Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Технология / Рабочие программы / Көмекші құрал "Ағашты механикалық тәсілмен өңдеудің технологиялық процесі"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Технология

Көмекші құрал "Ағашты механикалық тәсілмен өңдеудің технологиялық процесі"

библиотека
материалов

10 КОЛЛЕДЖ мкқк





Көмекші құрал









Ағашты механикалық тәсілмен өңдеудің технологиялық процесі






10 колледж әдістемеліккеңесіндеқаралыпбекітілді.

Колледжішіндекөмекшіқұралретіндеқолданылуынарұқсатетілді.







Ө/о шебері: Муллашиков Д





Ағашты механикалық тәсілмен өңдеудің технологиялық процесі

Технологиялық процесс өндірістік процестің бір бөлігі болып табылады. Ол өңделетін шикізат пен материалдың мөлшерін, түрін немесе қасиетін өзгертумен тікелей байланысты жүргізіледі. Ағаштан түрлі бұйымдар жасаудың технологиялық процесі бірнеше кезеңге бөлінеді. Олар: материалдарды кептіріп-құрғату; дайындауға арналған ағаш материалдарын өлшеп-кесу;дайындалған ағаш материалдарын дұрыс үлгі мен дәл өлшемдерге келтіру үшін механикалық тәсілмен өңдеу; дайындалған құрамдас ағаш материалдарын бір-біріне желімдеп жапсыру мен шебіктеу; тазартылган ағаш материалдарын ақтық үлгіге келтіру үшін механикалық тәсілмен өңдеу; бөлшектерді біртұтас құрастырылатын бірлік өлшеміне жинақтау; оларды механикалық тәсілмен өңдеу; дайын болған тұтас бұйымды біржола өңдеп бітіру.

Технологиялық процестің бұл сатылық кезеңдерінің реттілігі бқйымның құрылымына, шикізаттың түріне, өңдеу жұмыстарының тәсілдеріне, өндірісті қйымдастыру ісіне, механикаландыру құралдарына байланысты жағдайларға қарай өзгеріп тұрады. Технологиялық процестің әрбір сатылық кезеңінде жұмыстың белгілі бір түрлері мен технологиялық операциялар атқарылады.

Операциялар өңдеу жұмыстарының сипатына және станоктың түрлеріне қарай өтпелі немесе позициялы болады. Өтпелі операциялар кезінде дайындалған бөлшекті өңдеу процесі станоктың бір шетінен екінші шетіне дейін өтеді. Ал позициялы операциялар кезінде бөлшек станокқа тапжылмай етіп мықтап бекітіледі де, кескіш аспап іске кіріседі.

Технологиялық операцияларды атқару тәсілдерінің құрылымы жұмыстың түріне, станоктың түріне, бөлшектердің құрылымына және басқа жағдайларға қарай өзгеріп отырады. Мысалы, қондырғылар мен позициялар тек қана позициялы операциялар кезінде, ал өткелдер мен өтпелілік тек өтпелі операциялар кезінде орын алады.

Бұған мысал ретінде тік бұрышты бөлшекті қиюластыру операциясының құрамдас бөліктерін қарастырайық. Операция төрт өтпелі бөліктен тұрады, яғни ағаштың бетін екі рет, шетін екі рет жону керек. Сөйтіп, ағаштың әр түрлі төрт бөлік бетін өңдеуге тура келеді. Ал өз кезегінде ағаштың екі беті мен екі шетін қиюластырудың кем дегенде екі өтпелі операциясы (қарапайым және әбден тазартылған) болады. Соның әрқайсысының нәтижесінде ағаштың бір қабаты алынып тасталады. Ал, егер дайындалған ағаш материалдарының мөлшері бөлшектің мөлшерінен неғұрлым үлкен болса, онда өтпелі операциялардың саны сорғұрлым көп болады.

Ағаш станогында өңдейтін жұмысты ұйымдастыру. Айналатын денелер түріндегі бөлшектерді жасау үшін оларды токарь станогына салып, жонып өңдейді.

Қазіргі кезде елімізде орталықты, қарама-қарсы және орталықсыз токарь станоктары қолданылады. Орталықты станоктарда салыстырмалы түрде алғандағы диаметрі онша үлкен емес, үзынша бөлшектер өңделеді. Дайындалған ағаш материалдары алдыңғы және артқы қыспақтардың орталығы арасына мықтап бекітіледі.

Қарама-қарсы тік станоктарда көлемі едәуір үлкен, жайпақ бөлшектер өңделеді. Олар алдыңғы қыспақ тырырығына мықтап бекітіледі. Мұндай станокта артқы қыспақ тетігі

hello_html_243d7475.jpg




















1-сурет. СТД-120 м улгісіндегі токарь станогы:

а) 1 - станок шабаны; 2 – электр қозгалтқыш; 3 - қорғағыш қаптама; 4,5- бес тіректі табан;

6 - станок орнатылған негізгі бөлік; 7 - алдыңғы қыспақ

тетік; 8 - туймеше тетігі; 9 - жарық тусіретін шам;

10- патрон; 11 - тіргуіш сызғыш; 12 - қорғаныс әйнегі;

13- артқы қыспақ тетік; ә) 10 - патрон; 15- арнаулы

тазалауға арналған ағаш бұйымы; 14- қагаз қайрақ;

б) 10 - патрон; 14- желімделген қағаз қайрақ;

13- артқы қыспақ


болмайды. Орталықсыз (дөңгелек таяқшалы) станоктар цилиндр және конус тәрізді үлгідегі бөлшектерді жасап шығаруға қолданылады. Станоктың кескіш пышақтарының өткір жүздері ішке қарай бағытталған, іші қуыс пышақ басты болып табылады. Өңделуге арналған ағаш материалы өз осіне айналатын пышақ басына сәйкес беріледі.

Ағаш өңдейтін СТД-120 м үлгісіндегі токарь станогының негізгі бөлігі (1-сурет) барыттаушы тетіктермен қоса алғанда, шойыннан құрылран тіректі негізі (6.) болып табылады. Ол өзінің екі тіректі табаны (5) арқылы станоктың тұрақты әрі берік тұруын қамтамасыз етеді. Оған алдыңры (7) және артқы (13) қыспақ тетіктер, ұстайтын тұтқасы (11) орналастырылған. Станоктың жұмыс механизмдері кесу аймарын (жұмыс кеңістігін) құрайды. Бұл аймақ байқау экраны бар қорғағышпен (12) жабылыптұрады.

Станок орнатылатын тіректі негіз (6) өзінің тірек табандары (5) арқылы ағаштан жасалған арнаулы табанға (1). мықтап бекітілген. Оның сол бөлігіне станоктың электрмеханикалық жетегі орнатылған. Ол жетек белдікті іске қосатын, білікке бекітілген қос сатылы тегершіктің сыналы белдігінен және токарь станогының алдыңғы қыспақ тетігінің айналдырығына бекітілген екінші қос сатылы тегершіктен тұрады.

Айналдырықтың айналу шапшаңдығын өзгерту жетек белдікті бір тегершіктің тұтқасынан екінші тегершіктің тұтқасына ауыстыру арқылы жүзеге асырылады. Станоктың жетегі сақтандырып тұратын қорғаныш қаптамамен жабулы тұрады, ал ол қаптама (3) бұранданың көмегімен мықтап бекітіледі.

Станок жұмысьша басшылық жасау түймеше тетік блогы (8) арқылы қамтамасыз етіледі. Ол блок алдыңғы қыспақ тетікке (7) орналастырылған. Дәл осы жерге жарық түсіретін шам (9) бекітіледі.

Дайындалған ағаш материалдарын бекітіп ұстату үшін ауыспалы айналдырықтың саптама тетіктері пайдаланылады. Оған орталық шанышқысы (үш тісті айыр) бар корпус, патрон, өңделетін ағашты станокқа бекітіп ұстайтын тығырық (2-сурет) жатады. Әзірленген қысқа ағаш материалдары ішкі ойықтарды ойып-жону кезінде патронға бекітілетін болса, ағаш материалдарының диаметрі неғұрлым үлкендері тығырыққа орналастырылады.

hello_html_mc98ffa9.png

2-сурет.

Айналдырықтың

саптама тетіктері:

а ) шапышқы айыр (үш

тісті айыр);

ә) патрон; б )науаша

қашау; в ) үшкір тісті

қашау; г ) бұйымның

ішін оюға арналган

құралдар; е ) ара тісті

қашау

























Жетектің сақтандырғыш қоршауының қақпағын электрқозралтқышпен ашқан кезде, оған электр қуаты берілмей, тоқтап қалатындай етіп сақтықпен жалғастырылған.

Ағашты кесіп өңдеу аймағы алдын ала қорғағыш қоршаумен жабдықталған. Атап айтқанда, қабылдаушы тетік жұмыс істеп тұрған адамды түсіп жататын жаңқалардан қорғайды және шаң-тозаңнаның түсуін бәсеңдетеді, үгінді қалдықтардың үйіліп қалуын азайтады. Қоршау, негізінен металл корпустан, шыныдан және брезент кездемеден тұрады. Қажет болған кезде шыны экранды кейін қарай қайырып, ашып көруге де болады. Станокқа, сондай-ақ түрлі шаң-тозаңдарды ұстап қалатын қондырғы да орнатылады.

Ал кескіш аспап каретаның көмегімен станок орнатылатын негізгі тірекке бекітіледі. Жылжымалы карета астыңғы тұтқалы тірекпен бірге оңға да, солға да, ілгері де, кейін де емін-еркін қозғала алады. Астыңғы тұтқалы тіректің өзі жоғары-төмен қозғалып, тік осьтің бойымен оны айналады.

Өндірістік мақсаттағы токарь станоктары астыңғы тұтқалы тіректен де, кескішті механикалық тәсілмен бере алатын тетіктен де жасалады. Ондай станоктармен неғұрлым ірі бөлшектерді ойдағыдай өңдейді.

Жанып-жонудың мынандай түрлері бар: цилиндр тәріздес, конус тәріздес және бір қалыпқа келтірілген үстіңгі қабаттарды айналдыра жону; тік кесілген дөңбек кесіндіні айналдыра жону және тегістеу; қысқартып кесу; цилиндр тәріздес, конус тәріздес және бір қалыпқа келтірілген тесіктерді тегістеу.

Жонып тегістеу жұмыстарын қарадүрсін және тазартылған деп екі түрге бөлуге болады. Қарадүрсін жонып тегістеумен қашау кезінде ағаш материалдарының едәуір қабаты алынып тасталады, үстіңгі өңделген беті көбінесе кедір-бұдырсыз, теп-тегіс әрі жып-жылтыр болып шыға бермейді. Әбден тазартылған жонып тегістеу бөлшектерді әдемілеп өңдеу үшін қолданылады. Бұл қарадүрсін өңделгендегіден әлдеқайда жоғары келеді.

Дайындалған ағаш материалдарын жанып-жону кезінде оларға басты қозғалыс жапсырып жылжыту арқылы кесу-қозғалысы, ал аспапқа (станокқа) беру қозғалысы айналым болып табылады. Осьтік (ұзынынан) жанып-жону кезіндегі ағашты беру қозғалысы дайындалғанағаш материалдарының осі бойымен жүреді, тарамдалған тәсілмен жанып-жону кезінде дайындалған ағаш материалдарының орта шеніне қарай бағытталады, ал қарама-қарсы (тігінен) жанып-жону кезінде бөлшектің кесіндісіне перпендикуляр бағытта болады.

Механикалық тәсілмен беру тетігі бар станоктарда аралап кесу тәртібінің параметрлері (беру шапшаңдығы, кесу тереңдігі, т.б.) станоктың техникалық мүмкіндіктеріне, ағаш материалдарының қаттылығына, өңдеу сапасының дәрежесіне, бұтақтардың көзіне және басқа жағдайларға қарай белгіленеді. Аралап кесу тәртібінің көрсеткіштері кем дегенде бір өткелден өткеннен кейін өзгертіледі. Ал аралап кесу процесі жүріп жатқан кезде параметрлер, әдетте өзгертілмейді (бірақ мұның қолмен беру тәсіліне көшкен кездегі жағдайға қатысы жоқ).

Астыңғы тұтқалы тірегі бар станоктарда дайындалған ағаш материалдарын беру, аралап кесудің тереңдігі, жоңқаның ені мен қалыңдығы қандай болуы тиіс екенін жинақталған тәжірибеге қарап белгілейді, Бұл ретте ағаштың қаттылығы дайындалған ағаш материалдардың түріне, ағаштың ақауы мен кемістігіне қарай әр өткелдің өз ішінде де өзгертіле алады. Сондықтан астыңғы тұтқалы тірегі бар станоктарда ағашты аралап кесу тәртібінің өлшемдерін белгілі бір жүйеге дәлме-дәл келтірудің сәті түсе бермейді.

Токарь станоктарының кескіш аспабы өткір жүзді тістер болып табылады. Бұл ретте астыңғы тұтқалы тірегі бар станоктар үшін қолмен реттелетін, ал механикалық тәсілмен беру станоктары үшін супортты (кескіш аспап бекітілетін) тораптар пайдаланылады. Кескіш тістер жүзінің құрылымы мен түрлері өңдеу сапасының дәрежесіне, бөлшектердің құрылымдың ерекшеліктеріне және басқа жағдайларға байланысты.

Қарадүрсін (дөрекі) жанып-жону үшін ені 6 мм-ден 50 мм-ге дейінгі жартылай дөңгелек қашаулар қолданылады. Олардың жүзін жартылай дөңес жағынан 25-300°-тық бұрышпен қайрайды. Мұндай қашаулар цилиндрлердің сырт жағынан жартылай дөңгелек немесе сопақша етіп жанып-жону үшін пайдаланылады,

Үстіңгі беттерді тап-таза етіп жанып-жону, тік кесілген дөңбектерді, кемерлі-кертпеш бөренелерді кесіп, қысқарту үшін қиғаш жүзді қашаулар қолданылады. Қиғаш жүзді қашаулар екі жағынан бірдей 20-400 бұрышпен қайралса, жүзі өткірлене түседі. Жұмсақ ағаш материалдарын осы қашаулармен жанып-жонғанда бұрышы кем жағы қолданылады немесе ретіне қарай екінші жағы пайдаланылады, ал қиғаш жүзінің бұрышы -70-750.

Бөлшектердің ішкі жазық беттерін өңдеу үшін кескіш бөліктері әр түрлі болып келетін жанып-жонатын тістер, бірқалыпқа келтіретін тістер және ою арқылы өрнек салатын тістер қолданылады.

Жанып-жонатын тістер цилиндрдің ішкі беттерін таптаза етіп жанып жонуға, ішкі қуыстардың түп жағын тегістеуге, оның түпкі жағының ішкі қабырғамен, галтельдермен бірқалыпты жатық жалғасып жатуын қамтамасыз етуге, жону-қыру жұмыстарын атқаруға пайдаланылады.

Кескіш тістер аспапқа арналған У8, У9, У10, УІЗА сияқты көміртекті болаттан жасалады. Әдетте, оқу шеберханаларында жарамсыз қашаулардан, егеулерден, т.б. аспаптардан жасалған кескіш тістер қолданылады.

Станоктың жұмысына басшылық жасау тәсілдері мыналарды қамтиды: станокты іске қосу және жағдайын қадағалап, біліп отыру, кесу тәртібінің параметрлерін өзгерту, әр түрлі ыңғайлы әдістерді шебер пайдалану.

Станокты электр қуатына қосар алдында оның тұрқындағы электр тізбегінің бір ұшы сенімді түрде жерге қосылғанына, іске қосу қорабында ешқандай ақаудың жоқ екеніне, сондай-ақ басы артық, қажетсіз заттардыңайналдырықтың саптама тетіктерінің немесе өңделетін ағаш материалдарының емін-еркін айналуына кедергі келтіріп тұрмағанына толық көз жеткізіп алу қажет.

Айналдырықтың айналу шапшаңдығын, өңделетін материалдың берілуін және оның кесілу тереңдігін өзгерту арқылы ағашты аралап кесудің қажетті тәртібін қамтамасыз етуге болады. Оның үстіне астыңғы тұтқалы тірегі бар станоктарда өңделетін материалдарды беру мен оның кесілу тереңдігін станокты іске қосуға даярлау кезінде ғана емес, сонымен қатар дайындалған ағашты аралап кесудің нақты жағдайларына, оның диаметріне, бөлшектердің түрлеріне және басқа жағдайларға қарай жұмыс процесінің барысында да өзгертіп отырады.

Бөлшектердің сыртын жонып өңдеу. Бөлшектерді станокқа бекіту - орталыққа, патронға және тығырыққа бекіту тәсілдерінің нәтижесінде іске асатын жұмыс. Ортада өңдеу кезінде күні бұрын дайындалған бөлшек үш ашалы тістегіш пен артқы қыспақ тетіктің ортасына бекітіледі. Қысқа бөлшектердің сыртын жанып-жону алдын ала дайындалған ағаш материалдарын патронға бекіту арқылы атқарылады.

Диаметрі едәуір үлкен жалпақ бөлшектердің сыртқы қабатын өңдеу, оларды тығырыққа дөңбектің қырқылған шетін бұранда шегелермен бекіту арқылы орындалады. Ал тығырықта сол үшін жасалған арнаулы тесіктер бар.

Жүмысқа кіріспес бұрын, станок орнатылған негізгі тіректе және басңа да бөліктерінде өңдеуге дайындалған бөлшектердің айналуына кедергі келтіретін басы артық заттардың жоқ екеніне, кескіш аспаптың жақсы қайралғанына және саптама тұтқаның берік орнатылғанына, белгілі бір орынға ғана жарық түсіретін шамның дұрыс жанатынына толық көз жеткізіп алған жөн. Арнаулы жұмыс киімдері жинақы да ыңғайлы болуы, олпы-солпы болмауы, бау-шуы шұбатылып жүрмеуі керек.



11




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 21.12.2015
Раздел Технология
Подраздел Рабочие программы
Просмотров410
Номер материала ДВ-277097
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх