Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Күнтізбелік жоспар әдебиет 3 сынып атамұра
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Күнтізбелік жоспар әдебиет 3 сынып атамұра

библиотека
материалов

ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ


Түсінік хат


Күнтізбелік-тақырыптық жоспар 23 тамыз 2012 жылғы № 1080 бұйрығымен бекітілген ҚР Стандартына, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірде №115 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған «Әдебиеттік оқу» оқу бағдарламасына, «2015-2016 оқу жылында Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдарында ғылым негіздерін оқыту ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатына және № 21 орта жалпы білім беретін мектебінің оқу жоспарына сәйкес жасалынды.

«Әдебиеттік оқу» пәні – бастауыш сынып оқушыларының ауызша және жазбаша тілін дамытуды, яғни сөздік қорын байытуды, байланыстыра және грамматикалық тұрғыдан жүйелі сөйлеуге үйретуді, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды көздейді. Ұлттық тәрбие, рухани-мәдени құндылықтар, ана тілі және қазақ халқының салт-дәстүрі негізінде сусындаған жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді. Адамның ішкі рухани жан дүниесі байлығын ашуға, адамгершілікке тәрбиелеуге, тілі мен қиялын дамытуға мүмкіндік береді.

Пәнінің мақсатыдұрыс, мәнерлеп және шапшаң оқуды меңгерту, оқушыны шығарма авторының көзқарасын түсінуге жетелеу және мәтінді қабылдаушы оқырман ретінде тәрбиелеу, көркем-шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту, сөз өнеріне деген қызығушылығы мен эстетикалық талғамын қалыптастыру, сөйлеу әрекетінің барлық түрін жетілдіру, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық пен рухани-адамгершілік тәрбие беру.

Пәнінің міндеттері:

    1. оқу сапасын (дұрыс, түсініп, шапшаң, мәнерлеп) жетілдіру;

    2. ауыз әдебиетінің жанрларымен, отандық және әлемдік балалар әдебиетінің озық үлгілерімен таныстыру;

    3. ақын-жазушылардың балаларға арналған шығармаларының басты тақырыбын, басты кейіпкерлерін және негізгі мазмұнын айқындау;

    4. талданып отырған мәтіннің жанрлық сипатын анықтау;

    5. әдеби-теориялық білім негіздерін қалыптастыру;

    6. адамгершілік және эстетикалық құндылықтар жүйесі негіздерін қалыптастыру;

    7. оқылған шығарма сюжеті ізімен немесе еркін тақырыпта әртүрлі әдеби шығармашылық жұмыс түрлерін (өлең, әңгіме құрастыру, мәтінді сахналау, мәтін бойынша сурет салу, мақала жазу, шағын үзіндіге сценарий жазу т.б.) орындауға машықтандыру;

    8. әдеби функционалдық сауаттылыққа баулу және әдеби тілде еркін сөйлеуді меңгерту;

    9. тұлғалық оқырмандық мәдениетін қалыптастыруда ана тілінде ауызша және жазбаша дұрыс сөйлеу, өз ойын анық (тіл байлығын арттыра отырып), нақты баяндау білігі мен дағдысын қалыптастыру;

    10. кітап және анықтамалықтармен, библиографиялық әдебиеттер және сөздіктермен жұмыс істей білуге дағдыландыру.

Әдебиеттік оқу пәнінің басқа пәндермен пәнаралық байланысы оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу тілін, көркем-шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту, сөз өнеріне деген қызығушылығын, эстетикалық талғамын арттыру, ұлттық сананы қалыптастыру, сөйлеу әрекетінің барлық түрін жетілдіру, рухани-мәдени, ұлттық-әлемдік құндылықтарды барынша бағалап, құрметпен қарауға үйрету мақсатында жүзеге асырылады. «Әдебиеттік оқу» пәнінің сөздік қорын басқа пән терминдері арқылы байытылып, кеңейтіледі және ол пәндердің мазмұнын толық ұғынуға ықпалын тигізеді.

1) Қазақ тілі: жазба жұмыс түрлерін (мазмұндама, шығарма) орындау; сөздік қорын байыту, байланыстыра және грамматикалық тұрғыдан жүйелі сөйлеуге үйрету, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру; өз ойынан, үлгі бойынша, көргені немесе оқығаны бойынша мәтін (сипаттау, пайымдау, баяндау) құрастыру, мәтінді талдау, жоспар құру, мәтінге атау беру; жазба жұмыс түрлерін (мазмұндама, шығарма) орындау; жазба жұмыстарын сауатты жазу (қатесіз жазу); жазба жұмыстарын жазу барысында грамматикалық ережелерді қолдану, орфографиялық және орфоэпиялық нормаларды сақтау.

2) Математика: сандарды ойын кезінде, ауыз әдебиет шығармаларында қолдану; тілді математикалық терминдермен байыту;

3) Дүниетану: қоршаған дүниенің біртұтастығы, олардың арасындағы байланыс туралы білімдерін қолдану; топсеруен кезінде, табиғат туралы алған білімдерін жазба жұмыстарда қолдану.

4) Музыка: қазақ халқының және Қазақстанда тұратын басқа халықтардың музыка саласына еңбек сіңірген қайраткерлердің музыкалық шығармаларын тыңдау; музыка тіліне салынған ақындардың өлеңдерін жаттау; ақын өлеңдерінің ырғағын анықтай алу; өлеңдерге сай әуендер ойлап табу; мәтіндердегі автордың көңіл-күйін байқау; ана тіліміздің сазды, әуенді, әуезді сарынын, үнін тыңдау; көркем шығармалардағы сипаттау, теңеулердің музыка тіліндегі үндестігін ұғыну.

5) Бейнелеу өнері: суретшілердің шығармалары арқылы оқушылардың сөз байлығын арттыру, тілін дамыту; сурет бойынша өз сезімдерін, ой-пікірлерін білдір; суретке қарап мәтіндегі оқиғаны әңгімелеуге, мәтіндегі оқиғаға сай сурет салғызуға жаттықтыру; сипаттау, салыстыра сипаттау мәтіндерін құрастыруда, мазмұндама және шығарма жазуда халық шеберлерінің туындыларын пайдалану; эстетикалық тәрбие беру.

6) Еңбекке баулу: еңбек тақырыбына байланысты шығармалар оқу барысында оқушыларды еңбексүйгіштікке баулу, адамдардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу; еңбекке баулу сабағында берілетін қазақ халқының және Қазақстанда тұратын басқа халықтардың ұлттық киім үлгілері, қазақтың ұлттық зергерлік бұйымдары мен ою-өрнектерінің тарихы т.б. туралы мәліметтерді шығармалар оқу кезінде еске түсіру, байланыс орнату; қазақтың сәндік-қолданбалы өнерін оқушылардың ауызекі және жазба тілдерін дамыту, сөздік қорларын байыту арқылы жүзеге асырылады.


Базалық білім мазмұны:


Оқу материалдары төмендегі тараулар бойынша топтастырылады:


Талаптан да, білім мен өнер үйрен

16 сағат


Жақсыдан үйрен

15 сағат

Маужырап барқыт қоңыр күз

10 сағат


Масатыдай құлпырар жердің жүзі

10 сағат

Туған елім, туған жерім

15 сағат


Табиғат – менің өз үйім

15 сағат

Ата-бабам тарихы – менің тарихым

15 сағат


Жаздыгүн шілде болғанда

12 сағат

Туған жерге қыс келді

10 сағат


Сарқылмас қазына

18 сағат


Әр бөлімге бөлінген сағаттар санында ауызша және жазбаша тіл дамыту, қайталау сабақтары қоса есептеледі.

1.Ауыз әдебиеті үлгілері: бесік жыры, төрт түлік туралы жырлар, жұмбақтар және жаңылтпаштар, түрлі тақырыптағы мақал-мәтелдер (өнер, білім, тәрбие, еңбек, ынтымақ, бірлік, батырлық, ерлік, жақсылық және жамандық, достық және т.б.); қазақ және басқа да халықтар ертегілері; аңыз әңгімелер, мысалдар, күлдіргі әңгімелер; шешендік сөздер, нақыл сөздер; батырлар жыры; айтыс түрлері.

2.Жазба балалар әдебиеті үлгілері: қазақ ақындарының балаларға арналған өлеңдері (А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, Ж.Жабаев, М.Жұмабаев, М.Дулатов, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Т.Жароков, А.Тоқмағамбетов, Қ.Аманжолов, М.Мақатаев, Ж.Смақов, Т.Айбергенов, Қ.Мырза Әлі, С.Мәуленов, Ө.Тұрманжанов, Н.Айтов, Ә.Дүйсенбиев, Ф.Оңғарсынова, Б.Ысқақов, Ө.Ақыпбеков, Ғ.Қайырбеков, О.Әубәкіров, Ш.Смаханұлы және т.б.), қазақ жазушылары (Ы.Алтынсарин, С.Көбеев, А.Байтұрсынұлы, Ж.Аймауытов, Б.Майлин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ш.Мұртаза, С.Бегалин, М.Иманжанов, Б.Соқпақбаев, М.Төрежанов, С.Шаймерденов және т.б.), орыс және әлем классиктерінің (Л.Толстой, Ш.Айтматов, А.Гайдар және т.б.) шығармалары; жазушылар өмірбаяны мен шығармашылығы туралы қысқаша мәліметтер; ғылыми-танымдық шығармалардан: мақала, естелік, өмірбаян, күнделік (аспан әлемі, су асты тіршілігі, табиғат құбылыстары, жаратылыс құпиялары, адамзат сырлары, техника жетістіктері, халықтық әдет-ғұрып, салт-дәстүр туралы шығармалар).

3.Әдеби-теориялық білім: халық ауыз әдебиетінің негізгі жанрлары (ертегі, аңыз, наным–сенім өлеңдері, тұрмыс–салт жырлары, жаңылтпаш, жұмбақ, мақал–мәтелдер, батырлар жыры, айтыс, шешендік сөздер) туралы ұғымдар дамытылып, олардың басты белгілері, мысал, әңгіме туралы ұғым, шығарманың тақырыбы, идеясы, сюжеті туралы қарапайым түсініктер, теңеу, эпитет, кейіптеу, метафора қолданысы, олардың анықтамалары,

кейіпкерге мінездеме, портрет, диалог, монолог туралы балалардың түсініктеріне сай анықтамалар.

4. Мәтінмен жұмыс: мәтіннен немесе мәтін бөлімдерінен түйін сөздерді көрсету, түйін сөздер мен негізгі ой арасындағы байланысты орнату; өздігінен мәтінді бөлімдерге бөлу және атау; әр бөлімнің және тұтас шығарманың (мұғалімнің көмегімен және өздігінен) басты ойын бөлу; қарапайым жоспар құрастыру (қарапайым жоспар нұсқасы: жоспардың пункттері – хабарлы сөйлемдер; сұрақтардан тұратын, мәтіндегі сөйлемдер арқылы құрастырылған жоспар); мұғалім немесе оқушылардың құрастырған жоспарын мәтін құрылымымен сәйкестендіру; өздігінен кейіпкер туралы жоспар құрастыру; мәтін бойынша алдын-ала құрастырылған сұрақтарға, оқыған мәтін мазмұны бойынша мұғалімнің сұрақтарына жауап беру; өздігінен мәтінге сұрақтар құрастыру, оқу барысында мазмұнды болжау; тақырып атауы, иллюстрация және түйін сөздер негізінде мәтін мазмұнын болжау; өздігінен тақырып атауын ойластыру; қандай да бір ойды дәлелдеу үшін және нақты тапсырма бойынша таңдап оқуды қолдану; мәтінді сахналау; авторлар жөнінде қосымша деректер жинау; сөздіктермен жұмыс жасау; шығармашылық жұмыстар: өлең, мәтін құрастыру және т.б.

5.Оқу дағдысы. Іштей және дауыстап сөздерді тұтас мәнерлеп, дұрыс, саналы, жылдам оқу. Сөйлем құрылымына сәйкес келетін, дауыс ырғағын, қарқын, үнін, екпінін таңдап оқу.

Дайындық деңгейіне қойылатын талаптар


Пәндік нәтиже бойынша 3-сыныптың соңында оқушылар білуі қажет:

  1. шығармаларды өздігінен дауыстап, іштей, шапшаң, мәнерлеп және сөз екпінін дұрыс қойып оқуды;

  2. нұсқауға сәйкес мәтінді теріп оқуды;

  3. мысалдағы үгіт–насихат, өсиет сөз айтылған жолдарды тауып оқуды;

  4. көлемі қысқа мәтіндердегі оқиға мен іс-әрекетке өз көзқарасын білдіре әңгімелеуді;

  5. көлемі 200–250 сөзден тұратын мәтін мазмұнын толық, қысқаша және жоспар бойынша таңдау және әңгімелеуді;

  6. мәтінге түрліше жоспар құруды;

  7. мәтін мазмұнын өз сөзімен, толық әңгімелеуді;

  8. мәтінді бөліктерге бөліп, ат қоюды және оны дәлелдеуді;

  9. оқиға желісін ажыратуды, оқиғаға өзінің көзқарасы мен пікірін білдіруді;

  10. шығармадағы негізгі ойды табуды;

  11. шығарма кейіпкерлеріне сипаттама, олардың іс-әрекеттеріне баға беруді;

  12. мәтін авторын немесе авторы арқылы шығарманы атауды.


Оқушылар меңгеруі қажет:

  1. ауыз әдебиеті үлгілерін жазба әдебиеттен ажырата алуды;

  2. сызба бойынша өлең құрастыруды;

  3. өзі байқаған, көрген іс-әрекет, оқиғалар бойынша шығарма – суреттемелер жазуды;

  4. мәтін кейіпкерлеріне, туысқандарына, достарына хат, құттықтау жазуды;

  5. халық ауыз әдебиет үлгілерін және 3-4 өтірік өлеңді, 4–5 өлеңді жатқа айтуды; 15-20 мақал-мәтел мен жұмбақ, жаңылтпашты жатқа айтуды;

  6. мазмұндама мен шығарма жазуды (30-35 сөзден тұратын);

  7. 3-сыныптың бірінші жарты жылдығында минутына сөздер мен тыныс белгілерін қоса есептегенде 55-60 сөз оқуды; екінші жарты жылдықта – 60-65 сөз оқуды меңгеруі қажет.

Күнтізбелік – тақырыптық жоспар

Аптасына 4 сағаттан, барлығы 136 сағат


Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Сөздік жұмысы

Шығармашылық тапсырма

Үйге тапсырма

Мерзімі

1-тоқсан 9х4=36 сағат



Талаптан да, білім мен өнер үйрен

16






1

1

Әліппенің атасы. (Ахмет Байтұсынов шығармалары жинағынан)

1

Жер аудару, сөз мұрасы

Әр шардың түсіне мән бер. Неліктен солай екенін түсіндіріп көр

5-6-бет т.а, сөздік



2

2

А.Байтұрсынұлы. Оқуға шақыру

1

Іздеп тауып алалық

«Даналық – өшпес байлық» деген жолдағы ақын ойын сызба арқылы көрсету

6-7-бет м.о, сөздік



3

3

С.Мәуленов. Дала жұлдызы

1

Қараңғы

Мәтінге сүйеніп, сурет бойынша әңгіме құрастыру

9-10-бет т.а, сөздік



4

4

Ы.Алтынсарин. Өнер, білім бар жұрттар

1


Жаңа техника жасап шығару үшін адамға не керек?

11-12-бет м.о



5

5

М.Әуезов. Әке арманы

1


Мәтінді бөліктерге бөліп, әрбір бөлікке ат қой.

13-15-бет т.а



6

6

Абай. Адам болам десеңіз

1


Өлеңге сүйеніп, сұрақтарға жауап беру

18-бет жатт



7

7

М.Дулатов. Қырдан келген жас қазақ

1


Көкшіл түспен жазылған кісі аттарына мән бер.

19-20-бет т.а



8

8

Ауылға келген мұғалім

1


Қазіргі мектептердегі оқу көрінісінің суретін салу

21-22-бет т.а



9

9

М.Гумеров. Күмән

1


Көбелекті терезені сындырмай ұстап алудың амалын тап

24-25-бет т.а



10

10

Қ.Мырза Әли. Мұғалима

1

Бір тал шашы ағарған

Өз ұстазың туралы өлең құрастыр

26-27-бет жатт



11

11

Н.Ғабдуллин. Дос сөзі

1

Нәуетек

Әңгімені өз бетіңше жалғастырып әңгімеле

27-29-бет т.а



12

12

Б.Ысқақов. Кім жүйрік?

1


Суреттер бойынша жұмбақтар құрастыру

31-бет рөлге бөліп оқу



13

13

Т.Молдағалиев. Мамандық таңдау

1


Өзің кім болғың келетіні жайында әңгімеле

32-бет м.о



14

14

Қ.Аманжолов. Ұшқыш болғым келеді

1


Салыстыру

33-бет қалаған шумағын жатт



15

15

Р.Босилек. Жақсылардың жақсысы

1

Шар айналар

Сызба бойынша еңбек және білімді сипаттау

34-35-бет т.а



16

16

Ш.Құдайберді ұлы. Адамдық борышың

1

Тұл

Көкшіл түспен жазылған сөздерге қарсы мағыналы сөз жазу

36-б жаттау





Маужырап барқыт қоңыр күз

10






17

1

Т.Жароков. Ауыл күзі

1


Күз мезгілінің суретін салу

38-бет жатт



18

2

И.Бази. Жеміс бағында

1


Мәтінге сүйеніп, сурет бойынша әңгіме құрастыру

39-40-бет т.а



19

3

Ә.Табылды. Күздің кереметі

1


Омар ата көрсеткен жемістерді пішіні неге ұқсайды? Сурет салу

41-43-бет т.а



20

4

Е.Салықов. Күзгі орманның көріністері

1


Мәтінді әрі қарай жалғастырып әңгімелеу

45-47-бет т.а



21

5

Шығарма. «Ауыл күзі»







22

6

Абай. Шегіртке мен құмырсқа

1


Мысалға сүйеніп, шегіртке мен құмырсқаны салыстыра сипатта

45-бет рөлге бөліп оқу



23

7

Егінші мен қасқыр. Литва ертегісі

1


Тағамдардың дастарханға қалай келетіні туралы әңгімеле

50-51-бет т.а



24

8

Ғ.Қайырбеков. Қомбайншы

1


Комбайншы еңбегі туралы әңгімелеу

51-бет жатт



25

9

В.Сухомлинский. Қатқан нан

1


«Нансыз өмір жоқ» шығарма жазу

52-бет т.а



26

10

І.Жансүгіров. Малта

1

Жұмыршақ, сөре, өре, шым-шым су, сыбану

«Қыс азығын жаз жина» деген мақалдың мәтінге қатысы бар ма екенін дәлелдеп көр

53-54-бет т.а





Туған елім, туған жерім

15






27

1

Астана – бас қала

1

Руда

Астананың суретін салу

56-59-бет т.а



28

2

Еліміздің мемлекеттік рәміздері

1


Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туының белгілерін атап бер

59-62-бет т.а



29

3

Гимн

1


Гимнды айту

63-64-бет жатт



30

4

Ш.Құдайберді ұлы. Бостандық таңы атты

1


Ақыл сөздің өлеңге қатысы бар екенін дәлелде

64-бет м.о



31

5

М.Мақатаев. Үш бақытым.

1


Сенің ойынша «Үш бақытқа» нелер жатады?

66-бет жатт



32

6

Д.Әбілов. Туған тілім

1


Екі өлеңді салыстыру

66-бет жатт



33

7

С.Сейфуллин. Туған ел.

1


Табиғат-ана деген тіркестегі ой мен сурет арасында байланыс бар ма?

68-бет әңгімелеу



34

8

Мазмұндама

1






35

9

Б.Соқпақбаев. Сен ұйықтап жатқанда.

1


Мәтінді жоспар бойынша әңгімелеу

69-70-бет т.а



36

10

Өз біліміңді тексер.

1


Тест жұмысы




2-тоқсан 7х4=28 сағат

1

11

С.Мәуленов. Мен елімді сүйемін.

1


Мәтін бойынша сурет салу

72-бет т.а



2

12

М.Сәрсеке. Рәсім

1

Рәсім

Мәтін бойынша өзің қандай сурет салар едің?

73-75-бет т.а



3

13

М.Шаханов. Достық өлкесінің заңы

1


Соңғы жолын көшіріп жазу, өз ойың айту

76-77-бет м.о



4

14

Құстар айтысы. Үнді ертегісі

1


Бұқар жыраудың термесін өз бетіңше жалғастыру

78-79-бет т.а



5

15

М.Шаханов. Төрт ана

1


Өлеңді сызбаға сүйеніп талдау

79-бет м.о





Ата-бабам тарихы – менің тарихым

15






6

1

Халық қорғаны. Ел аузынан

1

Шұбырынды, жасақ, ақылгөй, жарақ, жарым, пырақ

Суретке ат ойлап тап. Сурет бойынша әңгіме құра.

81-82-бет т.а. реферат жазу



7

2

Алмас қылышты ардагер. Ел аузынан

1

Мәміле, тоқырау, уәж, ірігенді ширату, буырқану

Мәтінге сүйеніп, суреттегі батырды сипаттау

83-бет т.а. реферат жазу



8

3

М.Әбсемет. Ақжолтай Ағыбай батыр.

1


Мәтінді өліктерге бөліп, ат қою

84-85-бет т.а

25


9

4

Қ.Жұмалиев. Махамбет пен Жақия

1


Махамбеттің Жақияны қайтару үшін жасаған іс-әрекетіне баға бер

86-88-бет т.а реферат жазу

26


10

5

Н.Байғанин. Амангелді батырым З.Шашкин. Азаттық жолында

1


Мәтінге сүйеніп, сурет бойынша әңгіме құрастыру

89-бет жатт

89-92-бет т.а

28


11

6

Б.Майлин. Күлпаш

1

Өрім-өрім, бөкебай, азғырық, өлмелі кедей

Мәтіндегі қою қарамен жазылған сөздерді пайдаланып, сурет бойынша әңгіме құра

93-95-бет т.а

30


12

7

С.Торайғаров. Кедей

1


Аштық, кедейлік мүлде болмас үшін не істеуге болады?

96-бет м.о

2.12


13

8

Ш.Мұртаза. Интернат қоймасы

1

Қуғын-сүргін

Әңгімеге қатысушы балаларды сипатта

97-99-бет т.а

3


14

9

Т.Кәкішев. Мәңгі жаса өмір

1

Ақталу, елгезек, шамалы жер, біртуар

«Халық жауы» деген жаламен атылып кеткен адамдарды атқан адамдарға баға бер

99-100-бет т.а

5


15

10

Н.Айтов. Нұркен

М.Ғабдуллин. Батыр Бауыржан

1

Фашизм

Деректі әңгіме

Топтастыр: Кеңес Одағының батырлары

Сурет бойынша әңгіме құрастыру

100-102-бет жатт

102-103-бет т.а

7


16

11

Н.Ғабдуллин. Комбаттың әңгімесі

1


Ерлік, батырлық туралы мақал мәтелдер жинастыру

105-106-бет т.а реферат жазу

9


17

12

Шығарма. «Ер есімі – ел есінде»

1




10


18

13

М.Тәнекеев. Қажымұқан

1


Мәтінге сүйеніп, балуандардың күресі туралы әңгімелеу.

107-109-бет т.а

12


19

14

К. Қазыбаев. Ту тіккен Рақымжан

1


Рақымжан Қошқарбаевты суреттеу

109-111 т.а

14


20

15

К.Табей. Ол ақын болар ма еді?

1

Пешене

Қайратты суреттеу

112-113-бет т.а

15




Туған жерге қыс келді

10






21

1

Абай. Қыс

1

Шидем

Өзің Абайдың қысын қалай бейнеер едің?

115-бет жатт

18


22

2

М.Әуезов. Боран

С.Сейфуллин. Қызыл шұнақ

1


Боранды суреттеу. Аяз адамның суретін салу

117-бет т.а

118-бет м.о

19


23

3

С.Шаймерденов. Қар

1


Қысқы табиғаттың суретін салу

119-бет т.а

21


24

4

З.Шүкіров. Арпалыс

1

Ақпалыс, ықтау, ақтүтек

Мәтінге сүйеніп, қысқы шопан еңбегін әңгімелеу

120-121-бет т.а

22


25

5

Қар астындағы ұялар.

1

Кеуек

Құстарға қалай қамқорлық жасайсың?

122-123-бет т.а

23


26

6

Мазмұндама

1




24


27

7

А.Пушкин. Қысқы кеш

М.Иманжанов. Қысқы кеш

1

Бұғып, қамыр

Шығармаларға сүйеніп, қысқы кешті суреттеу

124-бет м.о

125-126-бет т.а

26


28

8

Өз біліміңді тексер



Тест жұмысы


28


3-тоқсан 10х4=40 сағат

1

9

М.Жұмабаев. Аққала.

1

Кесеге

Сурет бойынша әңгіме құрастыру

127-бет м.о

9.01


2

10

М.Дулатов. Қоян

1


Осы мәтін бойынша сурет салу

128-129-бет т.а

11




Жақсыдан үйрен

15






3

1

Ы.Алтынсарин. Баланың айласы

1

Төре, әйдік

Көшеде келе жатып әдемі сандықша тауып алдың делік. Не істер едің?

132-133-бет т.а

13


4

2

Ы.Алтынсарин. Таза бұлақ.

1


Өз пікіріңді де нақыл сөзбен тұжырымда

134-135-бет т.а

14


5

3

Ш.Кұдайбердіұлы. Бір кесе меруерт

1

Зер, ділдә, тақыр

Мәтіндегі оқиғаға қатысты айтылған ақыл сөзді жазу

136-137-бет т.а

16


6

4

В.Сухомлинский. Нағыз адам

1


Мәтінде айтылған басқа пікірлерге сен қандай сурет салар едің?

137-138-бет т.а

18


7

5

Абай мен Әбіш

1


Өзің осы сұраққа қалай жауап берер едің?

138-139-бет т.а

20


8

6

С.Бегалин. Мейірім

1

Кұзек, жылқының беті, шалғын, ожар, әмсе, арқалану

Өріскел, өктемдік, содырлық сөздерінің мағыналас қатарын тауып көр.

141-143-бет т.а

21


9

7

В.Сухомлинский. Ақ шаш

1


Өз анаңа, апаңа, әжеңе деген ақ тілегіңді білдіріп хат жазу

144-бет т.а

23


10

8

Б.Соқпақбаев. Шал мен бала

1


Өзің мәтін бойынша қандай сурет салар едің?

145-148-бет т.а

25


11

9

М.Сейфуллин. Сәкен аға

1


Әңгімеге сүйеніп,бала Сәкенге мінездеме бер.

148-150-бет т.а

27


12

10

Ә.Сәрсенбаев. Халыққа жеткіз күйімді

1


Мәтінге сүйеніп, Құрманғазы мен Динаның кездесуі туралы әңгімеле

150-152-бет т.а реферат жазу

28


13

11

М.Әлімбай. Әнші Әміре

1


Сызбаның сол жақ бөлігіндегі тіркестерге қатысты сөздерді ата

153-154-бет т.а

30


14

12

Әбілхан Қастеев

1


Қастеевтің өзің білетін суреттерін ата

154-155-бет т.а

реферат жазу

1.02


15

13

О.Бадықов. Аққұс туралы аңыз

1

Тау мүлгіп, көл тынып, аспан егіледі

Өзің «Аққұстың қуанышты әні» деген тақырыпта қандай сурет салар едің?

155-157-бет т.а

3


16

14

Ж.Кәрменов. Әке тәлімі

1


Берілген тіркестермен сөйлем құра. Осы сөйлемдерден мәтін құра. Мәтінге ат қой.

157-159-бет т.а

4


17

15

Мазмұндама

1




6




Масатыдай құлпырар жердің жүзі

10






18

1

Абай. Жазғытұры

1


«Ата-анадй елжірер күннің көзі» дегенді түсіндіру

161-бет жатт

8


19

2

І.Жансүгіров. Жазғытұрым

1


Екі өлеңді салыстыру

162-бет жатт



20

3

Көктем сәні

1


Топтастыру: көктем сәні

162-163-бет т.а



21

4

Қ.Аманжолов. Көктем

1


Осы өлеңдер бойынша қандай сурет салар едің?

164-бет ұнаған шумақты жатт



22

5

Қ.Мұқышев. Көктем

1


Өлеңнің мазмұны бойынша сурет салу

165-бет м.о



23

6

М.Дулатов. Қош келдің, Наурыз!

1

Байлаулы, деуге сыяды, тіршіліктің арқауы, шаруа кенеледі

Мәтінге сүйеніп, «Наурыз – ұлттық мейрам» деген тақырыпта топ алдында сөйлеуге дағдылан

165-167-бет т.а



24

7

Ж.Жұмаханов. Ер еңбекте сыналады.

1


Еңбек түрлерін жазу

167-168-бет т.а



25

8

Еңбекпен тапқан тиын.

1


Ертегіні әрі қарай жалғастырып көр.

169-170-б т.а



26

9

К.Оразалин. Абай шаңырағы

1

Шымши, ызу, алаша, сүйек төсек

Мәтіннің мазмұны бойынша сурет салу

170-172-б т.а



27

10

О.Сүлейменов. Тұңғыш ғарышкер.

1




24




Табиғат – менің өз үйім

15






28

1

Ы.Алтынсарин. Өзен

1

Қынарда, жанабында

Өзеннің қандай пайдасы бар? Өлеңге сүйеніп, айтып бер

176-бет м.о

25


29

2

Ж.Аймауытов. Торғай

1


Торғайдың осы халін мәтінге сүйеніп суретте

178-179-бет т.а

27


30

3

М.Сүндетов. Қайырымдылық

1

Бәкене, қақ

Қайырымдылық деген не? мәтін бойынша жауап бер

179-181-бет т.а

29


31

4

Ә.Қоңыратбаев. Киіктің айласы

1


«Таяқ сілтем жер» сөзін басқаша айтып көр

181-182-бет т.а

2


32

5

С.Мұқанов. Көкшенің көрінісі

1


Көкшені суреттеу

183-184-бет т.а

3


33

6

С.Сейфуллин. Ақсақ киік

1


Табиғатты қорғау дегенді қалай түсінесің?

185- бет м.о

5


34

7

Б.Емельянов. Бүркіт.

1


Мәтінді бөліктерге бөл, ат қой.

186-189-бет т.а

7


35

8

И.Байзақов. Алтай аясында

1

Аясына, күйік, өршіл, сайын

Өлеңдегі ақын сөздерін пайдаланып, Алтай тауын сипатта.

190-бет м.о

9


36

9

Көжет. Ертегі

1


Туған жер жөнінде мақалдар жазу

191-192-бет т.а

10


37

10

Б.Соқпақбаев. Қамқорлық

1

Зақпы

Мәтінге сүйеніп, суреттегі торғайдың халін сипатта

192-193-бет т.а

12


38

11

А.Сейдімбек. Бетпақдала

1

Нәубет

Туған жеріңнің табиғатын көркейту үшін қандай үлес қосып жүрсің?

198-201-бет т.а

14


39

12

Шығарма. «Табиғат – менің өз үйім»

1




16


40

13

Өз біліміңді тексер

1


тест жұмысы


17


4-тоқсан 8х4=32 сағат

1

14

К.Сегізбайұлы. Арқарға үлкен мүйіз неге керек? /1-2-бөлім/

1


Мазмұны бойынша сурет салу

194-196-бет т.а

19


2

15

К.Сегізбайұлы. Арқарға үлкен мүйіз неге керек? /3-бөлім/

1


Әр бөлімге ат қою

196-198-бет т.а





Жаздыгүн шілде болғанда

12






3

1

Абай. Жаз

1


Жаз мезгілінің суретін салу

203-бет жатт



4

2

М.Дулатов. Шілде

1


Мәтінді бөліктерге бөлу, ат қою

203-204-бет т.а



5

3

С.Мұқанов. Шыбынсыз жаз

1


Масасыз, шыбынсыз салқын жайлаудың малға қандай пайдасы бар?

204-205- бет т.а



6

4

М.Иманжанов. Таңның атуы

1


Ойыңды қорытып, «Таңның атуы» атты сипаттау мәтінін құра

205-206-бет т.а



7

5

С.Сейфуллин. Дала

1


Даланың суретін салу

207-бет жатт



8

6

Көлде

1

Доңыз

Мәтінге сүйеніп, сурет бойынша әңгіме құрастыр

208-бет т.а



9

7

Ө.Тұрманжанов. Малсақ бала

1


Баланың атасына берген жауабына қарап мінездеме беру

209-бет т.а



10

8

М.Әуезов. Кешкі дөң басында. Ә.Нұрпейісов. Кеш

1


Мәтіндерге берілген суретке зер сал. Осы сурет қай мәтіннің мазмұнын көбірек ашады?

210-212-бет т.а



11

9

Қ.Ыдырысов. Жаңбыр

1


Өлеңнің соңғы шумағындағы ақын ойын өрбітіп көр

213-бет м.о



12

10

М.Төрежанов. Бұлбұлдың әні

1


Мәтінді бөліктерге бөл, ат қой

214-215-бет т.а



13

11

Өз біліміңді тексер

1


Тест жұмысы




14

12

Мазмұндама

1








Сарқылмас қазына

18






15

1

Бесік жыры

1


Қосымша мәлімет жинастыру

216-217-бет м.о



16

2

Төрт түлік туралы жырлар

1


Төлдерді салыстыру

218-221-бет т.а



17

3

Ертегілер.Ажалдан құтқарған асыл сөз

1


Мәтінге жоспар құр. Жоспар бойынша әңгімеле

221-223-бет т.а



18

4

Алтын балта.

1


Сипаттау

224-225-бет т.а



19

5

Құмырсқаның қанағаты

1


Құмырсқадан нені үйрендің?

225-227-бет т.а



20

6

Қарлығаштың құйрығы неге айыр?

1


Мәтінді рөлге бөліп оқуға дағдылану

227-229-бет т.а



21

7

Қарлығаш пен Шөже торғай

1


Мәтінді рөлге бөліп оқу

230-231-бет т.а



22

8

Тамақтың иісі мен ақшаның сылдыры

1


Мәтін бойынша сурет салу

232-233-бет т.а



23

9

Алдардың айласы

1


Қосымша мәлімет іздестіру

234-235-бет т.а



24

10

Жиреншенің баласы

1


Мәтіндегі оқиға арқылы пікіріңді дәлелде

235-235-бет т.а



25

11

Әке мен бала

1


Мәтіндегі оқиға осы нақыл сөзге құрылғанын дәлелде

236-237-бет т.а



26

12

Абылай хан

1


Мәтіндегі жұмбаққа ұқсас жұмбақ құрастыр

237-239-бет т.а



27

13

Төле бидің төрелігі

1


Бата құрастыру

239-241-бет т.а



28

14

Қазыбек бидің толғауы

1


Мәтіндегі Қазыбектің інісіне тоқтау айтқан сөзін тауып жазу

241-242-бет т.а



29

15

Бала Әйтекенің билігі

1


Қосуық бидің Әйтекеге берген бағасы айтылған жолдарды тауып оқу

242-243-бет т.а



30

16

Әнет баба әңгімелері

1


Мәтіннен тағылым сөзінің мағыналас қатарын тап

243-244-бет т.а



31

17

Шығарма

1






32

18

Өз біліміңді тексер. Жыл бойы өткенді қайталау

1


Тест жұмысы






Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 04.10.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров592
Номер материала ДБ-236762
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх