Инфоурок Школьному психологу Другие методич. материалыКәмелетке толмағандар арасында өзіне-өзі қол жұмсаушылықтың алдын алу жолдары

Кәмелетке толмағандар арасында өзіне-өзі қол жұмсаушылықтың алдын алу жолдары

Скачать материал

Кәмелетке толмағандар арасында өзіне-өзі қол жұмсаушылықтың алдын алу жолдары

 

          Наурыздың 25 күні № 2 Ленинград орта  мектебінде 

«Кәмелетке толмағандар арасында өзіне-өзі қол жұмсаушылықтың алдын алу жолдары» атты  жалпы мектепішілік  ата – аналар жиналысы өтті. Бұл жиналасты ұйымдастырып өткізген педагог – психолог Жаканова Разиха Карбаевна және әлеуметтік педагог Итжанова Асемгүл Қаматайевна.

Кездесуді бастаған педагог – психолог Жаканова Р.К. және әлеуметтік педагог

Итжанова А.Қ.

Сәлеметсіздерме құрметті ата-аналар! Бүгінгі кездесуімізді бастамас бұрын сіздерге сұрақ қойғым келіп тұр. Жалпы сіздер суицид дегенді бұрын естідіңіздер ме және ол нені білдіреді? (ата-аналардың ойлары тыңдалады).

Ендеше бүгінгі күні біздің ауданның да басты мәселесі өзі – өзіне  қол жұмсаушылық болып тұр. 
Өз-өзіне қол салу қазіргі таңда әлемді қатты алаңдатып отырған үлкен мәселе. Дүниежүзінде жыл сайын 1 миллион адам өз-өзін ажалға қиса,

 10-20 миллиондай адам өзін өлтіруге әрекет жасайды. Ең жаманы өз-өзіне қол жұмсайтын адамдардың арасында жастар өлімінің көбеюі.
«Суицид» латын тілінен алынған «өзін-өзі өлтіру, өзіне қол салу» деген мағынаны білдіреді.
Өз-өзіне қол жұмсаудың қазіргі таңда 80-ге жуық тәсілі анықталып отыр. Әлемде кең тараған түрлері: асылу, суға кету, улану, биік жерлерден секіру, қару қолдану.
Дүниежүзілік денсаулықты сақтау ұйымы өзін-өзі өлтірудің мынадай себебін анықтап отыр: жеке өмірдегі  келіспеушілігі, үмітсіздік, махаббаттағы сәтсіздік, жалғыздық, қорлық, зомбылық көру, мүгедектік т. б.

Өзіне-өзі қол салу үш топқа бөлінеді: ашық, жасырын және демонстрациялы.

 

 

 

 

Ашық суицидке қашан да жабырқау дағдарыстық жағдай немесе өмірден бас кешу жайлы ойлап, өмір сүрудің мәні жайлы ойланып күйзелу жатады. Өйткені, өзін ешкімге керексіз сезінеді.

Демонстрациялы суицидке өлуге деген ниеті жоқ, жай ғана басқалардың назарын өзіне аудару үшін өз-өзіне қол жұмсау әрекеті жатады.

Жасырын суицидке өлуді мәселенің шешімі деп   санамайды, одан басқа жол таба алмай қиналатындар баратын мінез қылығының

бір түрі. Жасөспірімдер арасында еліктеуіш күш те қарқынды әсер етеді. Олар теледидар, радиохабарлар, интернет арқылы өз үлгілерін табады да, оларға «көшірме» ретінде еліктейді. Жасөспірімдердің мінезі тұрақсыз келгендіктен, сенгіш келеді, жел сөздерге еріп, әр түрлі әрекеттер жасайды. Жасөспірім көбінесе өліммен қорқытып, өзінің қарсыласын бағындыру мақсатында және бұл әрекетті ең дұрыс тәсіл деп түсінеді, қайғылы жағдайларға ұшырайды.

Жиналыс барысында суицидтың психологиялық белгілері туралы педагог – психолг Жаканова Р.К. айта отырып әр слайдқа релаксациясын жасап ата – аналарға түсініктеме берді.

 

Өз өміріне қол жұмсауына  себеп болатын факторлар

1.     Денсаулығының нашарлығынан – 1,2 %

2. Қаражат қиындығынан - 3%

3. Өмір  сүрудің ауырлығынан – 4,4%

4. Құмарлықтан - 6%

5. Отбасы келіспеушілігінен - 18%

6. Рухани дерттен - 18%

7. Жазасын өтеуден жалтарудан - 19%

8. Белгісіз күйі - 41%

 

Қазіргі қоғамдағы

 

суицидтің  себептері

1. Адамның иманының болмауы мен өмірдің қиыншылықтарын дұрыс түсінбеуі.

2. Қаржылық жағдайлардың әсері.

3. Ренжу

4. Қателік

 

1.     Эмоциялық жағынан бұзылуы:

 

►   Зерігу

►   Ашулануы

►   Қоршаған ортаға   өшпенді қарым- қатынас

►   Өзіне және ортаға  салғырттық

►   Мақсатсыз   үрейлену, қорқыныш

►   Қуанышты  сәттерге қуана алмау

►   Секемшілдік

►   Ешнәрсеге  мән бермеушілік

►   Қайғылы түр.

 

2.     Психикалық  аурулар:

 

►   Депрессия

►    Себепсіз қорқынышты  байқататын  невроздық

►    Шизофрения

 

3.     Өз өмірін бағалау:

 

►   Өткен өміріне төмен  баға беру

►    Өткеннің  жағымсыз сәттерін  көп еске алу

►   Жаңа  жағдайларға  құлықсыз, төмен баға  беру

►   Болашақ туралы жоспарларының  болмауы

 

4.     Қоршаған ортамен араласуы

 

►   Ортамен араласудан  қашқақтауы

►   Көмекті қажетсініп  ортамен қарым- қатынас   

       жасауға ұмтылыс, қолдау   күту

►   Өзінің  қайғысын ешкіммен бөліспеу.

 

5.     Тәулік барысындағы  динамикалық  жағдайы:

 

►  Кешке  қарай   көңіл- күйінің көтерілуі

►   Кешке қарай көңіл- күйінің   төмендеуі.

 

6.     Вегативтік   ауытқулар:

 

►   Көздің жасаурауы

►    Көз қарашығының  үлкеюі

►   Ауыздың  құрғауы

►   Ауаның жетіспеуі, тұншығатындай күйде болу

►   Бас ауруы

►   Ұйқысыздық

►   Кеуде тұсының  ауруы,  дене  бөлшектерінің ауруы

►   Тәбетінің  азаюы,  дәм сезуінің төмендеуі

 

Ата-аналарға психологиялық кеңестер ұсынылып жаднамалар таратылды

Келесі сөз кезегі жалпы мектепішілік жиналысқа шақырылған аудан ауруханасының психологы Жумабаева Жанар Толебаевнаға берілді ол  жиналысқа келген ата – аналармен «Өмір деген өзіңді өзің тану,білу,түсіну» атты тренинг өткізді,тренинг ата – аналардың көңілінен шықты. Сонымен қатар жиналысқа кәмелетке толмағандар арасындағы полиция лейтенанты  Танатов Азамат Габдоллович қатысып оқушылардың құқығы және ата – аналардың құқығы мен жауапкершілігін айта отырып заңның әр түрлі баптарымен таныстырып өтті.

Жиналыстың соңында  мектеп директоры Ережепова Сайран Кадылхановна  ата – аналарға, келген қонақтарға  алғысын білдіріп мектеп пен ата – аналар әрдайым бірігіп жұмыс жасасақ  оқушыларымызды имандылыққа,мейірімділікке,байсалдылыққа  тәрбиелесек олар өмірде жамандыққа бармайтынын айтып өтті.

 Мақаланы  аяқтай келе айтарым  

Біздің өміріңіздің мәні-бала, сәні-бала! Салтанаты, махаббаты, мәртебесі-бала! Өйткені баланың өсуі отбасының көрмесі сияқты. «Жақсы әке-балаға өмірлік азық. Жақсы ұл әулетке-өмірлік қазық» деген бар. Сондықтан тәрбие мәселесі жөнінде бөлісіп шешетін маңызды істер сан алуан. Біз мұны педагог ретінде, сіз баланың ең басты тәрбиешісі, әрі айнадай өнегесі ретінде бір-бірімізге кеңес берейік, сөйлесейік, бірігейік. Біздің мәпелеп, өсірген талымыз түзу өссін! Сізге көлеңкесі, бізге ізгілігі қымбат.

 

№2 Ленинград орта мектебінің

педагог – психологы Жаканова Р.К.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Кәмелетке толмағандар арасында өзіне-өзі қол жұмсаушылықтың алдын алу жолдары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инженер по автоматизации производства

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 653 633 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.10.2015 2504
    • DOCX 772.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жаканова Разиха Карбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жаканова Разиха Карбаевна
    Жаканова Разиха Карбаевна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 69823
    • Всего материалов: 14

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психология профориентации

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 60 человек

Курс повышения квалификации

Инструктор по трудовой терапии для детей с девиантным поведением

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 71 человек

Курс повышения квалификации

Основы кризисной психологии: кризисные состояния у детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 102 человека из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 217 человек

Мини-курс

Успешный педагог: навыки самозанятости, предпринимательства и финансовой грамотности

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 60 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 40 человек

Мини-курс

Национальная система учительского роста: путь к эффективности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы финансовой отчетности

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе