.

Қоштасайық келесі кездескенше,

Әрдайым сау – саламат болыңыздар!

 

1 жүргізуші: Құрметті: сүйікті достар, аяулы қатысушы арулар және әділқазы мүшесі сіздерге көп рахмет! Әрқашанда құшақтарыңыз гүлге, көңілдеріңіз шаттыққа толы болсын - дей отырып бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.

Келесі кездескенше! Сау болыңыздар!

 

Автор
Дата добавления 12.04.2015
Раздел Музыка
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров445
Номер материала 481943
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх