Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / История / Конспекты / "Көне Сайрамның тарихи ерекшеліктері".
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • История

"Көне Сайрамның тарихи ерекшеліктері".

библиотека
материалов

Тақырыбы: «Көне Сайрамның тарихи ерекшеліктері»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды өз өңірінің тарихын жақсы білуге, тарихын тереңірек ұғынып, туған жерін сүюге, Отаншылдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, Сайрам өңірінің тарихи архитектуралық өңір ретінде өсуіне үлес қосуға ұмтылдырып, сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру.

Сабақтың типі: Пікір-талас, әңгімелесу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі ашық сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Сайрам өңірінің картасы, көне ескерткіштерінің суреттері бар буклеттер, оқулықтар.

Сабақ жоспары:

І. Оқушыларды сабақ барысымен таныстыру.

ІІ. Сайрам өңірінің тарихына тоқталу.

Сайрам Исфиджаб – Оңтүстік Қазақстан орта ғасырдағы ірі қалаларының бірі. Жұрты қазіргі Сайрам кентінің Оңтүстік –батысында, Шымкент қаласынан 12 километр жерде. Сайрам жайлы алғашқы дерек Махмұт Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрік» атты еңбегінде кездеседі. Онда: «Сайрам-Исфиджаб деп аталатын ақ қаланың аты» делінген. Демек, Сайрам - Испиджаптың кейінгі аты. 15-18 ғасырларда қазақ хандықтары кезінде Сайрам ірі сауда, қолөнер және діни орталық болған. Зерттеу жұмыстарын 1923 жылдары П.П.Иванов, 1925 жылдары М.Е.Массон, 1947 жылдары Н.Бернштам басқарған. Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы жүргізген қазба жұмыстары барысында айналасы төрт қақпалы дуалмен қоршалған, көл. 28 гектар жерді алып жатқан қала орны анықталған. Қала ішінде көптеген мазарлар сақталған. Ең көнесі - Падишаһ Мәлік баба мазары. Бұл ескерткіштер 9-18 ғасырларға жатады.

Қазіргі таңда Сайрам ауылы - Сайрам ауданындағы ауыл, ауылдық округ орталығы.

Сайрам өңірінің археологиялық ескерткіштерінің атауларына тоқталсақ: Ахмет Йасауи кесенесі, Ибраһим ата кесенесі, Қарашаш ана кесенесі. Ақ ата баба кесенесі, Дәруіш ата кесенесі, Қыдыр мешіті мұнарасы, Шақаландар баба, Сарқалқа баба, Махмұтхан ата, Сүзік ата, Мариям ана, Қожай Салық кесенелері осы кезге дейін сақталынған.

Қасиетті мекен

Тарихқа тұнып тұр ғой Сайрам жері,

Бақытты өмір кешкен қалың елі.

Ғасырлар қойнауынан сыр шертеді.

Төбелер кесенелер әулиелі.

Ойшылдар, ғұламалар мекен еткен,

Назарын алты алаштың тартқан көктен.

Әлемге мәшқұр болған Йассауидің

Балалық, бозбалалық дәуірі өткен.

Сайрамым - сансыз бапты сазды мекен,

Өзіңе тең келетін жер барма екен?

Танылсам көпшілікке талантың боп,

Мен сені өмір бойы жырлап өтем.

ІІІ.1. Сайрам қаласының көне атаулары: Сайрам аты сан рет өзгерген. Тарихта бірінші рет Сарем, Сайрим деген аттары кездеседі: Иран-Тәжік тілінде «Сар» - бас. (ем-кент) мағынасын білдіреді. Сайрам сөзі арабша жазылғанда екі белгіден құралады. Ол – Сайрим, Сарем, Сайрам деп оқыла берілген. Кейбір кісілер Сарем-Сани айем екінші өмір-Нұх пайғамбардың – топан суынан кейінгі (тарих деп түсіндіреді).

Арабтар VIII ғасырда Сайрамды басып алғаннан кейін қала-Исфиджаб, (ирандар Аспижаб) деп аталады. Ұлы Жібек жолындағы Оңтүстік, оның ішінде Сайрам өркендеп кетеді. Сондықтан ІХ ғасыр аяғында бұл қала Мадинат ул-Байза деп аталған. Бұл арабша сөз болып, «Ақ қала» дегені.

ХІ ғасырдағы ғалым бабамыз Махмұд Қашғары былай жазды. «Сайрам-Ақ қаланың аты, оны Сайрам деп те атайды».

Қытай жазбаларында Сайрамды «Сайлан, нучиген» деген атпен кездестіресіз. Қытай саяхатшылары Сюан Цзан (629-630ж), Чань Чун (1221-23ж) тағы басқалар сондай деп жазған.

1219 жыл Сайрамды басып алған Шыңғысхан Моңғол-татарлары елді Орункент деп атайды. Сайрам, оның аттары туралы Махмұд Қашғари, Ибн-Асир, Яқут Хамавий, Табари тағы басқалар жазған, хабарлаған.

ІІІ.2. Сайрам қақпалары: Х ғасырдағы жазба нұсқалардың мәліметтеріне қарағанда ескі қаланың біріне-бірі қарама қарсы орналасқан, әрі даңғыл көшелермен байланысқан төрт қақпасы болған. Х ғасырдағы атаулары: Нуджукет қақпасы, Фархан қақпасы, Шұқран қақпасы, Бұқара қақпасы. ХХ ғасырдың басында Сайрамның солтүстік қақпасы Белқақпа немесе Белдарбаза деп аталған.

ІІІ.3. «Рисала»-Сайрам халқының қолында осыдан мың жыл бұрын жазылған «Сайрам тарихы» кітабы толық аты «Рисалан Сарем-Мадинат ул-Байза».

ІV. Көне Сайрам өңірінің тарихи ерекшеліктеріне тоқталайық:

  1. Ежелгі Сайрам атауы көне замандардан бері бүгінгі таңға дейін он мәрте өзгерген.

  2. Көне Сайрамның жерінде орта ғасырлық архитектуралық ескеркіштердің сақталынғандығы туралы ерекшеліктері.

  3. Ежелгі Сайрам жерінде орта ғасырларда салынған, Араб тарихшыларының мәліметіне қарағанда VIII-ХІ ғасырларда басқа қалаларда болмаған жер асты жолы болғандығы туралы араб ғалымы Яқут Хамавий жазған..

  4. ІХ ғасырда ежелгі Сайрам жерінде 11 мәрте ірі-ірі шабуылдар болса да қала өз қалпын сақтап қалған.

  5. Көне Сайрамның тағы бір ерекшелігі: Мысалы: Ташкент қаласының қабырғасының қалыңдығы 1 қабатты болса, Сайрам қаласының қабырғаларының қалыңдығы 2 қабатты болған.

  6. Қазақстанның оңтүстік өңірінде бірінші рет Сайрам өңірі ислам дінін қабылдады.

  7. Сайрам өңірі Ұлы Жібек Жолының бойында орналасқаны және ірі сауда қолөнер орталығы болған.

  8. Көне Сайрамда 1700 Рабат болған.

  9. Үш мың жыл бұрын «Авеста» киелі кітабында Иран, Туран, Хорезм мемлекеттері қатарында Сайрам жерін, соның ішінде Сайрам қаласын мадақтап жазғандығы туралы ерекшелігі.

  10. Қазақ халқының салт-дәстүрін жетік меңгеріп басқа да түрік тілдес халықтардың салт-дәстүрлерімен салыстырып байыту үстінде.

V. Мұғалім сөзі. Көнеде киелі Сайрамның тек біздің халықтың ғана емес, әлем тарихында алар орны айрықша. Сайрам қаласының адамзат тарихындағы ежелгі кітаптардың бірі, б.з. дейінгі VII ғасырдан жеткен «Авестада» айтылды. Яғни бұл - өркениет, әлемдік өркениеттердің бір ошағы біздің Сайрам өңірі деген сөз.

Пай, пай, пай киелі неткен жер!

Батырлар дүрілдеп өткен жер!

Бұл жердің бас иіп топырағына

Тағзым жасамай өтпеңдер!

Сайрам жері!

Сан тарихқа куәгер,

Елің аман, ен дәулетке мұрагер!

Қасиетіңе кіршік түспей, киелім,

Дүние тұрғанша сен тұра бер! - деп дәстүрлі сабағымызды аяқтаймыз.

Сайрам

  hello_html_6c2cb4ec.jpgҰлы Жібек Жолының бойында орналасқан бұл көне қалада Ибрагим ата  - Ахмед Яссауидің әкесі және анасы Қарашаш ананың – кесенелері орналасқан.

Бұл ескерткіштерді араламай, Түркістан саяхаты толық болмайды.
   Сондай–ақ, Сайрамда Әбділ Әзіз-баб, Мір-Әлі-баб, Қожа –Тәліп кесенелері орналасқан. Олардың барлығы күмбезделіп салынған.
Құранды түрік тіліне аударған Кәзия кесенесіде осында орналасқан. Сайрамда 177 мінәраты, 40 күндік ораза ұстайтын жер асты бөлмесі және жер асты будда монастірі орналасқан. Онда парсы тілінде жазылған орта ғасыр әдебиеттері сақталған.

Ал әлемнің түкпір-түкпірінен келген саяхатшылар мұнда өзбек палауын, ыстық тандыр нандары мен дәмді самсаларынан дәм тату үшінде келеді.  

hello_html_mb376895.jpghello_html_6f6b17a9.jpghello_html_52c300e8.jpg 

Қажы Талиға кесенесі Сайрам елді мекенінде    Қажы Талиға кесенесі Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам елді мекенінде орналасқан. Кесене сол заманның белгілі адамы Қажы Талиғаның құрметіне салынған XVII ғасырдың дәстүрлі монументті сәулет ескерткіші. Осы кезге дейін кесененің бастапқы қалпы сақталмаған. Алғашқы оюлары жоғалған. Кесене көлемі 6400 х 6300 және биіктігі 7,2 м квадрат үлгісінде салынған. Қабырғалары гипсті қоспамен жасалған квадрат кірпіштермен қаланған. Кесененің барлық бұрыштарында доғал бағаналар бар. Оңтүстік фасадтың сылағында сары, көгілдір, қара түсті бояулы суреттер үлгісі сақталған. Кесене күмбезбен көмкеріліп салынған. Күмбез біртүрлі кірпішпен қаланып, сырты 1,1м кішкене күмбездермен аяқталады. Барлық периметрлері бойынша кесенеде екі ағаштан жасалған сейсмопояс бекітілген. 

hello_html_m50095fc6.jpghello_html_4451f1a6.jpg

Сайрам туралы алғашқы деректер біздің жыл санауымызға дейінгі ІV ғасырда парсылардың шежіре кітабы "Авестада" кездеседі. Аталмыш бастау хатта қаланың орналасу ендігі Сайрам елі деп көрсетілген екен. Соған қарағанда бұл атау қаланың ықпал ету аймағын білдірсе керек. Көне тұрік тілінде "Сайрам" Тастақ сай деген ұғым береді. Ал Исфиджаб "Екі дария аралығы" деген   сөздің баламасы екен. Қаланың одан басқа да Орынкент, Аққала деген атта-ры болған. Бірақ, тарихи жазбаларда да, кейінгі замандары да бұл атаулар сирек қолданылады. Діни аңыздарда бұдан баска да деректер бар. "Қазығұрттың басында кеме қалған" дейді. Ол Нұх пайғамбардың кемесі. Барлық жан-жануарлар кемеге кейінгі ұрпақ тарату ұшін жұп-жұп болып тиелген еді. Кеме тау басына тоқтап, дұниені басқан топан су қайта бастады. Сол кезде бірінші болып Сайрам өңірі топан судан ашылып, кемеде тірі қалған жан-жануарлар осы жерге қоныс теуіп, аңыздың айтуынша, адамзаттың екінші өмірін бастаған.   Діни аңызда тағы бір айтылатыны, Сай-рамнан 7 шақырым жерде Нұх пайғамбардың ұш ұлының бірінің қырык, метрлік қабірі бар екен. Оған қоса Мәриям ананың қабірі де бар. Біреулер онда Иса пайғамбардың ана-сының сұйегі жатыр деседі. Шамасы, ол ерте замандары христиандар салып, құлшылық қылатын жай болса керек. Сайрамдағы Қожа Салық пен Бибі Ғияз қабірлерін жұрт Қыдыр атаның ата-анасының мұрдесі деп қасиет тұтады. Айтпақшы, Отырарға баратын жер асты жолы осы арадан бастадатынға ұқсайды.

  Исфиджаб әуелгіде өзге қоныстардан ерекшеленіп, ор-талық ретінде қалыптасқан еді. Оның бірте-бірте дамып, өсіп-жетілуіне, ал арада мың жыл өткенде, яғни VIII ғасырға қарай айрықша өркендеп, гұлденіп кетуіне көпте-ген факторлардың әсері тиді.

  Жібек Жолының үстінде тұрған қаланың дамуына сауда мен кәсіпкерліктің ықпалы зор болды. Онда ірі бай, іскер адамдар тұрды. Қалада әкімшілік басқа ру жұйесінің құрылуы қаржыларды қорландыруға, қазынаны мақсатты бағыттарға жұмсауға, әкономиканы жұйелі дамытуға, оған бай адамдарды тартуға мұмкіндік берді. Жергілікті сақ тайпаларының саяси кеңістігі, рыногы, тауар алмасу шарттары, кәсіптері, мәдениеті, дұниетаны-мы, тілі, діні, әдет-ғұрыптары ортақ болған. Олар бір-бірімен тығыз байланыста кұн кешкен, ұздіксіз алыс-беріс жасап тұрған, ішкі-сыртқы мәселелерді ортақтасып шешкен. Кейінгі кездері табылған деректерді негізге ала отырып, қазіргі тарихшылар Сайрам жерін осы ұланғайыр кеңістікті мекендеген тайпалардың еркін араласу аймағы, яғни әко-номикалық орталығы болды деген болжамдар айтуда.

  Бұдан 2600-2700 жылдар бұрын бұл төңіректі мекендеген тайпа-лар, негізінен отқа, кұнге табынған. Олардың ішінде әртұрлі тайпалардың өкілдері жылына бір мәрте Мәртөбеге жиналып, діни рәсімдер өткізген. Қытайдың тұркі халықтарының тарихына арналған "Вәйшу" кітабында оларды қалай өткізгендігі тиянақты жазылған. Құрбан шалу рәсімдері өте салтанатты өтетін болған. Оған қоса Қытай саяхатшысы Тауға табыну рәсімінің болғандығын баяндайды.   Бұл рәсім мамыр айының екінші онкүндігінде өтеді екен. Соған қарағанда Мәртөбенің қасиетті орын аталуы ерте замандарда болса керек. "Мамырда Мәртөбеге кел" деген сөздің төркіні ерте дәуірде жатыр. Кейіннен отқа, Тауға, Кекке табыну дәуірі ықпалын жойып, Ислам діні ресми түрде енгеннен кейін де Мәртөбенің қасиетті саналып келгенін көреміз. Ол арада" мал жаюға, жол салуға немесе мал айдауға тыйым   салынған. Бертін келе Мәртөбе Оңтүстік тайпаларының уәждесу орны болды. Яғни, тайпалар мен рулар Мәртөбеде бас қосып,   өзара соттасып, дау-жанжалдарды шешкен

   Х ғасырда Исфиджаб шоғыр-шоғыр кенттермен, үлкенді-кішілі қыстақтармен қоршалған ірі шаћарға айналды. Сол замандары, яғни, X ғасырда әл-Истархи былай деп куәлік етіп етті: "Оның құрылыстары саздан тұрғызылған, базарлары жеміске толы, онда жемістер мен пайдалы заттар көп. Айналасында көптеген қалалар мен қыстаулар бар". Бізге жеткен деректерде Исфиджабтың төңірегіндегі кенттердің ішінде Манкенттің, Жумишлагуттың, Газгрит пен Харлугтың аттары аталған. ХV-ХVІ ғасырларда өмір сүрген тарихшы, "Михманнаме-ий Бұқара" туындысының авторы Нузбихан Исфағани: "Қаланың негізгі бөлігін өте биік қабырға (сұр) қоршап тұр. Қабырғаның биіктігі соншама, тіпті оған әрекет қылған адамның қолы да жете алмас еді" деп жазды. X ғасырдағы жазба деректерде қаланы қақ жарып өтетін даңғыл жолдардың бірін-бірі қиып өтетіндігі айтылған. Яғни, қосу белгісі тәрізді схемаға негізделген. Мысалы, қазіргі Әмір-Темір даңғылы мен оны кесіп өтетін Жүсіп Сайрами көшесі сол баяғы ескі жобаны сақтап қалған. Осылайша, қаланың басты-басты төрт есігі төрт жаққа бірдей ашық болған. Әр қақпаның өз атауы болған. Солтүстік қақпа Белқақпа, немесе Белдарбаза, оңтүстік қақпа Базар дарбаза, шығыс қақпа Қарамұрт-дарбаза, ал батыс қақпа Шымкент-дарбаза деп аталған. Ол кездері қазіргі Шымкент қаласының орнында Отырар мен Түркістанға қатынайтын үлкен жол өткен. Осы жол мен Қошқарата өзенінің бойында топталып-топталып шағын қыстақтар мен бекеттер тұрған.

Сайрам ауданы.

Ауданның территориясы отырықшы жерөңдеушілік мәдениеті ескерткіштеріне: ерте және кейінгі ортағасырларға жататын қалашықтар мен қоныстарға өте бай. Бірақ көптеген археологиялық ескерткіштерге қарағанда (58), культтік сәулет ескерткіштері - 11-12 ғғ. Испиджабта (Сайрам) өмір сүрген көптеген әулиелердің мазарлары кең танымал. Қазіргі кезде 13, 15, 19 ғасырларда салынған көптеген мазарлар ішінде

Сайрам ауылының тарихи орталығында сақталғандары мыналар: Қарашаш ана (18 ғ.), Қожа Талиғ (13-19 ғғ.), Мірәлі баб (19 ғ. соңы-20 ғ. басы), Қызыр минареті (13-19 ғғ.), Қази Байза (18-20 ғғ.), Абдель Азиз-баб (15-19 ғғ.), Ибраим ата (13-19 ғғ.).

2006-2008 жылдарға арналған Оңтүстік Қазақстан облысының «Мәдени мұра» өңірлік бағдарламасы шеңберінде Қызыр мешітінде 2007 жылы Сайрам ауылының тарихи орталығын әрі қарай музеефикациялау мақсатында археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. Осы жұмыстар барысында ашылған  археологиялық сипаттағы элементтер мен құрылымдарды Оңтүстік Қазақстан облысының туристік нысандарына қосуға мүмкіндік береді.



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 19.04.2016
Раздел История
Подраздел Конспекты
Просмотров525
Номер материала ДБ-041041
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх