Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Көмекші есімдер. Ұлттық тағамдар. "Кәсіптік қазақ тілі" пәні
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Көмекші есімдер. Ұлттық тағамдар. "Кәсіптік қазақ тілі" пәні

библиотека
материалов

С а б а қ ж о с п а р ы

Пәні:

«Қазақ тілі»

Тобы:

2а РШИ-9

Уақыты:

24 қазан 2014 жыл

Сабақтың тақырыбы:

Көмекші сөздер. Көмекші есімдер. Ұлттық тағамдар.

Мақсат-міндеттері:

А) ақпараттық құзыреттілік:

Ә) коммуникативтік құзыреттілік:

Б) проблеманы шешу құзыреттілігі:

Ақпарат көздері арқылы көмекші сөздердің түрлері мен көмекші есімдердің өзіндік белгілерін меңгерту.

Грамматикалық тақырып негізінде лексикалық тақырып бойынша ақпараттармен жұмыстана отырып, студенттердің ауызша және жазбаша тілін қалыптастыру.

Тақырыпқа байланысты берілген тапсырмаларды өз бетімен орындап, көмекше есімдердің белгілерін ажыратып, ұлттық тағам түрлері мен жасалу технологиясын, адам ағзасына пайдасын және ұлттық тамақтану әдебінен мәлімет беру.

Сабақтың типі:

Жаңа материалды хабарлау.

Сабақтың әдісі:

Сөздік, көрнекілік, практикалық, ақпаратты жинақтау

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:


Дамыта оқыту технологиясы, сыни тұрғыдан ойлау,

Пәнаралық байланыс:

Қазақ әдебиет, Қазақстан тарихы, орыс тілі, ағылшын тілі, саз, бейнелеу өнері,

Қолданылатын көрнекіліктер:

АКТ, слайд, дидактикалық жинақ, СТО

С/тың бары-сы:


Оқытушының қызметі


Студенттің қызметі


Күтілетін нәтиже


І. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен амандасып, студенттердің сабаққа қатысымын тексеру.

Аудиторияның зейінін аударып, қызығушылығын ояту.

Оқытушымен амандасу.

Сабақтағы жұмыстарға дайындалу.



Коммуникативтік құзыреттілік:

Студент пен оқытушы арасында өзара түсінік қалыптасады.

ІІ.Өткен материалды

қайталау арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындық


Сурет бойынша сан есімдерді қайталап, көмекші есімдерді тауып, оларды орыс тіліне аудартып және грамматикалық мағынасын ажырату.


hello_html_m43266e75.gif

Проблеманы шешу құзыреттілігі:

Оқушылар тапсырмаларды белсене орындау арқылы сан есімді меңгергендіктерін көрсетті.



IІІ.Жаңа материалды түсіндіру:

-түсіндіру

-практикалық іс-әрекет

-ой қозғау


1.Көмекші сөздер, оның түрлері.

2 Көмекші есімдер

3.Мәтін және мәтінмен жұмыс түрлері.

Көмекші сөздер(Служебные слова)  Лексикалық мағынадан айырылып, сөйлемде жеке қолданылмай, толық мағыналы сөздерге тіркесіп, түрлі грамматикалық мағыналар үстейтін сөздер. Көмекші сөздер көмекші есімдер(служебные имена), көмекші етістіктер(вспомогательные глаголы), шылаулар (союзы) болып бірнеше түрге бөлінеді.

Көмекші есімдер - жеке тұрып, дербес, толық мағынаға ие бола алмайтын және сөйлемде өз алдына мүше болу қасиеті жоқ, алдындағы есімдердің біріне көмекшілік қызмет атқаратын сөздер. Олар:сырты(снаружи), асты(под), үсті(на), алды(перед), арты(за), қасы(возле, у), іші(внутри), жаны(возле), арасы(между), түбі(?).

hello_html_m61bbbd82.gif

Жаны, маңы, арасы, ортасы сөздері затқа жақын қашықтықты білдірсе, алды, арты, беті, бойы, іші – заттың мекенін білдіреді. Кейбір к. е-дер мезгілдік мағына беретін сөздермен тіркесіп, оның мезгілін айқындап, нақтылап тұрады: жаз ортасы, түн іші, таң алды.

Көмекші есімдер негізгі есімдермен байланысқанда, негізгі есімдер І.с.-нде, көмекші есім тәуелдік жалғауында келеді. Мысалы: сандықтың іші, дастарқанның үсті, т.б., ал кей жағдайда жасырын түрде де көрінуі мүмкін.

К.е.-дер зат есім сияқты тәуелденеді, септеледі, олар септелгенде Т.ж. жалғап барып септеледі.

Мысалы:

А. Сырты,асты, үсті,

І. Сыртының, астының, үстінің

Б. сыртына, астына, үстіне

Т. Сыртын, үстін, астын

Ж. Сыртында, үстінде, астында

Ш. Сыртынан, үстінен, астынан

К. Сыртымен, үстімен, астымен

К.е. қосарланып та келеді. Мысалы: жан-жағы, үсті-басы, басы-қасы т.б.

Ақпараттық құзыреттілік:

«Қазақтың ұлттық тағамдары» мәтінімен танысу арқылы көмекші сөздер туралы толық мағлұмат алады


Проблеманы шешу құзыреттілігі:

Берілген сұрақтарға жауап берді, тақырып бойынша негізгі ақпараттарды ұғынды.


Коммуникативтік құзыреттілік:

Түсінгендерін анықтап ,сұрақ арқылы білімдерін бекіте біледі.Ойларын жинақтап, көмекші сөздер туралы біледі.

IV.Жаңа білімді бекіту

-тапсырмаларды орындау

-өз беттерімен жұмыстану


І.Бекіту тапсырмалары:

1)Мәтінді оқып, мазмұнын түсіндіру.

2)«Мағынаны ашу»-сөздікпен жұмыс.

3)Мәтіннен ұлттық тағам атауларын тауып, әр топқа қатысты тағам түрлерінің жасалу технологиясын сұрау.

4) Мәтіндегі көмекші есімдерді септеп, орыс, ағылшын тілдеріне аудару.

5)Берілген сөздерге фонетикалық талдау жасау: қуырдақ, бауырсақ, шұбат.

hello_html_4a99501a.gif

2) құндылықтар- ценности

ауыз тимей- надо попробовать

ет тағамдары- блюда из мяса

дәмдеуіштер- специи

4) Үсті – с верху – on

алдымен – сперва – before

ішіне -внутри – in

бетін - -

А. Үсті, алды, іші, беті

І. Үстінің, алдының, ішінің, бетінің

Б. Үстіне, алдына, ішіне, бетіне

Т. Үстін, алдын, ішін, бетін

Ж. Үстінде, алдында, ішінде, бетінде

Ш. Үстінен, алдынан, ішінен, бетінен

К. Үстімен, алдымен, ішімен, бетімен

5) Қуырдақ – 1а.б, 1т.б, 1б.б

Бауырсақ – 2б.б, 1т.б,

Шұбат – 1а.б, 1б.б.



Ақпараттық құзыреттілік:

Көмекші сөздер туралы алған білімдерін кеңейтеді, ұлттық тағамдармен толық танысады.




ІІ. Халықтық педагогика.

1)Берілген мақалдардың мағынасын түсіндіріп, көмекші есімдерге морфологиялық талдау жасаңыз:

1.Дастарқанның басында дұшпан да дос.

2.Ат үстінен аттама,

Астан үлкен емессің.

3. Мешкей қазанның астына қарамай, үстіне қарайды.

4. Арамдық қып ішкен ас,

Ішіңе барып болар тас.

5. Қарның ашса, қазаншының қасына отыр.

Ерке сөйлеп, етегін басып отыр

6. Асықтың етін аштан өлсең де жеме,

Тобықтың етін тойып отырсаң да тастама.

2)Мақалдардың орыс тіліндегі баламасын тауып, сәйкестендіріңіз:

Сыйлап берсе, суын іш.

И кипяток силы даёт.

Тату үйдің тамағы тәтті.

Любая посуда хороша, когда наполнена едой.

Аштың ақылы астан әрі аспайды.

Еда всегда даёт человеку силы.

Ас қадірін тоқ білмейді.

И муха на мёд садится.

Асы бар аяқ әдемі.

Когда в семье лад, всё вкусно подряд.

Дастарқанда наны жоқтың, тамағының сәні жоқ.

Все мысли голодного вокруг еды вертятся.

Қайнаған қара суда қасиет бар.

Сытому не понять цену куска хлеба.

3) «Кім шапшаң?» - ұлттық тағамдар туралы жұмбақтарды шешіп, мақал - мәтелдерді аяқтау.

1)Нан бар жерде......

2)Еттің соры қуырдақ, ұнның соры....

3)Қатты, әрі тәтті дәмін кім жеп көрген?

4)Үсті тас, асты тас, ортасында піскен ас.

5)Сылдыр сұйық, су емес, Ішсең сусын қанады.
Ақ болса да қар емес, Шешуін кім табады?

6)Ас қадірін білмеген аштан өледі, ат қадірін білмеген....

7)Жылқының етін жесең тісіне кіреді, жемесең....


1)Басында: бас –түбір, -ы - Т.ж., ІІІж. -нда - Ж.с

Үстінен: үст –түбір, -і –Т.ж. ІІІж. -нен - Ш.с.

Астына: аст –түбір, -ы –Т.ж. ІІІж. -на – Б..с

Ішіңе: іш –түбір, -і - Т.ж., ІІІж. -ңе – Т.ж. ІІж.

Қасына: қас –түбір, -ы - Т.ж., ІІІж. -на - Б.с


2) Тату үйдің тамағы тәтті. – Когда в семье лад, всё вкусно подряд.

Аштың ақылы астан әрі аспайды. – Все мысли голодного вокруг еды вертятся.

Ас қадірін тоқ білмейді. – Сытому не понять цену куска хлеба.

Асы бар аяқ әдемі.- Любая посуда хороша, когда наполнена едой.

Қайнаған қара суда қасиет бар. - И кипяток силы даёт.


hello_html_m6cdf5aae.gif


3. 1) жан бар

2) бауырсақ

3) Құрт

4) Таба нан

5) Сүт

6) жаяу қалады

7) түсіне кіреді



Проблеманы шешу құзыреттілігі:

Өз білімдерін жетілдіреді.







ІІІ. «Жаңа технология» элементтері.

1)«Ақылдың алты қалпағы» бойынша мәтінді талдау.

2) «Галереяны шарлау» (Ұлттық тағамдарды байланыстырып, қазақтың бай дастарқанының жобасын салып көрсету)

3) «Венн диаграммасы» (қазақтың ұлттық сусындары мен қазіргі қолданыстағы сусындардың пайдасы мен зияны)

4) «Миға шабуыл» (М.Ералиеваның орындауында «Қазақтың дастарқаны» әнін тыңдап, мазмұнын түсіндіру)

ІҮ. Тест тапсырмалары.

1.Көмекші есімі бар тіркесті табыңыз:

А) Ара қашықтық В) Әдемі қала С) Қала арасы Д) Сүйкімді қыз Е) Үш жігіт

2.Түйе малы сүтінен жасалатын сусын:

А) Қымыз В) Айран С) Көже Д) Шұбат Е) Қаймақ

3. Бірыңғай көмекші есімді қатарды анықтаңыз:

А) Жаны, арасы,   В) Дейін, қасы, С) Түбі, жоқ, Д) Ортасы, арқылы, Е) Бойы,жаны,

4. Ұлттық тағамдарды табыңыз:

А) Бауырсақ, торт, самса В) Қазақша ет, борщ, қуырдақ С) Қазы, таба нан, ірімшік Д) Қымыз, кола, су Е) Құйрық-бауыр, котлет

5.Жіктік жалғаулы көмекші есімді анықтаңыз:

А) Арасында В) Ішімен С) Маңындамыз. Д) Бойы Е) Алдын

6. Асқа байланысты әдет-ғұрыпты табыңыз:

А) Қол жуу В) Ас әзірлеу С) Үй жинау Д) Табақ тарту Е) Тілек айту

7. Колледж алдында әдемі ескерткіш орнатылған.– сөйлеміндегі көмекші есімді көрсетіңіз:

А) Алдында В) Ескерткіш С) Әдемі Д) Колледж Е) Орнатылған

8. Қазақтар сыйлы қонаққа малдың басын ...

А) Қояды В) Тартады С) Береді Д) Алады Е) Салады

9. Көмекші есімнің негізгі есімдермен байланысу тәсілін көрсетіңіз:

А) Жіктік пен тәуелдік ж. В) Көптік пен ілік с. ж. С) Ілік с. пен тәуелдік ж.

Д) Септік пен көптік ж. Е) Тәуелдік пен жіктік ж.

10. Ілік септігінде тұрған көмекші есімді тіркесті табыңыз:

А) Оқушының дәптері, мектептің ауласы В) Әжемнің қасы, атасының баласы, С) Қойдың еті, бауырсақтың дәмі Д) Үйдің жаны, аула балалары Е) Ауылдың маңы, өзеннің қасы.


1) Ақ қалпақ – фактілерді табады мәтін бойынша қысқаша түсінік айту

Сары қалпақ – позитив; жақсы жерін табу

Қара қалпақ – негатив, ұнамаған жері

Қызыл қалпақ – эмоция,қуану

Жасыл – шығармашылық, басқаша қалай болуы

Көк қалпақ – философия,қорытынды жасайды.

3) Айран, қымыз, шұбат сияқты дәстүрлі сусындарымыз ешқандай химиялық қоспасыз,табиғи жолмен дайындалады және адам денсаулығына емдік қасиеті бар екеніне ешкім де дау айта алмайды, сондықтан олардан пайдалы сусындар бар болуы мүмкін емес. Бірақ бұл сусындар әрбір дүкенде сатыла бермейді.

Газдалған сусындар түгел дүкенде сатылады.  

Пайдасы: Сусын тәтті, сусағанды басады. Зияны: краска, бөтелкелері, химиялық қоспалары

Оның адамның бауыр, өт, асқазанға, миға зиянды тұстары көп. Бұл брендтерді бүкіл дүние жүзі пайдаланады, ал неден ,қалай жасайтыны өте құпия.


ІҮ. Жауаптары:

1) С 2) Д 3) А 4) С 5) С 6) Д 7) А 8) В 9) С 10) Е



hello_html_m5f244018.gif

Коммуникативтік құзыреттілік:

Берілген тапсырмалар арқылы білімдерін бекіте біледі және

өзге де ақпараттар арқылы жетілдіреді.



Ү. Раундробин әдісі.

Әр топтан бір студент сабақта не түсінгенін және сабақтан алған әсері туралы бір-бір сөйлеммен айтып шығуы тиіс.Бір сөйлемді екі рет қайталауға болмайды. 



ҮІ.Үйге тапсырма.

Қорытындылау

Бағалау.


1.Көмекші есімдерді қатыстырып, «Қазақтың дастарқаны» тақырыбында ойтолғау жазып, презентациялық жұмыс жасау(әр топқа жеке тапсырма)

2. Тақырып бойынша өтілген асқа байланысты мақал –мәтелдерді жаттау.

3. «Біле жүріңіз…» тағам туралы қызықты мәліметтер жинақтап келу.

Берілген тапсырмаларды дәптерлеріне жазып алады.

Іздену арқылы жан-жақты мағлұмат алып, білімін толықтырады.

Ұсынылған ақпаратты жүйелейді.


























Краткое описание документа:

Сабақтың құзыреттілікке жеткізетін мақсат -міндеттері:

Ақпарат көздері арқылы көмекші сөздердің түрлері мен көмекші есімдердің өзіндік белгілерін меңгерту.

Грамматикалық тақырып негізінде лексикалық тақырып бойынша ақпараттармен жұмыстана отырып, студенттердің ауызша және жазбаша тілін қалыптастыру.

Тақырыпқа байланысты берілген тапсырмаларды өз бетімен орындап, көмекше есімдердің белгілерін ажыратып, ұлттық тағам түрлері мен жасалу технологиясын, адам ағзасына пайдасын және ұлттық тамақтану әдебінен мәлімет беру. 

Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиет, Қазақстан тарихы, орыс тілі, ағылшын тілі, саз, бейнелеу өнері, 

Автор
Дата добавления 18.01.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров900
Номер материала 314736
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх