Инфоурок Другое Рабочие программыКөмекші құрал:"«Орыс тілді мектептердегі қазақ тілін оқытуға арналған"

Көмекші құрал:"«Орыс тілді мектептердегі қазақ тілін оқытуға арналған"

Скачать материал

 

 

Пікір

 

 Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан-2030» Жолдауында қазіргі заман мектебі оқушыларының жалпы білім беру дайындығының қажетті деңгейін қамтамасыз етумен бірге, олардың қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгеруіне көп көңіл бөлуі қажет деген.

Мемлекеттік тілді оқытудың мақсаты – орта мектеп бітірерде қазақ тілін еркін түсінуге, тұрмыс деңгейінде қазақша сөйлеуге үйрету. Әрине, тілді түсініп, еркін сөйлеу үшін оқушы қазақ тілінің грамматикасын жақсы меңгеруі керек.

Бұл көмекші құралда берілген грамматикалық материалдар оқушылардың білімдерін ұйымдастыруға мүмкіндік береді, өз бетімен дайындалуға жол ашады.

Грамматикалық көмекші құралдың құндылығы – оқушы өзіне қажетті тақырыпқа байланысты грамматикалық материалдарды өздік жұмысына, бақылау жұмысына дайындық кезінде қолдануға мүмкіндік беретін жүйелілігі. Әрбір бөлім бойынша барлық грамматикалық білім бір кестеге жинақталған. Бұл оқушының қазақ тіліне дайындық кезінде уақытын үнемдейді. Оқушы көмекші құралда ұсынылған фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік талдау үлгілерін қолдана отырып, өз білімін тереңдетуге, бекітуге мүмкіндік алады.

Бұл құралдың өз бетімен әр түрлі тестерді шешу және олардың дұрыстығын тексеру кезінде де оқушыға берер көмегі зор.

Қорыта айтсақ, көмекші құралда берілген материалдар «Орыс тілді мектептердегі қазақ тілінің мемлекеттік стандартына» сәйкес жасалған. Жалпы мазмұны тілдік білім жүйесін танып білуге – тілдің фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік құрылымын, стилистикалық ерекшеліктерін танып білуге бағытталған. Яғни, оқушыға дыбыс, сөз, олардың мағыналары, сөздердің сөйлем болып құрылуындағы тұлғалық өзгерістер мен сөзжасамдар, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, емлелік және тыныс белгілік сауаттылық сияқты тіл құрылысын білімдік сипатта біліп, игеруіне жасар ықпалы мол.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алғы сөз

 

        Тіл –адамдардың бір-бірімен қатынас жасайтын, пікір алысатын, өзара түсінісетін құралы, сонымен бірге оның заңдылықтары мен ерекшеліктерін, құрылысын оқытатын, зерттейтін ғылым. Тілдің қатынас құралы болу қызметін коммуникативтік қызметі дейді, ал оның ойды жүзеге асыру қызметі экспрессивтік қызметі делінеді. Тілдің бұл екі қызметі өзара бірімен-бірі тығыз байланысты.

        Басқа тілді үйрену үшін адам ең алдымен сол тілде сөйлейтін адамдармен қарым-қатынас жасап, тілдің коммуникативтік қызметінен бастайды. Әбден үйреніп алған соң ғана сол тілде ойлап, ойын жарыққа шығарудың құралына айналдырады.

         Бүгінгі өзгеріске толы дәуіріміз ұлтымыздың мәдениетін, тілін, оның өмірлік өрісін кеңейтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ қазақ тілі мемлекеттік тіл дәрежесіне айналғаннан бері, оның ішкі сырына үңіліп, ондағы заңдылықтарды саналы түрде білгісі келетіндер саны көбейіп келеді. 

          Мектеп мұғалімдерінің алдында сөздік қоры өте мол және қолданыста бейнелі де көркем тілдердің бірі –қазақ тілін тәуелсіз мемлекетіміздің ғылым және техникасына қызмет ететін ғылым тілі ету, оны жас ұрпаққа меңгерту міндеті қойылып отыр. Жоғарыда айтылған міндетті орындау үшін мұғалімдер аянбай еңбек етуде.

           Қазақ тілін үйретудің бірден-бір жолы –қазақ тілі грамматикасын оқушыға меңгерту. Қазақ тілінің материалдары әр оқулықта жеке-жеке берілетіні белгілі. Соның нәтижесінде, әсіресе, жоғарғы оқу орындарына түсетін 11 сынып оқушылары өздеріне керекті материалдарды жинастыра алмай, көп қиналатыны анық.          Сондықтан біз осы жағдайды ескеріп, қазақ тіліне қатысты мектеп бағдарламасында көрсетілген материалдардың көбін осы көмекші құралға жүйелеп сыйғызуға тырыстық. Сондай-ақ,  жоғарғы сынып оқушыларымен қатар, орта буын оқушылары үшін де қолдануға мүмкіндік бар.

          Бірнеше жылдар бойы қазақ тілі бірыңғай ұлттық тестілеуге енгізіп келеді. Жоғарыда айтылған көмекші құралдың оқушылардың бірыңғай ұлттық тестілеуге дайындық кезінде үлкен көмегі барына көзіміз жетіп отыр. Өздеріңізге ұсынылып отырған көмекші құрал оқушыларымыздың сөйлеу тілін дамытуға, оларға  жоғарғы оқу орнына түсу кезінде  пайдасын  тигізер деген ойдамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Фонетика

 

      Фонетика –тіл дыбыстары туралы ұғым, ол дыбыстардың құрамы мен түрлерін, дыбыстардың үндесуін, екпін, тасымал, буын мәселелерін зерттейді.

1. Қазақ тілінде дауыстылар саны -15 - а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і, и, у, + э, ё, ю, я.

2. Қазақ тілінде дауыссыз дыбыстар саны -25 –б, в, г, ғ, д, ж, з, й, қ, л, м, н ,ң, п, р, с, т, (у) һ, ф, х, ц, ч, ш, щ.

3. Қазақ тіліне тән тыбыстар саны – 10 -ә, ө, ұ, ү, і, ы, ғ, ң, қ, һ.

4. ь –жіңішкелік белгісі, ъ – айыру белгісі  дыбыс қатарына жатпайды.

Дауысты дыбыстардың жіктелуі

(Тілдің қызметіне қарай)  (Жақтың қызметіне қарай)  (Еріннің қызметіне қарай)

жуан

жіңішке

ашық

қысаң

еріндік

езулік

а, о, ы, ұ(и,у)

ә, ө, ү,і,е(и,у)

а, ә, е, о, ө, э

ы, і, ұ, ү, и, у

о, ө, у, ұ, ү

а,ә,е,э,ы,і(и)

 

Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі

ұяң

үнді

қатаң

б, в, г, ғ, д, ж, з, һ

й, л, м, ң, н, р, (у)

к, қ, п, с, т, ф, х, ц, ч, ш, щ

 

Буын түрлері –виды слогов

ашық буын

тұйық буын

бітеу буын

а-та, ә-ке, мы-на-ны

 

А. ВА

А-дауысты

 В-дауыссыз

ат, өт, өр, ұн, ант, өрт, ұлт

АВ, АВВ

А-дауысты

В -дауыссыз

мал, сол, құс, тіс, төс,

төрт,тарс, тырс,мырс

ВАВ, ВАВВ

А-дауысты

В -дауыссыз

 

Тасымал-перенос

1. Бір дыбысты ашық буын тасымалдауға келмейді: а-та, ә-ке.

2. Екі, үш дыбысты тұйық буын тасымалданбайды: ат, ән, ант, өрт.

3. Бітеу буынды бөліп-жаруға болмайды: мал, той, төрт, жалт.

4. Бас әріппен қысқарған сөздерді бөліп тасымалдауға болмайды: ҚР, ШҚТМУ.

5. Адам атының, әкесінің атының қысқартылып алынған әрпін фамилиядан айырып жазуға болмайды: А.С. Пушкин,  А. Құнанбаев.

 

Екпін –ударение

1.     Қазақ тілінде негізінен екпін соңғы буынға түседі: шеге, кереге, балта.

2.     Екпін түспейтін буындар:

а) жіктік жалғауына – оқушымыз, барамыз.

ә) болымсыз етістік жұрнақтарына: (ма, ме, ба, бе, па, пе) –айтпа, барма.

б) шылау сөздерге –үй де, мал да – бәрі де аман.

в) көмекші сөздерге - кейін, шейін.

 

 

 

 

 

 

Үндестік заңы –закон сингармонизма

 

Дыбыс үндестігі (звук. сингарм.)

Буын үндестігі (слогов. сингарм)

1) қатаң; ұяң - б, в, г, д + қатаң    бас-тық, доп+ты

2) ұяң (б, в, г, д дыбыстарынан басқа) + ұяң, үнді

      ауыл+ға, өзен+ге, жаз+ға, нан+нан

3) к---г        шелек+і ---шелегім

    п---б       кітап+ы---кітабым

    қ---ғ       тарақ+ы---тарағы

1)    жуан сөздерге жуан қосымшалар жалғанады: балалар, оқушылар, қалада

2)    жіңішке сөздерге жіңішке қосымша жалғанады: әншілер, үйдеміз. мектептер

 

 

Ассимиляция

Прогрессивтік  ассимиляция                                            Регрессивтік ассимиляция

Ілгерінді ықпал

Кейінді ықпал

сөз ішінде не сөз арасында алғашқы дыбыстың өзінен кейінгі дыбысқа әсерін ілгерінді ықпал дейміз

сөз ішінде не сөз арасында кейінгі дыбыстың өзінің алдындағы дыбысқа әсерін кейінді ықпал дейміз

б, в, г, д  дыбыстарына аяқталған сөздер айтылуда п, к, т, ф

М: клубта – клупта, геологпен – геолокпен

Ивановта – Иванофта

к, қ, п дыбыстарына аяқталып, қосымша дауысты дыбыстан басталса.

тарақ – тарағы, доп -добы

ш дыбысына аяқталған сөздер қосымшаның басқы дыбысы с болса

шашса –шашша, ішсін – ішшін

түбірдің соңғы дыбысы н, б, п дыбыстарының алдынан келсе, н дыбысы м  дыбысына айналады

сен-бе  - сембе, Құрман-бек – Құрмам-бек

 

алғашқы сөздің соңғы дыбысы дауысты, үнді, ұяң ,  кейінгі сөздің басқы дыбысы к, қ болса.

қара қой –қара ғой, боз құнан – боз ғұнан

атың кім – атың гім

түбірдің соңғы н дыбысы к, қ, г, ғ дыбыстарының алдынан келсе, н дыбысы ң дыбысына айналады.

бір күнгі –бір күңгі,  Аман-гүл –Амаң-гүл

алғашқы сыңарлары қатаң дыбыс, екіншісі ұяң дыбыстан басталса.

Қамыс-бай – Қамыс-пай

Жүнісбек -Жүніспек

түбірдің соңғы дыбысы с, з    ш дыбысының алдынан келсе, с дыбысы ш дыбысына айналады

колхозшы -колхошшы

 

түбірдің соңғы  з дыбысы с дыбысының алдынан келсе.

көз сал –көс сал, тұз-сыз – тұс-сыз

 

 

 

 

 

Мысалдар:

 

       Қыз ұшса қияға, ұл ұшса ұяға.

Жүнісбек жазғы ұйқыдан тез оянды. Жастардың өмірге деген көзқарасы кеңейе түсуде.

        Ол қансыраған аяғын қайта-қайта сипай берді. Жанғазы ән десе ішкен асын жерге қоятын жігіт. Істің бәрі Тұрғанбек ойлағандай болмай шықты.

 

 

Фонетикалық талдау үлгісі:

Мектептерімізге деген сөзге фонетикалық талдау жаса.

1.     Мектептерімізге-жіңішке сөз, сөзді буынға бөлеміз: мек-теп-те-рі-міз-ге-  6 буын, мек, теп, міз –бітеу, жіңішке буындар, те, рі, ге – ашық, жіңішке буындар.

2.     м –дауыссыз, үнді

е –дауысты, жіңішке, езулік, ашық

к- дауыссыз, қатаң

т- дауыссыз, қатаң

е- дауысты, жіңішке, езулік, ашық

п- дауыссыз,  қатаң

т- дауыссыз, қатаң

е- дауысты, жіңішке, езулік, ашық

р- дауыссыз, үнді

і-  дауысты, жіңішке, еріндік, қысаң

м- дауыссыз, үнді

і-   дауысты, жіңішке, еріндік, қысаң

з- дауыссыз ұяң

г- дауыссыз, ұяң

е- дауысты, жіңішке, езулік, ашық

          15 әріп, 15 дыбыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бекіту

 

№1-жаттығу

 

Сөздерді дауысты (езулік, еріндік, ашық, қысаң, жуан, жіңішке) және дауыссыз дыбыстардың (үнді, ұяң, қатаң) жіктелуіне қарай топтап жаз:

қала, жер, орындық, сары, адам, балық, цех, вагон, ілгек, фабрика, заң, ән, ұршық, өрік, парта, лашын, дүйсенбі, бас, қаһарлы, біз, фильм, педагог, тұз, әкім, асфальт, география, фонетика, шолақ.

 

№2-жаттығу

 Мына сөздерді буынға бөл, буын түрлерін анықта:   мал,  өнер, ой, қала, аудан, жаздық, күзгі, қыс, көктем, ынталық, жігерлілік,  достық, ұйқышыл, қант, ұлт.

 

№3-жаттығу

Сөйлемдердегі сөздерге екпін қойып жаз:

Көкпеңбек еріндері қимылдайды. Сен мені есіңе алма. Қызық әңгіме бастадым. Төбеміз көкке жеткенше қуандық.  Жапырақтар  қызыл сары  түске боянды.  Жадыра да - көп балалы ана. Жібек көйлекті қыз алдымнан шықпады. Көктемдей құлпырған көңілі де алас ұрды. Жайнап өскен баламыз.

 

№4-жаттығу

 Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді жаз: Жаз...шы ащы шынды..ты жайып са..ды. Мен осы жағдайд.. толы...ырақ білгім келеді. Мына та...ырып мен үшін же...ілдеу екен.  Сені ең жа..ын досым дер ед..м. Аспан боз...ыл тарта бастады.Қо...ыр күз де келіп жетті.  Неге мына к...йлектің етегін қып-қыс...а етіп қидың? Бұл менің тұ...ғыш рет Астана қаласына келуім еді. Неге сенің жүз...ң қуқыл тартып тұр?

 

№5-жаттығу

 Мына сөз тіркестерін үндестік заңын қолданып, қазақшаға аудар: мое сердце, твой транспорт, её дверь, моё ведро, его расчёска, моя лодка, мои очки, мой мяч, закрыть дверь.

 

Шығармашылық диктант

Жақшаны ашып, сөйлемдерді дұрыс көшіріп жаз: Төртінші тоқсанда жақсы оқы(уға) уәде бердім. Мұғалім үйреткеннің бәрін көңіліме тоқы(уым) керек. Оңтүстіктен соққан желдің жылы(уы) қоймады. Қалың қар ері(уге) айналды. Өзен жиегіндегі мұз да жібі(уге) бет алды. Жақында су тасы(уы) мүмкін.

 

Сөздік диктант

н, ң дыбыстарын дұрыс жаз: шаңғы, шеңгел, үңгір, соңғы, қараңғы, әңгіме, дөңгелек, жауынгер, нанғыш, сенгіш, көнгіш, мәңгі, бұрынғы.

 

Бақылау диктанты

Тасымалданбайтын сөздердің астын сыз: Арада аз күн өткен. Жақып үйде жоқ. Кеш түнге ауысып барады. Аян жаңа ғана әзер ұйықтады. Шам қойып, Жаңылды шақырып келейін деп далаға шықтым. Түн тымық. Жұлдызды бұлт бүркеп, жайлау бүгін түндігін жапқан түнек тәрізді. Ту сыртымнан тықыр ете қалды. Жалт қарасам, Жақып екен. Ол атын байлағанша, үйге барып алайын дедім.

 

 

 

 

Зат есім

         Зат есім – белгілі бір заттың, нәрсенің немесе оқиғаның атын білдіретін сөз табы. кім? не? кімдер? нелер? деген сұрақтарға жауап береді.

Тұрақты белгілері:

I. Мағынасына қарай

( по значению)

1.Жалпы (нарицательные)

2. Жалқы

(собственные)

3.Деректі (конкретные)

4. Дерексіз (абстрактные)

бала, адам, дала, үй

 

Болат, Өскемен, Ертіс

 

қалам, ағаш, айна

 ой, қуаныш, бақыт

II. Тұлғасына қарай

( по способу образования)

1. Негізгі

(непроизводные)

2. Туынды

(производные)

 

 ел, жұрт, от, қала

 

 қойшы, балалық,

айтыс, оқушы (-шы/-ші,-ғар/-гер, -қар/-кер, -лық/-лік, -дық/-дік, -тық/-тік,-лас/-лес, -дас/-дес, -тас/-тес)

III. Құрамына қарай

( по составу)

1.  Дара

(простые)

2.Күрделі :

(сложные)

 оқушы, айтыс

 

 

 

а. Біріккен

(сокращенно-слитные)

Ақсу, бәйтерек, атамекен ,орынбасар

 

ә. Қосарлы, қос сөздер

(парные)

ата-ана, салт-дәстүр,ел-жұрт, ой-қиял

 

б. Тіркесті

(словосочетания)

сары май, аяқ киім, ыдыс аяқ, ауыл шаруашылығы

в. Қысқарған

(сложносокращенные)

 

ШҚМТУ, ҚР, см, кг, кв

Тұрақсыз  белгілері:

1.

Көптелуі (жекеше, көпше)

-лар/-лер, -дар/-дер, -тар/-тер

апалар, дәптерлер, сыныптар, қағаздар

2.

Септелуі (жеті септік)

апалардың – Ілік септік, сыныпқа – Барыс септік

3.

Тәуелденуі (1, 2, 3-жақ; жекеше, көпше түрі)

сыныбым –      1-жақ, жекеше түрі

оның дәптері – 3-жақ, жекеше түрі

апаларыңыз –   2-жақ, көпше түрі

4.

Жіктелуі (1, 2, 3-жақ;

жекеше, көпше түрі)

баламын – жіктік жалғау, 1-жақ, жекеше түрі

мұғалімсіздер – жіктік жалғау, 2-жақ, көпше түрі

 

Синтаксистік қызметі:

бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыш.

 

Морфологиялық талдау үлгісі:

 

Абайдың шешесі қайырымды адам болатын.

Абайдың – зат есім, бастапқы тұлғасы – Абай (кім?)

Тұрақты белгілері: жалқы, деректі,негізгі, дара

Тұрақсыз белгілері:  -ның – Ілік септігінің жалғауы, жекеше түрі

Синтаксистік қызметі: кімнің? деген сұраққа жауап беріп, анықтауыш қызметін атқарады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бекіту

     

     № 1 -жаттығу

 

Жалпы және жалқы  есімдерді екі топқа бөліп жаз:

Абай, кітап, қаршыға, шаш, Құлагер, аспан, құстар, Қазақстан, Майлыаяқ, өзен, «Абай жолы», ағаш, тау, «Дидар» газеті, қала, Асан, сия, тоқылдақ.

 

№2-жаттығу

 

Деректі және дерексіз зат есімдерді айырып жаз:   Оспан, қоян, ой, балға, тон, сыр, кек, дос, арман, Астана, реніш, қуаныш, сиыр, кітап, министр, ұшқыш, махаббат, достық, қайғы, аудан, көшелер, қорқыныш.

 

№3-жаттығу

 

Күрделі зат есімдердің түрлерін анықта:

Қандастарымыз атамекеніне оралып, зор қуанышқа бөленуде. Жиналыста болған күн тәртібі мені таңқалдырды. Қазір Қазақстанда ауыл шаруашылығы жақсы дамып келеді. Асан ата-анасына қолғанат болуға жарап қалды. Мен ұрыс-керісті жақтырмаймын. Бірінші болып совхоз басшысы сөйледі. Теледидардан ТЖ министрі сұхбат берді. Мен кәсіподақ комитетіне өтініш жаздым.

 

№4-жаттығу

 

Зат есім тудыратын жұрнақтарды жалға:

Асанның атасы көп жыл қой... болған адам.  Мен биылғы оқу жылынан бері әдебиет... лер үйірмесіне қатысып жүрмін. Сен дос...ты қадірлей біл. Мектеп маған көп біл... береді. Мен Қазақ... елін қай жерде жүрсем де мақтан етемін. Бүгін Алматы маңында бүркіт...лер сайысы болмақ. Біз басқа елдермен көп жыл одақ... болғанбыз.

 

№5-жаттығу

 

Сөйлемдегі зат есімнің синтаксистік қызметін белгіле: Мен қиын кезеңдерді бастан кештім. Колхозшылар астықты элеваторға жөнелтіп жатыр. Мұғалім - ауылдағы мәдени күшіміз. Сәрсеннің қарындасы университетте оқиды. Туған жеріңді, мектебіңді, сүйе біл, досым.Олегтің өмірі мен күресі сендердің барлық істеріңе үлгі болсын.

 

№6-жаттығу

     

      Сөздерді құрамына қарай топтастырып жаз.

Жан-жануарлардың, мұражай, атамекен, ШҚМТУ, аяқ киім, қыз-жігіт, бейнетаспа, дәріхана, сары май, ауа райы, баспасөз, ыдыс аяқ, ою-өрнек, Жетісу, аспаптарын, жақсы көру, Сарыарқа, дәм тату, әкел, дем алу, мінез-құлық, отбасы, еңбекқор, көзқарас, саяхатшылық, кг., КазГЮА,  Ата Заңы, ШҚМТУ.

 

Етістік –глагол

         Заттың қимылын, жай-күйін білдіретін сөз табы етістік  деп аталады.

        Етістіктің  сұраулары- не істеді? не қылды?

Тұрақты белгілері:

I.Мағынасына қарай

(по значению)

1.Болымды-положительная

 

2.Болымсыз –отрицательная

 

3. Сабақты-переходный (табыс септікті сөздерді тілейді)

4. Салт –непереходный

(табыс септікті сөздерді тілемейді)

бар, сал, тарт, кет, қаз, хабарла, толтыр

барма, салма, кетпе, қазба, хабарлама, толтырма,

 

ал, бер, құрметтеймін, сыйлаймын, оқыды, жазды(кітапты оқыды)

кетті, келді, ұйықтады, күлді, жатты

(ол ұйықтады)

II.Тұлғасына қарай

(по способу образования)

1. Негізгі -непроизводные

 (түбір етістік)

2. Туынды- производные

(түбір етістік+жұрнақ, басқа сөз табы+жұрнақ)

жаз, оқы, айт,  кел, кет

 

 

келтіреді, көрінді, ойланды, тұзда, есептеді, іздеу,санау

III. Құрамына қарай

(по составу)

1. Дара –простые

 

 

2. Күрделі - сложные

жаз, оқы, кел, сыйлаймын, отырды, тұрамын, тудым

сатып ал, келе жатыр, күліп жібере жаздады, көңіл көтер –веселись, сурет салды-нарисовал, бара-бара шаршадым, тыңдай-тыңдай жалықтым.

 

Тұрақсыз белгілері:

1.

Септелуі (есімше түрі)

Барғанның, барғанмен, барғаннан

2.

Тәуелденуі (есімше түрі)

Барғаным, барғаның, барғаныңыз, барғаны

3.

Жіктелуі

Бардың, бардыңыз, барды, барғалы жатырмын

 4.

Көптелуі (есімше түрі)

Барғандар, келгендер, жүргендер

 

Етістіктің синтаксистік қызметі

1)    Етістіктер көбінесе баяндауыш қызметін атқарады, кей жағдайда көсемше түрі –пысықтауыш, баяндауыш,  есімше түрі анықтауыш, баяндауыш, бастауыш, толықтауыш қызметін атқарады.

 

 

Етістіктің түрлері

1) Етістіктің ерекше түрі – есімше. Оның ерекшелігі -әрі есімдер, әрі етістік қызметінде жұмсалады: Ол ертең келер  -етістік. Ақыл –тозбайтын тон, таусылмайтын кен –сын есім мағынасында жұмсалып тұр.

2) Көсемше – етістіктің негізгі түрі.  Ол көбінесе күрделі етістіктің құрамында келеді.

 

Есімшенің жұрнақтары

Мысалдар

Көсемшенің жұрнақтары

Мысалдар

-қан,-кен,-ған, -ген

ашқан жеткен, жазылған, жүрген

-а, -е, -й

ала келді, келе жатыр, қарай бастады

-атын,-етін, -йтін

баратын, келетін, сөйлейтін

-ып, -іп, -п

барып қайтты, келіп кетті, жауап қатпады

-ар, -ер,-р

Жазар, келер, айтар

-ғалы, -гелі, -қалы, -келі

барғалы отыр, келгелі жатыр, қайтқалы жүр

 

Етістіктің шақтары- времена глагола

 

Осы шақ-наст. вр.

Өткен шақ – прош. вр.

Келер шақ – будущ. вр.

1)          тұр,жүр, отыр,жатыр +жік.ж.

2)          етістік түбірі+ы,ып,іп,а,е,й жұрнақтары + +тұр,жүр,отыр, жатыр +жік. ж.

3)          тұрмын, оқып отырмын.

1) етістіктің түбірі + ды,ді,ты,ті жұрнақтары +жік. ж.

бардым, келдім, қайттым, таптың, кеттіңіз – жедел өткен шақ

2) түбір+ған, ген, қан, кен, ып, іп, п  + ж.ж., алғанмын, келгенбіз, көріппін – бұрынғы өткен шақ

3)түбір+ атын, йтын, йтін + ж.ж. - баратынмын, баратын- ауыспалы өткен шақ

 

1) етістіктің түбірі +а, е, й жұрнақтары +жік. ж.

келемін, барамын, қараймын-ауыспалы келер шақ

2)түбір+ар, ер, р + ж.ж. келермін,қайтарсың, отырар-болжалды келер шақ

3) мақ, мек, пақ, пек, бақ, бек, (шы,ші)+ж.ж.-келмек, айтпақпын, үйренбексіз-мақсатты келер шақ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Етістіктің райлары – наклонения глагола

 

Ашық рай-изъяв. н.

Бұйрық рай-повел. н.

Шартты рай –усл. н.

Қалау рай-желат. н.

жазамын, келерсің, жазып отыр, жазды.

оқы, кел, оқысын, жаздыр, тұрғыз, қараңыз, айтпа,баршы, келші

етістік түбірі +са, се жұрнақтары+1,2 жақ жіктік ж.

сөйлесем, барсаң, айтсаң, жүрсе

 

1) етістік түбірі–қы,кі,ғы,гі-жұрнақтары+ тәуелдік ж. + кел етістігі

жазғым келмеді, айтқым келді,

2)барғайсың, көргейсің, барғайсыз

 

Етістіктің етіс түрі

 

өздік-

өзгелік

ырықсыз

ортақ

-н,-ін,-ын –жұрнақтары

 

-т,-дыр,-дір, -тыр, -тір, -ғыз, -гіз, -қыз-кіз, -ыр, -ір

-ыл,-іл,-л,  кейде-ін, ын, -н

-ыс, -іс, -с

жуынды, киінді,  сүйінді, сайланды, тойланды

айтқызды, алдырды,оқыт,пісір, еміздің,

тасылды, жазылды, киілді, тазаланды

айтысты, сөйлес, көрістік, табыстың, жинасты

 

Етістіктің  морфологиялық талдау үлгісі

      Ол буылған қағазды үстелдің тартпасына салды.

салды –етістік, бастапқы тұлғасы – cал (не істе?)

Тұрақты белгілері: болымды, сабақты, негізгі, дара, ды-өткен шақ жұрнағы, ашық рай.

Тұрақсыз белгісі:  3-жақ, жекеше.

 Синтаксистік белгісі – не істеді? деген сұраққа жауап беріп, дара баяндауыш қызметін атқарады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бекіту

      №1-жаттығу

 

Етістіктерді мағынасына қарай топта: (болымды, болымсыз, сабақты, салт)

көрді, ал, барма, кетті, сөйлемеді, оқыды, ойлады, келеді,  келмеді,  салды, жазбады, оқы, талда, мазмұндады.

 

№2-жаттығу

 

Мына сөйлемдерден негізгі және туынды етістіктерді тап:

Бүгін сен әжеңе хат жаз. Ол өз өмірі туралы көп ойлайды.  Мен өз іс-тәжірибемнен көп мысал келтірдім. Сен оларға хабар айт. Анаңа қала туралы әңгімеле. Сен ертең үйіңе қайт.

№3-жаттығу

 

Дара және күрделі етістіктері бар сөйлемдерді екі топқа бөліп жаз:

Көкпеңбек еріндері қимылдайды. Арық бұзау тез тұра алмайды. Қызық әңгіме басталып кетті. Қалаға қайтарда мына жүктерді алып қайтарсың.  Жапырақтар  қызыл сары  түске боянды. Мына сөзде терең мағына бар. Жібек көйлекті қыз алдымнан шыға берді ғой...

 

№4-жаттығу

 

 Сөйлемдегі етістіктің райларын анықта: Жазушы ащы шындықты жайып салды. Мен осы жағдайды толығырақ білгім келеді. Баласы жақсы оқыса, анасы қуанады.  Оған ойыңды ашық айт. Аспан бозғыл тарта бастады. Қоңыр күз де келіп жетті.  Мен ойымды ашық айтқым келеді.Күн күркіресе, жаңбыр жауады. Сен күнде салқын суға жуын.

 

№5-жаттығу

 

 Сөйлемдегі етістіктің есімше және көсемше түрін анықта: Мен сені көптен көрген жоқпын. Анар Алматыға оқығалы келді.  Ол Астанаға кеткелі екі жыл болды. Мен осы қалада дүниеге келіппін. Арман сабақта көп сөйлейтін. Сен ол жерге келген соң, маған хат жазарсың. Ол неге маған жауап қатпады? Ертең қалаға көп қонақ келгелі жатыр.

 

№6-жаттығу

 

 Сөйлемдегі етістіктердің шақтарын анықта: Панфилов Мұратқа жан ашыр кескінмен қарап тұр.

Мұрат шам жарығына күлімдеп қарайды. Төсекте қанға батып екі адам жатыр.Тұрар Москвадан кеше келіпті. Сендерге біз екі күннен кейін келеміз.Аспанда қалықтап құс ұшады. Сай-саламен су ағады. Мен театрға жиі баратынмын. Әскер басы өзен жағасында келе жатыр.

      

      Еркін диктант

      Дара етістіктің астын бір, күрделі етістіктің астын екі рет сыз: Байқоңыр – космос кемелерінің мекені. Қазақтың кең даласының қақ ортасындағы бұл мекен космос кемелерін ұшыруға өте қолайлы. Жері жазық. Ауа райы тұрақты. Қалада көп қабатты үйлер көп. Көшелерінің бойында ағаштар өсіп тұр. Шетте ұшу алаңы бар. Одан космос кемелері сапарға аттанады. Біз келгенде алаңда ұшуға дайын болған ракета тұр екен.

 

Терме диктант

Етістіктерді теріп жаз, олардың қандай жіктік жалғауда тұрғанын анықта: Тамыз айының аяқ кезі. Жалғыз өзім серуенге шықтым. Шыбынды бұлақтың бас жағындағы шатқалға бардым. Алдымнан шалғынды жапыра басқан аю кездесті. Қарақаттардың басын сындырып жепті. Аюды көруге асықтым. Тағы бір қабақшаға шықтым. Ойда жоқта аю алдымнан шыға мкелді, мен шошып кеттім. Бірақ аюдың менде шаруасы болмады.

 

Бақылау диктанты

Етістіктердің қай шақта тұрғанын анықта: Жау қолы от пен оғын аямай қалаға төнді. Ол жауған оқты елемей келе жатыр. Өмір үшін сынға түскен ана жүрегі бүлк еткен бе? Әйел бұршақтай жауған оқ астына кіріп кетті. Бұл аңыраған ана Наталья еді. Қала халқы орманға қашты. Ана алдымен орманға жұрттың қалай орналасқанын анықтады. Енді Лидасын әкетуге келе жатыр.

 

 

Есімдік -местоимение

Зат есім, сын есім, сан есімдердің орнына жұмсалатын сөздерді есімдік деп атайды.

 

Түрлері (Типы)

Мысалдар (Примеры)

1.     Тұлғасына

қарай (по способу образования)

1. Негізгі (непроизводные)

мен, сен, ол

 

2. Туынды (производные)

біреу, мынау, барлық

2. Құрамына қарай (по составу)

1. Дара (простые)

ол, анау, сонау

2. Күрделі (сложные)

ешкім, әрбір, кімде-кім

3. Мағынасына қарай (по значению)

1. Жіктеу (личные)

мен, сен, сіз, ол, біз, сендер, сіздер, олар

2. Сілтеу (указательные)

бұл, сол, ол, мына, мынау, осы, міне, әні, сонау, әнеки, анау, осынау

3. Сұрау (вопросительные)

кім? не? неше? қай? қандай? қалай? қашан? қайдан? нешеу? нешінші?

4. Белгісіздік (неопределенные)

біреу, бірнеше, кейбір, қайсыбір, әркім, әрқашан, әлдекім, әрқалай

5. Өздік  (возвратные)

өз, өзім, өзің, өзіңіз, өзі, өзіміз, өздеріңіз

6. Болымсыздық

( отрицательные)

еш, ешкім, ешқашан, дәнеме, ешбір, ештеме, ешқайсы, түк

7. Жалпылау

(определительные)

бәрі, бүкіл, барлық, күллі, бүтін, барша, түгел, бар, бүткіл

 

Тұрақсыз белгілері:

 

1.

      септелуі

менде, сенің, осыдан

2.

      тәуелденуі

бұным, бұныңыз, бұнысы, кімім

3.

      жіктелуі

менмін, сенсің.

4.

      көптелуі

олар, сіздер, бұлар

Ескерту.

Өзге сөз таптарындай есімдік те көптелуге, септелуге бейім. Бірақ соның өзінде мұндай категорияларға  түрленуі бірдей бола бермейді.

Есімдіктер басқа сөздерден жасалмайды, не түбір күйінде, не есімдіктер өзара бірігу арқылы қолданылады. Мысалы, кей+біреу, еш+теме.

 

Синтаксистік қызметі:

Сөйлемде барлық сөйлем мүшелерінің қызметін атқарады.

 

 

 

Морфологиялық талдау үлгісі:

 

Ағыбай оларға жауап қатқан жоқ.

Оларға – есімдік, бастапқы тұлғасы –ол (кім?)

Тұрақты белгілері: негізгі, дара, жіктеу

Тұрақсыз белгілері: -ға –барыс септік жалғауы,- лар –көптік жалғауы

Синтаксис қызметі: кімдерге? деген сұраққа жауап беріп, толықтауыш қызметін атқарады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бекіту

№1-жаттығу

 

Сөйлемде есімдіктерді теріп, түрлерін ажыратыңыз.

 

        Сізге бір сыр айтсам, ұрыспайсыз ба? Мен олардың командирімін. Ал өзің қашан келдің? Өзім оқып шыққан мектебіме мұғалім болып келдім. Бұлар Сарыөзекке  жетпей тоқтады. Сіз менің өлеңіме бірдеңе десеңізші? Барлық тарихым – осы. Сендерде қандай ой, нендей нұсқау бар, оны өздерің білесіңдер.  Сіздер болмасаңыздар менің күнім әлдеқандай болар еді. Бірдеңе ойлап табуға тырысады. Бәріміз бір атаның баласымыз. Оларға бәрі қызық. Күллі ауылда  жаны ашитын жалғыз Шәйхат қана. Әркімнің туған әкесі, туған анасы бар. Ешқандай жаңалық жоқ.

       №2-жаттығу                                                             

 

Көп нүктенің орнына  белгісіздік есімдіктерді қойып жаз. Мақал-мәтелдердің мағынасын қалай түсінесің, айтып бер.

Керекті сөздер: біреуге, кейбіреудің, біреудің, біреуді, біреудің.

...жамаңдасаң, сені де жамандар.

     ...ұйқысын бұзсаң, сақтығы артар.

     ...бойы аласа, ...ойы аласа.

...елден береді, ...жерден береді.

...сырын білген кісіге, баласынан сұра..  

 

       №3-жаттығу

 

Сөйлемде есімдіктерді теріп , түрлерін ажыратыңыз.

     Әркімдікі – өзіне, ай көрінер көзіне.

     Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы.

     Ештен кеш жақсы.

     Өз билігі өзінде.

     Абай неге жақсы? Мұның күйеуінен неге артық? Неге барлық ел соны білгіш, данышпан ғып санайды? ( М. Әуезов «Абай жолы»)

     Атшабар, көкпар, теңге алу, балуан күрестіру – баршасы да осы күні болып жатыр.

     Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін.  (Абай)

     Адамдар түгел жиналды.

     Кейбір адамдардың мінездері қиын болып көрінеді.

     Күләш апай ешнәрсені ұға алмады.

     Бұған бәріміз де күлдік.

  

№4-жаттығу

 

Терме диктант

 

         Жіктеу есімдігі

Мені қайтесің... Біз кезінде талай суретке түскенбіз. Ендігі кезек сендердікі. Сен мына менің қасыма келіп отыр. Мұнысы маған ұнамады. Бұл - маған соншалық ыстық үй. Өздерің білесіңдер, жыл он екі ай көктем, жаз, күз, қыс болып төрт маусымға  бөлінеді.Сіздер ұсынған қызметтің бәрін,сіздерге ұнаған жұмыстың бәрін ұнатамын. Біз бәріміз де оны жақтаймыз. Сендер оны қашан көрдіңдер? Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін. Жерді сүйіп қана қою жеткіліксіз, оны білу керек.Әкем маған жалт қарады.

 

Өздік есімдігі

Біз де сол кездегі өзің сияқтымыз. Өзіңізді жақсы сыйлаймын. Мен өзімнің ауылыма келдім. Өзім оқып шыққан мектебіме мұғалім болып келдім. Өздерің бірдеңе етіп тамақ жасап ішерсіңдер. Өзінен артығын сауда орнына өткізеді. Әркімдікі – өзіне, ай көрінер көзіне. Біреуге өлім тілегенше, өзіңе жүрім тіле.  Біреуге ор қазба, ор қазсаң, зор қаз: өзің түсеріңе жақсы. Әркімнің қолы өз аузына жақын. Өз билігі өзінде. Өзін-өзі ұстау. Мен өзімнің барлық білімім мен еңбегімді және тапқан табысымды тек өз Отаныма арнаймын. Өзіңе ұнамайтынды өзгеге үйретпе.

 

 

Сілтеу есімдігі

Бұлар сырттан бірін-бірі жақсы білетін. Осы күнгі балалар нәзік, оның үстіне қара жұмысты қаламайды. Мынауыңыз ертегі сияқты екен. Рысқұлов қазір сол сынға түспек. Мына көк қақпа – Қарғаш үйінің қақпасы. Екі көздері бұның қолында. Әне –үзігі шақырайған жалғыз үй. Содан қайтып оралмайды. Бұл  - сонау көнеден келе жатқан аңыз. Мұның белгілі себебі бар. Кітапты сүйіңдер! Ол – сендердің өмірлерің. Менің тарихым –осы туған жерім.

 

 

Сұрау есімдігі

Сен оның несін ұмытпай жүрсің? Қайдан білейін қайда жүргенін, қалай, қайда жүрерін бізден сұрамайды. Осының қайсысы саған ұнайды? Кімнің кімге не айтып жатқанын аңғару қиын еді. Қайсы қайда тұрады? Кезекті қай ауылға береміз? Сен нешінші сыныпта оқисың? Бақа-бақа  балпақ,  басың неге жалпақ? Ал, қайдан бастайын? Сіз менің өлеңіме бірдеңе десеңізші? Сен шыныңды айт, кімсің?

 

 

Жалпылау есімдігі

Бәріміз бір атаның баласымыз. Барлығына түгелдей хабар кетті. Оларға бәрі қызық. Бүкіл кластың көзі сонда. Барлық уақытта ешкімге ауыр сөз айтушы болма. Атшабар, көкпар, серке тарту, теңге алу, балуан күрестіру –баршасы да осы күні болып жатыр. Бұл тойға күллі ауыл жиналды. Адам –барлық нәрсенің өлшемі. Атақты ғалым, кемеңгер ойшыл, от-жалынды азамат, ер жүрек саяхатшы – баршасы Шоқанға берілген баға. Алматы, Баянауыл, Көкшетау, Қарқаралы – бәрі де Шоқанның аралаған жері. Атам мені білсін дейді, бәрін біліп жүрсің дейді.

           

 

Белгісіздік есімдігі

Бірдеңе ойлап табуға тырысады. Сіздер болмасаңыздар менің күнім әлдеқандай болар еді. Біреуді жамандасаң, сені де жамандар. Біреуге елден береді, біреуге жерден береді. Жақсылық біреуден қайтпаса, біреуден қайтады.  Самат бұл үйге бірнеше рет келді. Өмірде ерлікке әрқашан орын бар. Біздердің әрқайсысымыз өз ісіміздің перзентіміз. Біреу әлдеқандай жолмен жүріп, бір нәрсе тауып алды. Тауып алған затының бірнешеуін досына беріп, кейбірін тастай салды. Онда бірдеңе қалды ма? Ол жұмыстан үйге әрқалай келеді.Осы жолы Абай бірнеше жетім жастарды өз талабымен оқуға бергізді. Біреулер адал еңбегімен елінің байлығын көбейтеді.

 

 

Болымсыздық есімдігі

Қарсы кездескен ешкім жоқ. Ешқандай жаңалық жоқ. Гу еткен дыбыстан басқа ешнәрсе естілмейді. Ешкімге ештеңе сездірме. Бұған ешқандай да күдік болмау керек. Құралай ештеңені сезбеген кісіше терезеге қарап отыр. Ешкім екі рет жас болмас. Әуелі келісіп алайық: сіз еш нәрсені жасырмаңыз, мен еш нәрсені қоспаймын. Ол оған дәнеңе де түсіндіріп бере алмады.Ол үшін ешкімнен ақы дәметпейді. Басқа ешқайсысыңа еш нәрсе де айтпаймын. Бірталай уақыт өтті. Адамның кейбір кездері. Әркімдікі – өзіне, ай көрінер көзіне.

 

Есімдіктерге сөйлемдегі мағынасына қарай жалғау жалға.

1.      /Ол/- жоғарғы ауылдың балалары.

2.      /Мен/ ешқандай оқ тиген жоқ.

3.      Директор /біз/ жылы сөйлей кетті.

4.      Мені /өз/ көмекші етпек.

5.      /Осы/ кейін Рахима еден жумайтын болды.

6.      Асқар /бұл/ сезіп қойды.

7.      /Сен/ бұл жұмыс ұнай ма?

8.      /Бұл/мен/ өзім де көріп отырмын.

 

Сын есім –имя прилагательное

 

         Заттың түсін, сапасын, белгісін, күйін, көлемін, иісін, тағы басқа қасиеттерін білдіретін сөздер сын есім деп аталады.

        Сын есімнің сұраулары- қандай? қай?

 

Тұрақты белгілері:

 

I.Мағынасына қарай

(по значению)

1.Сапалық-качественные

 

2.Қатыстық -относительные

ақ, сары, үлкен, кіші, ауыр, тәтті, ащы

шөпті, сулы, сөзшең, сүзеген, дарынды, балықсыз

II.Тұлғасына қарай

(по способу образования)

1. Негізгі -непроизводные

 

2. Туынды- производные

көк, сары, кең, жылы, терең.

 

балалы, қара көк, көкпеңбек, жібек көйлекті, ақшыл.

ауызғы, төргі, көктемгі.

/-қы,-кі, -ғы-гі, -сыз,-сіз, лық,-лық, -дай,-дей,-ық, ік

-аған, -еген, -малы, -мелі./

III. Құрамына қарай

(по составу)

1. Дара –простые

 

2. Күрделі - сложные

сары, күрең, қатты, түнгі, ұмытшақ, терең.

аппақ, үлкен-үлкен, қара ала, қою қара сақалды, түлкі ішікті.

 

Ескерту: 1. Сапалық сын есім - сын есімнің негізгі түп қазығы.

                2. Қатыстық сын есім басқа есімдер мен етістіктерге жұрнақтар жалғану арқылы жасалады.

 

Сын есімнің зат есімге айналуы.

 

        Егер сын есімдерге жалғаулар  (көптік, септік, жіктік, тәуелдік) жалғанса, ол зат есімге айналады.

 

Мысалы:ақтар       – тар- көптік жалғау

                 ағы            –ы – тәуелдік жалғау

                 аққа          – қа –септік жалғау

                 ақпын       – пын –жіктік жалғау

 

 

 

Сын есімнің шырайлары- степени сравнения прилагательных

 

жай шырай

простая степень

салыстырмалы шырай

сравнит. степень

 

мысалдар

қысқа, толық, жеңіл

-рақ, -рек, -ырақ, -ірек

қысқа-рақ, толығ-ырақ, жеңіл-ірек

қысқа, толық, жеңіл

-лау, -леу, дау, -деу, тау, -теу

қысқа-лау, толық-тау, жеңіл-деу

Қу, боз, ақ, көк, қоңыр

-қыл, -ғыл, -ғылтым,-шылтым, -аң, -қай,    -ғыш

қу-қыл, боз-ғыл, ақ-шыл, көк-шілтім, қоңыр-қай, боз-ғыш

 

жай шырай

простая степень

күшейтпелі шырай

превосходная степень

мысалдар

қысқа, толық, жеңіл

күшейтпелі буындар

усилительные слоги

қып-қысқа, топ-толық, жеп-жеңіл

қысқа, толық, жеңіл

күшейткіш үстеулер

усилительные наречия –ең, аса, тым, орасан, өте

ең қысқа, тым толық, өте жеңіл

 

 

жай шырай

простая степень

асырмалы шырай

усилительная степень

мысалдар

қысқа, толық, жеңіл

өте,тым,  аса

өте қысқа, тым толық,аса жеңіл

Сын есімнің синтаксистік қызметі

 

1.     Сөйлемде негізінен анықтауыш қызметін атқарады.

Мен жіңішке ине алдым. – жіңішке –анықтауыш

2.     Сөйлемде бастауыш қызметін атқарады.

Қызылдар ақтардың тас-талқанын шығарды. -қызылдар -бастауыш

3.     Сөйлемде  баяндауыш қызметін атқарады.

Мен өте жүйрікпін.  -жүйрікпін – баяндауыш

4.     Сөйлемде толықтауыш қызметін атқарады.

Жақсыдан шарапат, жаманнан кесепат.    -жақсыдан, жаманнан – толықтауыш

5.     Сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарады.

Жақсы студент үздік оқиды.      –үздік –пысықтауыш

 

 

 

 

 

 

Сын есімнің морфологиялық талдау үлгісі

 

Абайдың жүзінде ақшыл, сұрғылт тартқан бір толқын пайда болды.

Ақшыл – сын есім

1.     Мағынасына қарай –сапалық

2.     Тұлғасына қарай –туынды

3.     Құрамына қарай – дара

4.     Салыстырмалы шырай -  ақ- түбір, -шыл – салыстырмалы шырайдың жұрнағы

5.     Синтаксистік қызметі -  қандай? сұрағына жауап беріп, анықтауыш қызметін атқарады

6.     Сұрғылт та осылай талданады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бекіту

       №1-жаттығу

Сапалық сын есімдер мен қатыстық сын есімдерді екі топқа бөліп жаз:

Ақ, қызыл, жаман, балалы, аталық, нашар, шөпті, тәуір, кең, балықсыз, сөзшең, үлкен, кіші, ұйқышыл, тәтті, сөзшең, ашық, сынық, ауыр, жеңіл, тез, ынталы, дарынды, сары, биік, таулық, мұртты.

№2-жаттығу

Мына есім сөздерден жұрнақ арқылы туынды сын есім жаса:   мал,  өнер, ой, қала, аудан, жаз, күз, қыс, көктем, ынта, жігер,  дос, ұйқы,

№3-жаттығу

Дара және күрделі сын есімдерді бар сөйлемдерді екі топқа бөліп жаз:

Көкпеңбек еріндері қимылдайды. Арық бұзау тез тұра алмайды. Қызық әңгіме басталып кетті. Төбеміз кішкене-кішкене жақпар тастар. Жапырақтар  қызыл сары  түске боянды. Мына сөзде терең мағына бар. Жадыра- көп балалы ана. Жібек көйлекті қыз алдымнан шықты. Көктемдей құлпырған көңілі алас ұрды.

№4-жаттығу

Сөйлемдегі сын есімдердің шырайларын анықта: Жазушы ащы шындықты жайып салды. Мен осы жағдайды толығырақ білгім келеді. Мына тақырып мен үшін жеңілдеу екен.  Сені ең жақын досым дер едім. Аспан бозғыл тарта бастады.Қоңыр күз де келіп жетті.  Неге мына көйлектің етегін қып-қысқа етіп қидың? Бұл менің тұңғыш рет Астана қаласына келуім еді. Неге сенің жүзің қуқыл тартып тұр? Мына матаның көкшілтімінен ал.

№5-жаттығу

 Сөйлемдегі сын есімнің синтаксистік қызметін белгіле: Мен қиын кезеңдерді бастан кештім. Қалаға ақтар баса көктеп кірді. Балам, жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. Ол менің тұңғышым. Оның бүгін көңіл-күйі өте көтеріңкі.

 

Терме диктант

Сын есімдері бар сөйлемдерді теріп жаз: Кешке қарай тұман серпілді. Бұлт ыдырады. Аспан жадырап, кәдімгі жаз басталды. Таң ата шуақ болды. Жұқа мұздар күн қызуымен жедел еріді. Ауа жылына берді. Жер бетінен ақшыл бу көтерілді. Әр жерден қылтиып шыққан көк өсімдіктер көріне бастады. Ағаш бұтақтарында көк бүршіктер пайда болды. Аралар ызың-ызың әндетіп, бұтадан бұтаға ұшып қонды.

 

Еркін диктант

Есте қалған сын есімдерді жаз: Кеше жауған қар ауланы аппақ мамық тонға орап тастады. Күн жарқырап, ақша қарды мың түрлі құбылтады. Шыңылтыр аяз құлақ пен мұрынның ұшын шымшып алғандай ду еткізді. Әбіш аяздан тітіркеніп арт жағына қараса, қайыңның бұтағында әдемі қос сары шымшық отыр екен. Әбіш оларға жем шашты да, мектепке бет алды.

 

Бақылау диктанты

Дара сын есімдерді байланысқан сөздерімен қоса астын сыз, сын есімнің мағынасына қарай түрін анықта: Жылы жаз өте шықты. Жауынды күз келді. Жыл құстары алыс сапарға дайындалды. Қайту дабылын ең алдымен кішкентай қарлығаштар қақты. Бұл құстардың қайтуы қаһарлы қыстың ерте түсетінін сездіргендей. Олардан кейін тырна, үйрек, қаз, сияқты жыл құстары қайтады. Бұл кезде көгілдір аспан қадірлі қонақтардың әсем әніне бөленеді. Жас бөбектер аппақ қаз бен аққуды жолға шығарып салады. Олар ұзын сирақ тырналарға кішкентай қолдарын бұлғайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Сан есім - имя числительное.

 

         Заттың, нәрсенің санын, мөлшерін білдіретін сөз табы сан есім деп аталады.

Қанша? Неше? деген сұрақтарға жауап береді.

 

Тұрақты белгілері:

 

 

1.Мағынасына қарай 

(по значению)

1. Есептік

(количественные)

Қанша? Неше?

 

Бір, жүз, тоғыз жүз

2.Реттік  (порядковые)

Нешінші? Қаншасыншы?

-ыншы/-інші, -ншы/-нші

Бірінші, жүзінші,мыңыншы, жиырмасыншы

3. Жинақтық (собирательные)

Нешеу?

-ау/-еу

(Жетіге дейін)

біреу, екеу, алтау

4. Болжалдық

(предположительные)

Қанша? Неше? Қаншаға жуық?

-дай/-тей, -тай/-тей,-даған/-деген,

-лап/-леп, -дап/-деп, -тап/-теп, -лар+септік ж.

есептік+есептік, тарта, жуық

Елудей, отыздай,

ондаған, мыңдаған,жүздеп, ондап,отыздарда, елулерде, бес-алты, екі-үш мың

онға жуық

5. Топтау

(разделительные)

Нешеден?

Қаншадан?

-дан/-ден, -тан/-тен, -нан/-нен

Бестен, оннан,жүзден,екі-екіден

6. Бөлшектік

(дробные)

Қанша? Неше?

Есептік+шығыс септігі, жарты, жарым, ширек

Оннан бір, бір бүтін бестен үш, мың жарым, жүздің жартысы

2. Тұлғасына қарай (по способу образования)

1. Негізгі (непроизводные)

2. Туынды ( производные)

Екі, төрт, елу, қырық

Бірінші, екеу, бірер, елудей

3. Құрамына қарай ( по составу)

1. Дара (простые)

2. Күрделі ( сложные)

Бір, жүз, мың, миллион

он бес, мың екі жүз

Тұрақсыз белгілері:

 

1.

Септелуі

Жүздің, елуде, алтыдан, беске, мыңды

 

2.

Тәуелденуі

Тоқсаным, бесіңіз, төрті

 

3.

Жіктелуі

Біріншімін,  алтаумыз

 

4.

Көптелуі

Отыздар, қырықтар, жүздер

 

Ескерту.   Қазақ тілінде зат есім мен сан есім тіркескенде, зат есімге көптік жалғау жалғанбайды. Мысалы: бес тәрелке, көп кітап, төрт қасық.

 

Синтаксистік қызметі:

 

Сөйлемде барлық сөйлем мүшелерінің қызметін атқара алады ( бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыш)

 

Морфологиялық талдау үлгісі:

 

Екеуі оң жақтан келді.

 

Екеуі – сан есім, бастапқы тұлғасы –екі (қанша?)

Тұрақты белгілері: туынды, дара, жинақтық, сұрағы (нешеуі?), -еу жұрнағы арқылы жасалған

Тұрақсыз белгісі: -і- тәуелдік жалғауы, үшінші жақ

Синтаксистік қызметі: нешеуі? деген сұраққа жауап беріп, бастауыш қызметін атқарады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бекіту

№1-жаттығу

Сан есімдерді тауып, қай түріне жататындығын анықта.

 

1.                 Бірінші байлық –денсаулық,екінші байлық – ақ жаулық, үшінші байлық –төрт саулық.

2.                 Атадан алтау, анадан төртеу, жалғыздық көрер жерім жоқ.

3.                 Олар екі-үштен қолтықтасып, үйдің ішін шыр көбелек  айналып жүр.

4.                 Бір күн ашыққаннан қырық күн ақыл сұрама.

5.                 Жиналысқа елудей адам жиналды.

6.                 Солардың ішінде ең жақсылары он алтыншы, он жетінші нөмірлер екен.

7.                 Бір түн отырып ел адамдарын төрттен-бестен жиып алып, бір түрлі іс тапсырған.

8.                 Сағат төрт жарымда кездесеміз.

9.                 Оның жасы қырыққа таяу.

10.            Сағат он бір шамасында телефон соға бастады.

11.            Үшеуі салтанатты дастарқан жайылған кең залға өтті.

 

№2-жаттығу

Төмендегі сан есімдерден есептік, реттік, жинақтық сан есімдер жаса.

Үлгі: бес, бесінші, бесеу.

5, 1, 3, 7, 9, 20, 41, 1997, 657, 2, 0, 4, 254893

 

№3-жаттығу

Көп нүктеннің орнына керекті сан есімдерді жазбаша түрінде қойып жаз.

Менің ағам... сыныпта оқиды. Мен ... жылы тудым. Өскемен қаласы ...жылы салынған. Қазақстанның жер көлемі- ... мың шаршы километр. Халқы -... миллиондай. ... ұстазым әрқашан есіме қалады. Сағат... кездесеміз. Маған ...уақыт керек. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі...жылы...желтоқсанда жарияланды. Есептің дұрыс жауабы ...

( 16; 1991; 1; 2,5; 1998; 15/10  1720; 1630 ;2717; 16 )

 

№4-жаттығу

Көп нүктеннің орнына қажетті реттік сан есімдерді қойып жаз.

 Мен...дүниеге келдім. Отбасымыздағы ... баламын. Сондықтан мені жақсы көреді. ... мектепке бардым.

  Қазақ тілін ... бастап үйреніп жүрмін. Үйіміздің нөмірі- ... . Қазір ... сыныпта оқимын. Мектепті ... бітіремін.  Бізде аптаның ... күні –демалыс. Сабақтан кейін үйге келіп, алған бағаларымды ... анама, содан кейін әкеме көрсетемін. Біздің отбасымыз - ...және ..ғасырлардың куәгері.

 

 

№ 5-жаттығу

Терме диктант

 

Дара және күрделі сан есімдер

Үш-төрт күн қатарынан соққан құм дауылынан асқан тозақ жоқ. Мен өзі жиырма бес жыл мектепте мұғалім болып жұмыс істеймін. Ержан мұның бетіне бірінші рет бұрылып қарады. Соңғы есеп бойынша әлемде бес мың алты жүз елу екі тіл және диалект бар. Ағылшындарға өз тілін үйренуге сегіз жыл, ал испандарға екі-үш жылдың өзі жетеді. Қазіргі қазақ тілінде қырық екі әріп бар.

 

Есептік және реттік сан есімдер

Шәкен Айманов  мың тоғыз жүз он төртінші жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Ағайын – алтау, ана – біреу. Мұның үстінде ауылда елу мың қой, үш мың сиыр, мыңдай жылқы бар. Он күнде екі үйді қатар жығамыз. Ағам университтетің үшінші курсын бітірген.

Бір тәулікте жиырма төрт сағат бар.Үйдің нөмірі жиырма алтыншы.

 

Жинақтық сан есім

Екеуі оң жақтан, екеуі сол жақтан шықты.Үшеуміз бірге өстік, бір мектепке бардық. Алтаумын деме, жетеуге жолығасың, жетеумін деме, сегізге жолығасың. Қасқыр мен ұры мінездес; екеуі де түнді аңдиды. Бұлбұл мен гүл мінездес; екеуі де күнді аңдиды. Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді. Олар –төртеу, бұлар –екеу, алты атты бір-біріне ат басын тірей келіп тоқтады.

         

          Болжалдық сан есім

 

          Сағат он бір шамасында телефон соқты. Бұлардың көз алдында төрт                          қатар болып, қала тәртібімен тізіле тігілген жүзден аса киіз үй тұр.Ортада екі ұзын көше жатыр. Тұрар жылқысын бес-алты жыл бақты. Жұмақан бірер күн бұрын бөлініп қалған үйірлерді іздеп кеткен болып шығады. Жиналысқа жиырма шақты адам жиналды.

 

Топтау және бөлшектік сан есімдер

Үштің бірінен айырылдық. Олар да мыңдап қой айдады, жүздеп жылқы байлады. Жетісудың жарым жерін қайырып алды.Сыныпқа екіден кіріңдер. Дұрыс жауабы: «Бір бүтін оннан төрт». Қыс айлары жылдың төрттен бір бөлігін қамтиды. Онша көп емес, үй басы екі қара, бес тұяқтан ғана. Қазыбек бидің алдына бір бала үшін дауласып екі әйел келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үстеу (наречие)

 

Іс-әрекет, қимылдың заттың сынының түрлі белгілерін білдіретін сөздердің лексико-грамматикалық тобы үстеу деп аталады.

 

Түрлері(типы)

 

Мысалдар(примеры)

1.Тұлғасына қарай(по способу образования)

1.Негізгі(непроизводные)

әрең, дәл, сәл

2.Туынды(производные)

Ескіше, жаяулап, соншама, сиыршылап,осылай (-ша, -ше, -лай, -лей, -дайын, -тайын, -тейін, -шама, -шалық, -шылап, -шілеп)

2.Құрамына қарай(по составу)

1.Дара(простые)

ерте, ерекше, кешке

2.Күрделі(сложные)

бүгін, анда-санда, алдын-ала

3.Мағынасына қарай(по значению)

1.Мезгіл(времени) қашан?(когда?)

қашаннан?(с каких пор)

кеше,бүгін, ертең, қазір, таңертең, бүрсігүні, биыл, былтыр, күні-түні, ертемен,жаздыгүні, қыстыгүні т.б.

2. Мекен(места)

қайда?қайдан? (куда? где? откуда?)

жоғары, төмен, алға, артқа, іште, ілгері т.б

3.Мөлшер(количество и меры) қанша?қаншалық?

қаншадан?нешелеп?(сколько?

до какой степени?)

бірталай, азды-көпті, оншалық, недәуір,бірен-саран, біраз т.б.

4. Сын-бейне( образа и способа действия) қалай?қалайша?қайтіп? (как? каким образом? каким способом?)

әрең, әзер, шапшаң, тез, жылдам, кенет, бірге, зорға, аздап, жедел, ауызша т.б.

5. Күшейту (усилительные)

калай?қайтіп?қандай? (как? каким образом? какой?)

аса, нағыз, ең, тым, айырықша, кілең, өңкей, әбден, барынша

6. Мақсат (цели) не үшін? неге? не мақсатпен? (зачем? для чего?с какой целью?)

әдейлеп, әдейі, жорта, көре, тұра, біле

7. Себеп-салдар (причины и следствия) неліктен? не себептен? қалай? (почему? отчего? как? по какой причине?)

амалсыздан, босқа, текке, шарасыздан, құр босқа

8. Топтау (разделительные)

қалай? қаншалап? (как?)

рет-ретімен, бас –басына, екеулеп, бір-бірлеп, аз-аздан

 

Синтаксистік қызметі – пысықтауыш қызметін атқарады.

Ескерту:  үстеу –түрленбейді, қандай сөзбен тіркессе де формасын өзгертпейді.

Морфологиялық талдау үлгісі:

Ерте ояндым, жете алмадым.

Ерте – үстеу (қашан?), бастапқы тұлғасы-ерте

Тұрақты белгілері: негізгі, дара,мезгіл (қашан?)

Синтаксистік қызметі: қашан? деген сұраққа жауап беріп, дара мезгіл пысықтауыш қызметін атқарады.

 

 

 

Бекіту

№1-жаттығу

Cөйлемдерден үстеулерді тауып, үстеудің қай түріне жататынын ажыратыңдар.

     Әлібек амалсыздан тоқтады.

     Сен бүгін сонда барып қон да, ертең осында қайтып кел.

     Амантай алда, Асқар кейінірек келе жатыр.

     Мынау тіпті ұнамсыз екен.

     Етігін тар болса, дүниенің кеңдігінен не пайда.

Жылы-жылы сөйлесе, жылан інінен шығады.

     Ілгері басқан жасты кері қайтқан кәрі кейін тартады.

     Бұрышта шоқшиып  жүресінен отырған бір адам көзіне елестей кетті.

     Жайлау биыл ерте көктеді.

     Үй сыртына бірнеше атты кісі дүсірлетіп кеп, шапшаң түсіп, аттарын тез байлап жатыр.

     Зейнеп әлгінде ғана келіп кетті.

     Арада біраз уақыт өткен.

Терме диктант

Мезгіл үстеулері

Таңертең күн жарқырап ашылды. Ұлжан да қазір баласының сөзін ойлана тыңдап қапты. Баласы ерте кетеді, кеш келеді. Соның бәрі күні кеше ғана емес пе еді. Жуырда жинайды-мыс. Жаз биыл жайлы болатын түрі бар. Қазір менің уақытым жоқ. Мен оны әлгінде ғана көрдім. Бұрын ол басқа жұмыста істеген екен. Ертең күн ашық болатын сияқты. Байдалы да бұрынғыдан бері недәуір қартайып қалыпты. Далада комбайндар күні-түні жұмыс істейді. Менің еңбек демалысым жаздыгүні болады. Биыл Абайдың жасы он үште. Көктемге шейін күндіз-түні кітап оқуға салынды.

Мекен үстеулері

 Елтаңбаның жоғары жағында жұлдыз бейнеленген. Сыртта алдамшы боран тағы көтерілсе керек. Сыртқа бірнеше адам шулап шықты. Сүйіндік үйінде  Абайдың үндемей қалғанына ішінен күліп отырған да кісі бар. Алда –сіресе қатқан дария. Ілгері қарай жедеғабыл тарта жөнелді. Сырт киімдерін шешіп, былайырақ қойды. Базар біздің үйге алыс. Орман көлге жақын. Біз жоғары көтерілдік. Вокзал үйдің артында. Төменде көл бар. Біз ілгері жүрген сайын жел күшейді. Алға қадам басты. Жоғарыдан бетіме бірдеме тарс етті.

Сын-бейне үстеулері

Үшінші тәулікте  ол зорға сөйлей бастады. Қазан шымыр - шымыр қайнап жатыр. Марат балаша қуанды. Кенет қатты боран соқты. Марат дереу (тез) телефон шалды. Әлібек сөзін екпіндеп сөйледі. Радиохабарлағыш қойлардың қайда екенін оқтын-оқтын хабарлап тұрады.Самат хатты тез ашып оқыды.Сіз қазақша сөйлей аласыз ба? Ол үйге әрең-әрең бара жатыр. Берілген тапсырманы қолма-қол тапсырды.

Мөлшер үстеулері

            Бұл үйге Самат талай рет келді. Біз біраз кешігіп келдік. Досымбек бірталай ән шығарыпты. Жас жағынан Ерлан Гүлжаннан едәуір үлкен. Арада біраз уақыт өткен. Осынша мал ұстап, дүние жинайтындай не бастарына күн туды? Қойған сұрағыңыз аз. Абай мен жастар тобы соншалық сүйсіне, қызыға тыңдасқан еді. Байдалы да былтырғыдан бері недәуір қартайып қалыпты. Хат жазысқан соң, көп ұзамай-ақ, Әбдірахман Шұғамен жақындасып кетті. Ғабитхан мен Абай екеуі маңайда кітабы бар молдадан бірен-саран  кітап тапқызып алысты. Қыруар жұмыс істедік.

Күшейткіш үстеулері

Ол кілең беске оқитын бала. Әңгіме беті бұлай бұрылғаны Абайға аса ұнады. Нағыз берекелі, баяны ұзақ. өмір дегеніміз осы емес пе? Ақ халатты қыз аса сүйкімді екен. Оған қажымас қайрат қосылғанда, тіпті, жарасып кетеді екен. Аттары әбден болдырған. Маржан аса ұзақ сақталмайды. Салмағы ең үлкен маржан Лондондағы Король музейінде сақтаулы. Зере әжесі Абайды айырықша жақсы көрген. Ол Кәмшәт кеткелі қатты жүдеу. Орасан зор үлес қосты.

Мақсат үстеулері

Шұбар өз сөзіне тыңдаушы құлақ таппағансып, әдейі іркілгенсіп үнсіз қалды. Екінші ретте ол әдейілеп тракторынан түсіп, Көбегінің қасына келді.

Себеп –салдар үстеулері

Амалсыздан қолайлы кезді күтуге тура келеді. Босқа  келдіңіз. Асқарға ол туралы бекер айттың.

 

Шылаулар  (Служебные слова)

       Өз алдына жеке мағынасы болмайтын, сөйлем мүшесі  қызметін атқармайтын, бірақ басқа сөздерге көмекшілік қызметте жұмсалатын сөздер шылау сөздер деп аталады.

Мағынасына қарай шылаулар үш топқа бөлінеді:

жалғаулықтар (союзы)

септеуліктер (послелоги)

демеуліктер (частицы)

Жалғаулықтар

 

Салаластырғыш (сочинительные)

Сабақтастырғыш (подчинительные)

Түрлері (типы)

Жалғаулықтар (союзы)

Түрлері (типы)

Жалғаулықтар (союзы)

1.     Ыңғайластық

(соединительные)

Мен, бен, пен, әрі, да, де, та, те, және (и)

1.Қарсылықты

(противительные)

Бірақ, алай да, дегенмен, әйтсе де, ондада, сонда да, сөйтсе де

2.     Талғаулықты

(разделительные)

әлде, біресе, бірде, не, немесе, яки, болмаса

2. Себеп-салдар (причинно-следственные)

Себебі, өйткені, неге десең, не үшін десең, сондықтан, сол себепті, сол үшін

 

3. Шарттық (условные)

Егер, егер де

 

4.Айқындағыш

(уточняющие)

Яғни, демек

5. Ұстастырғыш (присоединительные)

Ал ендеше, ендеше, олай болса, онда, демек

Септеуліктер (послелоги)

(Белгілі бір септікте  тұрған сөзбен тіркеседі)

 

Меңгерілетін септіктер (Падежи)

Септеуліктер (Послелоги)

1. Атау (Именительный)

Арқылы, туралы, жайында, жайлы, жөнінде, сияқты, секілді, бойы, бойда, бойынша, бойымен, сайын, үшін, шамалы, шақты, қаралы (ғалым туралы, күн сайын, сен үшін)

2. Барыс (Направительно-дательный)

Дейін, шейін, төмен, қарай, қарсы, торта, жуық, таяу (тауға қарай, мектепке дейін, беске таяу, онға жуық)

3. Шығыс ( Исходный)

Бері, кейін, соң, бұрын, әрі, басқа, бөлек, өзге (сабақтан соң, үйден әрі)

4. Көмектес (Творительный)

Қатар, бірге, қабат, қоса (әкеммен бірге, көбейтумен қатар)

 

Демеуліктер (Частицы)

 

Түрлері (Типы)

Демеуліктер (Частицы)

1. Сұраулық (вопросительные)

ма/ме, ба/бе, па/пе, ше

2. Күшейткіш  (усилительные)

-ақ, -ау, -ай, шы, ші

3. Нақтылық  (достоверности)

қой (ғой), ды (ді, ты, ті)

4. Шектік (ограничения)

қана (ғана), тек

5. Болымсыздық (отрицания)

түгіл

6. Көңіл-күй (эмоциональные)

-мыс (-міс), екеш -белгісіздік

 

Еліктеуіш  сөздер (Подражательные слова)

 

Түрлі дыбыстарға еліктеуді немесе құбылыстар мен қимыл-қозғалыстарды бейнелеуді білдіретін сөздер еліктеу сөздер деп аталады.

 

Түрлері ( Типы)

Мысалдап (Примеры)

1.     Мағынасына қарай

(по значению)

1. Еліктеуіш (звукоподражательные)

тарс, ар, қарқ, сарт, саңқ, салдыр-күлдір

2. Бейнелеуіш (образоподражательные)

зып, бүлк, қалт, селк, желп

2. Тұлғасына қарай (по способу образования)

1. Негізгі (непроизводные)

дүрс, ар, лып, морт, солқ

2. Туынды (производные)

томп-аң, елп-ең, бұр-алаң, тыраң

3. Құрамына қарай (по составу)

1. Дара (простые)

шалп, сарт, сырт, көлбең

2. Күрделі (сложные)

а) маң-маң, гүр-гүр, дір-дір

ә)арс-ұрс, былқ-сылқ, жарқ-жұрқ

 

Ескерту. Еліктеуіш сөздердің көру арқылы қабылданып айтылғандары еліктеуіш сөздер деп, есту арқылы қабылданып айтылатындары бейнелеуіш сөздер деп аталады.

 

Бекіту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№1-жаттығу

Шылауларды тауып, мағыналарын ажыратыңдар.

1. Қыс пен жаз, күн мен түн, тақ пенен жұп, жақсылық пен жамандық - болды сегіз.

2. Жақып Рабиғаны пәтеріне дейін шығарып салатын болды.

3. Ит иесі үшін жүгіреді, құс тамағы үшін ұшады. 4. Жарлы болсаң да, арлы бол.5. Балам, сен конькиіңді жоғалтқан соң, канша жүрдің? 6. Алыстан дыбыстар ғана естіледі.7. Әскерде командир айтты бітті, ал мұнда басқаша. 8.  Егер мен Президент болсам, халықтың жағдайын өзгертер ем. 9. Қыста алтыға таман қараңғы түсе бастайды.10. Арамзаның құйрығы бір-ақ тұтам.11. Сен қазақтың белгілі әншілерін білесің бе? 12.Өмірден өз орнын тапқан-ды.13. Айтқанына сенгің келеді-ау, бірақ сөздері шындықтан алыс.

 

№2-жаттығу

 

        Сөйлемдердегі көп нүктеннің орнына жақша ішіндегі шылау сөздердің аудармасын жаз.

 Ағылшын тілін бұрын оқыған жоқпын, ...(потому-что) басқа мектепте оқыдым. Сен қазақтың белгілі батырларын білесің ...(ли)? Өткен сабақта болған жоқпын,...(поэтому) үй тапсырмасын орындай алмадым. Мен қазақша түсінемін, ...(но) сөйлей алмаймын.Мен Абай  ...(об) реферат жаздым. Бұл кітап орыс ... (и) неміс тілдерінде басылып шықты. Мен бүгін ...(или) киноға барамын, ..(или) театрға барамын. Ол мені үйге ...(до) шығарып салды.  Мектептен  ...(после) мен университетке түсемін.Көкөністер татымды емес, ...(вместе с тем) өте пайдалы. Әміре Қашаубаев Париждегі концерттен ...

(после)  Еуропаға белгілі болды. Отан ...(для) отқа түс, күймейсің. Шешендік сөздерді оқығаннан ...(после) әдебиетке қызығып жүрмін.

 

№3 –жаттығу

Сөйлемдерді көшіріп жаз, шылау сөздердің астын сыз. Оларды түрлеріне қарай ажырат.

Мақтасақ – әйелді мақтайық та, құрметтейік те әйелді...Отыз жыл бойы Темір бір рет езу тартқан емес-ті... Содан бері отыз жыл бойы Темірдің жүрегі ...мүлде жабылып қалған! Әңгіме осы Ақсақ барыс жайында!.. Әйтпесе, жер тәңірісі Темірдің ала шатырын жел ұшырып әкету де мүмкін емес пе? Бұл тастар оның үстінде бес-ақ мыңдай екен... Ол мың рет қанға батып шықты ғой. Сондықтан, қаннан қалған тоттың ізі ап-айқын. Сонан соң сөзін бастады. Аңдар адамнан гөрі де, өз баласын артық сүйеді. Аристотельді де, Фирдоусиді  де ана тапты. Ескендір мен соқыр Гомер де ананың баласы. Бұл шындық қой. Мұнымен бірге мен де күтіп отырамын. /Ғабит Мүсірепов «Өлімді жеңген ана» /

 

№4-жаттығу

Шылау сөздерді пайдаланып қазақ тіліне аудар.

 

1.      Правда ли, ложь ли?

2.      И стар, и млад –он.

3.      Ты же настоящий герой.

4.      Дайте ему в руки только домбру.

5.      Река Или после Капчагая впадает в Балхаш.

6.      О роли пословиц-поговорок нам рассказала учительница.

7.      Ради Родины в огне не сгоришь.

8.      До открытия памятника здесь ничего не было.

9.      Вместе с тем это очень полезно.

10.  В наурыз коже добавляют семь компонентов, потому что цифра «семь» для казахов священное число.

11.  После чтения образцов ораторского искусства меня заинтересовала қазахская литература.

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқшау сөздер (обособленные слова)

 

         Сөйлемдегі ойға белгілі дәрежеде қатысы бола тұра, сөйлем мүшелерімен грамматикалық байланысқа түспейтін жеке сөзді не сөздер тобын оқшау сөздер дейді

 

 

Қаратпа сөздер – слова обращения

Қыстырма сөз –вводное слово

Одағай сөз -междометие

Негізгі тыныс белгілері-үтір мен леп белгісі.

 

1.Қаратпа сөз сөйлем басында келсе, үтір одан кейін қойылады: Оқушылар, ертең кешікпей келіңдер.

2. Қаратпа сөз сөздің ортасында келсе, үтір оның екі жағынан қойылады: Сәлеметсің бе, Асан, төрге шық.

3. Қаратпа сөз сөйлем соңында келсе, үтір оның алдына қойылады: Сен мені тыңдайсың ба, Әсем?

4. Қаратпа сөз сөйлем ішінде көтеріңкі айтылса, леп белгісі қойылады: Кавказ! Пушкин мен Лермонтов жанындай сүйген жер, сені қалай сүймессің!

Тыныс белгісі - үтір.

 

 

Қыстырма сөздер мағынасына қарай топталады:

1.Сөйлемдегі ойды сендіре жеткізу үшін: әрине, әлбетте, рас, шынында, шынын айту керек, жасыратыны жоқ, турасын айтқанда.

2. Сөйлемдегі ойға күмән келтіру мағынасында:

сірә, мүмкін, шамасы, меніңше, қалай екені белгісіз, дәуде болса, тегі.

3. Алдыңғы айтылғандарға қорытынды жасау ретінде: қысқасы, тоқ етері, демек, жалпы алғанда.

4. Көңіл-күйін сездіру үшін:

бәсе, бақытымызға орай, амал не, өкінішке орай, сәті түсіп.

5. Ойды санамалап дәлелдеу үшін: ең алдымен, біріншіден, екінші жағынан.

 Негізгі тыныс белгілері-үтір мен леп белгісі.

 

Көңіл-күйді білдіреді:қап, па, беу шіркін, әттеген-ай, ойпырым-ай,  шіркін, ой, о.

Жекіруді білдіреді: тәйт, кәні, әй.

Шақыруды білдіреді: ауқау-ауқау, кә-кә, құру-құру, ей, әй.

.

 

Бекіту

 

№1-жаттығу

 Оқшау сөздерді тауып түрлерін анықтаңдар, тыныс белгілерін түсіндіріңдер.

         1. Менің ойымша, сенің айтқаның дұрыс болар еді. 2. Агроном жолдас, сіздің мына кісіге қандай көмегіңіз болады? 3. Кезіккенің жақсы болды ғой, шырағым. 4. Тегі, ол бүгін келмейін деген ғой. 5. О, сені көргеніме өте қуаныштымын! 6. Бұл не, әй! 7. Беу шіркін, таудың ауасы қандай керемет! 8. Әрине, оқуымды тастамаймын. 9. Шынында да, өзің бір қызық  адам екенсің. 10. Амал не, сен мені дұрыс түсінбедің! 11. Жас жүрек, қайда сенің ыстық қаның? 12. Жол болсын, Есеке, сізді көргеніме қуаныштымын.

 

№ 2-жаттығу

Түсіндірме диктант

-         Е, не бопты соншама? – десті біреулер.

-         Менің ұғуым қате болмаса, осы жаққа патша келеді дей ме, болмаса патша елден кісі шақыртқан дей ме, әйтеуір бір сондай үлкен іс бар...

-         О-хо-хо!...-деді урядник аузын ашып...

-         Шырағым, жоғары шық! –деді Байсақал...

«Әке, қойшы сол сөзді» ,- деді Итбай қабақ шытып. «Ой, тәйірі-ай, сол ма?» -десті үйдегілер. Ол, тегі,  жалпы орысша білетін кісіден қорқатын. «Рақмет, ақсақал!»-деді Асқар түрегеп.Той қайырлы болсын, апа! Қойшы, қалқам, жылбысқаның етін айтамысың? Оқасы жоқ, дәм татқанымыз да болады. «Ойбай, енді», -десті көпшілік шулап. «О, сорлы ауыл! - деп өкінді Асқар ішінен,- жаралы ауыл!... Сырқат ауыл!»

         «Жеңгей, сіз білесіз бе, жәмшік Кенжетайдың ағасы қайда тұратынын? –деді Асқар                    жолда жолыққан бір орыс әйелге. Балтабек –ең үлкені. Екінші –Темірбек ортаншы ағасы. Үшінші –Кенжетай кенже ағасы.

                                                                                              (Сәбит Мұқанов «Ботагөз»)

№3 - жаттығу

Төмендегі оқшау сөздерді мағынасына қарай ажырат, сөйлем құра.

Әлде-әлде, кіс-кіс, бәрекелді, алақай, өкінішке орай, апатай, пай –пай, ойбай, біріншіден, меніңше, қап, мүмкін, мырзалар мен бикештер, түу, менің ойымша, шөре-шөре.

 

№4 –жаттығу

Оқшау сөздерді тауып белгіле. Жатқа айт.

Қой баласы қоңырым,

Қойдай жуас момыным.

Шопан ата түлегі –

Қошақаным, қайдасың?

Пұшайт, пұшайт!

Жауын жауса бақырған,

Ешкі атасын шақырған,

Өрісте өскен жануар

Шекетайым, қайдасың?

Шөре-шөре!

Жолға шықсам, көлігім,

Жапанда жүрсем серігім,

Қамбар ата өсірген

Құлыным менің , қайдасың?

Құрау –құрау!

Тілімен мұрнын жалаған,

Тіліменн бойын тараған,

Көкке мұрнын шүйіріп

Көз төңкеріп қараған,

Зеңгі баба өсірген

Әукешім менің,  қайдасың?

Екі көзі танадай,

Екі өркеші баладай,

Елпеңдеген ойнақтап,

Енесіне қарамай,

Ойсылқара баласы

Ботақаным, қайдасың?

Көс-көс!

                        (Халық ауыз әдебиетінен)

 

№5-жаттығу

 

Қаратпа сөздерді белгіле, жатқа айт.

Қарға

Қарға, қарға, қарғалар,

Қар үстінде жорғалар;

Боран соқса қор болар,

Орман жаққа қорғалар!

 

№6-жаттығу

 

Төмендегі сөйлемдерді көшіріп жаз. Одағайларды тауып, тыныс белгілерін түсіндір.

1.     Е, бейне, неғып тыжырынып қалдың? Дәл төбеңнен түскені жақпады –ау, ә, Абайдың?

2.     Уай, Оразбай, не дауың бар?

3.     Япырай, қалай өзгерген?

 

 

 

 

 

 

Синтаксис

Морфология сияқты, синтаксис те грамматиканың құрамына енеді.Ал синтаксис өз ішінде екі салаға бөлінеді: сөз тіркестері синтаксисі және сөйлемдер синтаксисі.

 

Сөз тіркестері синтаксисі-синтаксис словосочетаний

 

Сөз тіркестері

Сөздердің байланысу тәсілдері

Сөздердің байланысу түрлері

1.     жай сөз тіркесі: ақылды жігіт, кең дала, мазмұнды әңгіме.

2.     күрделі сөз тіркесі: он шақты кітап, тақтаға жақындай түсті, ойда жоқта кез болды.

3.     Есімді сөз тіркестері: айқын пікір, биік ағаш, шешілген мәселе

4.     Етістікті сөз тіркесі:

Сабаққа бардық, жақсы қабылдады, тартымды сөйледі.

5.Тұрақты сөз тіркестері: көзді ашып-жұмғанша, сағы сыну, қабағынан қар жауып.

1.     Септік, тәуелдік, жіктік жалғаулары арқылы: мен үйге келсем, Әбдірахманның келгенін, қаладан келгені

2.     Шылау арқылы: ақырына дейін күту, оқыған соң ойлау.

3.     Сөздердің орын тәртібі арқылы: Шайқалған қымыздың иісі көш жерден мұрынға келеді.

4.     Интонация арқылы: Сәбит- жазушы, Қаныш-ғалым.

1.     Қиысу: сіз ала кетіңізші, біз келдік.(бастауыш пен баяндауыш)

2.     Матасу: ауылдың малы, Алматының тұрғыны.(Ілік септігі мен тәуелдік жалғауы)

3.     Меңгеру: бәйгеге шапқан, сізге өкпелімін, есепке алды.(Ілік септігінен басқа септік жалғаулары)

4.     Қабысу:(қатар тұру арқылы байланысу) Қиыр Шығыстан Еділ бойына келген жігіт.

Қиыр Шығыстан, Еділ бойына, келген жігіт.

5.     Жанасу: (орын таңдамай байланысуы)

Бұрын да орынсыз сөйлемейтін, орынсыз бұрын да сөйлемейтін.

 

 

 

 

 

 

Сөйлемдер  синтаксисі – синтаксис предложений

 

Сөйлем құрылысына қарай екі түрге бөлінеді.-(по строению)

Жай сөйлем

(Простое предложение)

Мен кітаптан қызықты әңгіме оқыдым.

 

Құрмалас сөйлем

(Сложное предложение)

Марат кеше келіп кетті, ол маған бар жаңалықты айтты.

Сөйлем айтылу мақсатына қарай төртке бөлінеді –(по цели высказывания)

Хабарлы сөйлем-(повествовательное предложение)

Мен оған жиналыстың болатыны туралы айттым.

 

Сұраулы сөйлем

 (вопр. предл)

Сен бүгін маған келесің бе?

 

Бұйрықты сөйлем

(повел. предл)

Сәуле, сен бүгін маған кел.

 

Лепті сөйлем

(воскл. предл.)

Бүгінгі күн қандай тамаша!

 

 

Жай сөйлем түрлері –виды простых предложений

 

1.Жалаң сөйлем (нераспр. предл.) (тұрлаулы мүшелерден тұрады)

Болат күлді. Түн болды. Жаңбыр жауды.

Ахмет-студент.

2.Жайылма сөйлем (распрос. предл.) (тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерден тұрады)

Олар клубтың алдына келген. Шоқан ғылым жолына бұрынғыдан да құштарлана түсті.

3. Жақты сөйлем (личные предл.)

Мен елдің жіберген елшісімін. Туған үйден алыстап кете бердім.(мен жасырын тұр)

4.Жақсыз сөйлем -безличн. предл. (баяндауышқа қарап бастауыш табылмайды)

Бүгін менің қолым тимейді.Оның ештеңе айтқысы келмеді. Бұл тақырыпты түсініп оқу керек.

5. Толымды сөйлем (полное предл.) –ойға қатысты сөйлем мүшелері толық болады.

Мен кеше досыммен кітапханаға бардым.

6. Толымсыз сөйлем (неполное предл.) –ойға қажетті мүшесі болмаса.

-Сен мені білесің бе?

–Білемін.

7.Атаулы сөйлем (назывное предложения)

Қыстың ұзақ түні. Қатты боран. Түн. Дала.

 

 

 

 

 

Сөйлем мүшелері –члены предложения

Бастауыш-подлежащее-тұрлаулы мүше-главн. член

(зат есім, сын е., сан е., есімдік,есімшеден жасалады)

Сұрақтары: кім? не? кімдер? нелер? кімі? несі?

Мысалдар: Оқушылар келді. Жақсы ісімен жақсы.

Үшеуі кешігіп келді. Ол ауырып қалды.Отырғандар маған қарады.

Баяндауыш –сказуемое –тұрлаулы мүше-глав. член

(етістік, зат е.,сын е., сан е.,есімдіктен жасалады)

Сұрақтар: не істеді? не қылды? қайтты? неше?

Бас инженер жарық көшемен жүріп келеді.

Сабыр Мұқашев – ғалым. Оның денсаулығы жақсы. Бес жерде бес – жиырма бес.  Қаланың ең әдемі жері - осы

Толықтауыш- дополнение-тұрлаусыз мүше-второстеп. член

(зат есім, сын е., есімдік, етістіктен жасалады)

 

 

 

Тура толықтауыш-прямое дополнение –табыс септік жалғауын жалғайды.

 

Жанама толықтауыш-косвенное дополнение –табыс септігінен басқа септіктер жалғауын жалғайды

Сұрақтары:  кімге? неге? кімді? нені? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? немен?

 

 

 

 

Мен досымды жақсы көремін. Олар қызылдардан қашып құтылды. Мен бұларға бірнеше рет айттым. Бұл кешті ұйымдастыруды саған тапсырамын.

 

Сәуле мектепті өте жақсы бітірді.

 

 

 

Ай сәулесі терезеден түсіп тұр. Марат терезеге жақын келді. Ол анасынан көмек күтті.

 

Анықтауыш – определение-тұрлаусыз мүше-вторст. чл.

( зат есім, сын есім, сан е., етістіктің есімше түрі, сілтеу есімдігінен жасалады)

Сұрақтары: қандай? қай? кімнің? ненің?

Күректей тістері бар кісі. Зейнептің көздері үлкен, кірпіктері ұзын келген. Екінші әйел –Ұлжанның сіңлісі. Менің келген күнім есімнен кетпейді.Мына жердің салқынын қарашы!

 

 

 

Пысықтауыш-обстоятельство- тұрлаусыз мүше-вторст. чл.

(үстеулерден, барыс, жатыс, шығыс септіктерінің жалғаулары жалғанған сөздерден, негізгі және   көмекші есімдердің ,септеуліктердің тіркесінен, күрделі атаулардан жасалады)

 

 

1.Мекен пысықтауыш-обст. место

қай жаққа? қалай қарай? қайда? қай жерде? қайдан? қай жақтан?

Марат Астана қаласына барды. Ол ілгері жүрді.Мен оны үйге қарай шығарып салдым.

2. Мезгіл пысықтауыш –обст. времени.

қашан? қашанға дейін? қашаннан бері?

Таң атқанға дейін  біз жолға шықпадық.

Көп ұзамай қар ери бастады.

3.Қимыл-сын пысықтауыш-обст. образа-действия

қалай? қайтіп? кім арқылы? не арқылы?

Олжас сылқ-сылқ күлді. Алыс сапардан шаршап оралды.

4. Себеп пысықтауыш-обст. причины

неліктен? неге? не себепті?

Мен сабаққа кешіккендіктен, мұғалім ескерту жасады.

5. Мақсат пысықтауыш –обст. цели

не үшін? неге? қандай мақсатпен?

Мен саған әдейі келдім. Олар Отан үшін шайқасты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрмалас сөйлем-сложное предложение

 

Салалас құрмалас сөйлем түрлері-виды сложносочиненных предл.

Түрлері -виды

Шылаулар -союзы

Мысалдар-примеры

1. Ыңғайлас сал. құрм. сөйл (соедин-ые)

1.     шылаусыз

2.     және, да, де,әрі

1.Күз аяқталды, қыс түсті

2.Қар жауды да, күн суытты.

2. Қарсылықты сал.қс

(противительные)

1. шылаусыз

2. бірақ, алайда, дегенмен, сөйтсе де, сонда да

1.Әкем келді, шешем кетті.

2. Жаңбыр басылды, бірақ күн шықпады. Ол әнді жақсы айтты, дегенмен орын алмады.

3. Себеп-салдар сал. қс

(причинно-следственные)

1.шылаусыз

 

2. өткені, себебі, неге десең, сондықтан, сол себепті

Күн жылынды, біз серуенге шықтық.

2. Ол мектепке бармады, себебі ауырып қалды.

4. Талғаулықты сал. қс

(разделительные)

әлде, не, немесе,я, яки

Бүгін киноға не Асан барады, не Марат барады.

5.Кезектес сал. қс

(чередующиеся)

біресе, кейде, бірде

Біресе жылады, біресе күлді

6.Іліктес(түсіндірмелі) сал. қс (указательные)

сонша, сондай, мынау

Ашуланғаны сонша, ауырып қалды.

Сабақтас құрмалас сөйлем түрлері-виды сложноподчиненых предложений.

 

Түрлері -виды

Жасалу жолдары-способы образования

Мысалдар-примеры

1. Шартты бағыныңқылы сабақтас  құрм. сөйл (придаточные условия)

1.     –са, -се+ жалғау

2.     ма, ме, ба, бе, па, пе, + генде, ғанда

1.Күз аяқталса, қыс түседі.

2.Сен келмегенде, мен ренжитін едім..

2. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас  құрм. сөйл (придаточные образа дейст.)

1. ып, іп, п, а , е

 

2. атын, йтын, етін, йтін + дай, дей

1.Ауа райы бұзылып, қар жауа бастады.

2. Тойға баратындай, сәнді киінді.

3. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас  құрм. сөйл (придаточые времени)

1.ған, ген,қан, кен+да, де, ша, ше, кезде

2. ғалы, гелі, қалы, келі

1. Анам келгенше, мен тамақ әзірледім.

4.Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас  құрм. сөйл (придаточые уступительн)

1. са, се +да, де

 

 

2. ған, ген, қан, кен+мен

3. бола тұра, бола, тұра

1.Сабақ басталса да, оқушылар толық жиналмады.

2. Бұлт болғанмен, жаңбыр жаумады.

3. Ақшасы бола тұра, ештеңе сатып алмады.

5. Себеп бағыныңқылы сабақтас  құрм. сөйл (придаточые причины)

1. ған, қан, ген, кен+дықтан, діктен

2. ған, ген, қан, кен + себепті

1. Сабақ болмағандықтан, біз үйге қайттық.

2. Сабақ болмаған себепті, біз үйге қайттық.

6. Мақсат бағыныңқылы сабақтас  құрм. сөйл (придаточые цели)

1. у, үшін

 

2. бұйрық рай етістігі+ деп

1. Тілді білу үшін, көп оқу керек.

2. Нан алайын деп, дүкенге кірдім.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бекіту

№1-жаттығу

Сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қой, түрін анықта:

Сен ауа-райын тыңдадың ба   Анар, сен бүгіннен қалмай бұл жұмысты орында    Мен көктем мезгілін жақсы көремін Неткен құдіреті күшті сұлулық

 

№2-жаттығу

Жай сөйлемдердің түрін анықта: Институт бізге жеке бөлме берді. Асанның маған ештеңе айтқысы келмеді. Қар жауды. Ашық аспан. Түн. Менің көңіл-күйім болмай тұр. Сен келесің бе? Келемін.

 

№3-жаттығу

Сөйлем мүшелеріне талдау жаса: Біз кеше Қастеев атындағы өнер мұражайына бардық. Ол шетелге машина сатып алу үшін барады. Жас жігіт сыбызғыны ойнай бастады. Әр халықтың қадір тұтатын жері, бас иер мекені бар.Біздің қазақ халқының сондай қасиетті жері – Түркістан қаласы.

 

№4-жаттығу

Құрмалас сөйлем түрлерін анықта: Таң атты, бірақ мен төсегімнен тұрған жоқпын. Бұл жерде не мен тұрамын, не сен тұрасың. Мен досымды сыйлаймын, себебі ол  үнемі шындықты айтады.Қонақтар келді де, дастарханға отырды. Қонақтар қуырдақ жеді және шай ішті. Кеш болса да, қонақтар үйлеріне қайтпады. Олар ән салып, домбыра тартты.Абай әкесі кеткелі, үйден шыққан жоқ.Университетке түсу үшін, мектепте жақсы оқу керек. Бүгін күн бұзылып, дауыл тұра бастады.

 

№5-жаттығу

Тура және жанама толықтауышты анықта: Мен кітапты көп оқимын.  Ол досынан көп үміт күтеді. Дүкенге барсаң, пойыздан қалар едің. Сен досыңды құрметте. Аспанды қара бұлт торлады. Осы ережені дәптерге жазып ал.

 

Бақылау диктанты

Жалаң сөйлемдердің астын сыз: Бір кезде боран басылды. Есіктің киізін ары-бері жұлқыладым. Есік ашылды. Қарды ішінен ойдым. Сыртқы сәуле қараңғы қосқа құйылды.

   Іннен шыққан суырдай, тесіктен мен де шықтым. Жел басылыпты. Боран ашылыпты. Күртік қар қостың төбесін басып кетіпті. Шыққан күн көтеріліп қалған екен. Ауа райы жылы. Теп-тегіс ақ қар басқан дала күнге шағылысып, ақ жібектей жалтылдайды. Қарлы дала да, ашық аспан да, күн де маған қарап жымияды.

 

Терме диктант

Шартты бағыныққылы сабақтас құрмалас сөйлемді теріп жаз: Біздің топта өте бір білімді жігіт бар. Оның аты Андрей. Андрей мектепті жедел бітірген. Ол арнайы мектепте оқымаса да, ағылшын тілінде еркін сөйлеп, сауатты жазады. Компьютер курсын оқымағанмен, интернетке шығып, әртүрлі бағдарлама құрастыра береді. Оның тағы бір қасиеті көркемсурет мектебінде оқымаса да, суретті әдемі салады. Арнайы музыка мектебін бітірсе де, музыканы онша ұната бермейді.

 

Шығармашылық диктант

Сұрақтарды пайдалана отырып, сөйлемдегі ойды жалғастыр, салалас құрмалас сөйлемдер түрін анықта: Әйгерім екеуміз көрші тұрамыз, (сондықтан не істейміз?)....  Әйгерім екеуміз мектепке кейде жаяу барамыз, (кейде қалай барамыз?).....  Біз сабаққа да бірге барамыз, (тағы қайда бірге барамыз?).... Әйгерім ақылды, ақкөңіл қыз, (бірақ қандай қыз?).... Мен оған бұл жөнінде я айтқан емеспін, (я не істеген емеспін?).... Мен досымды сыйлаймын, (себебі ол қандай адам?)....    Мен құрбымның кейбір мінездерін кешіремін, (өйткені ол менің қандай досым?)....

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1.     Бектұров Ш. Серғалиев М. Қазақ тілі. -Алматы: Білім, 1994.

2.     Жанпейісов Е. Қазақ грамматикасы. –Астана 2002.

3.     Серғалиев М. Қазіргі қазақ әдеби тілі. –Алматы 2006.

4.     Түймебаев Ж. Қазақ тілі: Грамматикалық анықтағыш. –Алматы, Қазақстан, 1996.

5.     Адамбаева Ж., Оразбаева Ф. Қазақ тілі. 11-сынып –Алматы: Мектеп, 2006.

6.     Артыова Т.М. Қазақ тілі. 10-сынып –Алматы. Атамұра, 2006.

7.     Дүйсебаев С. Қазақ тілі. 8-сынып –Алматы: Атамұра, 2004.

8.     Бектұров А.Ш. Казахский язык для всех. Алматы: Атамұра, 2004.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


МАЗМҰНЫ

 

Алғы сөз…………………………………………………………..

Фонетика.........................................................................................

Зат есім............................................................................................

Етістік..............................................................................................

Есімдік.............................................................................................

Сын есім..........................................................................................

Сан есім...........................................................................................

Үстеу................................................................................................

Шылаулар........................................................................................

Оқшау сөздер..................................................................................

Синтаксис........................................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................

 

3

4

8

11

16

20

24

28

31

34

37

43

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Көмекші құрал:"«Орыс тілді мектептердегі қазақ тілін оқытуға арналған""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Социальный работник

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Пікір

Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан-2030» Жолдауында қазіргі заман мектебі оқушыларының жалпы білім беру дайындығының қажетті деңгейін қамтамасыз етумен бірге, олардың қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгеруіне көп көңіл бөлуі қажет деген.

Мемлекеттік тілді оқытудың мақсаты – орта мектеп бітірерде қазақ тілін еркін түсінуге, тұрмыс деңгейінде қазақша сөйлеуге үйрету. Әрине, тілді түсініп, еркін сөйлеу үшін оқушы қазақ тілінің грамматикасын жақсы меңгеруі керек.

Бұл көмекші құралда берілген грамматикалық материалдар оқушылардың білімдерін ұйымдастыруға мүмкіндік береді, өз бетімен дайындалуға жол ашады.

Грамматикалық көмекші құралдың құндылығы – оқушы өзіне қажетті тақырыпқа байланысты грамматикалық материалдарды өздік жұмысына, бақылау жұмысына дайындық кезінде қолдануға мүмкіндік беретін жүйелілігі. Әрбір бөлім бойынша барлық грамматикалық білім бір кестеге жинақталған. Бұл оқушының қазақ тіліне дайындық кезінде уақытын үнемдейді. Оқушы көмекші құралда ұсынылған фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік талдау үлгілерін қолдана отырып, өз білімін тереңдетуге, бекітуге мүмкіндік алады.

Бұл құралдың өз бетімен әр түрлі тестерді шешу және олардың дұрыстығын тексеру кезінде де оқушыға берер көмегі зор.

Қорыта айтсақ, көмекші құралда берілген материалдар «Орыс тілді мектептердегі қазақ тілінің мемлекеттік стандартына» сәйкес жасалған. Жалпы мазмұны тілдік білім жүйесін танып білуге – тілдің фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік құрылымын, стилистикалық ерекшеліктерін танып білуге бағытталған. Яғни, оқушыға дыбыс, сөз, олардың мағыналары, сөздердің сөйлем болып құрылуындағы тұлғалық өзгерістер мен сөзжасамдар, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, емлелік және тыныс белгілік сауаттылық сияқты тіл құрылысын білімдік сипатта біліп, игеруіне жасар ықпалы мол.

Алғы сөз

Тіл –адамдардың бір-бірімен қатынас жасайтын, пікір алысатын, өзара түсінісетін құралы, сонымен бірге оның заңдылықтары мен ерекшеліктерін, құрылысын оқытатын, зерттейтін ғылым. Тілдің қатынас құралы болу қызметін коммуникативтік қызметі дейді, ал оның ойды жүзеге асыру қызметі экспрессивтік қызметі делінеді. Тілдің бұл екі қызметі өзара бірімен-бірі тығыз байланысты.

Басқа тілді үйрену үшін адам ең алдымен сол тілде сөйлейтін адамдармен қарым-қатынас жасап, тілдің коммуникативтік қызметінен бастайды. Әбден үйреніп алған соң ғана сол тілде ойлап, ойын жарыққа шығарудың құралына айналдырады.

Бүгінгі өзгеріске толы дәуіріміз ұлтымыздың мәдениетін, тілін, оның өмірлік өрісін кеңейтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ қазақ тілі мемлекеттік тіл дәрежесіне айналғаннан бері, оның ішкі сырына үңіліп, ондағы заңдылықтарды саналы түрде білгісі келетіндер саны көбейіп келеді.

Мектеп мұғалімдерінің алдында сөздік қоры өте мол және қолданыста бейнелі де көркем тілдердің бірі –қазақ тілін тәуелсіз мемлекетіміздің ғылым және техникасына қызмет ететін ғылым тілі ету, оны жас ұрпаққа меңгерту міндеті қойылып отыр. Жоғарыда айтылған міндетті орындау үшін мұғалімдер аянбай еңбек етуде.

Қазақ тілін үйретудің бірден-бір жолы –қазақ тілі грамматикасын оқушыға меңгерту. Қазақ тілінің материалдары әр оқулықта жеке-жеке берілетіні белгілі. Соның нәтижесінде, әсіресе, жоғарғы оқу орындарына түсетін 11 сынып оқушылары өздеріне керекті материалдарды жинастыра алмай, көп қиналатыны анық.Сондықтан біз осы жағдайды ескеріп, қазақ тіліне қатысты мектеп бағдарламасында көрсетілген материалдардың көбін осы көмекші құралға жүйелеп сыйғызуға тырыстық. Сондай-ақ, жоғарғы сынып оқушыларымен қатар, орта буын оқушылары үшін де қолдануға мүмкіндік бар.

Бірнеше жылдар бойы қазақ тілі бірыңғай ұлттық тестілеуге енгізіп келеді. Жоғарыда айтылған көмекші құралдың оқушылардың бірыңғай ұлттық тестілеуге дайындық кезінде үлкен көмегі барына көзіміз жетіп отыр. Өздеріңізге ұсынылып отырған көмекші құрал оқушыларымыздың сөйлеу тілін дамытуға, оларғажоғарғы оқу орнына түсу кезіндепайдасынтигізер деген ойдамыз.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 827 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.05.2015 3989
    • DOCX 350.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Зейнолдина Гульмира Нуршаиковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 21472
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 281 человек из 66 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 457 человек из 66 регионов

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 21 региона

Мини-курс

Карьерный навигатор: эффективный поиск работы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология учебной среды и развития детей: от диагностики к коррекции

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 14 регионов

Мини-курс

Преодоление расстройств: путь к психическому здоровью"

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе