Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Химия / Научные работы / "Көміртегі және оның қосылыстары"9 сынып

"Көміртегі және оның қосылыстары"9 сынып


  • Химия

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_38bfc369.gifhello_html_319a2bfd.gifhello_html_m6f0f815.gifhello_html_38bfc369.gifhello_html_65ba55b1.gifhello_html_5160660d.gifhello_html_m2ab7ba34.gifhello_html_77f162fa.gifhello_html_70e89a59.gifhello_html_70e89a59.gifhello_html_m4da3a89f.gifhello_html_m2a3802e4.gifhello_html_867269c.gifhello_html_709d0606.gifhello_html_7c40f1ff.gifhello_html_57047b75.gifhello_html_m152a804b.gifhello_html_5dbec99c.gifhello_html_6341af84.gifhello_html_m3c4b7780.gifБекітемін:

Күні _____ Сыныбы: 9 г

Сабақтың тақырыбы. Көміртек және оның қосылыстары

Сабақтың мақсаты.

а) білімділік: Оқушыларға көміртек және оның қосылыстары: көміртек оксиді, тұздары, көмір қышқылы жайлы жүйелі білім беру.

б) дамытушылық: Көміртек элементі түзетін жай заттар жөніндегі түсініктерін кеңейту.

в) тәрбиелік: Оқушылардың дүниеге ғылыми – материалистік көзқарастарын тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: саралап кешенді талдау.

Сабақтың көрнекілігі: периодтық жүйе кестесі. Химиялық реактивтер мен приборлар.

Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру

ІІ. Кім көп біледі? (үй тапсырмасын сұрау бойынша өткен тақырыпты қайталау, сұрақ – жауап)

  1. Кремнийдің химиялық таңбасы....

  2. Реттік нөмірі .....

  3. Салыстырмалы атомдық массасы....

  4. Периодтық жүйедегі орны.....

  5. Кремний табиғатта қандай түрінде кездеседі?

  6. Кремнийдің қандай оттекті қосылысын білесің, формуласы?

  7. Кремний қышқылы неше негізді, оның тұздары қалай аталады? Химиялық формуласы......

ІІІ Жаңа сабақ.

І. Периодтық жүйедегі орны.

  1. Химиялық таңбасы – С

  2. Реттік нөмірі – 6

  3. Салыстырмалы атомдық массасы – 12

  4. Период нөмірі – ІІ

  5. Топ нөмірі – ІV



ІІ. Атом құрылысы

  1. Ядро заряды – +6

  2. Электрон саны – 6

  3. Протон саны – 6

  4. Нейтрон саны – 6

  5. Электрондық қабат саны – 2

  6. Валенттілігі – II, IV.

  7. Электрондық формуласы – 1s2 2s2 2p2

  8. Тотығу дәрежелері – 0,-4, +2,-4

  9. Cыртқы қабаттағы электрон саны -4

ІІІ. Табиғатта таралуы

Алмаз Графит Карбин

IV. Физикалық қасиеттері.

V. Химиялық қасиеттері. Жай заттармен әрекеттесуі:

1. Жану реакциясы: 2C + O2 = 2CO C + O2 = CO2

2. Хлормен әрекеттесуі: C + 2Cl2 = CCl4 төрт хлорлы көміртек

3. Металдармен әрекеттесіп карбидтер түзеді: 2C + Ca = CaC2

4. Күкіртпен күкіртті көміртек түзеді: C + 2S = CS2

5. Сутекпен әрекеттескенде метан түзіледі: C + 2H2 = CH4 метан

Күрделі заттармен әрекеттесуі.

  1. Сумен әрекеттескенде сутек газы бөлінеді:

C + H2O = CO = H2 cутек газы

  1. Концентрлі күкірт және азот қышқылдарымен әрекеттескенде тотығады: C + 4HNO3(конц) = CO2 + 4NO2 + 2H2O

C + 2H2SO4(конц) = CO2 + 2SO2 + 2H2O

VI. Көміртектің сутекті және оттекті қосылыстары.

Метан - СН4 иіссіз, түссіз газ. Ол шалшық немесе кеніш газы деп

аталады. Суда ерімейтін, ауадан жеңіл газ. D(ауа) = 0,55

Н

Метанның құрылымдық формуласы: Н – C – H СН4

Н

СО көміртек (ІІ) оксиді – түссіз, иіссіз, улы газ. Суда нашар ериді, басқа

заттармен реакцияға түспейді. Оны иіс газы деп те атайды. Отын шала

жанғанда бөлінген иіс газымен адам дем алса, уланады. Ауада көгілдір

жалынмен жанатын газ . 2СО + O2 = 2CO2

СО тұз түзбейтін, бейтарап оксид, көбінесе жоғары температурада

тотықсыздандырғыш ретінде домна пешінде, органикалық синтезде

қолданылады. Қыздырғанда металл оксидтерінен металды

тотықсыздандырады. CuO + CO = Cu + CO2

SiO2 + 2CO = Si + 2CO2

CO2 көміртек (ІV) оксиді –түссіз, иіссіз, ауадан ауыр, жануды қолдамайтын,

жануарлар мен адамдардың тыныс алуы нәтижесінде бөлінетін газ. Ауадан

ауыр болғандықтан жертөлелерде, шұңқырларда, шахталарда, құдықтарда

жиналып қалады. Сол жерлерде жүргенде сақтану ережелері қолданады.

Ауадағы мөлшері -0.03%. Жоғары қысымда сұйылады, ал өте төменгі

температурада қар сияқты массаға айналады. Оны «құрғақ мұз» деп атап,

тоңазытқыш қондырғыларында қолданылады.

СО2 – қышқылдық оксид.

1. Негіздік оксидпен әрекеттесіп тұз түзеді:

СО2 + CaO = CaCO3

  1. Негізбен әрекеттесіп тұз бен су түзеді:

2CO2 + Ca(OH)2 = CaCO3↓ + H2O

  1. Cумен әрекеттескенде көмір қышқылы түзіледі.

CO2 + H2O = H2CO3

Кальций гидроксиді, ізбес суы, әк сүті көмірқышқыл газына сапалық реакция жасайтын реагент болады.

Ca(OH)2 + CO2 = CaCO3↓ + H2O

Көмір қышқылы – H2CO3 әлсіз, екі негізді, тұрақсыз қышқыл, оңай айырылады.

Алынуы.

1. Көмірқышқыл газын суда ерітіп: CO2 + H2O = H2CO3

2.Тұзынан күшті қышқылмен әсер етіп:

Na2CO3 + 2HCl = 2NaCl+H2CO3

Көмір қышқылы екі түрлі тұз түзеді, олар гидрокарбонаттар (NaHCO3,

Ca(HCO3)2, және карбонаттар деп аталады (CaCO3, MgCO3);

Қолданылуы. NaHCO3 - ас содасы тамақ, шыны өндірісінде және асқазан

ауруларына. LiCO3 – ағзада тұз жиналғанда, сондай –ақ Na2CO3, CaCO3

К2CO3 – өндірісте, құрылыс материалдары ретінде қолданылады.



IV. Сабақты бекіту. Тапсырмалар орындау

Кім шапшаң? (Сәйкестендіру тесті)

  1. C + O2 = ... + 402кДж а) СН4

  2. 2C + O2 = ә) CO2

  3. C + CuO = б) CaC2

  4. C + 2H2 = в) 2CO

  5. 2C + Ca = г) Al4C3

  6. 3C + 4Al = ғ) CO + Cu

  7. 2CO + O2 = .... + 577кДж д) Cu + CO2

  8. CO + CuO = .... + ж) H2CO3

  9. CO2 + H2CO3 = ... + ... з) 2CO2

  10. CO2 + 2NaOH = ... + ... и) Na2CO3 + H2

  11. CO2 + CaO = ... к) CaCO3 + H

  12. CO2 + Ca(OH)2 = .... л) CaCO3

Жауабы: ( 1-ә, 2-в, 3-ғ, 4-а, 5-б, 6-г,7-з, 8-д, 9-ж,10-и, 11-л, 12-к).

Химиялық эстафета. (Жүзеге асыр)

С → СО →СО2 Na2CO3→ CaCO3 →CaCl2

CO2 → CaCO3 → Ca(HCO3)2 →CaCO3 →CaCl2

Жарқыраған шың. (Есептер шығару)

  1. Құрамында 8% қоспасы бар, массасы 300 г сөндірілмеген әктің СаО массасын есептеңдер.

2. 12,8 г мысты тотықсыздандыру үшін мыс(ІІ) оксидімен неше грамм көміртек алуға болады?

V. Сабақты қорытындылау. (Тест бойынша)

1. Көміртектің периодтық жүйедегі орны:

а) ІІІ период, ІV топ, негізгі топша;

ә) ІІ период, V топ, қосымша топша;

б) ІІ период, ІV топ, негізгі топша;

2. Көміртек атомының ядро заряды:

а) 6 ә) 8 б) 4

3. Көміртектің атом құрылысы:

а) 1s22s22p2 ә) 1s22s22p4 б) 1s22s22p63s2

4. Көміртек атомындағы нейтрон саны:

а) 12 ә) 6 б) 4

5. Алмаздың физикалық қасиеттері қандай:

а) өте қатты, электр тогын жақсы өткізеді;

ә) өте қатты, мөлдір, электр тогын өткізеді;

б) жұмсақ, түссіз, электр тогын өткізбейді;

6. Көміртек (ІІ) оксидінің формуласы:

а) СО ә) СО3 б) СО2

7. Графиттің физикалық қасиеті қандай?

а) өте қатты, электр тогын жақсы өткізеді;

ә) морт, сұр түсті металдық жылтыры бар, электр тогын өткізбейді;

б) өте қатты, электр тогын өткізбейді;

8. Алмаз қайда қолданылады:

а) тау жыныстарын бұрғылауға; ә) шыны кесуге; б) бриллиант жасауға

9. Графит қайда қолданылады:

а) электродтар жасауға; ә) қарындаш жасауға;

б) майлағыш материалдар алуға;

10. Көміртек (ІV) оксидінің формуласы:

а) СО2 ә) СО4 б) СО

Жадыңда жүрсін! Есіңде сақта!

  • Массасы 1г активтелген көмірдің ауданы 800 м2, сондықтан оның сіңіргіштік қасиеті өте жоғары болады. Активтелген көмірдің түйіршіктері дәріханаларда сатылады, ол асқорыту жолдарын УЗИ –ге түсірерде немесе реагентпен тексеруде алдын ала дайындық пен спиртті тазарту үшін қолданылады. Бірақ ол иіс газын (СО) сіңірмейді.

  • Иіс газының қауіпті шамасы -2%, ол қанның гемоглобинімен мықтап байланысып алғанда өлім қаупі туады. Аздап уланудың белгілері: қан ашық қызыл түсті болады, бас қатты ауырып, кейде естен танып қалуға да жеткізеді. Иіс газымен уланған адамды дереу таза ауаға шығару керек.

  • Тері аздаған мөлшерде тыныс алуға да қатысады. Адам тәулігіне тері арқылы 7-9 г көмірқышқыл газын бөліп, 3-4 г оттек сіңіреді. Сондықтан теріні таза ұстау керек.

Сен білесің бе? Шолпан ғаламшарының атмосферасы -95% көмірқышқылынан тұрады. Құрғақ мұз бола ма? Иә СО2 78.50 С –да қатты күйге айналады, ол еріген кезде бірден газ күйіне көшеді, осы құбылыс возгонка деп аталады. Біз дем шығарғанда бөлінетін газдың құрамында 4% СО2 бар.

VI. Оқушыларды бағалау.

VIІ. Үйге тапсырма: § 22. 23. Есеп жинағынан есептер шығару.





1 жалпы орта білім беретін мектеп

















Сабақтың тақырыбы: Көміртек және оның қосылыстары.

9 г сынып







Өткізген: Химия пәнінің мұғалімі Қалдымұратова Гүлназ















2013 жыл.


Автор
Дата добавления 26.02.2016
Раздел Химия
Подраздел Научные работы
Просмотров157
Номер материала ДВ-487157
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх