Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / "Көмектесе білейік" (1 класс)

"Көмектесе білейік" (1 класс)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Көмектесе білейік

Сабақтың мақсаты: «Қамқорлық» ұғымының мағынасын ашу

Міндеті: Қамқорлық жасау, көмек көрсету туралы түсінік беру;

Қамқорлық жасау, көмек көрсету дағдыларын дамыту;

Қамқорлық жасауға, көмек көрсетуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: слайд, гүл, күлтешелер

І. Психологиялық дайындық (қимылмен көрсетіп тұрып орындалады)

Екі көзің не үшін керек?

Жақсыларды көру үшін!

Құлақ деген не үшін керек?

Ақыл- кеңес тыңдау үшін.

Екі қолың не үшін керек?

Елге көмек беру үшін.

ІІ. Суретпен жұмыс

  1. Сурет бойынша әңгімелеу

  2. Қайсысы көмек екенін ажырату.

ІІІ. Сахналық көрініс «Достық көмек»

  1. Сурет бойынша әңгімелеу

  2. Құрастырған әңгіме бойынша сахналық қойылым қою.

Бүгін Азамат көңілсіз.Математикадан есеп шығара алмай , нашар баға алып қалды. Үй тапсырмасына ұзақ дайындалды , бірақ түсінбеді.Осылайша ойланып отырғанда Ержан мен Әділет кіріп келеді.

Ержан – Мен орындайын , сен үзілісте көшіріп ала сал.

Әділет- Сабақтан соң біздің үйге барып бірге дайындалайық. Мен саған есептің шығару жолдарын түсіндіріп берейін, болмаса бағаң түзелмейді.

Алмат қай досының көмегін қабылдарын білмей, ойланып тұрып қалды.

ІҮ. Ой қозғау

  1. Сіздердің ойларыңызша Алмат қай досының көмегін алуы керек?

  2. Неге олай ойлайсыздар?

  3. Қай бала шын достық көмек көрсеткісі келеді?

  4. «Көмек», «Көмек көрсету» дегенді қалай түсінесіңдер?

  5. Сендер кімге , қандай жағдайда көмек көрсеттіңдер?

  6. Біреуге көмек көрсеткенде өздеріңді қалай сезінесіңдер?

Ү. Мәтінмен жұмыс «Арыстан мен тышқан» ертегісі

1. Ертегіні оқып беру

2. Сурет бойынша оқушыларға әңгімелету

3. «Сен маған , мен саған» ойыны арқылы бір – біріне сұрақ қойып, жауап алу.

Арыстан нені ұстап алды?

Тышқан не өтінді?

Арыстан тышқанға қандай көмек көрсетті?

Тышқан арыстанға жақсылығын қалай қайтарды?

ҮІ. Қорытындылау. «Көмектесе білейік» ойыны

(тақтаға гүлдің сабағы мен жапырағы ілінеді, оқушылар күлтешелерге көрсеткен көмектері туралы жазып іледі)

Мысалы: мен анама үй жинап көмектестім

Оқушылар жапсырып болғасын мұғалім барлық күлтешелердегі көмек түрлерін дауыстап оқып береді.




Автор
Дата добавления 08.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров118
Номер материала ДВ-314971
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх