Инфоурок Другое Другие методич. материалыКнига по казахской литературе на тему "Сапарғали Бегалин" 9 класс

Книга по казахской литературе на тему "Сапарғали Бегалин" 9 класс

Скачать материал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы

Покровка ауылы

2012 жыл

Балалар әдебиеті. Сыныптан тыс оқу кезінде
пайдаланатын көмекші құрал

 

Құрастырушы: Синенко Максим

Жетекшілікке алған:  Сейтказин Алданыш Куанышевич

 

 

 

 

Балалар әдебиеті. Сыныптан тыс оқу кезінде
пайдаланатын көмекші құрал

 

Алғы сөз

   Әдебиет-сөз өнері. Әдебиет пәні де өнер пәні. Әдебиетті ұлағатты адамдар «адамтану құралы» десе, әдебиет пәнін «адам тәрбиелеу құралы» деуге болады.Әдебиет пәні арқылы жеке тұлғаның рухани дүниесі байиды, туған тілін сүюден, елін, азаматты құрметтеуге дейінгі сезімдері тәрбиеленеді. Балалар әдебиеті балалардың дүниеге көзқарасын қалыптастырып, өмірге құштарлыққа тәрбиелейді. [1]

    Қазақ балалар әдебиетін бірнеше кезеңге бөліп қарастыруға болады:

1) Қазақ кеңес балалар әдебиетінің дамуының алғашқы кезеңі;

2) Ұлы Отан соғысына дейінгі бесжылдықтар дәуіріндегі балалар әдебиеті;

3) Ұлы Отан соғысы кезіндегі балалар әдебиеті;

4) Соғыстан кейінгі жылдардағы балалар әдебиеті;

5) Кеңестік дәуіріндегі балалар әдебиеті;

6) Қазіргі кездегі балалар әдебиеті. [4]

    Кеңес балалар әдебиетінің негізін салған – А.Горький болса, ал қазақ балалар әдебиетнің негізін салушылар Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Шолпан Иманбаева, Ілияс Жансүгіров,Сапарғали Бегалин,  Сарғасқаев Сансызбай т.б.

Бүгінгі заманның балалары өткен кезеңдердегі балалар тағдырын, яғни, ата-әкелеріміздің өмір жолдарын, балалық кездерін, олардың өмір сүрген дәуірін біле бермейді, кей жағдайда білуге де ниет етпейді. Ол-тарих. «Тарихты білмей, өткенді, қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын»,-деп Әл Фараби айтқандай, әдебиетіміздің тарихын білуіміз – басты міндет. Ол кезеңдерді біз тарихтан, әсіресе көркем шығармаларды оқу арқылы біліп танимыз. Сыныптан тыс оқу кезінде пайдаланатын көмекші құрал дайындалды. Бұл мұғалімдер мен оқушылар үшін де тиімді құрал бола алады.

    Бұл кітапша әдебиет сабақтарында сыныптан тыс оқу кезінде 5-8-сынып оқушылары үшін дайындалды.Бағдарламада 5-7-сыныптар үшін сыныптан тыс оқуға 4 сағат берілген және 5-сыныпта С.Бегалиннің «Бала Шоқан» шығармасы оқытылады, осы шығармадан кейін «Сәтжан» және «Бала мерген» повестері оқытылса нұр үстіне нұр болар.

    5-8 сынып оқушыларының пәнге, көркем әдебиетке қызығушылығын артыру мақсатымен ең алдымен төмендегі сауалнаманы ұсынамыз. Бұл жұмыс түрі пән мұғалімдері үшін оқушыларды саралап алуда үлкен септігі тиеді деп есептейміз.

 

 

 

«Әдебиет пәнінен көркем әдебиетке» атты сауалнама

   1. Оқулықта берілетін тапсырмалар,әңгіме-өлеңдер т.б. саған ұнай ма?

   2. Сен әдебиетті ешкімнің көмек нұсқауынсыз-ақ өз бетіңше қызыға оқисың ба?      

   3. Сенің таңдаған мамандығыңның бұл пәнмен байланысы бар ма?

   4. Газет-журналдарға мақала жазуға талпынып көрдің бе?

   5. Өзіңнің әдебиетші не жазушы болып қалыптасуыңды қалар ма едің?  

   6. Ата-анаңмен бұл жөнінде әңгімелестің бе? 

   7. «Әдебиет кез-келген адамның құнды сапаларын қалыптастыруда маңызы зор» дегенге келісесің бе?

   8.Сен әдебиетті өзгелерден артық бағалаймын деп ойлайсың ба?

   9. Әдеби салада сыныптастарың біле бермейтін тың мағлұматтарды білемін деп ойлайсың ба?

   10.Пән бойынша түрлі байқауларға, олимпиадаларға қатысқың келе ме?

   11.Үйде әдебиеттен берілетін тапсырмаларды бірінші кезекте орындайсың ба?

   12.Мұғалім талабынан да артық білім алуды қалар ма едің?  

   13.Өзге пәндерді ысырып қойып, әдеби кітаптарды ұзақ оқитын сәттерің жиі кездесе ме?  

   14. Ұпайлар жиынтығы:  

   15. Оқушының аты-жөні

Жауабы: Иә жаубы-10 ұпай; жоқ жауабы-5 ұпай

 90-100 ұпай жинаған бала қазақ тілі мен әдебиетке жан-тәнімен берілген,биікке құлаш сермейтін,тілші немесе әдебиетші болуды армандайтын тума дарын иесі деп тануға болады.

40-90 ұпай жинаған баланың бойында сүйсінуге тұрарлық әдебиетке деген жылы сезім бар.Бұндай оқушыны бейімдеп, түрлі тапсырмалар беру арқылы шығармашылыққа ұмтылдыруға болады.

0-35 ұпай жинаған баланың пәнге ынтасы төмен, оқуға құлықсыз екендігі көрініп-ақ тұр.Мұндай оқушыларға жүргізілетін жұмыс түрі көбіне қызығушылықты оятатындай тренинг ойындардан, жағдаятты деңгейге сай сұрақтардан тұруы керек.Сонда ғана балалардың әдебиетке деген ынтасы оянып, пәнге қызығушылығы артады.

    Сонымен бірге әр оқушы өзіне күнделік-дәптер ашып, кестелерді төмендегідей үлгіде толтырып отырса және олар «Кітап-рухани байлық» атты тақырыппен айдарда тоқсан сайын жеңімпаздарын мадақтап отырса, көркем әдебиетке деген қызығушылықтары   артып, көркем шығарма оқуға құлшыныстары артар еді.

Авторы

Кітаптың, шығармалардың аты

Баспасы,

шыққан жылы

 

 

 

 

Автор

Кітаптың аты

Қашан оқыдым? 

Басты оқиғалар

Негізгі кейіпкер

Өзіме ұнағандары 

 

 

 

 

 

 

Сапарғали Ысқақұлы Бегалин

Жазушы, қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Сапарғали Ысқақұлы Бегалин 1895 жылы қараша айының 24 жұлдызында Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Дегелең ауылында туған. 1915 жылы Семей қаласындағы орыс-қырғыз (қазақ) училищесін бітірген. 1916 жылы І дүниежүзілік соғыс майданының қара жұмысына алынған.1929-1935 жылдары Дегелең болыстық атқару комитетінің төрағасы, Қарқаралы уездік атқару комитетінің мүшесі, бөлім меңгерушісінің орынбасары, аудандық халық соты қызметтерін атқарған.Қазақстан Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет институтында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет етті. Бегалин шығармашылық жолын өлең жазудан бастаған. Оның «Қазақ қыз -бозбалаларына» деген тұңғыш өлеңі 1914 жылы «Айқап» журналында басылған. Кейін бейнелі ой тереңдігімен, лирикалық-романтикалық толғаныстарымен елдегі өзгерістерді, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қаһармандар тұлғасын, туған жердің сұлу көркін шабыттана жырлаған «Қыран кегі», «Цимлян теңізі», «Таңдамалы», «Сырлы қайнар» т.б. өлеңдер мен поэмалары жарық көреді. Жас ұрпақтың өмір тануына, табиғат сырын ұғынуына ықпал етіп, оларды отанды сүю рухында тәрбиелейтін «Көксегеннің көргендері», «Ермектің алмасы», «Сәтжан», «Жас бұтақ», «Жеткіншектер», «Шоқан асулары», «Қыран туралы аңыз», ІІІ томдық таңдамалы шығармаларының жинағы т.б. әңгімелер мен повестер жинақтары, «Замана белестері» атты романы жарық көрді.Т.Г.Шевченко, А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтовтың жекелеген өлеңдерін, Д.Н.Мамин-Сибиряк, Л.В.Соловьевтің кейбір әңгімелері мен повестерін қазақ тіліне аударды.«Қарагөз», «Көктем», «Бесік жыры», «Ақ көгершін», «Сағындым сені, сәулем-ау»

т.б. 50-ге тарта өлеңдеріне ән шығарған-сазгер. Жазушы шығармалары көптеген тілдерге аударылған. Халықтар достығы, екі рет «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған

Балалар әдебиетінің атасы Сапарғали Бегалиннің Москвада орыс тілінде екі рет басылып шыққан «Сәтжан» атты повесі.

Повестегі басты кейіпкер – Сәтжан. «Сәтжан»повесі барлығы 8 бөлімнен тұрады.Әр бөліміне тақырыптар берілген: «Таңбалы таста», «Балапан ұясында», «Тырнақ алды», «Құс қуған бала» , «Жанайдың жаналықтары», «Алғашқы сонарда», «Жорға тауына жорық», «Есею жолында»; «Сәтжан» повесі негізінен аңшылық тақырыбына арналған. Мұның өзі-бала үшін үлкен өнер,бұл оны іскерлікке,икемділікке,алғырлыққа үйретеді.Бұл бір қыры болса,екінші қырынан тау қыранымен аң аулай жүріп,Сәтжан өз өлкесінің барлық сыр-сипатымен,оның байлығымен танысады.Өлкемен танысу Сәтжанға жаңа ой, жаңа қиял туғызады.Көре жүріп үйрену адамды  үлкен іскерлікке баулитынын ол өз тәжірибесінен көреді.Жазушының шеберлігі аң аулау жұмысын өлкетану ісімен байланыстыруынан байқалады.

«Таңбалы тастағы» әр алуан суреттер мен әр түрлі тастардың табылуы жай нәрсе емес екені  Сәтжанды үлкен ойға қалдырған-ды…

Балалар үшін жазылған көркем әдебиеттегі ең құнды мәселе-өзінің оқушысын осы сияқты істерге баулып,өмірге үйрететіндей,соған қызықтыратындай уыты болуында.

 

 

«Сәтжан»

(Повестен үзінді)

   … «Жем басқан жерінде қойқаңдап біраз отырып ителгі көтеріліп ұшып аспанға шықты.Серікбай қолындағы жемді қайта көрсетіп, ителгіні енді өзіне шақырды.Қолдан жем алып үйренген әдетті қыранша ителгі аққан бетімен келіп,Серікбайдың қолындағы жемге қонды.

Мүны бүгін аса тойғызбай,ертең мына жердегі қара судағы үйрекке тағы бір салып көрелік.Үйрек ұшқыр құс,алыстан көріп мына шабан шіркін жете алмай қалмаса,мынау алады,-деп Серікбай Сәтжанды қуантып қойды. Бүгінгі түн Сәтжанға жылдан кем болған жоқ.Ол ителгінісінің шырғаны басып жем алғанын,бүркітші атасының мақтап үйрек алады дегенін апасына айтып,түн ортасы ауғанша көзін ілмеді.Таң атып, бұзауын, бұзау емес-ау торпақтарын өрістетіп қай ауылға әкеліп жеткізу сәтін  өте ұзақ көріп, әрең дегенде ұйықтады. Сәтжанның әрбір талабына тағаты қалмай қызықтап қарайтын Зейне де баласынан аз қуанған жоқ.Ол тек,баласы аса әуейленіп кетпесін дегендей сыр бермей,салмақты ақыл айтып,шаруа жағына ойыстырып ой сала берді.Бірақ та,үйкүшік болмай түзшіл болуын, бұйығы болмай өршіл, ізденгіш болуын, өте ұнатады.Көбінесе баласына салып,өнерге талпындыратын да Зейненің өзі.Ол баласына: -Атаңнан мылтық атуды да үйрен,өзім мылтық алғызып берем. «Қару алсаң-мылтық ал, қарның ашса тамағың, талыққанда таяғың» -деген халық мақалын айтып,өнер таңдағанда үйрен дейтіні осындай нәрселер». [5] Бұл үзіндіде ителгіні үйрекке салуға дайындығын көре отырып, Сәтжанның зор талабы аңғарамыз.Сонымен бірге анасы  Зейненің балаға деген ыстық ықыласы мен ана мейірімі, Сәтжанды өнерге ұмтылдыруы, сенім артуы  оқырманын қызықтырумен бірге мол тәлім-тәрбие берері сөзсіз… …«Шүрегейдей зулап ұшып, зырлап ақпй, шабадай ұшып түзу жөнелген қос көкаланың үстіне ителгі сып етіп жетіп барып,жарқ етіп жоғары көтерілді.Құсының осы сәттегі бар қимылын бағып тұрған Сәтжанның көзіне жас толып,бұлдырап кеткендей болды.Үйректің дәл үстіне жетіп алып,жоғарылап қайта шүйіліп,ителгі үйректің біреуіне түйіліп кеткенде,бір үйрек сылқ етіп құлдырап жерге ақты.Ол үйректің қызығына қарап, ителгісінің одан кейін не істегенінен Сәтжан көз  жазды.Ителгісі үйректің бірін теуіп түсіріп, екіншісіне шүйіліп қуып жөнелді.Сонша болмады, сасқан үйрек бұлт беріп бір шоқ талға барып жоқ болды.Талға кірген үйректі таба алмай,ағындаған бетімен барып,өзеннің қабағындағы бір жартасқа қонып отырып қалды.Ителгінің теуіп түсірген үйрегін іліп алып,Серікбай да ителгінің қонған жартасына қарай жүгіріп келді.Құнанымен шапқылап Сәтжан да жетті.Қолындағы қызылды  көрсетіп, Серікбай ителгіні шақырды.Дағдылы қыранша бөгелместен ителгі Серікбайдың қолына келіп  қонғанда, Сәтжан шектен тыс қуанып кетті.Түздің құсына дәндесе ителгісі қолға қайтып келмей қояр, деп те қорқатын еді.Ителгісі оны естімеді, лып етіп қызылға қайтып келді.Ителгі теуіп түсірген көнектей көкала үйректі Серікбай бауыздап,Сәтжанның қанжығасына байлап берді. …-Құсың аяқтанды,мынау құсыңның тырнақалдысы, сенің де тырнақалдың.Зейне үлкен той істейтін болды,-деп күліп Серікбай қонышынан қара шақшасын алып,қағып-қағып насыбайын ерніне тастап жіберді. Атасының Сәтжанға жұмбақ болып тұрған әрекетінің бірі ителгіні алғашқы бір топ шүрегей үйрекке қойды.Сүйтті де осы сырды атасынан сұрағысы келіп     оқтанды.Бірақ батылы бармады.Сәтжанның осы сыры қабағынан ұққандай, атасы ауылға бет алғанда,әңгіме етіп ұшқыр шүрегейдің ителгіге жеткізбейтінін,салған құсына жете алмаса ителгі беталды ұзап ұшып кететінін ұғындырды.

   Тырнақалды үйрегін алып ауылға келгенде,Сәтжанды шашу шашып қарсы алған Зейне,төбесі көкке жеткендей қуанып,бар тілегін осы сәтте баласына арнап шүкірана ойын айтып жатты». … «Қысқы каникулға босар алдында шаңғышылар үйірмесінде Сәтжан шаңғы жорығына шығуды ұсынды. «Жорға тауындағы қой фермасына барып қайталық.Малды көрейік,малшыларға газет апаралық»-деді.Оның сөзіне Нариман қосылды.Оныншы кластың оқушысы Қапан:-«Онда біз Сәтжан ителгісіне Қайрақты өзенінің құры мен қоянын алдырамыз.Бұл бір тамаша серуен,демалыс болады»,-деді.Сөзді осыған байлап, жүріс әзірлігіне жұмыла қам істеді. Шаңғышылардың бұл жүрісін аудандық комсомол комитеті де ұнатты.Комсомол ұйымы бұларға арнаулы тапсырма берді.Бұлардың бұл жүрісі «Жорға тауына жорық»деп жарияланды»….«Таңбалы тас»айналасында көп жерлер ертеде қазылып орланған сияқты жыра,шұңқырлар болатын.Бірақ шөп шығып,аса бір зерттей қараған кісі болмаса, байқалмастай тегістеліп,теңеліп те кеткен-ді.Петр да осы жағына ерекше көңіл бөліп, картаға түсіріп алды.Тастарының, топырағының кейбір өзгеше белгілеріне және жерінің қазылып, тастарына айырықша белгілер жазылуына қарағанда бұл жерде бір сыр бар екеніне күмәнданған жоқ.Оның Сәтжанға оқу жайында ой салып сұрастырып келе жатқаны да осы ойдың өрісінен шығып еді.Петрды қызықтырып келе жатқан Сәтжанның әр нәрсеге өте ойшылдықпен сергек қарауы.Өзі айтқандай жаратылыстың тілін білуге аса ынтықтығы еді.Ел орынға отыра Петр бастаған қонақтарын алып Сәтжан үйіне келді.Зейне де қонақтарды тосып отырғандай әзірлікпен, тігіп алған киіз үйіне кіргізіп,көрпесін жайды.Бір бұл емес, қазақ ауылдарында сан рет болып қазақ әдетіне әбден түсінген Петр өз үйіндей жайлана отырып, жайдары мінезімен әңгімеге кірісті. Қонақтардың іздеген жерден тауып қайтқан жан   келді.Өзінің бала күнінен бауырына басқандай бір жасасқан тамаша сырлы «Таңбалы тасынан», туып-өскен жерінен өзгеше асыл кен шыға қалса андай, мынау өлкеге қала салынып, шойын жол да түсер еді. Онда мынау өлке ғой, мүлде шаhар болып, шар-тарапқа аты кетеді.Серікбай кейінгі кездерде осы ойларды ойлап, сол кенді өзі егіп өсіргендей болатын. Әсіресе Алматыдан кісі келіп, «Таңбалы тастан» кен қарайды екен,деген сөз шыққаннан бері-ақ ол өз туып-өскен жеріне ерекше дәмелі көзбен қарайтын. «Бұл кісілер Сәтжанның жазған қағазымен келіпті»дегенде: «Біздің Сәтжан бұл жерде бір нәрсенің барын оқумен біліп жүр-ау» деп ойлады».[5]

 

 

 

 

 

 

 

 

Талдау

Эпикалық жанр түрі - повесть.Шығарманың негізгі ойы- қазақтың ата кәсібі құсбегілік пен аңшылықты дәріптейді.

Шығарманың композициялық құрылысына тоқталсақ:

Басталуы: Ауыл балалары Сәтжан мен Жанайдың «Таңбалы тас» құпиясына және ителгі ұясына кездесуі.

Байланысуы: Ителгі ұясынан Сәтжанның балапанды алып, өсіруі.

Шиеленісуі: Ителгіні қаз, үйрекке салуы, ең алғаш тырнақ алды жемісін көруі

Шарықтау шегі: Достарымен тауға жорыққа шығуы, ителгіні қоянға салуы, ителгісінен көз жазып қалуы.

Шығарманың шешім: Сәтжанның құсбегіліктен басқа ғылым жолынтаңдап, «Таңбалы тастың» құпиясын мақсат тұтуы, Алматыдағы Тау-кен зерттейтін оқу орнын таңдап, талаптануы.

Тәрбиелік мәні: Жалпы өнерлі болуға, еңбекқорлыққа, адалдыққа, адамгершілікке, білімді болуға тәрбиелейді.

Әдеби теориялық ұғымдар:

эпитет, теңеу,диалог, мақал-мәтелдер т.б.

 

 

 

 

Тапсырмалар:

1.Повестке тезистік жоспар құру.

Повесте маған әсер еткен  жағдай

      Өз ой-пікірім

 

 

 

2.Сәтжанның іс-әрекетін мақал-мәтелдермен түйінде:

1.Талапты ерге нұр жауар

2…..

3…..

 

3.Кейіпкерге ауызша,жазбаша мінездеме беріп,кестені толтырыңыз:

 

Қорытынды пікір

Шыққан ортасы   

Алған тәрбиесі   

Мінез-құлқы   

Сырт келбеті

 

Жан дүниесі   

Іс-әрекеттері   

 

Сәтжан

 

 

 

 

 

 

 

Жанай

 

 

 

 

 

 

 

  

4.Сәтжан бойынан қандай қасиеттерді аңғардың?  

 

 

“Бала мерген” повесі жайында

   Сапарғалидың “Бала мерген” повесінің негізгі мазмұны қазақтың ата кәсібі аңшылыққа тәрбиелейді. Повесть 6 бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімі «Таныстыру» -деп басталып, басты кейіпкері Уаш деген жасөспіріммен таныстырады. … «Әкесі майданға аттанғанда Уаш он төрт жаста еді. Жасөспірім Уаштың өткір сұрғылт көзі, биіктеу қабағы, өсіп жете толмағандығы болмаса Нұрқасымнан айнымайтын. Ал бойы әлі талдырмаш болғанымен салалы, тарамыстау ширақ еді. Оның өңінің сарылығы, шашының тұнжыр қоңырқайлығы да әкесіне ұқсайтын. Тек, ол мінез жағына келгенде Нұрқасымның баяу, салғырт қимылы жоқ. Әр нәрсеге талаптанғыш, сәл алғыр да тәрізді еді. Ондай жайын ойлағанда Нұрқасым Әйменді есіне алып, осы мінез жағынан шеше, нағашы қаны мол сақталған ғой дейтін». [6]  Одан кейінгі бөлімдері «Алғашқы елік»,«Сілеусін»,  «Қалаумен барып қасқыр атқаны», «Аюмен жекпе-жек», «Таутеке жорығы» деген тақырыптардан құралған, бұл бөлімдерде «Бала мерген» повесінің басты кейіпкері:Нұрқасымның жалғыз ұлы, жасөспірім – Уаштың бейнесі суреттеледі. Уаш - аса мерген, батыл, қамқоршыл бала. Кейіпкерлері: әкесі Нұрқасым, анасы Әймен, қарындасы Дариға, ауылдағы ішкі істер қызметкері Исаев, шопан Ыбрай  және ауыл адамдары Мұқан,Жанжігіттер.

 

 

 

“Бала мерген”

                              (Повестен үзінді)

…«Алтай тауының Қос кемпір,Тазқара биіктерінен құлдилаған қар етекке де жетті.Бұл  кезде елік,күдір сияқты қоңыр аңдар етекке,ұсақ адырлы тепсеңге түседі.Мұндай кезде дағдылы аңшылар аңды балақтағы балапан қарағайларының арасынан аңдиды.Ол әдісті Уаш та әкесінен ұғынған.Күзден бергі Уаш ойындағы бір мақсат қалайда елікке оқ шығару. «Шіркін, балапан қарағайдың арасынан мүйізі мен құлағы ербеңдеп, таңы жарқылдап, бұлдырай орғыған еліктің алдын тоспауылдай қарауылға алып, өкпе тұсынан көздеп тұрып, басып салса. Күрс ете түссе» дейді. Ол осы оймен құмартқалы қашан. Бірақ, ондай құмардан шығарар жағдай әлі кездескен жоқ.Елік дәл алдынан шықса керек, бір теке тобынан бөлініп, ақсай басып арғы иыққа асты. Оқтан үріккен еліктің қалың тобы құйындай ұйтқып тап Уаш отырған иек артпаға жетіп келді.Демін ішіне тартып отырған бала мерген текесін, ешкісін деп таңдауға мұршасы келмеді.Алдыңғы елікті көлденеңдей бергенде басып салды. Өзінің «күрс ете түсті, тырп етпеді» дейтін жайшылықтағы сөздері аузына түспей қалды. Уаштың есі шығып кетті.Ол шаңғысына қарамастан тұра жүгірді.Басын соғып,екі көзі жаудырап,қансыраған сорлы елік ақырғы демін алғандай ышқынды.Ол қонышындағы кездігін алып щалып жіберді,жып-жылы қан аппақ қарға бүлкілдеп құйылып жатты.Жас мерген,аң құмарлық билеген сезім ықпалына улап,аңға,қанға ешбір мән берген жоқ»….«Март айының бас кезінде ерегескендей,таңертең қорадан шығарған Ыбырайдың буаз биесін жарып тастапты.Ыбырай қасқырдың ізіне түсті,екі күн аңдып кездестірмеді.Бір рет алыстан көрініп,оқ шығартпады»Шіркін-ай,мынаған Уашты шақырмай болмас»-деді.Ертеңіне атқа мініп Сарымсақты селеніне тартты.Ондағы ойы Уашты шақырып мына қасқырды аңду». шауып, күн көрсетпей жүрген көкжал «-  Ой,қарағым-ай, өркенің өссін! «Батырдан сауға,мергеннен мүше деген» -  нағыз оңбағанның өзі осы.Ана арланынан осы қаншығы бір ұры антұрған еді,-деп өзінің ен таққан қасқырын көргендей болды.Ыбырай келе аттан түсіп,қасқырды аунатып көріп:-Бұл бір қасқыр емес,мына қой.Енді бір алты айда алты көкжал болып еретін ішінде аз болғанда төрт күшігі бар шығар.Мұны бесеу деп еді.Енесімен,арланымен және бөлтіріктер қандай қамқор.Ана арлан енді бұл маңға келмейді.Қаншығы оққа ұшты,ол безеді,-деп,Ыбырай қасқыр жайындағы өзі білетін сырларды айтып,мазасы кеткен жауынан құтылғандай аса қуанды. Қасқырды өңгеріп алып ауылға тартты.Уаш та мылтығын мойнына салып ауылға оралды» … «Былтыр қолтығын қарауылға алып жан дәрменмен атып қалдым, жерге домалап түсті.Өкіріп ыңырсып жатты, қашан дыбысы біткенше аңдып отырып, әбден жаны шыққан соң барып терісін алдық, майын алдық, етін алдық,-деп бала мерген әкесіне алғаш атқан аюдың әңгімесін аяқтап».[6]… «Күтпеген жерден көрінген жалғыз теке сондай зор болып елестеді.Әсіресе қарағайдай екі мүйізі ереуілдеп, аяғын маңғаздана басады.Уаш мылтығын алып көздеді. «Ал, осы жерден атқанда оғы дари ма? Ең аз болғанда алты жүз метрден кем емес.Ал оқ тисін, ана құздан август айының аяқ кезі, елік қарап келейін деп берденкені алып, Шыбынды бұлақтың бас жағындағы шатқалға бардым. Ойда жоқтан үйелмендей аң алдымнан шыға келгенде шошып кеттім.Астымдағы атым шошып қалш-қалш етті, ілгері баспай тұрып алды.Аттан қарғып түсіп мылтығымды алып кезене беріп ем, ол гүр етіп өзіме қарсы жүрді.Аса бір жақсы болғаны, мен жоғары жақта, аю төменде, тақыр қалай барып, қалай алады.Бостан-босқа қасқырға жем өлтіреді. Ешнәрседен хабарсыз теке бір шалып, екі шалып жүріп келеді.Ішінен ойлаған есептің бәрін қойып, Уаш кезенген бетінде мылтығын басып салды».

 

 

 

 

 

 

 

Талдау

Эпикалық жанр түрі - повесть. Шығарманың негізгі ойы - қазақтың ата кәсібі аңшылықты дәріптейді.

Шығарманың композициялық құрылысына тоқталсақ:

Басталуы. Уаштың әкесі Нұрқасымның соғысқа кетуі, баласына отбасын аманаттауы.

Байланысуы. Майданға кетер алдында әкесі Уашқа мылтық атуды үйретуі, алғашқы тиінді атуы.

Шиеленісуі. Уаштың аң құмарлыққа қызығуы, елік пен сілеусінді атуы.

Шарықтау шегі.Аюмен жекпе-жекке шығуы, таутекені атып алуы.

Шығарманың шешімі. Аңшылардың, ауыл қарияларының Уаштың мерген екенін мойындауы, бала мерген атануы. Шығармада эпитет, теңеу, диалог, мақал – мәтелдер т.б. әдеби теориялық ұғымдар қолданылған.

Тәрбиелік мәні: өнерлі болуға, еңбекқорлыққа, адалдыққа, адамгершілікке, үлкендерді құрметтеуге тәрбиелейді.

 

Тапсырмалар:

1.Семантикалық кестені толтырыңыз

Повестің негізгі оқиғасы

Кейіпкерлер іс-әрекеті

Жазушының көркемдік әдісі

 

 

 

2. «Мен мерген болсам» тақырыбына ойтолғаңыз.

3. «БҮҮ» кестесін толтырыңыз:

 Білемін

Білгенім

Білгім келеді 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Төменгі сынып оқушыларына арналған әдебиеттер:

 

Бегалин С. Есеннің кірпісі: Әңгіме. – Алматы: Жалын, 1997. –12 б.

Бегалин С. Ермектің алмасы. - Алматы: Жалын, 1985. -24 бет: сур.

Бегалин С. Керкиік: Әңгіме. – Кітапта: Бегалин С. Сәтжан. Алматы, 1978. –121б.

Бегалин С. Сырлы қайнар: Өлеңдер. – Алматы: ҚМКӘБ, 1963. –78б.

Бегалин С. Сел: Әңгіме. – Кітапта: Бегалин С. Сәтжан. Алматы, 1978. –152б.

Бегалин С. Олжабектің оқуы: – Кітапта: Жыл он екі ай. – 1980. –Алматы, 1980. –11б.

 

Жазушы Сапарғали Бегалиннің жарыққа шыққан шығармаларының библиографиялық тізімі:

(Шығармалар хронология бойынша топтасқан)

 

Шығарманың аты Шығарған баспа Жылы Тиражы

1. Көксегеннің көргендері. Әңгіме ҚМКӘБ 1943 25000

2.Қыран кегі (Ертегіден алынған поэма) Қазбірмембас 1944 10000

3.Жамбыл. Өмірбаяны туралы очерк. Авт.: С.Бегалин, Ә.Тәжібаев, М.Ритман-Фетисов Қазбірмембас 1946 15000

4.Төлбасылар. (Очерк. Әңгімелер жинағы) Қазбірмембас 1948 10000

5. Саяхатшылар. (Өлең, орта мектеп оқушыларына арналған) КМКӘБ 1948 30000

6. Ермектің алмасы. (Балалар үшін әңгімелер) ҚМКӘБ 1951 15000

7. Сатжан. Тағы басқа әңгімелер Жаңа өмір 1953 2100

8. Цимлян теңізі. (Өлең.Балалар үшін) ҚМКӘБ 1953 30000

9. Жас бұтақ. Әңгімелер жинағы ҚМКӘБ 1953 20000

10. Жеткіншіктер (Әңгімелер) ҚМКӘБ 1953 15000

11. Саяхатшылар. (Өлең. Балалар үшін) ҚМКӘБ 1954 30000

12. Бақыт. (Әңгімелер жинағы. Балалар үшін) ҚМКӘБ 1956 10000

13. Таңдамалы өлеңдері мен поэмалары. Алғы сөзі Ә.Сәрсенбаевтікі ҚМӘКБ 1956 10000

14. Көгалды көтергендер. Кіші жастағы балалар үшін әңгімелер ҚМКӘБ 1957 20000

15. Тың. (Әңгімелер) (Орта мектеп оқушыларына арналған) ҚМКӘБ 1957 20000

16. Әңгімелер. Алматы ҚМКӘБ,1 ҚМКӘБ 1958 150000

17. Ана қайраты. Ана туралы әңгімелер ҚМКӘБ 1960 10000

18. Жеткіншік. Таңдамалы әңгімелер. 2-ші басылуы ҚМКӘБ 1960 13000

19. Мектеп түлектері. Әңгімелер. ҚМКӘБ 1961 9000

20. Өлеңдер мен поэмалар ҚМКӘБ 1962 4200

21. Сырлы қайнар. (Балаларға арн. өлең-поэмалар) ҚМКӘБ 1963 9500

22. Бала Шоқан. Повесть (Жоғарғы кл. оқушыларына арн.) Жазушы 1964 24000

23. Шығармалары. Өлеңдер мен поэмалар Жазушы 1966 10000

24. Мұстафа қарттың әңгімесі. Әңгімелер Жазушы 1966 18000

25. Қыран туралы хикая Қайнар 1967 8000

26. Уақыт тынысы. Повестер мен әңгімелер Жазушы 1968 45000

27. Шоқан асулары Жазушы 1971 43000

28. Сәтжан. Повестер мен әңгімелер Жазушы 1973 44000

29. Замана белестері. Роман Жазушы 1975 60000

30. Қыран туралы аңыз. (Повесть және әңгімелер) Жалын 1976 49000

31. Сахара сандуғаштары (Естеліктер мен әңгімелер) Қазақстан 1976 15000

32. Есеннің кірпісі. (Әңгіме. Мектепке дейінгі балаларға арналған) Жалын 1977 25000

33. Екі томдық шығармалар т.1 Замана белестері. Роман Жазушы 1979 47000

34. Т.2. Повесть пен әңгімелер Жазушы 1979 47000

35. Ермектің алмасы. Әңгімелер (Мектепке дейінгі балаларға арналған: Қайта басылып шыққан) Жалын 1985 28000

36. Жамбыл: Өмірбаяндық хикаят. Жалын 1996 3000

37. Шоқан асулары. Повесть Балауса 1996 2000

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1.     Әметова Гүлайхан «Көмекші құрал»

2.     С. Бегалин.- Алматы: Жазушы, 2003.- 240 б.- (Қазақ балалар әдебиетінің қазынасы).

3.     Екі томдық шығармалар т.1. Замана белестері. Роман т.2.-Жазушы.

4.     Бегалин, Сапарғали. Сәтжан: Повестер мен әңгімелер: Орта және орталау мектептің оқушыларына арналған/ С. Бегалин.- Алматы: Жалын, 1978.- 168 бет

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Книга по казахской литературе на тему "Сапарғали Бегалин" 9 класс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Спортивный психолог

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 041 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.02.2016 2638
    • DOCX 187 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сейтказин Алданыш Куанышевич. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сейтказин Алданыш Куанышевич
    Сейтказин Алданыш Куанышевич
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6514
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 847 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 475 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 324 человека

Мини-курс

GR-технологии и взаимодействие с СМИ

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология эмпатии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Методические навыки и эффективность обучения школьников на уроках литературы

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе