Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Күнтізбелік жоспар дүниетану 3 сынып атамұра

Күнтізбелік жоспар дүниетану 3 сынып атамұра

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

ДҮНИЕТАНУ


Түсінік хат


Күнтізбелік-тақырыптық жоспар 12 тамыз 2012 жылғы № 1080 бұйрығымен бекітілген ҚР Стандартына, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірде №115 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған «Дүниетану» оқу бағдарламасына, «2015-2016 оқу жылында Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдарында ғылым негіздерін оқыту ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатына және № 21 орта жалпы білім беретін мектебінің оқу жоспарына сәйкес жасалынды.

Бастауыш сыныптарға арналған «Дүниетану» пәні «Жаратылыстану» білім саласының негізгі пәндерінің бірі.

Пәнінің мақсаты – қоршаған әлем тұтастығы туралы білім мен адамзаттың табиғатпен қарым-қатынас жүйесі негізінде жалпыадами құндылықтарды қалыптастыру.

Негізгі міндеттері:

1) туған жерінің табиғатына деген сүйіспеншілігін қалыптастыру;

2) оқушыға қоршаған ортаның әр алуандығын, тұтастығын, құндылығын, ондағы өзінің орнын сезінуге мүмкіндік беру;

3) күнделікті өмірде, зертханалық жұмыстарды орындау мен табиғатқа саяхат кезінде қауіпсіздік ережелерді сақтауға дағдыландыру;

4) «адам – табиғат» жүйесіндегі өзара қарым-қатынас жағдайын ұғындыру;

5) танымдық қызығушылығын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

6) қоршаған ортаны сақтау мен қорғауға тәрбиелеу;

7) картадан өз Отаны мен туған жерінің өзен-көлдерін, тауы мен пайдалы қазбаларды көрсетуге үйрету;

8) тірі және өлі табиғат нысандарын ажырату білігін дамыту;

9) танымдық қызығушылығын қанағаттандыру үшін алған білімдерін қолдана білу, туған жердің табиғи байлықтары, өсімдіктері мен жануарлары туралы қосымша ақпараттар іздестіре білу дағдыларын қалыптастыру;

10) бақылау, өлшеу, салыстыру дағдыларын қалыптастыру, өмірлік тәжірибелерін жетілдіру;

11) адам мен табиғаттағы тіршілік әрекетінің өзара байланысын, қоршаған орта заңдылығын, құбылысын, нысандарын меңгерту және оқушылардың адамның қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасы туралы түсініктерін кеңейту;

12) жаратылыстану ғылымы пәндерін одан әрі меңгеруге мүмкіндік беретін білім, білік, дағдыларын жетілдіру.

Пәннің мазмұнын меңгеру үшін 3-сыныпта аптасына 1 сағатты, жыдына 34 сағатты құрайды.

Пәнді оқыту процесінде пәнаралық байланыс ескеріледі:

1) қазақ тілімен. Байланыстыра сөйлеу, сипаттау, салыстыру, баяндау арқылы сөздік қорын байыту;

2) әдебиеттік оқумен. Табиғат, жер байлығы туралы әңгімелерді оқу, өлеңдер мен мақал-мәтелдерді жаттау;

3) математикамен. Тәжірибелік жұмыстарда түрлі өлшеу құралдарын қолдану, масштаб туралы түсініктерін кеңейту;

4) музыкамен. Адамның, табиғаттың көңіл-күйін бейнелейтін музыка, күйлер мен әндер тыңдау;

5) бейнелеу өнерімен. Суретшілердің табиғат, табиғат құбылыстары, жыл мезгілдеріне арналған шығармаларын пайдалану;

6) еңбекке баулумен. Түрлі бұйымдар жасау барысында табиғи материалдар туралы білімдерін пайдалану;

7) дене шынықтырумен. Денсаулық сақтау, күн тәртібі, адам өміріне зиянды әрекеттер, адам ағзасын шынықтыру туралы білімдерін толықтыру.




Базалық білім мазмұны:


Адам ағзасы және оны күту


8 сағат

1) адам – табиғат перзенті. Ағза мүшелері, оның қызметі. Тері – ағзаның қорғаныс мүшесі, оның атқаратын қызметі. Қаңқа. Бұлшық ет. Қимыл-қозғалыс мүшелері. Қан айналым мүшелері. Жүрек және оның негізгі қызметі. Тыныс алу мүшелері. Ас қорыту мүшелері, оның қызметі. Жүйке және оның қызметі. Сезім мүшелері: көз, құлақ, мұрын, тіл, тері. Олардың адам өміріндегі маңызы мен қызметі. Көрнекі құралдар. Адам қаңқасы. Плакаттар: «Тыныс алу мүшелерінің құрылысы», «Жүрек құрылысы», «Қан тамырлары», «Адам ағзасы». Секундомер, спидометр;

2) сарамандық жұмыстар. Қол, аяқ сүйектерінің түрлі қимыл-қозғалыс атқаратынын байқау. Бұлшық еттің қимыл-қозғалыс кезіндегі рөлін түсіну. Қан тамыры соғуын (адамның тыныш отырған кездегі және қимыл-қозғалыстан кейінгі) есептеу.

Табиғат және адам

14 сағат

1) табиғатты адам қалай зерделейді? Табиғатты зерттеу әдістері. Бақылау. Тәжірибе жасау. Тәжірибе туралы түсінік. Тәжірибе мен бақылаудың бір-бірінен айырмашылығы. Математиканы пайдаланып табиғатты зерделеу. Көрнекі құралдар. Термометр, таразы, сызғыш, күнтізбе. Шамаларды өлшейтін түрлі құралдар;

2) сарамандық жұмыстар. Өлшеу құралдарымен жұмыс, түрлі заттарды өлшеу. Күнтізбе, сызғыш, сағатты қолданып орындалатын жұмыс түрлері. Термометрмен ауа райын бақылау;

3) денелер. Заттар. Құбылыстар. Денелер туралы түсінік. Табиғи және жасанды денелер. Заттар. Заттардың қасиеті. Табиғи құбылыстар. Әр мезгілге сәйкес табиғаттағы өзгерістер туралы мәлімет. Көрнекі құралдар. Табиғи және жасанды денелердің модельдері;

4) сарамандық жұмыстар. Табиғи және жасанды денелердің айырмашылығын байқау. Денелер мен заттарды салыстыру, олардың байланысын анықтау;

5) ауа, су, ауа райы. Ауа, оның қасиеті. Желдің ауысуы. Табиғаттағы су, оның қасиеті. Бұлт және тұман. Жауын-шашын. Суды қорғау. Көрнекі құралдар. «Табиғаттағы су айналымы» (плакат);

6) сарамандық жұмыстар. Ауа райын болжау (халықтық жорамалдар туралы түсінік беру), жел бағытын, ауа температурасын, т.б. анықтап, «Бақылау күнделіктеріне» толтырып отыру;

7) тау жыныстары және оны қорғау. Тау жыныстары туралы түсінік. Тығыз және бос тау жыныстары. Пайдалы қазбалар және олардың түрлері. Гранит. Құм. Саз және әктас. Ас тұзы. Мұнай және табиғи газ. Адам өмірі үшін пайдалы қазбалардың маңызы.

8) топырақ. Топырақ түрлері, ерекшелігі, құрамы және оны қорғау. Көрнекі құралдар. Пайдалы қазбалар жинақтамасы;

9) сарамандық жұмыстар. Пайдалы қазбалардың қасиеттерін анықтау. Топырақ түрлерін зерделеу;

Өсімдіктер мен жануарлардың көптүрлілігі

12 сағат

1) өсімдіктердің көптүрлілігі. Өсімдіктердің көптүрлілігі. Ылғалды жерде және құрғақшылықта өсетін өсімдіктер. Жылу сүйгіш және суыққа төзімді өсімдіктер. Жарық сүйгіш және көлеңкеде өсетін өсімдіктер. Өсімдіктер тіршілік ететін орта. Адамдардың өсімдіктерді өз пайдасына жаратуы. Қазақстан Республикасында «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер. Көрнекі құралдар. «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер топтамасы. Жабайы және мәдени өсімдіктер;

2) топсаяхат. Өсімдіктердің көптүрлілігімен танысу. Табиғаттың әр мезгіліне сәйкес өсімдіктердің тіршілігімен танысу;

3) жануарлардың көптүрлілігі. Жануарлардың көптүрлілігі туралы мәлімет. Жәндіктер. Бұнақденелілер. Құстар. Балықтар. Қосмекенділер. Жорғалаушылар. Сүтқоректілер. Жануарлардың мекендеу ортасына бейімделуі. Жануарларды қорғау. Көрнекі құралдар. «Қызыл кітапқа» енген жануарлар топтамасы. Қорықтар;

4) топсаяхат: Қазақстан Республикасында «Қызыл кітапқа» енген жануарлар өмірімен, тіршілік мекенімен танысу.

Дайындық деңгейіне қойылатын талаптар


Пәндік нәтиже бойынша 3-сыныптың соңында оқушылар:

  1. адамның ағза мүшелері, олардың маңызы;

  2. қимыл-қозғалыс мүшелері;

  3. көз, құлақ, мұрын, тіл, терінің маңызы мен қызметі;

  4. денсаулыққа пайдалы қызмет, зиянды әдеттер;

  5. табиғи және жасанды денелер;

  6. табиғат құбылыстары;

  7. ауаның жер бетіндегі тіршілік үшін маңызы;

  8. су, ауа, пайдалы қазбалар, өсімдіктер мен жануарларды қорғаудағы адамның әрекеті;

  9. тау жыныстары;

  10. судың қасиеті, бұлт, тұман, жауын-шашынның пайда болуы;

  11. пайдалы қазбалар, оның адам өміріндегі маңызы;

  12. өсімдіктердің тіршілік ету ортасы, оның адам өмірі мен жануарлар тіршілігіндегі маңыздылығы;

  13. жануарлардың тіршілік ету ортасы және олардың қоректенуі;

  14. жануарлардың топқа бөлінуі;

  15. денелер мен заттардың өзара айырмашылығын білуі қажет.


3-сыныптың соңында оқушылар:

  1. денелер мен заттардың қасиеттерін анықтайтын тәжірибелер жасауды;

  2. секундомер, спидометр және термометрді, таразыны қолдануды;

  3. салауатты өмір салтын сақтауды;

  4. пайдалы қазбалар (бағдарлама көлемінде) топтамасын ажыратуды;

  5. «Қызыл кітапқа» енген жануарлар мен өсімдіктерді қорғау жолдарын меңгеруі қажет.














Күнтізбелік-тақырыптық жоспар

Аптасына 1 сағаттан, барлығы 34 сағат


Үйге тапсырма


Мерзімі

1-тоқсан 9х1=9 сағ



Адам ағзасы және оны күту

8

Адам табиғаттың аса маңызды бір бөлігі екенін; адам азғасы қандай мүшелерден тұратынын; адам денесінің тірек-қозғалыс, қан айналымы, тыныс алу, ас қорыту мүшелері және олардың қызметімен; айналадағы дүниені сезініп, дұрыс бағдарлап, онымен саналы қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін мүшелермен; әр мүшенің гигиенасымен, оларды зақымданудан сақтау және зақымданған жағдайда көрсетілетін алғашқы жәрдеммен, денсаулықты қалай сақтап, шынықтыруға болатынын білу




1

1

Адам табиғат перзенті. ӨҚН. Төтенше жағдай деген не?

1

6-8-беттер



2

2

Ағза мүшелері және оның қызметі

1

8-11-беттер



3

3

Тері – ағзаның қорғаныс мүшесі және оның атқаратын қызметі

1

11-14-беттер



4

4

Қаңқа және бұлшық ет

1

15-18-беттер



5

5

Жүрек – қантамырлары. Қанның қызметі.

1

18-24-беттер



6

6

Өкпе. Тыныс алу гигиенасы. ӨҚН. Тұрмыстық жарақаттың алдын алу, сақтандыру жолдары

1

24-27-беттер



7

7

Ас қорыту жолы және астың қорытылып сіңуі. Тамақтану гигиенасы.

1

28-31-беттер



8

8

Жүйке жүйесі. Жүйке жүйесінің гигиенасы. Сезім мүшелері.

1

31-37-беттер





Табиғат және адам

14





9

1

Бақылау әдісі. Тәжірибе жасау. ӨҚН. Оқушылардың көшеде, жолда жүру тәртібі

1


40-43-беттер



2-тоқсан 7х1=7 сағ

1

2

Математиканы пайдаланып табиғатты зерделеу. ӨҚН. Оқушылардың көшеде, жолда жүру тәртібі

1

Адам табиғатты зерделегенде қандай әдіс-тәсілдерді қолданатынын; дене, зат және құбылыстың не екенін; жер беті қалай кішірейтіліп бейнеленетінін; жер қойнауының қандай тау жыныстарынан тұратынын; жер бетінде ауа, топырақ және судың қалай таралатынын және олардың қажеттілігі жөнінде білу.

43-45-беттер



2

3

Денелер. Заттар. Табиғаттағы құбылыстар.

1

45-48-беттер



3

4

Ауа және оның қасиеті.

1

48-50-беттер

27


4

5

Жер бетінің ауаны жылытуы. Жел

1

51-54-беттер



5

6

Табиғаттағы су. Бұлт және тұман.

1

55-58-беттер

11


6

7

Жауын-шашын. Суды қорғау.

1

58-62-беттер

18


7

8

Ауа райы.

1

63-65-бетер

25


3-тоқсан 10х1=10 сағ

1

9

Тау жыныстары

1

Адам табиғатты зерделегенде қандай әдіс-тәсілдерді қолданатынын; дене, зат және құбылыстың не екенін; жер беті қалай кішірейтіліп бейнеленетінін; жер қойнауының қандай тау жыныстарынан тұратынын; жер бетінде ауа, топырақ және судың қалай таралатынын және олардың қажеттілігі жөнінде білу.

66-70-беттер

15.01


2

10

Пайдалы қазбалардың түрлері.

1

70-71-беттер

22


3

11

Пайдалы қазбалар және олардың адам өміріндегі маңызы.

1

72-73-беттер

29


4

12

Пайдалы қазбаларды өндіру және қорғау.

1

73-76-беттер



5

13

Топыратың ерекшелігі және оның түрлері.

1

77-83-беттер



6

14

Бар байлықты бүкіл қоғам игілігі үшін. ӨҚН. Қауіпсіздік жағдай туралы сарамандық оқу

1

қосымша мәлімет





Өсімдіктер мен жануарлардың көптүрлілігі

12





7

1

Өсімдіктердің көптүрлілігі

1

Өсімдіктер өсетін орта жағдайларының әртүрлілігімен; өсімдіктердің бірлесіп өсу бейімділігімен; жануарлар мен өсімдік әлемін қорғаудың қаншалықты қажет екендігін білу

86-88-беттер



8

2

Ылғал сүйгіш және құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер

1

89-91-беттер

4.03


9

3

Жылу сүйгіш және суыққа төзімді өсімдіктер

1

91-93-беттер

11


10

4

Жарық сүйгіш және көлеңкеге төзімді өсімдіктер

1

93-94-беттер

18


4-тоқсан 8х1=8 сағ

1

5

Өсімдіктердің топталып өсуі. Өсімдіктер қанша жыл тіршілік етеді?

1

Өсімдіктер өсетін орта жағдайларының әртүрлілігімен; өсімдіктердің бірлесіп өсу бейімділігімен; жануарлардың сан алуандығымен және олардың қандай топтарға бөлінетіндігімен; жануарлардың мекен ортасына бейімділігімен; жануарлар мен өсімдікәлемін қорғаудың қаншалықты қажет екендігін білу

95-99-беттер



2

6

Өсімдіктер дүниесін қорғау.

1

99-103-беттер



3

7

Жануарлардың көптүрлілігі. Жәндіктер.

1

104-107-беттер



4

8

Балықтар. Қосмекенділер мен жорғалаушылар.

1

107-111-беттер



5

9

Сүтқоректілер. Құстар.

1

112-116-беттер



6

10

Жануарлардың тіршілік ортасы. Мекен ортасына бейімділігі.

1

116-118-беттер



7

11

Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.

1

118-120-беттер



8

12

Жануарлар дүниесін қорғау. Жыл бойы өткенді қайталау. ӨҚН. Қауіпсіздік жағдай туралы сарамандық оқу

1

120-121-беттер. қайталау




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДБ-236743
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>