Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Күн мен бұлт 1 сынып

Күн мен бұлт 1 сынып


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Мүсіндеу


Тақырыбы: Күн мен бұлт

Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: мүсіндеу жұмысында қолданылатын материалдармен, құралдармен таныстыру; мүсіндеудің негізгі: жұмсарту, созу, құрастыру, жаю, тегістеу, жалпақтау, домалақтау тәсілдерімен таныстыру; қатырма қағазға бедерлеу тәсілін орындау дағдыларын қалыптастыру.

Керекті құралдар мен материалдар:

Күннің және бұлттың суреттері, бедерлі мүсіннің үлгісі, тақтайша, ермексаз, арнайы кескіш таяқша, қол орамал.

Балалар үшін: жұмыс дәптері, тақтайша, көк немесе көгілдір түсті қатырма қағаз, ермексаз, кескіш таяқша, қол орамал.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

1. Кіріспе әңгіме: Ұстаз балаларға жұмыс істейтін орындарын дайындап, құрал-саймандарының - тақтайша, ермексаз, таяқша, қол орамалдарының ретімен тұру керектігін айтады. Үстел үстін, киімін бүлдірмей материалмен ұқыпты жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру мақсатында тақтайшада мүсіндеу үшін қажетті материалды қалай қолдану керектігін түсіндіреді. Ермек сазбен жұмыс аяқталғаннан кейін, қолды орамалмен сүртіп, сабынмен тазалап жуу керектігін ұғындырады. Балалар жұмыс орындарын дайындайды.

2. Түсіндіру: Ұстаз балаларды мүсіндеудің негізгі жұмсарту және есу тәсілдерімен таныстырады. Бүтін ермек сазды жұмсарту, есу қиын болатындықтан ермек сазды кесетін арнайы кескіш таяқшамен бірнеше бөлікке бөліп алып, алдымен алақанға салып жұмсартып, сосын тақтайшада ұзын жіңішке шиыршық пайда болғанша есу керектігін көрсете отырып түсіндіреді. Балалар педагогтың көрсеткені бойынша өздері қайталап мүсіндеу жұмысын орындайды.

3. Балалардың өзіндік жұмысы: Балаларға бедерлі мүсіндеу тәсілімен жұмыс жасау жолын түсіндіру:

Көк түсті қатырма қағазға жай қарындаштың көмегімен күн мен бұлттың суретін салып шығамыз.

Ақ және сары түсті ермексаздың кесегін жұмсартамыз.

Ермексазды бірнеше бөлікке бөліп алып, әр бөлігін тақтайшаның үстіне салып ұзынша, жіңішке ширатпалар есеміз.

Ширатпаларды сұлбаның өн бойына салып, қатырма қағазға жабыстыра бастырамыз.

Күн мен бұлттың ішін сәйкес түсті ермексазбен толтырып, бетін тегістеп шығамыз. Жекелеген ширатпалардан күннің сәулелерін жасап шығамыз.

Балалар жұмыс дәптерінің көмегімен өз бетінше жұмысты орындайды.

Оқу іс-әрекетін қорыту.

Жасаған мүсіндеу жұмыстарынан көрме ұйымдастыру. Талдау, бағалау. Ұстаз дұрыс әрі тиянақты орындалған жұмыстарды атап көрсетеді.



Автор
Дата добавления 13.02.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров93
Номер материала ДВ-448648
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх