Инфоурок Начальные классы Конспекты«Көмектесе білейік» для 1 начального класса

«Көмектесе білейік» для 1 начального класса

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: «Көмектесе білейік»

Мақсаты:«Қамқорлық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.

Міндеттері: - мейірімділік адами қасиеті мен өзара көмек әрекеттері туралы түсінік беру;

-         қамқорлық жасау, көмек көрсету дағдыларын дамыту;

-         қайырымды, жағымды қарым-қатынастар жасауға тәрбиелеу

Көрнекі құралдар: үнтаспа, ақ қағаз, қарындаш, себет,гүл желектері,  дәйексөз, түрлі суреттер, боялмаған суреттер, Алпамыс пен Махаббат, үй суреті.

1. Шаттық шеңбері.                               

2.Қ. Мырза Әлидің «Не үшін?» атты өлеңін бірге айтады ж\е қимылдар жасайды.

Екі көзің не үшін керек?                     (Көздерін көрсетеді)

Жақсыларды көру үшін!                  

Құлақ не үшін керек?                          (Құлақтарын ұстайды)

Ақыл-кеңес тыңдау үшін.

Екі қолың не үшін керек?                   (Қолдарын алға созып, алақандарын

                               жаяды)

Елге көмек беру үшін!                        (Қолдарын жан-жағына қарай созады)

-Кім айтады көмекті кімге жасауға болады? (қарт адамға, мұқтаж адамға, көмек сұраған адамға, өзіңнен кіші балаға, үлкен кісіге, ата-анаға, досқа.) Ендеше келесі кезекті әнге береміз.

Ән: «Болайықшы осындай»2сын №2 (15-16) жүрек.

 - Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Көмектесе білейік»

 - Мақсаты: «қамқорлық»  ұғымының адамгершілік құндылығы  ретінде маңыздылығын ашу;  адамдарға көмек көрсету; өзара көмек жасау, адал болуға үйрету.

3.Сұрақ-жауап.  «Сұрақты қағып ал»

    -Сендер «көмек», «көмектесу» дегенді қалай түсінесіңдер?

    -Сендер кімге қандай жағдайда көмектестіңдер?

    -Біреуге көмектескенде өздеріңді қалай сезіндіңдер?

    -Жарайсыңдар! Дұрыс айтасыңдар! Адамға қиналған сәтте қол ұшын беру, жақсы, жылы сөздер айтып демеу, жақсылық жасау – көмек деп айтылады.

 Көмектесу сол адамға деген жанашырлық сезімнен туады.

4. Суреттерде кімге қандай көмек  көрсетіліп жатыр?

                 1                    2                     3                 

5.Постер қорғау.

 «Көмектесе білейік» Махаббат пен Алпамыс Махаббаттың әжесіне бара жатыр.

Үйге апаратын жол өте ұзақ.Жолда оларға не кездесуі мүмкін?(өзен, тоғай, таулар, ағаштар...).  Махаббат пен Алпамысқа әжей үйіне жетуі үшін жол табуға көмектесу керек. Сендер қалай көмектесер едіңдер? Жолда не кездесуі мүмкін?  Соларды ойлап тауып суретін жапсырамыз. (муз)

Сахналау.

«Шалқан» ертегісі бойынша сахналық көрініс ұйымдастыруда балаларға өзара көмектің қажеттілігін түсіндіру мақсатын көздейді.

Мұғалім: Атай шалқан егіпті. Шалқаны үйдей боп, үйден де үлкен боп өсіпті. Атай шалқанды жерден суырып алмақ боп, тартады. Олай тартқылайды, бұлай тартқылайды, тартып шығара алмайды.(Атай әжейді шақырады)

1. Атай:Әжесі ,әжесі көмектесіп жібер.(Әжей келіп , атайдың белбеуінен ұстайды, атай шалқанның желегінен ұстайды)

Автор: Олай тартқылайды, бұлай тартқылайды, тартып шығара алмайды.(Әжей немересін шақырады)

2.Әжей: Қызым, қызым көмектесіп жібер.(Немере қызы келіп, әжейдің белінен ұстайды, әжей атайдың белбеуінен ұстайды, атай шалқанның желегінен ұстайды)

Автор: Олай тартқылайды, бұлай тартқылайды, тартып шығара алмайды.(Немересі күшігін шақырады)

3.Немересі: Күшігім, күшігім көмектесіп жібер.(Күшігі немере қыздың етегінен ұстайды, немересі әжейдің белінен ұстайды,әжей атайдың белбеуінен ұстайды, атай шалқанның желегінен ұстайды)

Автор: Олай тартқылайды, бұлай тартқылайды, тартып шығара алмайды.(Күшік мысықты шақырады)

4.Күшік: Мысық, мысық көмектесіп жібер.(Мысық күшіктің құйрығынан ұстайды,күшік немере қыздың етегінен ұстайды немересі әжейдің белінен ұстайды, әжей атайдың белбеуінен ұстайды, атай шалқанның желегінен ұстайды)

Автор: Олай тартқылайды, бұлай тартқылайды, тартып шығара алмайды.(Мысық тышқанды шақырады)

5.Мысық: Тышқан,тышқан көмектесіп жібер.(6.Тышқан мысықтың құйрығынан ұстайды, мысық күшіктің құйрығынан ұстайды, күшік немере қыздың етегінен ұстайды, атай шалқанның желегінен ұстайды)

Автор: Олай тартқылайды,бұлай тартқылайды, шалқанды шығарып алады.

Дәйексөз:  Мұғалім тақтадағы «Бірлесіп көтерген жүк жеңіл» деген мақалды  бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді.

Ойын:

 Оқушыларға көмек көрсетудің маңыздылығын ұғындыру мақсатында «Біз де» ойыны өткізіледі.

 Балалар шеңбер құрып дөңгелене отырады. Мұғалім ортаға шығып, «көмек», «көмектесу» іс-әрекеттеріне қатысты сөйлемдер айтады. Балалар ойын бастаушының айтқан сөздерін дұрыс деп тапса, «біз де» деп жауап беруі керек. Ал қосылуға болмайтын сөзге «біз де» деп айтып қалған бала айып тартатын болады. Ән салып, немесе би билеп, т.б. өнер көрсетеді.

 Ойын бастаушы: Мен әрқашан көмекке дайынмын.

 Балалар: Біз де.

 Ойын бастаушы: Мен көмектескен адамға рахмет айтамын.

 Балалар: Біз де.

 Ойын бастаушы: Мен көмектескен адамға рахмет айтамын.

 Балалар: Біз де.

 Ойын бастаушы: Мен көмек сұраудан ұялмаймын.

 Ойын бастаушы:Мен көмек беруге асықпаймын.

 Балалар: ...

 Осы кезде біреу: «Біз де» деп айтып қалса, ойын тоқтайды. Әлгі қателескен бала айып  орнына би, ән салады. Бұдан соң ойын қайта басталады.

 Жүректен жүрекке.

 Балалар шеңбер құрып, Мәлике Байсариеваның «Көмектесем бәріне» өлеңін  айтады.

Отын жарып беремін,

Суды да алып келемін.

Аялаймын мамамды,                       Дарын

Тиеді ылғи көмегім.

                                            Ең елгезек баламын

                                            Үлкен тілін аламын.

                                            Өссем деген ойым бар,           Назар

                                            Таудай биік талабым.

Еңбек етсем, ертеңгі

Бақытыма сенемін!

Мақсатыма жеткізер,         Айқын

Уақытыма сенемін!

                                   Білім терең теңіз бе,

                                   Білім, еңбек егіз бе?

                                   Рухани азығым-

                                   Осы екеуі деңіз де,-                Ақбота мен Нұрбота

                                   Дейді атам , - білімді

                                   Еңбекпенен сен ізде!

Ән: «Бала тілегі»

Сабақ соңында балаларды жақсылыққа жетелеу мақсатында ізгі сөздермен мараппаттаймын.

Қорытынды.

Себеттегі қағаздан жасалған гүлдерді балаларға таратып беремін.  Әрбір гүлде «Қайырымды бала», «Мейірімді бала», «Әдепті бала», «Рақымды бала», «Қамқор бала», «Еңбекқор бала» - деген сөздер жазылған.

- Балалар, біз еңбек туралы қандай мақалдар білеміз?

- Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.

-Еңбек етсең ерінбей тояды қарның тіленбей.

-Еріншектің ертеңі бітпес.

-Еңбек – ширатады, өмір сүйретеді.

-Еңкейгеннің еңсесін еңбек көтереді.

-Көп еңбегі көңілді.

-Адамды адам еткен еңбек.

Рефлексия: - смайлик арқылы сабақтағы көңіл-күйлерін, тілектерін  білдіреді.

Екі жұлдыз бір тілек – ұсыныс.

Балалар,

 

 

 

 

 

                                                Астрахан ауданы.

                                                  Ақмола облысы.

 

 

 

                        Ашық сабақ

 

                   Өзін – өзі тану

 

                        Тақырыбы: «Көмектесе

       білейік»

 

         Өткізген: Құлмағамбетова П. О

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Көмектесе білейік» для 1 начального класса"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по футболу

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 160 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.06.2016 700
    • DOCX 22.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кульмагамбетова Перизат Орынбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4121
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по русскому языку у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 481 человек

Курс повышения квалификации

Система образовательной организации в начальном общем образовании в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 845 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках математики у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 75 человек

Мини-курс

Социальная и поведенческая психология

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 16 регионов

Мини-курс

Политология: теория, практика, законодательство

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с детьми: эмоциональные и зависимые расстройства

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 21 человек